Реферат Тақырыбы: Танымдық психикалық үрдістер Орындаған: Бахыт Айым Тексерген: Баелов. А. А тобы: Бс-201



бет1/2
Дата12.05.2023
өлшемі35,21 Kb.
#92016
түріРеферат
  1   2

«Авиценна»жоғарғы медициналық колледжі білім мекемесі


Реферат


Тақырыбы:Танымдық психикалық үрдістер
Орындаған:Бахыт Айым
Тексерген:Баелов.А.А
Тобы:Бс-201

2021 оқу жылы


Жоспар:
•Кіріспе.

  1. Түйсік пен қабылдаудың психологиялық сипаттамасы.

  2. Ойлау мен қиялдың түсінігі мен түрлері.

  3. Есте сақтау мен зейіннің психологиялық ерекшеліктері.

•Қорытынды.

Кіріспе
Танымдық процестерге түйсік, қабылдау ойлау, сөйлеу және қатынас, қимыл, ес кіреді.Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерiнiң сезiм мүшелерiне тiкелей әсер етуiнен пайда болған мидағы бейнелердi түйсiк деп атайды.Түйсiк арқылы заттардың түсiн, иiсiн, дәмiн, қатты жұмсақтығын, кедiр-бұдырлығын т.б. осы секiлдi қасиеттерi ажыратылады. Сондай-ақ түйсiк денеде болып жататын түрлi өзгерiстер жөнiнде де, яғни дененiң қозғалысы мен оның кеңiстiкке орналасуын, жеке бөлiктерiнiң жұмысы жайлы хабарлайды.


Полиция қызметкерлерінің қызметінде ақпаратты алу, оны есте сақтау және түсіну процесі жетекші орын алады. Бұл процестер барлық практикалық әрекеттердің негізі болып табылады.Қызметкерлердің кәсіби қызметі әр түрлі міндеттерді шешумен үнемі байланысты. Бұл ойлау шындықта туындайтын байланыстарды орнатуға бағытталған және есте сақтаудың арқасында ақпаратты іріктеу мен есте сақтау процесі жүзеге асады. Осылайша, сезімдер, қабылдау, ойлау, есте сақтау, зейін қызметкерлердің барлық практикалық іс -әрекеттерінің негізі болып табылады. Бұл дәріс осы танымдық процестердің мәнін, ерекшеліктері мен түрлерін зерттеуге арналған.
1.Түйсік пен қабылдаудың психологиялық сипаттамасы.
Сыртқы дүниенi танып-бiлу түйсiктен басталады. Ол бiлiм атаулының алғашқы көзi. Мәселен, жолдасыңнан көзiн жұмуын өтiнiп, оның алақанына белгiсiз бiр затты тигiзсең, сосын одан оның не екенiн сүрасаң, ол: “қатты, жылтыр, мұздай, жүмсақ, жылы, кедiр-бұдыр бiр нәрсе” деп жауап бередi. Заттардың нақты атауы емес, тек түрлi қасиеттерiн бiлдiретiн осы сөз тiркестерi түйсiк болып табылады.Түйсiктер заттар мен нәрселердiң тек жеке қасиеттерiн ғана мида бейнелейдi. Мәселен, адам секундтың 1/10 бөлiгiнде жалт еткен жарықты көрдiм деп айта алады, бiрақ оның қалай деп аталатынын бiлмейдi.И. П. Павловтың жүйке қызметi туралы iлiмi түйсiктердiң пайда болуын анализатор (талдағыш) деп аталатын анатомиялық-физиологиялық жүйке аппаратының жұмысына байланысты түсiндiредi. Адамдар мен жануарларда көптеген анализаторлар бар. Олардың қай-қайсысы болмасын (көру, есту, қозғалыс т. б.) үш
бөлiктен құралады. Олар: бiрiншi сезiм мүшесi (рецептор). Сезiм мүшесi сырттан келген тiтiркендiргiштердi жүйкелiк қозуға айналдырып отыратын жер. Анализатордың екiншi бөлiгi — миға баратын жүйке талшықтары. Олар секундына 120 метр тездiкпен рецепторларға түскен қозуларды мидың түрлi бөлiктерiне жеткiзiп отырады. Анализатордың үшiншi компонентi (құрамы) — мидағы түрлi жүйке орталықтары. Олар тiтiркендiргiштердi айыра алуға қабiлеттi нейрондардан тұрады.Егер түйсiк сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерi мен сапаларының миымызда бейнеленуi болса, қабылдау заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнеленуi болып табылады. Қабылдауда заттар мен құбылыстардың түсi, дыбысы, дәмi, иiсi, формасы т. б. қасиеттерi тұтас күйiнде бейнеленедi. Мысалы, алманы қабылдауды алайық. Мұнда бiздiң анализаторларымызға оның қызыл түсi, хош иiсi, тәттi дәмi т. б. осындай қасиеттерi бiр мезгiлде әсер етедi де, миымызда тұтас зат бейнесi пайда болады. Қабылдау процесiнде адамның өткендегi ерекше маңыз алады. Сыртқы ортадан адамға дамылсыз ақпарат келiп отырады. Кiсi бұлардың бәрiн бiрдей дұрыс қабылдай алмайды, немесе үлгермейдi. Егер бала өмiр бойы поезды көрмей өссе, оны бiрден жақсы тани алмайды. Адамның сыртқы дүниенiң заттары мен құбылыстарын қабылдауы селқос үңiлу емес, белсендi қабылдау. Белсендi қабылдау ғана дүниенi тереңiрек тануға мүмкiндiк бередi.Қабылдау — ми қабығының күрделi анализдiк және синтездiк қызметiнiң нәтижесi. Қабылдаудың физиологиялық негiзiне бiрнеше тiтiркендiргiштердiң жиынтығы мен олардың қарым-қатынасында пайда болатын уақытша жүйке байланыстары жатады. Мұны И. П. Павлов қатынас рефлексi деп атаған. Мәселен, көру анализаторында осындай қатынас рефлексiнiң жасалуы (яғни тiтiркендiргiштердiн бiр-бiрiмен байланысы) заттың түрi түсi, мөлшерiне қарамай-ақ оның тұлғасын тануға мүмкiндiк бередi.Сөйтiп, қабылдау — түйсiктегiдей бiр анализатордың ғана қызметi емес, бiрнеше анализаторлардың бiрлесiп қызмет iстеуiнiң нәтижесi. Мәселен, киноны көру екi анализатордың (көру, есту) өзара байланысып жұмыс iстеуiнен болады.Ес дегенiмiз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмытылуын бейнелейтiн процесс.
2.Ойлау мен қиялдың түсінігі мен түрлері.
Қиял — сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып,өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс. Адамда қиял пайда болған кезде ми
қабығында бұрын жасалған уақытша байланыстар түрлі комбинацияларға түседі де, жаңа нәрселердің бейнесі туып отырады. Адамдардың қиялына тән кейбір ерекшеліктерді төмендегіше топтастыруға болады:
Әр адамның қиял ерекшеліктері оның жеке қызығулары мен қасиеттеріне,
алдына қойған мақсатына байланысты болып келеді.
2. Қиялдың мазмұны мен формасы адамның жас және дара ерекшеліктеріне
де, білім тәжірибесіне де байланысты.
3. Қиял адамның өскен ортасына, этностық ерекшелігіне, табиғат, жер-су
қоршауына байланысты да көрініп отырады.
4. Қиял адамның барлық психикалық құбылыстарымен ұштасып жататын
процесс. Мәселен, алға қойған мақсатты жоспарлап, жүзеге асырудың
жолдарын іздестіру қиялсыз мүмкін емес.
5. Адам қиялы еңбек процесінде, іс-әрекет үстінде жарыққа шығып, дамып
отырады. Мұндағы негізгі шарт: саналы мақсаттың болуы, болашақты
болжай алу, істейтін еңбектің нәтижесін күні бұрын көре білу, яғни оны
өңдеп, өзгертіп, елестете алу — адам қиялына тән негізгі белгілер.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет