Реферат Тақырыбы: Мал азықтары және олардың классификациясы Орындаған: Елтай Үміт Қабылдаған: Егемкулов н тобы: Ап-19-7к



Дата10.01.2022
өлшемі22,41 Kb.
#23912
түріРеферат

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

ФАКУЛЬТЕТ «АГРАРЛЫҚ»

КАФЕДРА «ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ»

Реферат

Тақырыбы: Мал азықтары және олардың классификациясы

Орындаған: Елтай Үміт

Қабылдаған: Егемкулов Н

Тобы: Ап-19-7к

Шымкент, 2021


Жоспары:


1.Жемшөп туралы түсінік

2.Азықтың химиялық құрамына, мал ағзасына тигізетін физикалық әсері

3.Мал азығын құрамына қарай жіктеу

Жемшөп — малды азықтандыру үшін пайдаланатын өнімдер. Олар өсімдіктекті, жануартекті және минералдық болады. Жемшөп құрамында сіңімді қоректік заттар көп. Жемшөпті түсіне, исіне, дайындау әдісіне, т.б. қарап бағалайды. Өсімдіктекті жемшөпке жасыл азық, ірі азық, пішендеме, тамыр-түйнектер, техникалық дақылдардың дәнді және өсімдікті қалдықтары, құрама азық жатады. Жасыл азық (табиғи және екпе жайылым шөптері, тамыр жемістілердің жапырақтары, т.б.) жазда күйіс қайыратын малдың азық құрамын құрайды. Ірі азық (пішен, сабан, т.б.) құрамында күйіс қайыратын малдың асқорыту процесін қалыптастыратын клетчатка болады. 

Пішен — күйіс қайыратын малға қыста берілетін жемшөптің бірі. Пішендеме сәл кептірілген әр түрлі шөптерден дайындалады. Оны малға пішен, сүрлем орнына беруге болады. Шөп ұны бұршақ және астық тұқымдас шөптердің қоспасынан дайындалады. Ол ақуыз бен витаминге бай.

Сүрлем — шырынды азық. Негізінен, қыста, ал жазда қосымша жемшөп түрінде қолданылады.

Тамыр-түйнектер (қызылша, сәбіз, картоп, т.б.) мен шырынды жемістерді (асқабақ, қарбыз, т.б.) барлық малға береді. Олардың құрамында көмірсу, С витамині, каротин көп болады. Дәнді азыққа дәнді (арпа, сұлы, жүгері, т.б.) және бұршақ (бұршақ, жасымық, т.б.) тұқымдас дақылдар жатады. Дәнді дақылдарда көмірсу, негізінен, крахмал, бұршақта ақуыз (протеин) көп. өн тартқанда, май шайқағанда, қант қызылшасын өңдегенде, т.б. қалатын қалдықтар да (кебек, күнжара, сірне, сығынды, т.б.) құнарлы азық ретінде қолданылады.

Жануартекті азыққа балық ұны, ет-сүйек ұны, майы алынған сүт, т.б. жатады. Бұлардың құрамында протеин, минералды заттар, витаминдер көп. Жас төлдерді, құстар мен мамық жүнді аңдарды азықтандыруда қолданылады. Минералды азықтың маңыздылары — ас тұзы, бор, әктас, сүйек ұны, т.б.
Азық химиялық құрамына,мал ағзасына тигізетін физикалық әсеріне және шарушылық құндылығына қарай бірнеше таптарға бөлінеді:

1. Өсімдік тектес азықтар. Бұл топқа сұлы-шырынды азықтар (көк балауса, пішендеме, тамыр түгінектілер), ірі сояулы азықтар(пішен, шөп ұны, сабан, топан),жем азықтар (масақты және бұршақ тұқымдас дақылдардың дәні) жатады.

2. Өнеркәсіптің жанама өнімдері 2 түрге бөлінеді:

a) Сұлық азықтар-жем, сірне, бода, сыра қайнатпасы.

b) Кебек, күнжарма.

3. Жануар тектес азықтар тобына мыналар кіреді: сүт, және сүт қалдықтары, ет, сүйек,балық, қан ұндары т.б

4. Құрама жем. Арнаулы рецептімен зауытта немесе шаруашылық жағдайында майдаланған құрғақ азықтардан дайындалады. Құрама жемннің екі түрі өндіріледі: 1-ші түрінің жемді азықтармен қатар ұнталған сояулы азықтар кіреді. 2-ші түрінің құрамына тек жемді азықтар енеді. Бұған толық рационды брикеттелген немесе түйір шектелген құрама азықтар жатады.

5. Минералдық азықтар бұған ас тұзы, сүйек үны, бор

6. Витаминді препараттар – балық майы, А,Д,Е,В витаминдерінің концентраттары жатады.

7. Антибиотиктерге – биоцелин, азықтық гризин, биовит – 40, т.б. кіреді.


Өсімдік тектес азықтар және олардың жұғымдылығы.Шырынды, ылғалды азықтар.

Көкбалауса-бұл азыққа табиғи шалғындар мен жайылымдар шөптері, екпелі дақылдарың шөптер кіреді, құрамында барлық толтырмайтын амин қышқылдары болады.

Сүрлем-жүгерінің сабағы сүттеніп келе жатқан кезде орылып, жырада тапталып дайындалады.

Пішендеме-бұршақты және астық тұқымдас шөптер гүл жара басған кезде дайндайды, қышқылдылығы рн 4,8-5,5тең яғни қанттың толық сақталмауына мүмкіндік береді.

Түйнек тамыржемістерге малды азықтандыруға жиі қолданылытын қызылша, сәбіз, картоп, жатады су 80-90% болады. Қызылша, негізінен, қанпен пектинді заттары басым көмірсутегімен құралған 12% құрғақ заттардан тұрады. Сәбіз каротинге (250мг-ға дейін) байлығымен ерекшеленеді. Ересек малға күніне 3-4кг түйнек тамыр жемістер беруге болады.

Мал азығын құрамындағы су мөлшеріне байланысты жіктеу:

Шырынды мал азығы (көк балауса және жасыл балауса мал азығы,сүрлем, тамыржемістілер).
2. Ірі мал азығы (пішен, сабан, пішендеме).
3. Құрама жем азығы (астық, құрама жем және т.б.).
4. Өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы өнімдерінің қалдықтары
(кебек, күнжара, сүйек ұны т.б.).

Шырынды мал азығы. Жасыл балауса – өте арзан мал азығы. Табиғи малазықтық жерлерде малды жаю әдісі дұрыс ұйымдастырылған жағдайда ең арзан ет өнімін береді. Көптеген аймақтарда пішен, сабан, топан мал азығының рационының негізі, ал қыс кезеңінде барлық малға жем-шөп болып табылады.

Ірі мал азығы. Пішен оның қоректілігі өсімдіктердің ботаникалық құрамына, шөптердің жиналу мерзіміне, кептіру және сақтау әдісіне байланысты. Сіңімді протеин мөлшері бойынша жоңышқа пішені кебекке жақындайды, онымен азықтандырғанда рационнан құрама жем азығын қысқартуға немесе мүлдем алып тастауға болады. Әр түрлі шөптерден дайындаған пішен құнарсыз деп саналады, өйткені құрамында құнарлы шөптер арасында улы және зиянкес өсімдіктер болады. Құнарсыз ірі азық мал азығына қияқөлең және елекшөптен дайындаған пішен жатады. Малдар оларды нашар жейді.
Пішендеме - көк шөптің нәрлігін сақтауға мүмкіндік туғызатын жемшөп дайындау әдісі. Мал азығы жоғары энергетикалық және протеиннің құнарлылығымен ерекшеленеді: орташа 1 кг пішендемеде 0,35- 0,45 азықтық өлшем болады. Пішендеме 50-55%-ға дейін кептірілген жіңішке сабақты шөптерден дайындалады. Сапалы себілген шөптерден дайындаған пішендеме өте бағалы.
Дәруменді шөп ұнын жоғары сапалы дәруменді пішеннен дайындайды.
Сабан сүтті мал шаруашылығының қарқынды жүргізген жағдайда және малдардың жоғары өнімін алу үшін рационда сабан болмау керек, бірақ та орташа сауын сүт 2500-3000 кг болғанда сабан мал азығы ретінде берілуі мүмкін.
Құрама жем азығы - арнайы рецепт бойынша жасалған азықтың майдаланған дайын қоспасы. Қоспа ретінде дән, қатқыл азықтар, өсімдік және шөп ұны, техникалық, химиялық және микробиологиялық өнімдер алынады.

Толық рационды құрама жем құрамында малға қажет барлық қоректік заттар бар даяр азық рационы ретінде шығарылады.

Концентратты құрама жем — сусымалы біркелкі азық, малға қатқыл, шырынды азықтармен қатар қосымша азық ретінде беріледі.

Үстеме құрама жем — құрамында протеин, минерал заттар және витаминдер көп, құнарлы азық.


Қорытынды.

Мал азығы құндылығы оның химиялық құрамына тікелей байланысты. Мал азықтары сапасына қойылатын басты талаптарға олардың малға жұғымдылығы, құнарлығы басқа олардың қоректілігіне шешуші маңыз береді. Малды толыққұнды азықтандырудың алғышарты жемшөптің құрамы мен қоректілігін кешенді бағалау болып табылады.. ауыл шаруашылығы малдары ал қорыту жүйесінің ерекшеліктеріне байланысты мал азығын әртүрлі дәрежеде қорытады.

Қоректік заттардың сақталуын сараласақ, пішендемеде қант толық сақталады, ал сүрлемде ол органикалық қышқылдарға ыдырайды. Мал азығын сүрлеудің өндірістік тиімділігі де зор, пі­шен­мен салыстырғанда екпелі егістіктің әр гектарынан алынатын қорек­тік заттардың молдығы және азықтық бірлікке шаққанда жұм­салған шығынның өтемі жоғары.



Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Әрінов Қ.К.,Можаев Н.И.,Шестакова Н.А.,Ысқақов М.Ә.,Серікпаев Н.А Өсімдік шаруашылығы практикумы. Астана, 2004.
2.Елешов Р.Е., Смағұлов Т.С., Балғабаев А.М. Агрохимия және тыңайтқыш қолдану жүйесі, Алматы, 2000ж
3.Жанзақов М.М., Мырзабек К.А. Агрономия негіздері. Қызылорда,Тұмар, 2007.
4.Жанзақов М.М., Мырзабек К.А., Кенбаев Б.Қ. Жалпы егіншілік. Қызылорда, Тұмар, 2005.
5.Жаңабаев Қ.Ш. Қазақстанда жиі кездесетін арам шөптер және олармен күрес. Алматы,1994

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет