Реферат Тақырыбы: Электр тоғы ұғымы Орындаған: Мәмбет Айбек Алматы 2022ж Жоспар



бет1/2
Дата21.11.2022
өлшемі20,82 Kb.
#51594
түріРеферат
  1   2

М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және камуникациялар колледжі.


Реферат
Тақырыбы: Электр тоғы ұғымы

Орындаған: Мәмбет Айбек
Алматы – 2022ж

Жоспар:
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім:
1) Электр тоғы. Ток тығыздығы.
2) Біртекті өткізгіш үшін Ом заңы.
3) Джоуль- Ленц заңы.
4) Тармақталған тізбектер. Кирхгоф ережесі.
5) Электромагниттік индукция құбылысы.
3. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер


Кіріспе:
Электр тогы – электр қозғаушы күштің әсерінен зарядтардың (зарядталған бөлшектер немесе дене) бағытталған қозғалысы.
Зарядталған бөлшектер: өткізгіштерде — электрондар, электролиттерде —иондар (катиондар мен аниондар), газда —иондар мен электрондар, арнайы жағдайдағы вакуумда — электрондар, жартылай өткізгіштерде —электрондар мен кемтіктер (электронды-кемтіктік өтімділік) болып табылады.
Электр тогы энергетика саласында — энергияны алыс қашықтыққа жеткізу үшін, ал телекоммуникация саласында — ақпаратты шалғайға тасымалдау үшін қолданылады.
Сипаттамалар
Электр тогының бағыты шартты түрде өткізгіштердегі оң заряд тасушылардың орын ауыстыру бағыты алынады, бірақ өткізгіштердегі заряд тасушылардың заряды теріс (мысалы, металда электрон) болғандықтан ток бағыты электрондардың бағытына қарсы келеді. Электр тогы өткізгіш бойымен спиральді қозғалады.
Токтың тұрақты ток (ағылш. direct current, DC) және айнымалы ток (ағылш. alternating current, AC) деп аталатын екі түрі бар.
Тұрақты ток — уақыт бойынша бағыты және шамасы өзгермейді. Тұрақты ток көздері: аккумуляторлар, батареялар. Электрондар - тан + ағылады.
Айнымалы ток — бағыты мен шамасы периодты түрде өзгеріп отыратын электр тогы. Ал техникада айнымалы ток деп ток күші мен кернеудің период ішіндегі орташа мәні нөлге тең болатын периодты ток түсіндіріледі. Айнымалы ток байланыс құрылғыларында (радио, теледидар, телефон т.б.) кеңінен қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет