Реферат тақырыбы: Педагогика пәні ғылыми ретінде Орындалған: Базылова Жұлдыз Оқытушы: Уатаева Әсем Мұхиденқызы Тобы: кял-22-1



Дата16.10.2023
өлшемі73,21 Kb.
#115862
түріРеферат

Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті




РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Педагогика пәні ғылыми ретінде
Орындалған: Базылова Жұлдыз
Оқытушы:Уатаева Әсем Мұхиденқызы
Тобы: КЯЛ-22-1

Жоспар:
Кіріспе


Негізгі бөлім

  1. Педагогика пәні жайлы ұғым

  2. Педагогика ғылымының дамуы мен міндеттері

  3. Педагогика ғылымының салалары және оның басқа ғылымдармен байланысы

Қорытынды


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Педагогика бұл-адамзат ғылымының ең ежелгі және қоғам дамуының ажырамас саласы болып табылады. Себебі: педагогикалық білім ұғымы ұрпақты білімге дайындау немесе тәрбиелеу мен байланысты адам әрекетінің ерекше аймағына кіреді. Педагогика барлық ғылымдар сияқты философия ғылымы аясында қарастырылды. Ежелгі грек философтарды Гераклит, Демокрит,Фальс, Сократ, Аристотель, Платон, т.б. ғылымдарының педагогикаға қосқан үлесі зор. «Педагогика» деген ұғым көне грек елдерінде б.э.б. 2,5 жылда пайда болған дейді. Педагогика деген сөз, яғни тәрмин, көне грек тілінен шыққан, ол балаларды ертіп жүру, баланы жетектеп мектепке апаруы деген сөз. Анығырақ айтатын болсақ, "Педагогика" термині гректің екі сөзінен: "пайс" - балалар және "эгейн" - баланы басқару, тәрбиелеу, жетектеу, бағу ұғымдарынан шыққан. Адам өмір бойы тәрбиеленеді және қайта тәрбиеленеді. Педагогика - бала жайындағы ғылым, олай болса ол ұрпақ тәрбиесі жайындағы ілім. Адам баласының ұрпағы үнемі жаңарып, өзгеріп отырғандықтан, педагогика ілімі де үнемі өзгеріп отырады. Қазіргі кезде тәрбиенің ықпал жасау аясы кеңейе тусуде. Сондықтан "педагогика - бала тәрбиесі жайындағы ғылым", -деп шек қоюға болмайды. Педагогиканың ғылыми таным саласы - тәрбие. Педагогика қоғамдық өмірдегі тәрбиенің мәні мен рөлін анықтайды. Педагогика - жалпы адам тәрбиесі жайындағы ғылым . Ал тәрбие - жастарды әлеуметтік өмірге және еңбекке даярлап, оларға қоғамдық тарихи тәжірибені үйрету процесі. Педа¬гогика пәнін (зерттейтін) толық түсіну үшін ең алдымен негізгі педагогикалық ұғымдарды қарастырайық.


Әрбір ғылымның өзіне тен зерттейтін саласы және ғылыми ұғымдары бар. Мысалы, философиядағы ұғымдарға "болмыс", "материя", "қозғалыс"; саяси экономияда- "қоғамның өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастары", ал педагогикада - "тәрбие", "білім беру", "оқыту"жатады.
Педагогикалық ұғымдардық бірі - тәрбие.
Тәрбие дегеніміз - адамдарды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамдық-тарихи тежірибені беру процесі. Тәрбие ұғымы кең мағынада әлеуметтік қоғамдағы құбылыс ретінде барлық тәрбие салаларын, атап айтсақ: отбасы, мектепке дегіінга мекеме, оқу тәрбие орындары, еңбек ұжымы, ақпарат құралдары, баспа орындарын қамтиды. Біздің мемлекетте бұл салалар қоғамдық, мемлекеттік мақсатқа қызмет етеді.
Кең мағынада деген ұғымда бүкіл сыртқы әсерлердің, адамды қоршап тұрған, табиғи және әлеуметтік ортаның, тәрбиешілердің мақсатты іс-әрекеттерінің ықпалымен адамды қалыптастыру.
"Тәрбие" ұғымы тар мағынада "Тәрбиеші тәрбиелейді", кең мағынада "Өмір тәрбиелейді' деп қолданудық тәрбие жайлы ұғымды анықтауда зор мәні бар.
Тәрбие - тар мағынада жеке тәрбиелік міндетті шешуге, жеке адамның белгілі бір қасиетін қалыптастыруға, меселен, эстетикалық талғамын тәрбиелеуге бағытталған жұмыс.Тәрбие жаңа ұрпақты өмірге, еңбекке дайындау арқылы коғамның алға қарай дамуын қамтамасыз ететін процесс. Тәрбие -педагогикалық кең мағынада қоғамның арнайы бөлінген адамдары - мұғалім, педагог, тәрбиешілердің басқаруымен жүргізілетін мақсатты үрдіс. Олар арнайы тәрбие жұмысын ұйымдастырып, жеке адамның қалыптасуына ықпал жасайтын жиынтық факторларды пайдалана отырып әрекше әдіс-тәсілдерді қолданады. Тәрбие жайлы әр түрлі теориялар мен пікірлер айтылып келеді. Тәрбиені әресек адамдардық балаларға ықпал жасауы деп түсіндіруінілер де бар. Бұл жағдайда бала енжар объект түрінде қарастырылады. Ол педагогикалық процестің субъектісі бола алмайды, яғни, өздігінен ойланып, белсенді іс-әрекет жасай алмайды. Бұдан тәрбиеге бір жақты анықтама беру байқалады.Білім беру - табиғат пен қоғам жайында жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруі және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуі.
Білім беру ұғымын педагогикаға тұңғыш енгізген И. Песталоцци.
Білім беру - оқыту мен тәрбие жұмысын біріктіретін және жеке бастық дамуына ықпал жасайтын процесс.
Оқыту - білім берудің негізгі жолы. Оқыту екі жақты, бір текті процесс:
1. Оқытушы оқушыларға білім берін, іскерлік, дағдыға үйретеді.
2. Оқушы таным міндеттерін жете түсініп, жаңа білімді, іскерлікті, дағдыны игереді және оларды өмірде колданады.
Педагогика ғылымының дамуы мен міндеттері.
ХIХ ғасырға дейінгі ғылыми ізденістердің пәндік саласын анықтауға байланысты ғылымдардың бөлінуі (даралануы) белсенді жүріп жатты. Педагогика да бірте-бірте жалпы пәнмен байланысты бола отыра, мақсаттары, жас ерекшеліктері, оқу- тәрбиелеу, оқу орындарындағы типтері бойынша ерекшілігі бар салалар айқындала түсті.
Педагогикалық ғылымдарының жүйесіне: жалпы педагогика, жас ерекшілік педагогикасы, мектепке дейінгі педагогика, кәсіби педагогика, педагогика мен білім берудің тарихы, салалық педагогика, корекциялық педагогика, салыстырмалы педагогика , жеке пәндер әдіснамасы және т.б. жатады.
Жалпы педагогика педагогикалық процесс білім берудің негізгі заңдылықтарын зерттейді. Жас ерекшілік педагогика (мектепке дейінгі, мектеп, ересектер педагогикасы) анотомиялық және физиологиялық және әртүрлі жастағы топтардың психологиялық ерекшіліктеріне сәйкес педагогикалық процесс пен білім берудің ерекшелігін зерттейді.
Кәсіби –техникалық білім беру педагогикасы, арнаулы орта білім беру педагогикасы, жоғары білім беру педагогикасы –пәндері (дисциплины) ,олардың пәні педагогикалық процесс және жұмысшы кадрларын кәсіби және сонымен бірге әртүрлі деңгейдегі мамандарды даярлаудың заңдылыққтары б.т
Әскери педагогика әртүрлі рангтағы әскери қызмет атқаратындарды әскерге шақыру жасындағылардан бастап әскери мамандықты игергендер мен офицерлер құрамының тәрбиелік іс- әрекетінің тәрбиелік заңдылықтарын зерттейді.
Еңбекпен түзету педагогикасы түрмеде отырған азаматтарды қайта тәрбиелеудің теориясы мен практикасын құрастырады. Мұнда жас ерекшілігі ескеріледі, оларда әсіресе балалар мен жасөспірімдер қылмысына қатысты кездесетін заң бұзу зерттеледі. Педагогика тарихы — адамзат тарихындағы педагогикалық идеялар мен мектептердің қалыптасуын зерттейтін ғылым. Салыстырмалы педагогика әрбір елдегі білім беру және тәрбие жүйелерінің дамуын, олардың жалпы өзіндік ерекшіліктерін салыстыра , дамуын зерттейді. Жеткілікті дәрежеде дербес педагогикалық пәндер тобын жеке немесе пәндік педагогика құрайды, онда жалпы — бұл педагогикалық заңдар мен заңдылықтар, танымдық әрекет әдістері, ал жеке ерекшілік берілетін сабақ пәнінің мазмұны.
Педагогика ғылымының салалары және оның басқа ғылымдармен байланысы.
Педагогика ғылымының құрылымы, оның басқа ғылымдармен байланысы. Педагогика дамып, тәрбие мен білім беру жайлы ғылыми тарауларға бөліне бастады. Мысалы, педагогиканың жалпы негіздері, тәрбие теориясы, дидактика, т.б.
Тәрбие мен оқыту ісінің одан әрі дамуына байланысты педаогика ғылымының түрлі салалары, атап айтсақ, мектепке дегіінгі педагогика, мектеп педагогикасы, педагогика тарихы, дефектология және пәндәрді оқыту әдістемесі, кәсіптік-техникалық білім беру педагогикасы, жоғары мектеп педагогикасы, әскери педагогика, басқару педагогикасы, отбасы тәрбиесінің педагогикасы, медени-ағарту қызметкерлерінің педагогикасы, түзеліс-еңбек педагогикасы, этнопедагогикасы, әлеуметтік педагогика, кәсіби педагогика, жас ерекшелік педагогикасы т.б. педагогика салалары пайда болды.
Мектепке дейінгі педагогика -отбасы, балалар бақшасындағы демек, мектеп жасына дегіінгі балалар тәрбиесін зерттейді
Мектеп педагогикасы мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудық мақсаттары мен міндеттерін, әдістері мен принциптерін, формаларын, мазмұнын және нетижесін айкындайды. Мектеп педагогикасы төрт бөлімнен тұрады. Олар:
1. Педагогиканың жалпы негіздері
2. Тәрбие теориясы.
3. Дидактика.
4. Мектептану (басқару теориясы).
Дидактика - педагогиканың негізгі тарауларының бірі.
Дидактика оқытудық заңдылықтарын қарастырады. Сондықтан ол "Нені оқыту керек?", "Қалай оқыту керек?", "Не үшін оқыту керек?" деген сұрақтарға жауап береді.
Жалпы дидактиканың негізгі міндеттері оқыту процесінің заңдылықтарын ашу, білім берудің мазмұнын анықтау, оқытудық тиімді әдістері мен ұйымдастыру формаларын іздестіру, жастардың таным ынтасы мен қабілетін дамыту, дуниеге көзқарасты қалыптастыру, олардың өмір тәжірибесіне дайындалу тәжіриберін зәрттеп, шешу.
Қорытынды
Педагогиканың ғылым ретінде өз пәні, яғни ғылыми таным-білімнің белгілі бір саласы бар. Бұл қоғамның жас ұрпақты өмірге даярлау жөніндегі ерекше міндетті қызмет (функциясы)- тәрбие беру саласы болып табылады. Педагогика бала жайындағы ілім, олай болса, ол ұрпақ тәрбиесі жайындағы ілім. Педагогика пәні – адамның адамды тәрбиелеуі; педагогика пәні-тәрбиелік іс-әрекет; педагогика пәні-арнайы ұйымдастырылған әлеуметтік сала . Ең негізгісі педагогика – тәрбие туралы ғылым .

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:



  1. https://stud.baribar.kz/11953/pedagogika-ghylym-retinde/

  2. https://ikaz.info/pedagogika-ylymyny-alyptasuy/

  3. https://kitaphana.kz/refkaz/236-pedagogika/3259-pedagogika-pani.html


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет