Реферат тақырыбы: Стресс және денсаулық Орындаған: Сапарбай Ә. С. Тобы: 110 a жм қабылдаған: Бұхарбаев А. Б



бет1/2
Дата17.04.2023
өлшемі63,17 Kb.
#83354
түріРеферат
  1   2




Морфологиялық және физиологиялық пәндер, дене шынықтыру валеологиямен
Қазақстан Республикасы Денсаулық Сақтау Министрлігі

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы
кафедрасы


РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Стресс және денсаулық

Орындаған: Сапарбай Ә. С.


Тобы: 110 A ЖМ
Қабылдаған: Бұхарбаев А.Б.



Шымкент – 2017
Жоспар:
Кіріспе:

  • Мазасыз күй, стресс

Негізгі бөлім:

  • Стресс сатылары және түрлері

  • Стресс және денсаулық

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе:
Мазасыз күй, стресс (ағылш. stress) - қатты күйзелу, абыржу, мөлшерден тыс ширақтылық деген сияқты бірнеше мағынаны қамтитын жалпылама сөзбен айтылған адамның ерекше күйі.


Ғылымға ең алғаш осы ұғымды енгізген канадалық физиолог Ганс Селье. Оның анықтамасы бойынша, стресс - өте жағымсыз әсерлерге жауап ретінде туған организмнің қалыпсыз бейімделу әрекеттерінің жинағы. Адамның жеке ерекшеліктеріне, мінезіне, жоғарғы жүйке әрекетінің типтеріне орай стрестің бірнеше түрлері байқалады.
Күйзеліс (стресс) түрлері

  • Кәсіби күйзеліс ( жұмыста болған күйзеліс)

  • Сезім әрекетіне бой алдырған күйзеліс

  • Жарымжандық күйзеліс

  • Рухани қалып күйі күйзелісі операциялық күйзеліс ( хирургиялық операцияға организмнің реакциясы )

  • Жарақаттау қызметін басынан кешіруден пайда болған күйзеліс және т.б.

Күйзеліске нелер түрткі болуы мүмкін?

  1. Физикалық түрткілер: ыстық, суық, шу, от, жол қозғалысы, зорлық – зомбылық, аурулар, жұмыс жағдайларының нашарлығы және т.б.

  2. Әлеуметтік түрткілер: қоғамдық, эконоикалық және саясаттық; отбасылық; жұмыспен, мансаптылықпен байланыстылар; жеке адамдар аралық.

  3. Отбасылық түрткілер: міндеттерді бөлу, қызғаншықтық, құндылықтар жүйесіндегі өзгешелік, аурулар (отбасындағы өлім – жітім және т.б.

Стрестің көпке созылған ауыр түрі адамды жүдетіп, қайғыға батырады.Бұл тұрғыдан алғанда, заманында Әбу Әли Ибн Синаның қойларға қойған тәжірибесі өте қызық. Ол бір қойды қораға, басқа қойларды көретіндей етіп, жалғыз өзін қамаған. Ал екінші қойды басқа қораға қасқырдың үйшігінің жанына орналастырған. Бірінші табынға қосылғысы келіп, маңырай берген, бірақ алдындағы жем-шөпті жеп тұрған. Ал екінші қой қасқырды көрген сайын үркіп, қашпақ болған. Ол алдындағы жемді аузына да алмай, жүдеп-жадап әлсіреген.

Стресті тудыратын әсерлерге қарай физиологиялық және психологиялық стресс деп екіге бөледі. Психологиялық стресті мәліметтік және эмоциялық стресс деп атайды. Тосыннан жағымсыз хабар естігенде мәліметтік стресс пайда болады. Адам дұрыс жауап таба алмай, қатты қиналады, не істерін білмей, абыржып қалады. Ал эмоциялық стресс қауып туғанда немесе оқыс қорыққанда, не біреуден қатты көңілі қалғанда байқалады. Мұндайда жоғарғы жүйке әрекетінде тежеулі серпілісі қанат жаяды. Соның нәтижесінде іс-қимыл әрекеті немесе сөйлеген сөзі бұзылады.


Стрестің физиологиялық тетігі гипоталамус-гипофиз бүйрек үсті безі жүйесінің рефлекторлық қызметіне негізделген. Стресс кезінде қанда глюкокортикоидтар мен катехоламиндердің, серотониннің мөлшері оқыс көбейеді. Ғылымның жаңа деректері бойынша оған қосымша самототропин және самотомединдер де стрестің, әсіресе оның үрейлену кезеңінің өрлеуіне себеп болады. Самототропин иммундық жүйенің қызметін белсендіріп, организмнің стреске қарсы тұру төзімділігін арттырады.

Негізгі бөлім:


Стресстің (күйзеліс) бірнеше сатылары болады. Олар:
Бірінші (үрейлену сатысы). Мұндай кезеңде жүрек жиірек соғады , ас қорыту уақытша тойтарылады. Адам бұндай күйде ұзақ бола алмайды , өйткені шаршайды.
Екінші (қарсыласу сатысы). Ол күйзеліс жағдайының даму және жалғасуына қарай басталады. Бұл сатыда адам жағдайларға бейімделе отырып , қолайлы ережеде әрекеттенеді. Бұл саты біршама ұзаққа созылуы мүмкін.
Үшінші (әлсіреу сатысы). Әлсіреу сатысы, егер күйзеліс тым күшті немесе ұзақ болғанда басталады. Оның белгілері; сезім әрекетіне бой алдырған (үрейлену, енжарлық, кейігіштік, психикалық шаршағандық), мінез – құлықтық (жауаптылықтан және өзара қатынастан бойды аулақ салу, ойда болмайтын мінез көрсету, өзіне көңіл қоймау) және соматикалық (денсаулықтың нашарлауы, жүдеу, тым көптеп дәрі – дәрмек қолдану) салаларында басталады. Қарсыласу мүмкіншілігін жоғалту ауруларға, психологиялық жарақат алуға, әкеліп соғады.
Кейбір батыс сарапшыларының бағалаулары бойынша аурудың 70% сезім әрекетіне бой алдырған күйзелістермен байланысты болған. Еуропада жыл сайын миллиондаған адамдар күйзеліске байланысты жүрек-қантамыр жүйесінің қызметтерінің бұзылысынан өлген.
Күйзелістің екі түрі
«Жағымды» күйзеліс ұзақтайын көтеріңкі көңіл күйде болуға әкеледі, оның өзі организмге жақсы әсер етеді: иммунитет артады, аурулардың беті қайтады, адам қуаныш толысуын сезінеді, өте жақсы көрінеді және тамаша сезінеді.
«Жағымсыз» күйзеліс дағдылы қалыптан ұзақ уақытқа шығарып тастайды және денсаулығына елеулі зиян келтіреді.
Стресстің негізгі белгілері:

  • ұмытшақтық

  • көтеріңкі қозғыштық

  • тұрақты шаршағандық

  • әзіл – оспақты түсіне білуден айырылу

  • кенет тартылатын сигарет санының көбейуімен бірге бір мезгілде алкогольдік ішімдікке құмарту

  • ұйқы мен асқа деген зауықтылықтың жоғалуы

  • ақыл – естің төмендеуі

  • кейде, бас, арқа, асқазан тұстарында былай айтылатын «психосоматикалық» ауру дегеннің кездесуі мүмкін.

Стресс және денсаулық


Қазіргі көзқарастар бойынша стресс жүйке жүйесі мен эндокриндік бездердің қатысуымен дамитын организмнің күрделі жүйкелік – сұйықтық серпілісі. Бұл серпіліс дамуында орталық жүйке жүйесі, мидың сыртқы қыртысы, гиппокамп, лимбикалық жүйе, мидың торлы құрылымы, гипоталамус т.б. мидың құрылымдары, шеткері жүйкелер мен дербес (вегативтік) жүйке жүйелері қатысады. Көптеген қолайсыз ықпалдардың организмге әсері жүйкелік – рефлекстік жолдармен болады. Сыртқы және ішкі қабылдағыштардың жүйкелік серпіндер орталық жүйке жүйесіне түсіп, ми қызметтерінің өзгерістеріне әкеледі.
Организмнің ішкі тұрақтылығы стрессті дамытатын және оны шектейтін жүйелердің өзара тепе – теңдігімен қамтамасыз етіледі.
Стресті дамытатын жүйеге:

  • симпатикалық – адренергиялық жүйе;

  • гипоталамус;

  • алдыңғы гипофиз;

  • бүйрек үсті бездерінің сыртқы қабаты т.б. жатады.

  • қолайсыз әсерлерден осы жүйенің белсенділігі көтеріледі. Осыған жауап ретінде стресті шектейтін жүйе әсерленеді. Оған:

  • мидағы гамма – аминомай қышқылына (ГАМҚ), серотонинге, эндорфиндер мен энкефалиндерге жауап қайтаратын жүйелер;

  • шеткерлі ағзалар мен тіндерде түзілетін простагландиндер және антиоксиданттық ферменттер жатады және олар стресс дамуын азайтады.

Эмоциялық стресс - жүрек ишемиясы, гипертензия, асқазан жарасы, эндокрин жүйесінің ауруларына әкеліп соғады. Мұнда орталық жүйке жүйесіндегі нейромедиаторлар мен пептидтердің мөлшері көп өзгереді. Эмоциялық стресті зерттеу невроздарды емдеу істеріне көмектеседі. Сондықтан ұзақ және тиімді психофармакологиялық емдеу психиканы зақымдаушы әсерлердің эмоциялық зерде, ізжазбасын өшіріп, толық немесе жартылай психикалық іс-әрекеттерді қалпына келтіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет