Реферат Тақырыбы: Кәсіби этика және деонтология тарихы
Орындаған: Саудабаева Дильназ
Тексерген : Кенжегалиева Гулназ Шараповна
Атырау 2020
Мазмұны:
«Деонтология» және «этика» ұғымына түсінік
Медициналық этиканың модельдері
Медициналық деонтология
Дәрігерлік құпия
Ұжымдық деонтологиялық қарым-қатынастар
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
«Деонтология» және «этика» ұғымына түсінік Медицина - ең ежелгі мамандықтардың бірі. Ол ем қолданып, шипа дарытудың бай тәжірибесін меңгеріп, адам іс әрекеттерінің өзге түрлерінен ерекшеленетін белгілі бір қасиеттер иеленеді. Көне замандардан бері дәрігерлікпен шұғылданатын адамдарға айрықша адамгершілік талаптар қойылып келеді. Ежелгі дәуір медицинасында дәрігерлер басшылыққа алуға тиісті адамгершілік талаптардың тұтас бір жиынтығы калыптасқан.
Дәрігер беделіне жете мән берген ежелгі дәуір медицинасының негізін қалаушы Гипократтың (б.д.д. 460-377 жж..) адамгершілік қасиеттері кең таралды. Арада едәуір уақыт (2500 жылдан астам) өткеніне, әрі заманның ғылыми жетістіктеріне қарамастан, кейінгі деонтологиялық қағидалардың барлығы, тіпті қазіргілері де «Гиппократ антының» мазмұнын бұлжытпай қайталайды.
Орта ғасырлар кезінде медицина қызметкерлерінің мінез құлқына философ, ғалым Әбу Әли ибн Сина (Авиценна) жеке көңіл бѳлген. Авиценна медицина ғылымында ѳшпес із қалдырған ғұлама емші болды. Оның «Канон врачебной науки», - атты негізгі еңбегі бес ғасыр бойы (ХН-ХѴІІ) шығыстың да, батыс европа елдерінің де, медицина университетгерінде оқытылып келді және 35 рет қайта басылып шықты. Авиценна, дәрігер айрықша тәндік және рухани қасиеттерге -сұңкардың қырағылығына, қыздай жұмсақ қолына, жыланның даналығы мен арыстанның жүректілігіне ие болуға тиіс, - деп есептеді.
Қоғамдағы адамдардың мінез-құлқы мене ѳзара қарым-қатынасы көптеген нормалармен, ережелермен және салт-дәстүрлермен реттеледі.
«Адамгершілік», «мораль», «этика» сөздері жиі синоним ретінде қолданылады, әрі бұған грек және латын тілдеріндегі etos пен moralis сөздерінің «салт», «әдет-ғұрып», «тәртіп», «мінез-құлық» деген аудармалары себепші болады. Дегенмен философияда бұл түсініктер әр түрлі мағына береді. Сонымен «мораль», «адамгершілік» қоғамдық және жеке өмір салаларын, мәдениет саласын, ал «этика» ұғымы моральды негіздеу, зерттеу және оқып білу деп түсіндіріледі.
Аристотель ғылым саласына «этика» (грек тілінен ethika, ethos-мінез-құлық, әдеп) терминін енгізіп, «Никомахов этикасы», «Үлкен этика» деген еңбектер жазған.
Этика - адамгершілік туралы және оның әлеуметтік мәні туралы ілім. Медициналық этика - медицина қызметкерлерінің адамгершілік қасиеттерінде кѳрініс табуда. Ол медицина қызметкерлерінің ерекшеліктері мен қоғамда алатын орнына байланысты мінез-құлық нормаларын реттейтін қағидалар жиынтығын қамтып, дәрігердің науқастармен және олардың туыстарымен өзара қарым-қатынасын, тән және жан тазалығын қарастырады.
Заманауи талаптар адам қызметінің барлық салаларындағы моральдық фактордың рөлін күшейтеді, соның арқасында мінез-құлық проблемасына қызығушылық артады. Осы уақыт кезеңінде ұжымдардағы, қызметкерлермен, пациенттермен қарым-қатынас проблемаларына көп көңіл бөлінуде. Барлық қызметкерлердің үйлесімді және келісімді жұмысынсыз, пациенттің медициналық қызметкерге сенімінсіз медициналық қызметті көрсету және алу тіптен мүмкін болмас әрі медицина саласындағы елеулі сәттіліктерді жай ғана ұмытуға болар еді.
Кез келген адам өмірінде бір рет болсын, мүмкін өзі, мүмкін туысқан ретінде сол немесе басқа себеппен дәрігерге жүгінген шығар. Әрі біз бізге лайықты түрде, құрметпен қарағанын және біздің қадір-қасиетімізді еш төмендетпегенін қалайтынымыз сөзсіз. Әр денсаулық сақтау мекемесіне көмекке жүгінген адам өзіне лайықты, құрметпен қарап, білікті көмек көрсетілуіне құқылы. Этика мен деонтология осы проблемаларды шешуге бағытталған.
Деонтология (гр. deon-қажеттілік және logos-ілім, қажеттілік туралы ілім) - медицина қызметкерлерінің кәсіби міндеттерін орындауда қолданылатын этика нормаларының жиынтығы. Деонтология - парыз, міндет мәселелерімен айналысатын этиканың бір бөлігі. Деонтология әлеуметтік-тарихи, мәдени дәстүрлерге қажетті адамдардың мінез-құлқын зерттейді.
Медициналық этиканың құрамдас бѳлігі деонтология болып табылады. Бұл жаңа ғылым саласы XIX ғасырдың басында пайда болды (грекше dеоn - тиісті; lоgоs - ғылым, ілім). Деонтология термині қолданысқа енгеніне аса кѳп болтан жоқ: өткен ғасырдың басында ағылшын философы И. Бентам оны адамның кәсіби мінез-құлқы туралы ғылымның атауы ретінде ауызға алған.
Медициналық деонтология- медицина қызметкерлері қызметінің моральді-этикалық негіздерін, олардың рухани және жеке қасиеттеріне қойылатын талаптарын, қоғам мен халық алдындағы жауапкершіліктерін, науқастармен, олардың туыстарымен, әріптестерімен өзара қарым-қатыстарын қамтиды. Бұған дәрігердің кәсіби тұрғыдан өсу, науқастардың тілек талаптарын мейлінше қанағаттандыру мақсатымен емдеу, аурудың алдын-алу мекемелерінің қызметін ұйымдастыру мәселелері жатады. «Дәрігер шеберлігі» ұғымын техникалық тәсілдер қауызына қамап қоюға болмайды. Бұл - дәрігердін бойына біткен «клиникалық ойлау жүйесі» деп аталатын, интеллектуальді жұмыс түрінде көрінетін творчестволық үрдіс. Яғни, дәрігердің мінез құлқына, алдына келген ауруды қабылдай біліп, мұқият, әрі толықтай тексеруіне, лайықты қортынды жасауына тікелей қатысты нәрсе. Дәрігер ауру адамға көмек көрсетіп, оны сырқатынан айықтыруға, еңбек ету қабілетін қалпына келтіріп, ажалдан арашалап калуға жаралған. Бұл үшін ол өз мамандығын сүйіп кана коймай, кәсіби шеберлігін де ұдайы арттырып отыруы тиіс. Тек жеткілікті клиникалық тәжірибесі бар дәрігер ғана тиімді көмек бере алады.
Медициналық деонтология дәрігерлік қызметтің адамгершілік нормаларын зерттеуші білім саласы ретінде қоғамдык мораль мен этиканың құрамдас болігі болып саналады. Дәрігердің іс әрекетіндегі деонтологиялық қагидалардың орындалуына бақылау жасау моральді-этикалық өлшемдер, коғамдык пікір арқылы жүзеге асырылады. Бұл қагидалар ресми нормативтік актілерден гѳрі, әр дәрігердін ар-ожданына, дүние танымына негізделеді. Деонтологиялық қагидалардың өміршендігі, оған бақылау жасаудың тиімділігі нақ осыларға сүйенеді. Заң баптарын кейде орағытып өтуге болатын шығар, ал оз ар-ожданынды алдап-арбауға немесе тайдырып кету әсте мүмкін емес.