Түзелбай А.
Ержанқызы М.
Сапаралы Н.
Тобы: 1701-22
Қабылдаған: Пошаева Г.С.
Шымкент - 2023
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Жүйке жүйесінің дамуы және маңызы.
1.1.Жүйке жүйесінің функционалдық жағдайы.
1.2.Эффекторлық нейрон дегеніміз не.
2.Жүйке жүйесінің қозу өткізу заңдары
3.Рефлекс, оның түрлері
4.Орталық жүйке жүйесінің бөлімдерінің функционалдық маңызы
Жүйке жүйесі — адам мен жануарлар ағзаларының қоршаған ортаға бейімделуін реттейтін жүйе. Жүйке жүйесін зерттейтін морфологияның бөлімін нейрология (гр. неұрологіа; неұрон — жүйке, жүйке жасушасы; логос — ілім) деп атайды. Жүйке жүйесінің қызметтері рефлекстер арқылы іс жүзіне асады. Жүйке жүйесі жануарлар мен адам организмдегі органдар мен жүйелер әрекетін біріктіретін және организмнің тіршілік әрекетінің сыртқы ортамен үздіксіз қарым-қатынасын қамтамасыз ететін жүйке ұлпасы мен глеяның жиынтығы. Жүйке жүйесі ішкі және сыртқы тітіркендіргіш әсерін қабылдайды, талдайды, өңдейді,организм қызметін реттеп үйлестіреді.Бұның негізгі бөлігі - аса қозғыш және қозуды тез өткізетін өсінділері бар жүйке жасушасы (нейрон). Жүйке жүйесі филогенез процесінде күрделі өзгеріске ұшыраған.
Тақырып мақсаты: Жүйке жүйесі тұтас адам ағзасымен байланыстыра отырып, тіршілік қызметін реттеуді, сонымен қатар жүйке жүйесінің орталық жүйке жүйесі және шеткі (перифериялық) жүйке жүйесін қарастыру. Осы жүйе аясында оқушылардың жүйке жүйесі денедегі барлық мүшелермен, физиологиялық жүйелер қызметін, зат алмасуын, әрекеттер мен процесстерді, сыртқы орта құбылыстарына бейімдеп, тіршіліктің белгілі бір бағытында өтуін қамтамасыз етіп, әртүрлі талшықтар арқылы келген қозулардың ұшырасуын дамыту арқылы, биологиялық тұрғыда және ғалымдардың еңбектері бойынша негіздеп дәлелдеу. Оны оқушыларға және барша адамдарға дұрыс пайдалана отырып, жеткізу.