Қазақстан Республикасының этносаясатын іске асырудың конституциялық-құқықтық қамтамасыз етілуі



бет1/5
Дата31.10.2022
өлшемі0,64 Mb.
#46454
  1   2   3   4   5
Байланысты:
3-4


Дәріс 3
Қазақстан Республикасының этносаясатын іске асырудың конституциялық-құқықтық қамтамасыз етілуі
1. Конституция Қазақстан Республикасының ұлтаралық қатынастарды реттеудің және жүзеге асырудың негізі
2. Қазақстандағы этносаралық төзімділік және қоғамдық келісімнің құқықтық базасына шолу және ғылыми талдау
Конституция Қазақстан Республикасының ұлтаралық қатынастарды реттеудің және жүзеге асырудың негізі
Ең алдымен Қазақстан Республикасының Ата Заңында көрсетілгендей, діни сеніміне, нәсіліне, ұлтына қарай азаматтардың ешқайсысы кемсітілмейтіні, әрбір Қазақстан Республикасының азаматы қандай дінге сенетіндігі өз еркінде екендігі нақты қадап айтылған. Қазақстандықтардың діни бостандығына кепілдік беретін 1992 жылы «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» заңы, одан әрі 2011 жылы қабылданған «Діни қызмет және діни ұйымдар» туралы заңы. Сонымен қосa, Қазақстанда түрлі конфессиялардың бейбіт қатар өмір сүруі үшін қажетті құқықтық және ұйымдық жағдайлар жасалған, конфессияаралық қатынастарды үйлестіруге бағытталған бірыңғай мемлекеттік саясат қалыптастырылды.
Осы тұрғыда Президент Н.Назарбаев: «Сан ғасырлар бойы әртүрлі этностар мен діни нанымдардың рухани мұрасымен кемелденген Қазақстанның біртұтас халқы өн-бойына шыдамдылық, діни төзімділік және жаңалықты қабылдауға деген ашықтық секілді қасиеттерді қалыптастырған. Осынау ғасырлар бойы қалыптасқан теңдессіз қасиеттерді біз барша адамзатқа жеткізуді үлкен міндетіміз деп білеміз» - деп атап өтті.
Осы саладағы шаралар ұлттық саясат саласындағы заңнаманы жетілдіруге, этностық және діни төзбеушіліктің кез-келген нысанының алдын-алу мен жолын кесуге жәрдемдесуі тиіс. Оларда көзделетіндер:
нәсілдік, этностық және діни ерекшелігіне қарамастан Қазақстан азаматтарының тең құқығын, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ететін заңнамалық нормаларды әрі қарай дамыту;
этносаралық қатынастар саласында халықтың саяси-құқықтық мәдениетін көтеру, ксенофобия, экстремизм және тұрмыстық ұлтшылдық көріністерінің кез келген нысаны мен түріне төзбеушілік қатынасын қалыптастыру;
құқықтық жүйені және этносаралық қатынастар саласына қатысты теріс үрдістер мен қауіп-қатерді анықтау, алдын-алу және жою жөніндегі құқық қорғау қызметін жетілдіру;
этносаралық қатынастарды саясаттандыруға, азаматтарды этностық, нәсілдік, конфессиялық және өзге де уәждермен кемсітуге жол бермеу;
этностық рең алып кетуі мүмкін әлеуметтік және өзге де сипаттағы қайшылықтар мен дау-жанжалдардың пайда болуын күні бұрын айқындаудың тетіктерін құру және нығайту, сондай-ақ мұндай дау-жанжалдарды шешу жүйесін әзірлеу;
этносаралық сала мәселелері бойынша ұғымдық аппаратты қолданудың бірыңғай заңдық стандарттарын әзірлеу;
көші-қонды реттеу саласындағы ұлттық заңнаманы жетілдіру.
Мемлекеттік ел бірлігі саясаты этносаралық және конфессияаралық қайшылық алғышарттарының пайда болу мүмкіндіктерін болдырмайтын заңнамалық және құқықтық тетіктермен берік қамтамасыз етілетін болады.
Тарихи үдерісті басынан өткерген халқымыздың асыл дәстүрлері: діни төзімділік пен келісім, мәмілегершілік, қонақжайлылық т.б. қасиеттер халық бойында ғасырлар бойы дағдыланған. Соның көрінісі болса керек қаншама мәдениеттер мен өркениеттер тоғысқан даламызда күні бүгінге дейін әр түрлі ұлт өкілдері мен дін өкілдерінің түсіністік пен жарастықта өмір кешіп отырғанына куә болып отырмыз.
Елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері мен 46-ға жуық діни конфессияға қарайтын 4 мыңнан астам діни бірлестіктер жұмыс жасайды. Оның ішінде 2337 исламдық: суниттік-1756, шииттік-3, суфийлік-2, Ахмадий жамағаты-4, Орыс Православие шіркеуінің-281, 90 астам рим-католик шіркеуінің, 1189 протестанттық бірлестіктің: евангелия христиан баптистерінің-291, лютерандық-28, Иегова куәгерлерінің-104 және т.б. бірлестіктері бар (2009 жылғы мәлімет бойынша).
Жалпы, Қазақстан көпконфессиялы мемлекет. Ел аумағында ислам, христиан, буддизм, иудаизм және басқа да дәстүрлі емес діндер таралған. Бірақ ел тұрғындарының 70% ислам, ал 28% православие, қалғаны басқа дінді ұстанушылар. Осындай әралуан дін өкілдері мен бірнеше конфессиялар орын алған Қазақстанда дін саясатын жүргізу өте байсалдылық пен шеберлікті талап етеді. Президентіміз Н.Ә. Назарбаев айтқандай, «Діннің тұтастығы – елдің тұтастығы: діни алауыздық ұлттық алауыздыққа апарып соқтырады». Ендеше, расында елімізде діни тұтастықты сақтау мемлекеттің басты ұстанымына айналды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет