Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық
Университеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
Химия пәнін
оқытуда электронды білім ресурстарын
қолдану
Орындаған: Тілеуқабыл А
Ханиязова Ш
Тобы:1507-10а
Қабылдаған: Есеналиев Е
Мазмұны
І Кіріспе
«Химия пәнін оқытуда электронды білім ресурстарын қолдану түсінігі.
ІІ Негізгі бөлім:
Электрондық білім беру ресурстарының қолданылуы және түрлері
Химияны оқытудағы оқулықтардың электронды түрлері
Химия сабақтарында электронды оқулықтарды пайдалану
Химия оқулықтарының электронды формаларына шолу
ІІІ Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Кіріспе
«Химия пәнін оқытуда электронды білім ресурстарын қолдану
Елбасы жолдауында кез-келген орта санатты мектеп балаларының ең жоғары
деңгейде оқып-үйренуіне жағдай жасайтындай дәрежеге қол жеткізуіміз
керек делінген. Қазіргі кезде жалпы орта білім беретін мектептерде химия
пәнін меңгертуге аса мән беріліп отыр. Оқушылардың химия пәнін үйренуіне
қолайлы жағдай туғызу, яғни, оқушы өзінің шығармашылық белсенділігін
көрсете алатындай оқытудың жаңа тәсілін , оның ішінде жаңа ақпараттық
құралдарды қолдану – мұғалімнің міндеті.Қазіргі кезде сабақта ақпараттық
технологияларды бәріміз кеңінен қолданамыз. Қазақ әдебиетінің классигі,
ұлы ақын атамыз Абай Құнанбайұлы: «Шәкірттерің жақсы оқу үшін оның
оқуға ынтасы және қызығушылығы зор болу керек»- деген. Шынында да,тек
қана жігерлі, әр нәрсені білуге құштарлығын, табандылығын,
шыдамдылығын көрсеткен адам ғана мақсатына жетеді. Оқытуда жаңа
технологияларды, техникалық құралдарды сабақта жан-жақты қолдану
мұғалімнің көптеген қиын қызметтерін жеңілдетіп, осы іскерліктің
ұстанымды жаңа тәсілдерінің пайда болуына мүмкіндік туғызады. Осындай
жаңа жолдардың біріне ақпараттық оқыту жүйесіндегі компьютерлік
бағдарламалардың түрлері арқылы үйретуді жатқызуға болады.Қазіргі заман
мұғалімі тек өз пәнінің терең білгірі болу емес,тарихи-
танымдық,педагогикалық-психологиялық сауатты, саяси-экономикалық және
ақпараттық-коммуникациялық білімді маман болуы керек.Сабақтарда жиі
пайдаланылатын ең тиімді бағдарламалардың бірі- Microsoft Power Point. Ол
мұғалімді қысқа мерзімде үлкен дидактикалық материалдармен қамтамасыз
етіп, компьютерлік білімін жетілдіруге көмектеседі. Сонымен бірге ол
оқушылардың түрлі қабілеттерін ашады.Интерактивті тақтамен бірге
презентацияны қолдану оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын
ерекше арттырады. Химия сабағында компьютерді, мультимедиялық және
электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны пайдалану:
Реакция теңдеуін дұрыс жазуға;
Әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындауға;
Оқу материалдарын оқушылардың есінде сақтауға көмектеседі;
Компьютердің білім беру құралы ретінде кең таралуының негізгі алғы
шарттарын ғалымдар төмендегідей саралайды:
1.Компьютер шексіз ақпарат әлеміне енуге және ақпаратты жүйелі түрде
талдап, сараптауға мүмкіндік береді.
2. Компьютер адамның зерттеу-танымдық әрекетінің әмбебап құралы ретінде
ерекшеленеді.
3.Өзге құралдардан компьютердің ерекшелігі -оның қатынас құрал бола
білуі. Яғни, білімгер,ол арқылы қатынастың барлық түрлерін жүзеге асыра
алады.
4.Білімгерлерге өз әрекеттерінің нәтижесін айқын көрсете алады. Білім алуда
дұрыс шешім жасай білуге деген оқушылардың өзіндік тәсілін, стратегиясын
қалыптастырады.
5.Компьютердің көмегімен жаттығулардың кешенді түрлерін аз уақытта
орындау мүмкіншілігі туындайды.
Химия сабағында компьютерді қолдану мәтіндер мен ақпаратты білуге жол
ашады. Тіпті үлгерімі төмен оқушылардың өзі компьютермен жұмыс жасауға
қызығады, өйткені кейбір жағдайларда компьютер білмеген жерін көрсетіп,
көмекке келеді.Ақпараттандыру жағдайында білім беру саласында
компьютерлік техниканы,интернет, электрондық оқулықтарды пайдалану
арқылы білім сапасын арттыруға болады.Интернет арқылы ғаламдық желінің
ақпараттық ресурстарын қолдана отырып, оларды оқу үрдісіне енгізіп, сәйкес
дидактикалық түсініктемелер беру арқылы дидактикалық мәселелердің
келесі жолдарын тиімді шешуге болады.:Дәрежесі жағынан күрделілігі
әртүрлі материалдарды меңгеру,оқу дағдылары мен біліктерін
қалыптастыру;Интернеттен алынған материалдарды талдау негізінде ауызша
сөз іскерліктерін жетілдіру;Жазбаша түрде серіктеріне хат жазу, жауап жазу,
баяндама,реферат т.б жазба жұмыстарын дайындау арқылы жазбаша білігін
арттыру;Интерактивті құралдарды сабаққа пайдалану бірнеше дидактикалық
мәселелерді шешуге көмектеседі.Атап айтқанда:
- Пән бойынша базалық білімді меңгеру;
- Алған білімді жүйелеу;
- Өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;
- Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру.
Электрондық оқулықтармен жұмыс негізгі үш деңгейде атқарылады:
Оқу
Оқыту
Бақылау және тексеру.
Электрондық оқулықтар оқушылардың өз бетінше жұмысын және олардың
жоғары танымдық белсенділігін арттырады, тиянақты да терең білім алу
сапаларын көрсетеді. Сонымен бірге барлық оқу үдерісінің алға қойған
мақсатынан бастап, қол жеткен нәтижесіне дейінгі аралықты қамтиды,
оқушыларды үлкен ақпараттық білім кеңістігіне жол көрсетеді.Ақпараттық
технологиялар арқылы өтетін оқу үдерісі оқушының жаңаша ойлау қабілетін
қалыптастырып, шығармашылық қабілеттерін дамытады. Ал химия
сабағында ақпараттық технологияны қолдану арқылы көптеген жетістіктерге
жетуге болады. Ақпараттық технологияны меңгеру- мұғалімнің
интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа
адами қабілетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Өзін-өзі дамытып,оқу
үдерісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Өйткені химияны сапалы оқыту-заман талабы.
Қорыта айтқанда Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бап,7-
тармағында:
«Оқытудың жаңа технологияларын ендіру, білім беруді ақпараттандыру,
халықаралық коммуникациялық желілерге шығу» міндеті қойылған. Демек
мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу процесін ұйымдастыру жаңа
педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік
стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»
Н.Ә.Назарбаев.
Химия пәнін оқытуды жақсартуға арналған жеке ұсыныстарым:
-Ақпараттық оқыту технологияларын оқушының интеллектуалдық қызметін
қарқынды ету мақсатында ұйымдастырса;
-Интернеттегі материалдар арқылы сабақты қызықты, әрі тиімді
ұйымдастыруға арналған білім сайттары жұмыс істесе;
-
Оқу сапасын арттыру мақсатында тәжірибе алмасуды негізге ала отырып,
басқа пән
мұғалімдерінің көзқарастарымен салыстырып отырса.
Достарыңызбен бөлісу: |