Реферат Тақырыбы: Жер кадастры бойынша жұмыстарды ұйымдастыру мен жоспарлаудың негіздері. Оқытушы: Кайнушева Д. Р



Дата16.11.2023
өлшемі40,73 Kb.
#124250
түріРеферат
Байланысты:
1 реферат

Қ АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ


Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті

Аротехнологиялық институты


«Орман, жер және су ресурстарын басқару» жоғары мектебі

Жер кадастры жұмыстарды ұйымдастыру пәні бойынша


Реферат
Тақырыбы: Жер кадастры бойынша жұмыстарды ұйымдастыру мен жоспарлаудың негіздері.


Оқытушы: Кайнушева Д.Р
Білім алушы: Әбдісламұлы Ә
Мамандық: «Кадастр»
Топ: КД-41

Орал 2023 жыл




Мазмұны
Кіріспе
1.Жер кадастрының жалпы түсінігі және мазмұны
2.Жер кадастры жұмыстарының жүргізу негіздері.
3.Жер учаскесін шектеу немесе уақытында тоқтату.


Кіріспе

Мемлекеттік жер кадастры Қазақстан Республикасы жерінің табиғи, шаруашылық жағдайы, орналасқан жері, жер учаскесінің шекарасы мен көлемі, оның сапалық жағдайы, жер учаскесін есепке алу мен бағалау, өзге де қажетті мәліметтер жүйесін құрайды. Жер кадастрындағы жер учаскелері мен жер ресурсының мүмкіндігі туралы ақпараттар жер ресурсын тиімді жоспарлауды және басқаруды ұыймдастыруға ықпал етеді.

Жер заңдарына байланысты, жер кадастрын ұйымдастыруды жүргізу жер ресурстарын басқару жөніндегі құзырлы орталық орган мен оның жергілікті органдарына жатады. Жер кадастрын енгізу жұмыстарын мемлекеттік билікке жататын жер ресурстарын басқару жөніндегі Агенттіке бағынышты мемлекеттік арнаулы өндіріс орындары атқарады.

Заңда көрсетілгендей, мемлекеттік жер кадастрын құру мен оның жоғарғы дәрежедегі автоматтандырылған ақпараттық жүйесі қызметі Қазақстандағы әкімшілік-аумақтық бөлінуге сай, аудандық, облыстық және республикалық деңгейде жүргізіледі.

1. Жер кадастрының жалпы түсінігі және мазмұны
Мемлекеттік жер кадастры табиғи қорлар кадастрлары ішінде ерекше орын алады. Ол жер кадастрының объектісі ретінде жердің ерекшеліктері және қоршаған табиғи ортаның маңызды құрауыштарының бірі болғанына байланысты.

Материалдық игілік қайнар көзі және салық салу объектісі ретінде жер туралы мағлұматтарды объективті түрде алу қажеттілігінен тарихи жер кадастры туындалады. Мемлекеттің пайда болуымен бірге жер мемлекеттік кіріс және арнайы салық объектісіне айналды. Сондықтан қоғамның бір белгілі даму сатысында алдымен жерді есепке алу, содан кейін оны бағалау керектігі пайда болды, яғни жер кадастрын жүргізу қажеттілігі туындалады.

«Кадастр» сөзінің алғашқы түсінігі латынның capitastrum деген сөзінен шыққан. Бұл сөз «салық салынатын заттардың тізімі» деген ұғым береді. Кейіннен бұл ұғым Францияда cadastre деген ұғымға ауысады және оны қазіргі кезде қолданады.

ҚР Жер кодексіне (2003 ж.) сәйкесті мемлекеттік жер кадастры Казахстан Республикасы жерінің табиғи және шаруашылық жағдайы, жер учаскелерінің орналаскан жері, нысаналы пайдаланылуы, мөлшері мен шекарасы, олардың сапалық сипаттамасы туралы, жер пайдаланудың есепке алынуы мен жер учаскелерінің кадастрлық кұны туралы мәліметтердің, өзге де қажетті мәліметтердің жүйесі болып табылады.

2. Жер кадастры жұмыстарының жүргізу негіздері.



Жер учаскесінің жерін пайдалануға және (немесе) меншік құқығын алуға мүдделі физикалық және заңды тұлғалары Шымкент қаласы жер қатынастары бөліміне, жекелеген жағдайда жер учаскесі орналастырылған орны бойынша жергілікті атқару органына өтініш береді.
Өтініште көрсетілуі тиіс: жер учаскесін пайдалану мақсаты, оның нақты көлемі, орналасқан орны, сұралынатын қолдану құқығы .
Өтінішке қоса тіркеледі:
— жеке басты куәландыратын куәлік;
— салықшының тіркеу нөмірі (СТН);
— инвентарлық іс;
— жер учаскесін бекіту негізі.
Жер учаскелері меншіктер иелері атынан және жер қолданушылар атанынан жер ресурстарын басқару бойынша аумақтық органға осы сияқты өтінішпен тікелей жер –кадастрлық жұмысты орындаушы – тұлға, жер учаскесінің меншік иесі және жер қолданушылар атынан жер ресурстарын басқару бойынша аумақтық органға осы сияқты өтінішпен тікелей жер – кадастрлық жұмысты орындаушы – тұлға, жер учаскесінің меншік иесі және жер пайдаланушының рәсімделген сенімхаты бар болса өтініш жасай алады.
Жер қатынастары бөлімі жер учаскесінің меншік иесі және жер пайдаланушылар, немесе жер – кадастр жұмыстары іске асырушы олардың өкілетті тұлғасына бекітілген тәртіпте қажетті мәліметтер (геодезиялық тірек желісінің қосынының координат каталогы, жер-кадастрлық істерінің көшірмесі және басқа да) кімге жұмыс жасалады. Жер учаскесіне қатысты, сонымен бірге көршілес жер учаскесінің қажеттілігі бойынша мәліметтер ұсынылады.
Жұмыс сапасы үшін және мәліметтің растылығына жер-кадастрлық жұмыстарын орындаушы тұлға жауап береді.
Жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық комитет көлем және мақсатты нысанды анықтау үшін тұрғылықты орны бойынша жер учаскесін зерттеумен ұсынылған құжатты тексеруді іске асырады. Айтылған өзгерістер болғанда, олар бекітілген тәртіпте атқару органында қайта бекітілуге жатады.

3.Жер учаскесін шектеу немесе уақытында тоқтату.
Актіні беру негізі.
Үшінші бетте жер учаскесінің жоспары, оның орналасу орны, көршілесін сипаттау және байланыстыру желісін шығаруы орналасады. Төртінші бетте жер учаскесінің бөгде меншік иелері және жер пайдаланушылар оларға бекітілген жер көлемі тізім таблицасымен орналасады, тұрақты жер пайдалану құқығы, жер учаскесіне меншік құқығы актісін жазатын кітапқа актіні беру жазғанындай қандай нөмірмен жазылғаны,сонымен бірге актіні жіберген жерге орналастыру және жер қатынастары бойынша тиісті орган төрағасының аты, жөні, тегі, қол қою орны, актіні беру күні көрсетіледі.
Жер учаскесі толық қалыптасып бітті деп есептеледі, егер оның шекарасы белгіленсе және кадастрлық ісі ашылса.




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет