Реферат тақырыбы: Жер іс жүргізуінің түсінігі, жер іс жүргізушілік нормалар және олардың түрлері



Дата03.05.2023
өлшемі13,45 Kb.
#89608
түріРеферат


"Туран" университетi
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Жер іс жүргізуінің түсінігі, жер іс жүргізушілік нормалар және олардың түрлері.
Орындаған: Жолдыбек Қарлығаш, 221(2) топ
Тексерген: Абайқызы Мөлдір


Алматы қ., 2023ж.
Жер қатынастарын құқықтық реттеудің негізгі қағидаларының бірі болып жерге залал келуін болдырмау немесе оның зардаптарын жою табылады.
Бұл жағдайда зиянның орнын толығымен толтыру азаматтық – құқықтық жауаптылықпен жүзеге асады.
Азаматтық – құқықтық жауаптылық жер құқық бұзушылығына емес, жеке және заңды тұлғаның мүдделеріне, жер пайдаланушыларға, меншік иелеріне бұзушылықпен келтірілген зиянға көңіл аударады. Жер қатынастарында құқыққа қарсы зиянның көптеген нысаны мен тәсілдері бар. Зиянның құрылы екі түрлі зиянмен ерекшеленеді, яғни экономикалық және экологиялық.
Жер даулары, ереже бойынша, жерге заттық, жер пайдалану, меншік құқықтары пайда болғанда, өзгергенде, тоқтағанда пайда болады. Жер даулары тек жерге субъективтік құқықтарға ие болу бойынша емес, сонымен қатар жердің құқықтық режимін қамтамасыз ету сұрақтары бойынша да болады. Жер дауларының пәні болып жер учаскесінің құқықтық құралдары бойынша, шекарасы мен көлемі бойынша пайда болатын қоғамдық қатынастар табылады.
Жер дауының барлық жағдайларында оның объектісі болып нақты жер учаскесімен немесе онымен байланысты заттық құқықтар табылады.
Жер дауының субъектісі болып жер учаскесінің меншік иесі, жер пайдаланушы, жеке және заңды тұлға, мемлекеттік органдар табылады. Жер дауының пайда болуының негіздері болып жер құқығын бұзу, заңсыз шектеу мен тоқтату табылады.
Жер дауының пәні мен бағытын анықтау үшін, соттылықты орнату үшін және дұрыс шешу үшін ер дауының жіктелуіне көңіл аударылады. Жер даулары түрлі негіздер бойынша жіктеледі: қарау тәртібі бойынша, сипаты бойынша, объектісі бойынша, субъектісі бойынша, пәні бойынша.
Қарау тәртібі бойынша жер даулары мыналарға бөлінеді: сот және әкімшілік тәртібімен қарастыру, сотқа дейінгі реттеуді қажет ететін даулар, сотқа дейінгі реттеуді қажет етпейтін даулар.
Субъектісі бойынша жер даулары мыналардың арасында болады: азаматтардың, азаматтар мен заңды тұлғалардың, заңды тұлғалардың, заңды тұлға мен жер иеленуші, жер пайдаланушы, мемлекеттік органдардың, мемлекеттік органдар мен азаматтардың, жер иеленуші болып табылмайтын заңды тұлға мен жер пайдаланушы, екі немесе одан да көп органдар арасында болады.
Объектісі бойынша жер даулары мыналармен байланысты бөлуге болады: жер учаскелерімен, жер учаскесіне құқықтармен және басқа да заттық құқықтармен байланысты.
Сипаты бойынша жер даулары мынадай түрлерге бөлінеді:
1. жер учаскесін беру бойынша пайда болатын;
2. жер учаскесін беру прцесі бойынша пайда болатын;
3. жер учаскесіне иелік ету құқығын жүзеге асыру процесі бойынша пайда болатын;
4. жер пайдалану құқығын тлқтату мен шектеу бойынша пайда болатын;
5. шығындарды өтеу бойынша пайда болатын даулар.


Жер іс жүргізуінің түсінігі, жер іс жүргізушілік нормалар және олардың түрлері.Жер заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік.Жер дауларын шешу.
Жерге байланысты құқық бұзушылықтың жеке түрі болып жерді рационалды емес пайдалану есптеледі. Құқық бұзушылықтың бұл түрі жер пайдаланудың барлық аясында болады.
Қазіргі жер қатынасы тәжірибесінен кең тараған құқық бұзушылықтарды көре аламыз: жердің нормативтен жоғары ластануы, ауыл шаруашылық өнімдерін химиялық канцегорендік заттарды және биологиялық қоспаларды қосып өсіру, құрылысты жоспарлап және орнату кезіндегі жерді қорғау талаптарын орындамау, жер пайдалану тәртібін орындамау, жерді қорғау органның талаптарын орындамау, жер учаскелерін өз еркімен басып алу, уақытша алған жерді қайтару мерзімін өткізіп алу, негізсіз жер учаскелерін тартып алу, жерге деген заттық құқықты тіркеуден негізсіз бас тарту, жерді ауыл шаруашылық мақсатына заңсыз аудару, берілген жерлерді мақсатсыз пайдалану, жер пайдалану шекарасының белгілерін бұзу.
Құқық бұзушылықтың объектісінен шыға отырып, келесі негізгі топтарға бөлуге болады:
- жерге деген мемлекеттік және жеке меншік құқығын бұзатын әрекеттер;
- мемлекеттік және мемлекеттік емес жер пайдалану құқығын бұзатын әрекеттер;
- рационалды емес, тиімсіз жерді пайдалану әрекеттері;
- жер ресурстарына иелік ету, пайдалану процесіндегі экономикалық ережелерді бұзатын әрекеттер.


Жерге заттық құқықтарды қорғаудың құқықтық кепілдіктері ретінде жерге меншік иесі мен жер пайдаланушының қызметіне мемлекеттің араласуын шектеу. Шектеулер түрлі нормалардан көрінеді: өзінің жер учаскесінде жер пайдаланушының еркін шаруашылық жүргізу құқығы, жер учаскесінде меншік иесінің өзінің құқығымен басқару, жер пайдаланушының өзінің жер пайдалану құқығымен ешқандай мемлекеттік органның рұқсатынсыз басқаруы.


Мемлекет араласады, егер меншік иесі жер учаскесін қорғау мен ұтымды пайдалану бойынша өзінің міндеттерін орындамаса және жер заңдылықтарының талаптарын бұзған жағдайда.
Меншік иесінің және жер пайдаланушының құқығын қорғаудағы тағы бір кепілдік болып жер учаскесін мәжбүрлі түрде алынбауы табылады.


Жер заңдылықтарында бекітілген субъектілердің құқықтары мен міндеттері жер қатынасының әлеуметтік тиімділігі маңызды нормативтік негізін құрайды. Жерді қорғау талаптарын сақтауды қамтамасыз ету, жер қаты- насына қатысушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау құқықтық реттеудің негізгі мақсаты болып табылады.
Заң шығарушының көзқарасы бойынша субъектінің жүріс-тұрысының дұрыс нұсқасы болып құқықтық талаптарға сәйкес позитивтік жер қатынасының параметрлерін анықтайтын сөзсіз және қатал әректтері табылады. Жердің құқықтық тәртібін қамтамсыз ету үшін осы заңды жүріс-тұрысы ғана қажетті болады.
Бірақ, қазіргі жер қатынасы аса жетілмеген, онда тәртіптің қажетті деңгейі табылмай отыр. Тәжірибеде нормативтік ережелерден, талаптардан және нұсқамалардан көптеген ауытқушылықтаржіберіледі, заңды түрде айтқанда жер заңдылықтарын бұзу болып табылады, яғни жерге байланысты құқық бұзушылық.
Жерге байланысты құқық бұзушылық заңсыз, құқыққа қарсы әрекет немесе әрекетсіздік. Ол өз алдына кінәліні заңды жауапкершілікке тарту үшін, оларға заңмен қарастырылған санкциялар мен бұлттартпау шараларын қолдануға фактілік және құқықтық негіз болып табылады.
Жерге байланысты құқық бұзушылықтың субъектісі болып шарттарды қосқанда позитивиік жер қатынасы - ның қатысушылары ретінде(жалға берушілер, жер пайдаланушылар, жердің меншік иелері) азаматтар, лауазымды және заңды тұлғалар бола алады.


Жер құқық бұзушылығы арқылы жердің экономикалық мүдделері мен жерді қорғау императивтерінің арақатынасын және жер заңдылықтарында көптеген қайшылықтар мен мәселелер пайда болуын, мемлекеттің жер саясатының жетіспеушілігін жер қатынасы субъектісінің құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасының деңгейін көреміз. Сондықтан да құқық бұзушылықтың себептерін табу, құқыққа қарсы әректтің негізгі қайнар көзін анықтауға мүмкіндік береді.
Жерге байланысты құқық бұзушылықтың негізгі себептерін жерге деген меншікке қатысты жүйелерінен, жер ең маңызды қажетті және маңызды элемент болып табылатын қоғамдық өндіріс ұйымдарының қағидаларынан іздеуіміз тиіс, себебі қоғам нарықтық экономикаға көшу үстінде, соған байланысты жер қатынасы да нарықтық мазмұнда бола бастайды.
Жер құқық бұзушылықтың жалпы превенциясының жоспарындағы жерге деген меншік қатынасын рефомалауына ерекше көңіл бөлінеді. Жерге жеке меншікті енгізу, жер құқықтарымен айырбастасу және жерді азаматтық айналымға тарту көптеген нормативтік сілтемелерді туғызды. Жерге жеке меншік құқығы, егер заң жүзінде жасалған болса, ол жер қатынасы аясындағы позитивтік әлеуметтік өзгерістерге әкелуі мүмкін. Мемлекеттің жер ресурсына монопольдік құқықтан, меншіктің екі нысанының тең жарысуынан бас тартуы жер құқық бұзушылығының алдын алу механизімінің тиімді әрекеттері үшін қолайлы құқықтық және әлеуметтік жағдайды туғызады.


Жер құқығына заттық құқықты қорғаудың негізгі құқықтық кепілдіктері келесі жер заңдарының нормаларында бекітілген: мемлектпен азамттар мен заңды тұлғаларға жер құқығын беру туралы өтінішін қорғаудың процессуалдық анықтылығы, азаматтар мен заңды тұлғалардың жер құқығына ие болудың талаптары мен негіздерінің нақтылығы, заңда тікелей көрсетілген негізсіз субъектілер қызметінің жер құқығына араласуға тыйым салу, жер құқығының мемелекеттік тіркеу міндеттілігі, жер құқығын сотпен қорғау кепілдіктері, жер құқығын қайтадан ие болу құқығын шеттемеу және т.б
Көрсетілген құқықтық кепілдіктер ҚР азаматтың және басқа да субъектінің құқықтары туралы конституциялық жағдайына негізделген.
Жер құқығын қорғаудың маңызды жағдайы болып азаматтық заңдарда бекітілген тәсілдермен жер құқығын жүзеге асыру мүмкіндігі табыдады. Жер Кодексіне сәйкес меншік құқығын жер пайдалану құқығы ҚР АК 259-267 баптарымен қарастырылған тәртіпте қаралады.
ҚР АК 259,260 және 264 баптарына сәйкес меншік иесі мен жер пайдаланушы жер учаскесіне меншік қққығын, жер пайдалану құқығын тануды, өзгенің заңсыз иеленген жер учаскесін талап етуге, жер учаскесіне өз құқығы бұзылуы иеліктен айыруға байланысты болғанымен, оларды бұзудың қаедайын болса да жоюды талап етуге құқылы.
Жерге байланысты құқық бұзушылық субъектінің құқыққа сәйкес, заңды тәртібін қамтамасыз ету жер құқығының негізгі тапсырмасы болып табылады. Оның жүзеге асуы құқықтық реттеудегі позитивтік және негативтік ынталандырудың оптималды арақатынасын қажет етеді.
Заңды жауаптылық барлық нормативтік нұсқамалар мен тыйым салуларды мәжбүрлі түрде орындауды қамтамсыз етеді.
Заңды жауаптылық өз алдына мемлекттік мәжбүрлеу шараларының бір түрін білдіреді, ол құқық бұзушылықты жасаған кезде пайда болады.
Заңды жауаптылық әрқашанда тек құқық бұзушылықпен байланысты болып, үш міндетті белгімен сипатталады: мемлекеттік мәжбүрлеу, құқық бұзушылық субъектісін соттау, құқық бұзушылық үшін қолайсыз нәтижелердің болуы.
Мемлекет заңды жауаптылыққа тарта отырып, бірнеше мақсатты көздейді, яғни әрекет жасауды болдырмау, құқық бұзушылықты жасаған тұлғаның адекваттық мемлекеттік құқықтық бағалау, оның нәтижесінің қауіпі мен зиянның деңгейі. Заңды жауаптылықты қолданғаннан кейін нәтижесі болып қоғамдық бұзылған жер қатынасын қайта орнату, субъектінің мәжбүрлі түрде міндетін орындау.
Заңды жауаптылық бір уақыттағы функциялардың болуымен сипатталады, яғни оған превентивтік, репрессивтік өтемақылық функциялар жатады. Жауаптылықта барлық функциялар болмауы мүмкін.
Жер құқық бұзушылығы үшән заңды жаауаптылық қандай да болсын құқықтық жауаптылықтың бір түрін қолдануды білдірмейді. Бұл жерде тек қылмыстық, әкімшілік, азаматтық құқықтық, материалдық жауаптылықты орнатады.
Заңды жауаптылықтың санкциясы жасалған бұзушылық үшін жауаптылықтың шектері мен өлшемдерін аінықтайды.
Қолданылған әдебиет тізімі:
1. Қазақстан Республикасының Жер кодексі
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі.
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі
Қазақстан Республикасының Кодексі 1994 жылғы 27 желтоқсандағы № 268-ХIII.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет