Реферат Тақырыбы: Кеңестік білім беру жүйесін құру. Арабтан латынға, кейін кириллицаға көшу Жоспары



бет1/2
Дата27.11.2023
өлшемі113,38 Kb.
#128733
түріРеферат
  1   2
Байланысты:
Кеңестік білім беру жүйесін құру.Арабтан латынға, кейін кириллицаға көшу



Реферат

Тақырыбы: Кеңестік білім беру жүйесін құру.Арабтан латынға, кейін кириллицаға көшу

Жоспары:

  1. 1980-1991 ж.ж. Кеңес мектебі мен педагогикасы

  2. Жалпы білім беретін және кәсіби мектеп реформасының негізгі бағыттары.

  3. Білім берудің жаңа сипаты мен түрлері.

  4. Жалпы білім беру жүйесі үш сатысы

  5. Араб, латын және кирилл қаріптеріне қалай өттік? Қазақ әліпбиінің тарихы


1980-1991 ж.ж. Кеңес мектебі мен педагогикасы
Жалпы білім беретін және кәсіби мектеп реформасының негізгі бағыттары.
80-жылдардың бас кезінде жалпы алғанда халыққа білім берудің кеңестік жүйесінің және оның ішінде жалпы білім беретін мектептің дамуында басты оқиғалармен ерекшеленді. Партия “Жалпы білім беретін және кәсіби мектеп реформасының негізгі бағыттарын” (1984) дайындады. Бұл құжатта жастарды оқыту мен тәрбиелеудің ғылыми негізделген тұжырымдамасы жасалынды, қазіргі жағдайда оларды өмірге және еңбекке даярлау, бірыңғай, еңбек, политехникалық мектеп туралы идея одан әрі дамыды, білім беру саласындағы партияның стратегиялық бағыты белгіленді.
Реформаның қағидаларының дамуына партия бірнеше қаулылар қабылдады, онда рефроманы іске асырудың жолдары нақтылы талданылды және білім беру органдарының мектеп басшыларының, мұғалімдердің, шығармашылық одақтардың және ұйымдардың реформаны іске асырудағы міндеттері айқындалды.
70-80-жылдары мектептің жағдайы күрт төмендеді, кризис пен тақыраудың белгілері байқала бастады. Ондай жағдай оқушылардың сабаққа деген қызығуы болмады, балалардың тәртібі мен қойылатын талап түсіп кетті, жанұяның тәрбиелік жауапкершілігі әлсіреді, мектеп еңбектен қол үзді, тәрбие жұмысындағы формализм, процент қуушылық, бағдарламалардың ғылыми негізделгендігі, шамадан тыс ауырлығы, ескі әдістер мен тәсілдер кеңінен орын алды.
Елде қалыптасқан крезисалды жағдай қоғамдық өмірдің тереңдей және шиеленісе түскен тоқырау және қолайсыз құбылыстардың негізінде қалыптасқан екі негізгі қайшылықтардың себебіне байланычты болды.
Бірінші қайшылық ерекше өскелең қоғамдық өмірдің жалпы адамға және оның ішінде мектеп оқушыларына қойылған талаптармен мектептегі тәрбие мен оқытудың ескірген мазмұнымен, түрлері мен әдістерінің арасындағы қайшылық.
Екінші қайшылық мектептің барлық өмірін ұйымдастыру сипаты мен балалардың өздерінің арасында пайда болды. Өзгеріске ұшыраған өмір мектеп оқушыларына жаңа талаптар ғана қойған жоқ, оның өзін де өзгертті. Балалардың рухани және материалдық қажеттіліктері, қызғулары артты.
Көпшілік ақпарат құралдарының дамуы балаларды жан-жақты хабардар етті. Қоғамдық өмірді демократизациялау әлеуметтік белсенділік, өздерінің азаматтық құқтарын түсіну, қоғамдық оқиғаларға қаысу, қызығуы бойынша ерікті бірігу үшін жағдайлар жасалды.
Акселерация балалардың физиологиялық жағынан жетілуін тездетті. Мектепте, бір жағынан, өскелең талаптарымен, әлеуметік-психологиялық және дене мүмкіншіліктерімен өзгерген балалар қалыптасты, екінші жағынан, оқу-тәрбие жұмысының ескі мазмұны, формалды түрде қалыптасқан түрлерімен әдістер сол күйінде қалды. Мектептер өмірдің жаңа талаптарына даяр болмады.
Осындай негізгі қайшылықтардың шиеленіскен жағдайында мектеп реформасының қажеттігі идеясы күн тәртібіне қойылды. Оны іске асырудың тұрақтап қалуы, ілгері баспауының себебі, оны іске асыру қоғамдық өмірдің барлық саласын қайта құрудан бұрын жүргізілді, тек ғана бір ғана сала – білім беруде қолға алынды.
Реформаның эволюциялық сипаты қайта құрудың революциялық мәнімен қайшы келді. Рефора мектептің әлеуметтік сұранысын орындаудың экстенсивтік түріне бағытталды.Осындай жағдайдан келіп, мұғалімдер, ғалымдар, ата-аналар, журналистер баспа бетінде өздерінің революциялық ұсыныстары мен мектепті қайта өзгертудің қажеттігін және жобаларын ұсына бастады. Әсіресе, баспасөз бетінде М.М.Постниковтың және Ю.П.Азаровтың жобалары кеңінен насихатталды. Сонымен қатар “Учительская” газетінің бетінде білім беру жүйесін қайта құру туралы әртүрлі мақалалар жарияланды.
М.Постников кеңес мектебінің “құрылымын, оның тамырымен қатты сынға ала отырып”, оның бұқаралық сипаты және еңбекке бағытталғандығы екірген элитарлық-гимназиялық қағидасымен “пәндерді оқыту немесе ғылым негіздерін” оқытумен ұштаспайды деп көрсетті. Ол орта мектепте ғылымдардың негіздерін оқытуға қарсы болды, ғылым негіздерін оқытудың орнына жобаның авторы мектеп баланы өмірге дайындау қажет дейді. М.Постников жобасының кемшілігі күнделікті балаларды өмірге даярлау қажеттігі туралы утилитарлық-тәжірибелік, прагматикалық түсінікте жатыр. Бұл жобаның кемшілігі: орта мектепте ғылым негіздерін оқытуды жоққа шығаруы.
Ал екінші жобаның, Ю.Азаровтың ұсынған жобасының мәні М.Постников сияқты пәндік оқытуға ғылым негіздерін оқытуға қарсы болды. Ол “пәндік оқытуды” кешенді бағдарламамен өзгерту қажеттігін күн тәртібіне қойды. “Мәселен, оқу, жазу, ауызша сөйлеу бір пәнге бірікті – тіл өнері”. Ол оқу орындарында негізінен гуманитарлық және эстетикалық пәндер циклін оқытуға ерекше мән берді.
Жоғарыда келтірілген жобалардың қай-қайсы да сол кездегі мектеп өмірінде қалыптасқан жағдайды тоқырауды, реформаны іске асыра алмады, уақыттың талабына жауап бере алмады. Реферона одан әрі туралый берді. Мектептегі кризистің негізгі себебі реформаны психологиялық, ғылыми-педагогикалық және материалдық тұрғыдан даярлықсыз жүргізілгендігінде.
Бұл кезеңде мектептердің оқу жоспарына реформаға байланысты бірнеше жаңа пәндер енгізілді: “Кеңес мемлекеті мен құқының негіздері”, “Жанұя өмірінің этикасы мен психологиясы”, “Информатика және есептеу техникасы”, “Қоршаған ортамен танысу”, “Өндіріс негіздері. Мамандық таңдау” кейінгі жылдары оқу жоспарларынан алынып тасталды.
Реформаның негізінде мектептерде оқу-өндірістік комбинаттары негізінен кеңінен ұйымдаса бастады. Сол кезде мектептерде ұйымдас оқу-өндірістік комбинаттар (УПК) материалдық игіліктерді өндіруден алшақ болды, оның орнына оқушылардың өндірістік оқуына баса көңіл бөлді. Кейін өмірдіңөзі оның дәрменсіздігін көрсетті.
1980 жж. тоқырау жылдары деп аталса, бұл кезеңде, яғни 1970-жылдардың аяғы мен 1980 жылдардың бас кезінде мектептерде және жоғары оқу орындарында Л.И.Брежневтің “Тың”, “Өрлеу”, “Кіші жер” еңбектері міндетті түрде оқып-үйрету іске асты. Брежнев қайтыс болғаннан кейін, 1984 жылы, мектеп реформасы жүргізілді, реформа өзінің ойланылмаған ұйымдастырушылық қадамдарымен білім беру саласында тек ғана тоқырауды қиындата түсті.
“Тоқырау” М.Горбачевтің “қайта құруымен” ауысты. Сонымен, жүргізілген қайта құрудың нәитжесінде еліміздің саяси және экономикалық жүйесі шайқалды, ұлтаралық қанды қақтығыстар мен СССР құлауына алып келді.
1980 жж. аяғында жалпы сенімсіздік жағдайында демократияға, жариялыққа, рухани және экономикалық өрлеуге, білімге ұмтылыс кенеттен түсіп кетті. Мәселен, 1989 жылы тек ғана мектеп бітірушілердің 10 пайызы оқуға қызығушылық білдірді, оны әлеуметтік құндылықтардың тізімінде тек ғана орта жерінде атады.
Сөз жоқ, бүкіл Ресейлік білім беру жүйесін қамтыған өзгерістердің жағымды жақтары да болды. Білім беру жүйесіне мемлекеттік монополияның жойылуынан кейін жаңа тұрпатты мектептер мен оқу орындары пайда бола бастады. Мемлекеттік оқу орындарымен қатар ақылы білім беру жүйелері, жаңа тұрпатты оқу орындары, гимназиялар, лицейлер, колледждер, атаулы мектептер, авторлық мектептер пайда бола бастады.
Білім берудің жаңа сипаты мен түрлері.
1980-1990 жж.аралығында жалпы білім беру жүйесінде елеулі өзгерістер болды. Міндетті оқытудың мерзімі қысқарды: бастауыш мектеп және толық орта мектептің арасында аралық саты қалыптасты, мемлекеттік емес (жекеменшік) оқу орындары пайда болды.
Жекеменшік оқу орындары ақылы оқытылды, кейбіреулері өте қымбат тұрды. 1994-95 оқу жылында Ресейде шамамен 450 мемлекеттік емес бастауыш және орта мектептер болды. Онда 40 мыңға жуық мектеп оқушылары білім алды, бүкіл оқушылардың шамамен 0,1 пайызын құрайды.
Жалпы білім беру жүйесі үш сатыдан тұрады:
1-саты – бастауыш мектеп (3-4 жыл); 2-сатысы – негізгі жалпы білім беру мектебі (5-6 жыл); 3-сатысы – толық рота мектеп (8-12 жыл). Мемлекеттік және муниципалды мекемелердің барлық үш сатысында жалпы ұлттық білім беру стандарттарының шеңберінде азаматтарға оқытудың жалпыға бірдейлігі мен тегіндігі қамтамасыз етілген.
Пәндерді тереңдетіп оқыту мектептерінде (лицейлер, гимназиялар және т.б.) конкурстық негізде қабылданады. Негізгі мектепте оқыту стандарт бағдарламасын және таңдау бағдарламасын қамтиды. Ол міндетті жалпы кәсіптік білім беру жүйесі оқу орындарының бірнеше түрін қамтиды: кәсіптік-техникалық училищелер (1-2 жыл), техникумдар (2 жылдан 4 жылға дейін) техникалық лицейлер (1-2 жыл) және техникалық колледждер (2 ден4 ке дейін).
Кәсіптік мектептердің оқу-жоспарлары мен бағдарламалары жалпы білім беретін және арнаулы болып бөлінеді.
Жоғары білім беру жүйесіне университеттер, академиялар және институттар кіреді. 1987 жылы басталған жоғары мектепте реформа одан әрі жалғасты. Реформаның жетекші идеясы жоғары білім беру жүйесін демократияландыру болып табылады, оқу үрдісін ұйымдастыруды өзгерту және оқу орындарын басқару, жоғары білім берудің мазмұнын деидеологизациялау.
Жоғары оқу орындарының нарықтық қатынастарға көшуге байланысты жоғары оқу орындарының өмірі елеулі өзгерді. Көптеегн жоғары оқу орындары коммерсиялық жұмыспен айналысты.Жоғары мектепте тегін білім алумен қатар ақылы оқыту кең өріс алды.
1980 ж.ж.аяғына дейін Ресей әлемдегі ең алдыңғы қатарлы елдердіңа ішінде жекеменшік жоғары оқу оырндары болмаған бірден-бір ел болды. 1980-1990 ж.ж. Ресейде мемлекеттік емес (ақылы) жоғары оқу орындары пайда бола бастады.
Ресейде мұғалімдердің мәртебесін арттыру үшін арнаулы шаралар алынды, мәселен, “Жыл мұғалімі” аймақтық, ұлттық сайыстар өткізілді. Жалпы Ресейлік сайыстың жеңімпазы атанды.
Ресей ғалымдары идеалдық мұғалімнің және оны даярлаудың моделін талдады. Мұғалім даярлаудың тамаша моделін белгілі ғалым В.А.Сластенин ұсынды. Ол модель негізінен мұғалімнің тұтас жеке тұлғасын қалыптастыруға мүмкіншілік береді. Модель бойынша, қазіргі мұғалім экономикалық білімінің бастамасын, ұйымдастыру және тәрбие жұмысының ептіліктерін, компьютерлік сауатылықты, жоғары мәдениеттң, ше ттілін жақсы білуі, ынталы және жауапкершілікті адам болу, әруақытта білімін байытып және жаңартып отыру қажеттігінің болуы, жаңалыққа қабілетті болуы қажет.
1990 жж.арнаулы тәрбие стратегиясында өзгерістер іске асты. Мектептің алдына қойылған мақсат қоғамның рухани жаңаруына жағдай жасау және көмектесу. Авторитарлық тәрбиеден бас тартып, мектеп оқушылардың дара ерекшеліктерін ескеруге ерекше мән берді. 1980 жылдардың аяғына дейін коммунистік, таптық тәрбие идеясы насихатталды. Кеңестік жүйе құлағаннан кейін тәрбиеге ерекше өзгерістер болды. Моноидеологиялық коммунистік тәрбие келмеске кетті.
Тәрбиенің жаңа парадигмасы идеялық төзімділікті қарастырды.
Көп мәдениеттік тәрбие интернационалдық социалистік тәрбиеге баламалы түрде ұсынылды әр ұлт өз мәдениетін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын дамытуға мүмкіншілік алды.
Даралап оқытудың ең негізгі бағыттарының бірі дарынды, талантты балалар мен жас жеткіншектерді оқыту болып табылады. Ресей ғалымы В.Юркевич дарындылықтың үш типін бөліп көрсетті: академиялық (оқуға анық байқалған қабілеттілік), интеллектуалдық (ойлауға ептілігі), шығармашылық(дәстүрлі емес ойлап білу).
Көп мәдениетті тәрбиеніңауқымы ұлғая түсті. 90-жылдардан бастап, орыс емес ұлт мектептерінде міндетті компонент ретінде көпұлтты Ресейде әр ұлттың тілінің, тарихының және мәдениетінің бағдарламасы енгізілді.
1990 жылдары жалпы білім беретін мектептердің бағдарламаларында тәрбиенің негізгі бағыттары қарастырылды: берік адамгершілік қағидалары, жалпы алынған рухани құндылықтар негізінде қалыптастыру, отандық және әлемдік мәдениеттің рухани байлығын меңгеру, әртүрлі ұлттар мен ұлыстардың өкілдерінің арасында қарым-қатынасты қалыптастыру.
Діни тәрбие идеяларына да көзқарас өзгерді. Мектепте дінді оқытуға тиым салуды дінге қарсы ескі тәрбиені сақатуа деген ұғым тумаса керек. Дінде негізгі қаланған адамзаттық идеалды ескеру ұсынылды. Имандылық тәрбиесіне қарай бетбұрыс байқалды.
Азаматтық тәрбие міндеттеріде жаңаша шешілді.
80-жылдары жаңашыл мұғалімдер Ш.А.Амонашвили, В.Ф.Шаталов, С.Н.Лысенкова, И.П.Волков, Е.Н.Ильин, Т.И.Гончарова және т.б. оқытуды жетілдіруде және оны ғылыми-теориялық тұрғыдн негіздеуде және әдістемелік белсенді ізденістері педгогика ғылымын дамытуда алатын орны ерекше болды. Мәселен, бастауыш мектепте оздыра оқытудың әдістемесін Л.Н.Лысенкова ұсынды. Бұл әдістемеме сәйкес балалар үшін қиын тақырыптар бағдарламадағы сағаттар жоспарланған уақытынан бұрын өткізілді, әрбір сабақта аз мөлшерде болса да, болашаққа дайындық іске асып отырды. Софья Николаевна Лысенкова Москва қаласының №587 мектебінің бастауыш сыныбының мұғалімі, оның оздырта оқыту туралы іс-тәжірибесі “Қашан жеңіл оқылады” атты еңбегінде баяндалады.
Жаңашыл-мұғалімдердің ішінде донецкінің мұғалімі Виктор Феодоровичтің есімін ерекше атауға болады, оның азаматтық кәсіби қажырлығы білім берудің өткір және өзекті мәселелерін шешудің кілтін табуға талпыныс жасауы болып табылады. Бұл мәселелерге оқушылардың жүктемесінің ауырлығын жою, оқуға олардың қызығуын, белсенділігін және дербестігін тәрбиелеу В.П.Шаталовтың “Қайта және қалай үштіктер жойылды” кітабінің баспадан шығуына байланысты еңбекке кіріспе сөзінде белгілі психолог ғалым В.В.Давыдов былай деп жазды: “Оқу тәрбие үрдісін жетілдіруге бағытталған педагогикалық тәжірибенің көптеген жетістіктерінің қатарына В.П.Шаталовтың есімі зерттеуге және зерделеуге лайықты екендігін ерекше атап өтті”.
В.П.Шаталовтың еңбектерімен қатар “Педагогика” баспасы басқа да жаңашыл-педагогтардың еңбектері мен іс-тәжірибелерін мұғалімдер жұртшылығына ұсынды. Олардың ішінде іс-тәжірибелері мен әдістемелік ізденістері жинақталған және жан-жақты талдау жасалған. Москва облысының Реутово қаласының 2 санды мектебінің мұғалімі И.П.Волковтың іс-тәжірибесінің негізінде “Шығармашылыққа үйретеміз” кітабы, Ленинград қаласының 516 санды мектебінің әдебиет пәнінің мұғалімі Е.Н.Ильиннің іс-тәжірбиесі “Қарым-қатынас өнері” еңбегінде және Ленинградтың 536 санды мектебінің тарих пәні мұғалімі П.Н.Гончарованың іс-тәжірибесі “Тарих сабағы — өмір сабағы” атты еңбегінде жинақталған.
Мәселен,жаңашыл мұғалім, әрі көрнекті психолог ғалым Ш.А.Амоношвили алтыжасар балалармен жұмыстың мазмұны мен қағидаларының және тексерілген. Алтыжасарлармен жұмыста оқудың әлеуметтік жағымды түрткілерін қалыптастыруға, олардың жан-жақты дамуына көмектеседі.
Москваның бастауыш сынып мұғалімі, РСФСР мектептеріне еңбек сіңірген мұғалім С.Н.Лысенкова бастауыш мектеп оқушыларының оқуын басқарудың тиімді жүйесін талдады, оздыра оқытудың ғылыми-негізделген жүйесін ұсынды.
Москваның Реутова қаласының 2 санды мектебінің сызу және сурет пәнінің мұғалімі, педагогика ғылымдарының кандидаты, РСФСР мектептеріне еңбек сіңірген мұғалім И.П.Волков бастауыш мектеп оқушыларымен шығармашылық саабқтарын өткізеді. Оқу материалының мазмұны және оқыту үрдісін құру оның сабақтарында балалардың нышандары мен қабілеттіліктерін дамытуға және анықтауға мүмкіншілік береді.
В.Ф.Шаталовтың әдістемелік жүйесі бірден-бір өте күрделі педагогикалық міндеттерді тиімді шешуге, яғни, әрбір оқушыны күнделікті қиын ақыл-ой еңбегіне үйретуге, танымдық дербестікке көмектеседі.
Ленинградтық әдебиетші Е.Н.Ильин оқушылардың рухани дамуын жетілдіруге жол таба білді, әдебиет сабағын өзін-өзі және өмірді тану, адамгершілік сабағына айналдыра білді.
Дәрігер және педагог А.А.Дубровский тәрбиені және ауру балаларды емдеуді біртұтас мақсатты үрдіске біріктіруге мүмкіншілік беретін емдеу педагогикасын жасау туралы айтты.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет