Реферат тақырыбы: Ольга Васильевна Шишигина Тексерген: Исмаилов. Эрик



Дата19.11.2023
өлшемі164,52 Kb.
#124903
түріРеферат

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
Ольга Васильевна Шишигина

Тексерген: Исмаилов.Эрик


Орындаған:Шаймерден.Назгүл
Қазақ тілі мен әдебиеті
112 топ, 3 жылдық

ЖОСПАР:


1 Кіріспе
2 Негізгі бөлім
а) Биографиясы
ә)Марапаттары
б) Отбасылық өмір


3 Қорытынды бөлім


4 Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
КІРІСПЕ

Шишигина Ольга Васильевна 1968 жылдың 23 желтоқсанында Алматы қаласында туған. Қазақ туризм және спорт академиясын бітірген.


Ольга Васильевна Шишигина (1968 жыл Алматы, Қазақстан) - қазақстандық жеңіл атлет, спринтерші, Сидней олимпиадасының чемпионы (2000), Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері.
Жеңіл атлетикамен (Кедергілерден 100 метрлік спринтерлі орғу) 1978 жылдан бері шұғылданады.
БИОГРАФИЯСЫ
1985 жылы КСРО құрама командасы сапына кірген.

1986 жылдан Кеңестер Одағының көптеген чемпионаттарына қатысқан және одан бірнеше дүркін жүлделерге ие болған.


1992 жылы ТМД елдерінің "Жастар ойыны" жарысының таңдаулы төрттігіне енген (Донецк қаласы).


1994 жылы Санкт-Петербург қаласында өткізілген ойында Халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындаған.


1994 жылғы Жапонияның Хиросима қаласында өткен Азия ойындарында жеңімпаз болған, осыдан кейін оған "Қазақстан Республикасының спортқа еңбек сіңірген шебері" атағы берілген.


1995 жылдардағы жазғы (Гетеборг, Швеция) және қысқы (Барселона) әлем чемпионаттарының күміс медаль иегері. Одан кейін 1999 жылғы жабық жайда өткен (Маэбаши, Жапония) әлем чемпионатында алтын жүлде мен 2000 жылғы Сидней олимпиадасындағы жеңісі.


2007 жылы Канаданың Эдмонтон қаласында өткен әлем чемпионатында күміс жүлдені иеленді. Содан кейін спортшы жарақат алуына орай үлкен спортпен қоштасты.


2002 жылы Қазақтың мемлекеттік туризм және спорт Академиясын бітірген. Қазақтың мемлекеттік туризм және спорт Академиясының жеңіл атлетика кафедрасының меңгерушісі.


І дәрежелі "Барыс", "Құрмет", "Дарын" ордендерімен марапатталған.

Ольга Шишигина қазақ спортына алтын медаль ғана сыйлап қойған жоқ, сондай-ақ, еліміздегі жеңіл атлетиканы бір көтеріп тастады. Ольга Шишигинадан Ольга Рыпаковаға дейін бұл спорт түрінен Олимп шыңын бағындырған ешкім болмады. 2013 жылы Олимпиада чемпионы Ольга Шишигина жаңа қызметке келді. Желаяқ спортшы енді Мәжілістің депутаты.Бұл туралы бүгін палатаның жалпы отырысында мәлім болды.




Ольга Шишигина: отбасылық өмір
80-ші жылдардың аяғында қыз физикалық құлдырауды бастан кешіре бастады, сондықтан ол уақытша өнер көрсетуді тастап, оңтайлы пішінді алуға назар аударды. Сол кезде болашақ күйеуімді кездестірдім. Күйеуім екеуміз ұл тәрбиелеп өсірдік, ол да өз кезегінде спортқа қызығады, бірақ кәсіби деңгейде айналысуды жоспарлап отырған жоқ. Сұхбаттарында ол отбасымен уақыт өткізуді ұнататынын жиі айтады.
«Орталық сайлау комиссиясының жақындағы қаулысына сәйкес, «Нұр Отан» ХДП мүшесі Ольга Шишигина Парламент Мәжілісінің депутаты болып тіркелді. Осыған орай депутаттар атынан О.Шишигинаны құттықтап, оған жаңа шығармашылық ортада жемісті еңбек тілейміз», - деді жалпы отырыста спикер Нұрлан Нығматулин.
Жақында Олимпиада чемпионы Ольга Шишигина өзінің спорттық жеке заттарын Қазақстан Республикасының Ұлттық музей қорына естелікке тарту етті. Белгілі ғалымдардан құралған арнайы сараптамалық комиссия жеңіл атлетшінің сыйға тартқан заттарының құндылығын анықтап, музейдің асыл мұра залына қою туралы шешім қабылдады.
Ольга Шишигина ел үшін қызмет етуін әлі де жалғастырады. Болашақта бірнеше желаяқтарды Олимпиадаға дайындап, Халықаралық додалардан жүлде салуға көмегін тигізуі әсте мүмкін.


Пайдаланған әдебиеттер тізімі.


1.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет