Реферат тақырыбы: Қр азаматтық құқық негіздері



Дата08.10.2022
өлшемі67,65 Kb.
#41888
түріРеферат
Байланысты:
ҚР Азаматтық құқық негіздері


РЕФЕРАТ



Тақырыбы: ҚР Азаматтық құқық негіздері
Осы тақырып бойынша негізгі ұғымдарды білу. Теориялық білімді практикада қолдана білу.
1.Қылмыстық құқық ұғымы.
2. Қылмыстық құқықтың міндеттері мен принциптері.
3.Қылмыс ұғымы және белгілері.
4.Қылмыстардың жіктелуі.
5.Қылмыстық жауапкершілік: тұжырымдамасы, оның пайда болу негіздері
Орындаған:Талдықбаев Нұрхан
Тексерген: Ернар Асқарұлы
Пд-209

Азаматтық құқық — азаматтық заңдарда көрініс тапқан мүліктік және мүліктік қатынастармен байланысы бар мүліктік емес, жеке қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы. Бұл нормалар азаматтық заңнамада көрініс тапқан.


Нарықтық қатынастар, негізінен, азаматтық құқықпен реттеледі. Нарықтық қатынастар кең етек жая дамыған елдерде Азаматтық кодекс екінші Конституцияға теңестірілген Азаматтық құқықтың да өзіндік реттеу пәні бар. Ол —мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастар. Мүліктік қатынастар дегеніміз — мүлікті иелену, пайдалану және билік етуге (басқа біреуге беру) байланысты қатынастар. Басқаша айтқанда, мүліктік қатынастар —материалдық игіліктермен(мүлік,ақша,құнды қағаз,қызмет көрсету және т.б.) байланысты қоғамдық қатынастар. Мысалы, сату — сатып алу, жалға беру, мұраға қалдыру.
Мүліктік емес жеке қатынастар екі топқа бөлінеді —мүліктік қатынастармен тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастар және мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар.
Бірінші топтағы мүліктік қатынастармен тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастардың тікелей мүліктік сипаты мен ақшалай құны болмайды. Бұл топтың негізін интеллектуалдық меншікпен байланысы бар қатынастар құрайды.
Ғылыми еңбектің авторы немесе өнертапқыш өзінің авторлық құқығын қорғауға байланысты сотқа талап арыз беріп, арыз сот арқылы қанағаттандырылатын болса, онда ғылыми еңбектің авторының немесе өнертапқыштың қаламақы немесе басқалай сыйақы алуға құқығы болады. Бұл жағдайда мүліктік емес жеке қатынастар мүліктік қатынастармен байланыстылық сипат алады.
Жеке мүліктік емес қатынастардың екінші тобын — мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар құрайды.
Адам денсаулығына көлік арқылы зиян келтірілді. Денсаулыққа келтірілген зиянның нақты ақшалай құнын анықтауға болмайды. Дегенмен де, азаматтық құқықтың нормалары істің мән-жайына байланысты денсаулыққа келген зиянның орнын толтыруды реттейді (зиян келтірушінің кінәсін, зиян келтіруші мен жөбірленушінің материалдық жағдайын және т.б.).
Жеке өмірге, тұрғын үйге, ар-намысқа, іскерлік беделге қолсұқпаушылық екінші топтағы жеке мүліктік емес қатынастарға жатады.
Реттеудің азаматтық-құқықтық әдісі заңды тараптардың теңдігін, құқық бұзушылық кезіндегі жауапкершіліктің мүліктік және өтемақылық сипатын, сотқа жүгіну арқылы жүзеге асатын құқық қорғаудың айрықша әдісін білдіреді. Бұл әдіс диспозитивті деп аталады. Бұл тараптардың теңдігін, әрекеттің тәуелсіздігін, қарым-қатынастың еріктілігін білдіреді.
Дүкен иесі тауар жеткізіп берушілерді өзі анықтайды, тараптар баға мен басқа да шарттар туралы келіседі және бұл әрекеттерді келісімшарт түрінде рәсімдейді. Аталған келісімшарт бұзылғанда тараптар келісімшарттың күшін
жояды, ал бір-біріне қоятын талаптары болса, онда ол мәселелер сот арқылы шешіледі.
тараптардың теңдігі;
шарт еркіндігі және таңдау құқығы;
еркіндік;
тәуелсіздік;
меншікке қолсұқпаушылық;
біреудің жеке ісіне келісімсіз араласпауы;
азаматтық құқықтардың еш кедергісіз жүзеге асырылуы;
бұзылған құқықтарды қалпына келтіруді қамтамасыз ету;
азаматтық-құқықтық қатынасқа қатысушылардың құқықтарын сот арқылы қорғау жатады. Азаматтық құқық реттейтін қоғамдық қатынастардын негізгі түрлерінің біріне, құқықтық нормалардын ықпалына ұшырайтын мүліктік қатынастар жатады. Материалды игіліктермен (мүлікпен, жұмыспен, қызмет көрсетумен, ақшамен, бағалы қағаздармен, т.б. мүліктермен) байланысты қоғамдық қатынас­тар мүліктік қатынастар деп аталады. Мүліктік қатынастар мүлікке деген меншіктік қатынастардың негізінде туындайтындықтан, азаматтық заңнамалардың іс-әрекетіне бағынады. Осы тұрғыдан, мүліктік қатынастар дегеніміз мүлікті алу, иемдену, не басқа субъектілерге беру барысындағы қатынастар. Бұл қаты­настар нарықтық қатынастар барысында, айырбас, сату немесе тауар-ақша қатынастарына айналады. Сондықтан нарық жағдайында тауар-ақша қатынастары азаматтық құқықтық реттеудің негізгі объектісі болады. Аза­маттық
құқықтар мен міндеттер құқықтың субъектілері деп аталатын құқықтық қатынасқа қатынасушыларға тән. Азаматтық Құқықтық қатынастардың субъектілеріне азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық бөліністер жатады. Аталған субъектілердің азаматтық құқықтық қатынастарға қатынасуының алғышарты олардың азаматтық құқықтық қабілеттілікке және азаматтық әрекет қабілеттілігіне ие бола алуы.
Азаматтық құқықтық қабілеттілік дегеніміз азаматтың заңмен бекітілген құқықтарға ие болып, белгілі бір міндеттерді атқара алу қабілеттілігі. Азаматтық құқық қабілеттілігі барлық азаматтарға бірдей, ортақ деп танылады. Азаматтық құқық қабілеттілігі ол туған кезден басталып қайтыс болған соң тоқтатылады. Азаматтық құқықтық қабілеттілік дегеніміз: азамат Қазақстан Республикасы шегінде де, одан тыс жерлерде де мүлікті, соның ішінде шетел валютасын меншіктенуге; мүлікті мұраға алып, мұраға қалдыруға; республика аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты жер таңдауға; республикадан тыс жерлерге еркін шығып кетуге және оның аумағына қайтып оралуға; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген қызметпен айналысуға; дербес өзі немесе басқа азаматтармен және заңды тұлғалармен бірігіп заңды тұлғалар құру; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген мәміле жасасып, міндеттемелерге қатысу; өнертабыстарға, ғылым, әдебиет және өнер шығармаларына, интеллектуалдык қызметтің өзге де туындыларына интеллектуалдық меншік құқығы болуға; материалдық және моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқығы болады; басқа да мүліктік және жеке құқықтары болады; өз фамилиясы мен өз есімін, сондай-ақ, қаласа, әкесінің атын қоса, өз атымен құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асырады. Заңдар бойынша азаматтардың жасырын түрде құқықтар иеленіп, міндеттерді жүзеге асыратын жағдайлары немесе бүркеншік ат (ойдан шығарылған есімді) пайдаланатын реттері көзделуі мүмкін; азамат тұрақты немесе көбінесе тұратын елді мекен оның тұрғылықты жері деп танылады. Он төрт жасқа толмаған адамдардың немесе қорғаншылықтағы азаматтардың тұрғылықты жері олардың ата-анасының, асырып алушыларының немесе қорғаншыларының тұрғылықты жері болып танылады.
Заңды тұлғалардың құқықтық қабілеттілігі олар мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін пайда болып, өздерінің қызметін тоқтатқанда жойылады.
Азаматтың әрекет қабілеттілігі дегеніміз азаматтың өзінің іс-қимылымен белгілі бір құқықтарға ие бола алу және сол құқықтарды іске асыра алу және белгілі бір міндеттерді атқару, алып жүре алу қабілеттілігі. Азаматтық қабілеттілік, әрекет қабілеттілігі жоқ, жартылай, толық емес, толық, шектелген деген сияқты түрлері бар.Алты жасқа дейінгі балалардың әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылады. Сонымен бірге, жүйке ауруы немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан өз әрекеттерінің мәнін түсіне алмайтын не­месе не істегенін білмейтін азаматты сот әрекет қабілеттілігі жоқ деп тануы мүмкін, соған байланысты оған қорғаншылық белгіленеді.
Жартылай әрекет қабілеттілігі 6—14 жасқа дейінгі балаларға тән. Азаматтық заңнамалар бойынша олар үшін мәмілелерді, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, олардың атынан ата-анасы, асырап алушылары немесе қорғаншылары жасайды. Он төрт жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар өздерінің жасына лайықты, жасай салып орындалатын тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға құқылы. Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың толық, емес әрекет қабілеттілігі бар деп мойындалады. Бұл жастағы азаматтар мәмілелерді ата-анасының, асырап алу­шыларының немесе қорғаншыларының келісімімен жасайды. Мұндай келісімнің нысаны заңдарда кәмелетке толмағандар жасайтын мәміле үшін белгіленген нысанға сай келуге тиіс. Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар өздерінің табысына, стипендциясына, өзге де кірістеріне және өздері жасаған интеллектуалдық меншік құқығы объектілеріне өз бетінше билік етуге, сондай-ақ тұрмыстық ұсақ мәмілелер жасасуға құқылы. Жеткілікті негіздер болған жағдайда қорғаншылық және қамқоршылық органы кәмелетке толмаған адамның өз табысына, стипендиясына, өзге де кірістеріне және өзі жасаған зияткерлік меншік құқығы объектілеріне өз бетінше билік ету құқығын шектеуі немесе ол құқықтан айыруы мүмкін. Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар осы баптың ережелеріне сәйкес өздері жасаған мәмілелер бойынша дербес жауапты болады және өздерінің әрекеттерінен келтірілген зиян үшін осы Кодекстің ережелері бойынша жауап береді.
Азаматтар 18 жасқа, яғни кәмелетке толғанда олардың толық әрекет қабілеттілігі мойындалады. Бұл жерде мынандай бір сәтті есімізге салып кеткеніміз жөн. Егерде заң құжаттарында он сегіз жасқа жеткенге дейін некелесуге рұқсат етілетін жағдайда, он сегіз жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап толық көлемінде әрекет қабілеттілігіне ие болады.
Спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға салыну салдарынан өзінің отбасын материалдық жағынан ауыр жағдайға ұшыратқан азаматтың әрекет қабілеттілігін сот Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде белгіленген тәртіп бойынша шектеуі мүмкін. Оған қамқоршылық белгіленеді. Ол тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға құқылы. Басқа мәмілелер жасауды, сондай-ақ табысын, зейнетақысын және өзге де кірістерін алуды және оларға билік етуді ол тек қамқоршысының келісімімен ғана жүзеге асыра алады. Азамат спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға және нашақорлыққа салынуды тоқтатқан жағдайда сот оның әрекет қабілеттілігіне қойылған шектеудің күшін жояды. Сот шешімінің негізінде азаматқа белгіленген қамқоршылықтың күші жойылады. Мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар азаматтық құқық объектілері бола алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет