Реферат Тақырыбы: Саяси элиталар мен саяси көшбасшылар Орындағаг: Тасибекова Аружан Тексерген: Жунусбеов Е. Б



Дата04.04.2023
өлшемі22,8 Kb.
#78910
түріРеферат
Байланысты:
Тасибекова Аружан


Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университет

Реферат
Тақырыбы: Саяси элиталар мен саяси көшбасшылар
Орындағаг: Тасибекова Аружан
Тексерген:Жунусбеов Е.Б
Кафедра: Хореография

Саяси элита- дегеніміз қоғамда билікті, байлықты және танымалдылықты иеленген жоғарғы топ болып келеді.


«Элита» терминін ғылымға алғаш енгізген Вильфредо Парето (1848-1923). Ол бойынша элита билік басына алдыңғы қатарлы идеяны ұсынуның арқасында келеді. Ол идея жүзеге асқанда олардың энергиясы азайып, ізденісі баяулай бастайды. 


«Элита» термині француз тілінен – “іріктелген, таңдалған” деп аударылады. 17 ғасырдан бастап, бұл термин таңдалған, атақты, жоғары мәртебелі адамдарды атауға қолданған.
Енді міндетіне тоқталсақ- стратегиялық мақсаттарды анқтайды, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатты қарастырады және қоғамның алдыңа қойған мақсатты айқындайды. Қоғамда саяси элитаны тудыратын 4 факторлар;



  1. қоғамдағы арнайы білім, тәжірибесі және қабілеттері бар кәсіби басқарушылар

  2. адамдардың психиологиялық және әлеуметтік теңсіздіктер

  3. қоғамдағы басқарушы еңбек жоғары бағаланады

  4. халықтың саяси енжарлығы, селқостығы. 

Саяси элиталардың қалыптастырудың жоғарғы лауазымды қызметтерінің 2 түрі бар Олар;



  1. Антрепренерлық - яғни басқарушы қвзметкердің ерекше қасиеттері басты орын алады. Мұнда кәсіпке, білімге, және т б онша мән бермейді. Бұл жерде өзінің тапқырлығын, жасампаздығын көрсете білу керек. 

  2. Гильдия - үміткер билік сатысы бойынша баяу болса да анық көтеріліп отырады. Мұнда жоғары лауазымды қызметке үміткерге көптеген талаптар койылады. Оған кандидаттық білімі, адамдар арасындағы жұмыс тәжірибесі, партиялық стажы және т.б жатуы мүмкін. Бұл жерде бәсекелестікке жол бермейді, билеушіні тұйық қоғамдық топтан іріктеп алатын, кертартпа түр. Оның ар- тықшылығы — саясаткердің болашақ іс-әрекетін алдын ала болжауға, соған орай шара қолдануға болады.

Саяси элита әр түрлі келеді. Сондықтан ол жіктеледі, топтастырылады. Билікке иелігіне қарай басқарушы және оппозициялық элита деп бөледі. Басқарушы элита деп мемлекеттік билікке ие, маңызды саяси шешімдерді кабылдаушыларды айтады. Олардың катарына ене алмай қалған, бірақ сол үшін күрес жүргізетіндер билік басындағылардың іс-әрекетін сынап, ол қылықтарын тауып, қателіктерін көрсетеді. Оларды оппозициялык немесе контрэлита деп атайды. Саяси элитаның жаңару, қайта жасақталу тәсіліне сай ашык және жабық элита деп бөледі. Ашық элитада барлық әлеуметтік топ өкілдеріне есік ашық. Жабық элитада ол белгілі бір таптан, тектен шыққандармен ғана толықтырылады
қазіргі Қазақстанның элитасына кімдер жатады десек, оған Президент аппаратының құрамы оның әкімшілігінің бастығы, орынбасарлары, бөлім басшылары, көмекшілері, кеңесшілері Парламент, министрліктер басшылары мен орынбасарлары, дипломатиялык элита кіреді. Олардың арасында тиімді несиелер алып, бизнеспен айналысып, байығандар баршылык. Олар қаржы-каражат, экономикалық қорлар, қажетті мағлұматтарға иелік етеді.ал Аймақтық элитаға облыс әкімдері жатады. 
Билеуші элитаға тарту, оларды жаңғырту мәселесіне келсек, жоғары басшыларға берілген немесе солардың балаларымен толығуда. Олар орындарынан босатылса, келесі лауазымды орынға отырады. Соның салдарында ол “сырттан келетін” адамдарға жабық элитаға айналды. Шынайы көп партиялық болмаған соң, саяси билікке олардың ықпалы шамалы. Сыбайлас жемқорлықтың саны көбеюде. Билік басындағылардың көбі өз күнін күйттеп, жалпы халықтың жағдайы төмендеп, жұмыссыздық белең алуда.
Мұндай жағдайды болдырмай, тығырықтан шығу, саяси элитаның саны мен сапасын көтеру үшін оларды ашық, жариялылық жағдайында, зерделі, білімді, білікті, еліне, халқына шынайы жаны ашып, қызмет ететін азаматгардан тандаған жөн.

Саяси Көшбасшылқ - саяси іс-әрекетті жүзеге асыруда халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам жатады. Ол алға қойған мақсатқа жету үшін мемлғекеттің, қаланың, аймақтың  көлемінде адамдардың күш-жігерін біріктіріп, белсенді ықпал ете алады. Соңғы кезде бұл ұғым мағынасы кеңейе түсті. Өйткені саяси көшбасшыға басқарушы қызметті ресми түрде атқармайтын, бірақ саяси өмірде беделді, аты шыққан адамдарды жатқызып жүр. Қазір саяси көшбастаушылар деп қоғамдық-саяси ұйымға, қозғалысқа, мемлекетке әрдайым және шешуші ықпал ететін тұлғаны айтады.
Саяси көшбастаушы болудың 2 жолы бар: 
1) көпшілік халықтың мақсат-мүддесін кездейсоқ дөп басып, ойынан шығу;
2) ол мүдделерді мақсатты түрде тал май зерттеу нәтижесінде.


Саяси көшбасшының атқаратын қызметтері - қоғамның түбегейлі құндылықтары мен арман-аңсарлары негізінде әр түрлі топтардың басын біріктіріп, мүдделерін үйлестіру, топтастыру;

Көшбасшы («лидер» ағылшынның «басты» деген сөзінен алғанда) – сол бірлестіктің мүддесін қанағаттандыруға бағытталған бірлескен қызметті біріктіру мақсатында басқаларға ықпал етуге қабілетті адам. Көшбасшыға тән қасиеттер:


Жауапкершілікке және бастаған ісін аяқтауға күшті ұмтылысы;


Мақсатына жету жолындағы күш қайраты;
. Бастамашылдығы Өзіне-өзінің сенімділігі;
Айналасындағылардың мінез-құлқына, іс-әрекетіне ықпал ету қабілеті;
Іс-әрекетінің және шешімдерінің салдарын Өзіне қабылдау қабілеті;
Топтық фрустрацияға және ыдырауына қарсы тұра алатын қабілеті.


Саяси көшбасшылықтың жіктелуі - Неміс ойшысы М. Вебер саяси көш бастаушыларды топтастыруға алғаш қадам жасаған
Саясатта қызметінің сипаты мен ауқымы бойынша көшбасшының 3 деңгейін ажыратады:
1. Мүдделері ортақ қоғамда барынша көп билікке ие шағын топтың көшбасшысы;
2. Қоғамдық қозғалыстың (ұйымның, партияның)көшбасшысы, яғни белгілі бір әлеуметтік топ өзінің қажетсінуін қанағаттандыру мүмкіндігін байланыстыратын адам;
3. Көшбасшы – биліктік қатынастар жүйесінде әрекет етуші саясаткер.

Саяси көшбасшылық – өзінің тағдырын жақсарту үшін іс-әрекетке, бірлескен жұмысқа қоғам мүшелерін итермелейтін күш болып келеді. 


Көшбасшының негізгі қызметтері; 



  1. интегративтік, яғни халықтың белгілі бір бөлігінің мүддесін анықтау және саяси бағдарламаны жасау;

  2. алға қойған мақсатты орындау үшін ұтымды шешімді табу және қабылдау қызметі;

  3. билік органдарының қоғам мүшелерімен байланысын нығайту, қоғам мүшелерінің биліктен және басқарудан шет қалуын болдырмау қызметі;

  4. бір жерге жұмылдырушы, яғни нақты міндеттерді шешуге көпшілікті ұйымдастыру, көпшіліктің әлеуметтік күш-қуатын, саяси мәдениетін және белсенділігін дамыту қызметі;

  5. прагматикалық, яғни мақсат пен міндеттерді нақты әрекетке айналдыру.

Көшбасшының 5 белгісі мен сапасын айтуға болады олар


1. Биологиялық дәрежедегі белгісі мен сапалары: тұқым қуалаушылығы, темпераменті, жынысы, денсаулық жағдайы.
2. Психологиялық дәрежесі: адамның эмоциясын, еркін, жадын, қабілетін, интелектін, мінезін қамтиды.
3. Әлеуметтік-психологиялық дәрежесі: адамның мүдделеріне, көзқарасына, ұстанымына, қарым-қатынасына т.б. байланысты.
4. Саяси психологиялық дәрежесі: саяси әлеуметтенуіне, саяси таңдауына, саяси мінез-құлық түрлеріне байланысты.
5. Әлеуметтік дәрежесі: мүдделердің жалпы әлеуметтік ұстанымы мен көзқарастарын білдіреді.


Пайдаланған әдебиеттер:
Хан И.Г .Саясаттану -Алматы ,2003ж
Қуандықов. Саясаттану негіздері Алматы 1998ж
Жамбылов Д .А . Саясаттану негіздері Алматы 2000 ж


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет