Реферат Тақырыбы: Руменотомия Орындаған: Эргаш Ғ. Тобы: ап-19-8дк1 Қабылдаған: Шатманов К



Дата25.10.2022
өлшемі50,66 Kb.
#45263
түріРеферат

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
«Аграрлық» Факультеті
«Ветеринарлық медицина» Кафедрасы

Реферат
Тақырыбы: Руменотомия


Орындаған: Эргаш Ғ.
Тобы: АП-19-8дк1
Қабылдаған: Шатманов К.

Шымкент 2022 ж
Руменотомия грек тілінен аударғанда тыртық немесе тілік деген мағына білдіреді. П. Герцен (1981) жануарлардың 18-26% травматикалық жарақаттардан кейінгі тыртықтардан жазылған. Операция аурудың ерте сатысында тиімді болып табылады. Озық жағдайларда (іріңді перитонит, перикардит, бауыр мен көк бауырдың абсцесс) өз нәтижесін көрсеткен. Руменотомияның консервативті әдістері әдетте оң нәтиже береді. Негізінен бұл операция ірі қара малына яғни мес қарынна жасалады.
Операциякөрсеткіштері.
Руменотомияны жұмыршақ карын жарақаттанып қабынғанда, оның ішіндегі қарынның қабырғасын тесіп кететін бөгде заттарды алып тастау мақсатымен жасайды. Егер операция аурудың бастапқы кезінде, іш пердесінің іріңдеуі әлі басталмаған жағдайда және бөгде зат басқа органдарға — бауырға, талаққа, жүрекке өтіп кетпеген болса, операция жасалған малдың 80 проценті айығады. Сондай-ақ бұл операцияны мес қарында өте көп жиналып, қатайып тұнып калған жемшөп түйіршіктерін алып тастау үшін және қарын көбікті, жіті кеуіп кеткенде басқа ем әдістері нәтижесіз болғанда жасайды. Мес қарынға жиналған азық түйіршіктері шіріп, малды уландырғанда да осындай операцияны жасау керек. Бұдан басқа бұл операцияның ауруды анықтау және болжауда да маңызы өте үлкен, сондықтан ішкі органдар ауруының клиникалық белгілері анық болмаған жағдайда да жасайды.
Руминограмма – Графикалық жазу ruminografe қамтамасыз ету арқылы қайыратын Рубцов автомобиль функциясы анықтау. Барлық дерлік ruminografy капсула Marey таспа kymograph арқылы ауаны беру қағидаты бойынша жұмыс істейді.
Мес қарынға операция жасау техникасы руминотомия кезінде малды қозғалмайтын етіп байлаудың қажеті жоқ. Малға операцияны әдетте түрегеліп тұрған бойда жасайды, тек улану салдарынан мал аяғының шала параличі болып, ол т ұра алмай жат қан жағдайда операцияны
малға сол жатқан жерінде жасайды. Құрсақ қуысының малдың мінер жағындағы қабырғаның бойымен оның артқы шетіне үш елі және бел омыртқалардың көлденең қанаттарынан да жерде осындай қашықтықтан алынған жерден тіледі. Тері тілігінің ұзындығы 18–20см болу қажет, құрсақ қабаттарын бірінен соң бірін сол теріні кескен бағытта тіледі. Терінің тілінген жерінен зарарсыздандырылған клеенка жабыстырады.
Ауруды анықау мақсатымен жасалған операциялар кезіне, жасағанда құрсақ қуысын тексеріп байқайды. Ең алдымен мес қарынның жемге толықтығын және оның ішіндегі заттың қою сұйықтығын, сол жақтағы бүйректің жағдайын, көлемін, гениталийлердің күйін анықтайды. Содан соң қолды оң жақ сербектен төмен және алға қарай бағыттап қабат жасап тұрған шарбының арт жағына қарай жылжытады да, бауырыың оң бөлігін тексереді. Бауырдан ішке қарай жәе сәл төмен жұмыршақ қарынды табады. Қолды құрсақтың сол жақ қабырғасына жылжытып, талақтытабады, ол тілген жердің алдыңғы жағында жатады. Талақтың жоғарғы жағын саусақпен басып байқап, оның жабысқан жері боласа, қолды кеуде қуысымен іш қуысымен бөліп тұратын көк ет диафрагмаға дейін жылжытады, жалбыршақтың және аздап ұлтабардың күйін анықтайды.
Құрсақ қуысын тексеріп болған соң, ме қарынның артқы жоғарғы жағындағы жынын төмен және алға қарай ығыстырып, қарынның босаған бөлігінсыртқа шығарады. Шығарылған қарын қабатын орамалмен орап, оның түп жағына қалақша тәрізді, ұзындығы 35–40см екі жұмыр таяқшадан жасалған қысқыш салады. Қарын қабатының пайда болған тік қырының ұзындығын 15–18см. Етіп барлық қабатын қамти тіледі. Тіліндінің жеріне арнайы қысқышпен немесе құйрық қайырып ұстағышпен зарарсыздандырылған екі клетка бекітіледі.
Осыдан соң мес қысқышты алып тастап, ішін аздап тазартып жұмыршақты тексереді. Табылған бөгде заттарды алып тастайды. Егер қатпарша қарында бітеліп қалған бола,оны жуан резинке түтік жіберіп жуады, ол үшін түтіктің ұшын операциялық жара және жалбыршақ арқылы жұмыршақ қарын қабаттарына өткізеді. Одан кейін мес қарынға қысқышты қайта салып, тілік жеріне бекітілген клеенканы алып тастайды. Қарынды екі қатарлы сірі қабық тігісімен тігеді. Тігуге жұмыр түзу ине, тігіс жібі ретінде жіңішке жібек,кетгут, немесе №10 мақта жіп қолданылады. Тігістің бірінші қатарын елка тәрізді етіп , инені тілік жиегінен немесе одан 2–3мм жерден өткізіп тігеді, екінші қатарында елка немесе Садовский Плахотинше тігеді. Қысқышты босатып алып, қарынға новокаин араластырылған пенициллин ерітіндісін шаншиды да, оны құрсақ ішіне қайта салады.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Мүрәлінов К.Қ « Оперативтік хирургия» Алматы 2006ж
2. М.А Молдағұулов , А.Н Ермаханов ,Ө.К Есқожаев , А.З
3. Дюсембаева , А.Т Қамбарбеков , А.И Көлдеев , Б.Д
4. Айтжанов , Ж.І Қазиев , С.Т Сиябеков «Жануарлар ауруларының клиникалық диагностикасы» Алматы 2014

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет