Реферат тақырыбы: Зат есімнің категориялары: сандылық категориясы Орындаған: Дүйсен Адэль Қабылдаған: Қасым. Б



бет1/2
Дата07.10.2023
өлшемі62,8 Kb.
#113358
түріРеферат
  1   2

Қ
азақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Зат есімнің категориялары: сандылық категориясы


Орындаған: Дүйсен Адэль
Қабылдаған: Қасым.Б

Жоспар :

І.Кіріспе


ІІ.Негізгі бөлім
а)Зат есімнің анықтамасы, сөз табылық ерекшеліктері мен морфемдік құрамы
в)Зат есімнің категорияларына жалпы шолу
с)Сандылық категориясының ерекшелігі
ІІІ.Қорытынды
ІV.Пайдаланылған әдебиеттер

Зат есім – жалпы грамматикалық мағынасы бойынша заттық ұғымдыбілдіретінсөздерден тұратын, олардың сандылық, тәуелдік, септік категориялары бар, баяндауыш қызметінде жақ категориясының көрсеткіштерімен түрленетін сөз табы. Осы кезге дейін зат есім заттың атын білдіреді деген анықтама көбірек айтылып келді де, ал оның жалпы грамматикалық мағынасы деген ұғым термин ретінде кейінгі кезде ғана айтыла бастады. Шынында да зат есім сөздер шындық өмірдегі заттардың атын (қарағай, қызғалдақ, қой, жылқы т.б.) олардың жинақтық атын (мал, жеміс, мүлік, құрал т.б.), жанды заттар атын (адам, жәндік, құс т.б.), жансыз заттар атын (үстел, қағаз, балта т.б.) білдіретіні рас. Сонымен бірге зат есім сөздер заттың қасиетінің атын (адалдық, шындық, жақсылық т.б.), жалпы сандық ұғымды (ондық, бірлік, жүздік т.б.), тағы басқа дерексіз заттық ұғымдарды білдіреді (білімділік, ақыл, ой, ес т.б.). Сондықтан осы сөздердің бәріне ортақ қатысты заттық ұғым абстракцияланған жалпы грамматикалық мағына деп танылған.


Жалпы заттық ұғымды білдіретін сөз атаулының зат есімге жататынын олардың «кім? не?» деген сұрақтарға жауап беруіне қарап та ажыратуға болады. Зат есім сөздердің ішінде бұл сұрақтарға жауап бермейтін лексикалық мағыналы сөз жоқ.
Сөздерді таптастыру ұстанымдары тұрғысынан алғанда, зат есімнің жалпы грамматикалық заттық ұғым мағынасы сөздерді таптастырудың семантикалық ұстанымына жауап береді. Өйткені семантикалық ұстаным – бір сөз табына жататын сөздердің бәрінің ортақ мағынасы. Заттық ұғым – зат есім сөздердің лексикалық мағыналарынан абстракцияланған зат есім сөздердің бәріне ортақ мағына.
Сөздерді таптастыру ұстанымының 2-түрі бойынша сөз табының грамматикалық құрылымына, грамматикалық сипатына мән беріледі. Өйткені сөз таптары бір-бірінен грамматикалық құрылымы, грамматикалық көрсеткіштері арқылы ажыратылады, әр сөз табының өз грамматикалық құрылымы, өз категориялары бар, олардың көрсеткіштерінің бір-бірінен өзіндік айырмашылықтары бар. Бұл ұстаным бойынша зат есімнің сандылық (көптік) категориясы, тәуелдік, септік категориялары зат есімді басқа сөз таптарынан ажырататын басты белгі қызметін атқарады. Себебі бұл категориялар басқа сөз таптарында жоқ. Сондықтан олар зат есімнің морфологиялық белгісі деп аталып жүр. Әрине, бұл категориялар арқылы қолданылатын сөздердің заттық ұғымды білдіруі міндетті.
Кейде зат есімнің морфологиялық белгісіне сөзжасамдық жұрнақтарды қосу да бар. Профессор Н.Оралбаева сөйлемде негізгі түбір зат есім де, туынды түбір зат есім де қолданылған жағдайда сөздердің лексикалық мағынасын ажырату үшін оған да сүйенуге болатынын, бірақ ол жұрнақтар зат есімнің негізгі морфологиялық белгісі бола алмайтынын, қосымша, көмекші белгі ретінде пайдалануға болатынын айтады.
Тілде зат есімнен басқа да сөз таптарының зат есімнің көрсеткіштерімен қолданылатыны – бар құбылыс. Есімдіктер, сын есім мен сан есім сөздер осындай ерекшеліктерге ие. Есімдіктер орынбасар сөз табы ретінде зат есімнің орынына қолданылатындықтан, оның қосымшаларымен түрлене алады. Ал сын есім мен сан есімдер контексте заттық мағынада қолданылған жағдайда (субстантивтенгенде) зат есім көрсеткіштерімен түрленеді. Бірақ бұл ол сөз таптарының зат есім сөздер екенін білдірмейді.
Зат есімді сөз табы деп танудың 3-ұстанымы оның синтаксистік қызметіне байланысты. Зат сөз табының негізгі синтаксистік қызметі – бастауыш, толықтауыш болу. Зат есім сөздердің ішінде осындай синтаксистік қызмет атқармайтын бірде-бір сөз жоқ.
Зат есім сөздер сөйлемнің басқа синтаксистік мүшелері (мысалы, анықтауыш, пысықтауыш, баяндауыш) қызметін де атқара алады. Бұл қызметтерді зат есім атаулы сөздердің бәрі бірдей атқара бермейді, олар зат есімнің белгілі бір мағыналық тобына, белгілі қолданысқа ғана қатысты. Мәселен, анықтауыш қызметін заттың қандай заттан жасалғанын білдіретін, сол заттың алдынан тіркескен зат есімдер атқарады (алтын сағат, кірпіш үй т.б.). Немесе ілік септік жалғауында қолданылып, меншікті заттың иесін білдіретін сөздер сөйлемнің анықтауыш мүшесі қызметін атқарады. Зат есім сөздердің бәрі заттық ұғым сияқты жалпы мағынаны білдіргенімен, олар іштей нақты мағыналары жағынан бір-бірінен ерекшеленеді. Осындай ерекшеліктері ескеріліп, ғылыми еңбектерде зат есім сөздер бірнеше мағыналық топтарға бөлінеді, олар: 1) адамзат, ғаламзат атаулары, 2) жалпы, жалқы за есімдер, 3)деректі, дерексіз мағыналы зат есімдер, 4) дара, жинақтық мағыналы зат есімдер, 5) әр түрлі реңк мәнді зат есімдер.
Сондай ақ, Зат есімдер құрамы жағынан әр түрлі, олар:
1) Негізгі түбір зат есімдер. Мысалы, аға, ана, әке, су, ағаш, тоғай, көл, теңіз, өзен т.б. Негізгі түбір сөздер грамматикада негізгі морфема деп аталады, өйткені негізгі түбір зат есімдердің құрамын бөлшектеуге болмайды, ол бір морфемадан тұрып, лексикалық мағынаны білдіреді. Олар сөйлемге біртұтас лексема ретінде кіреді.
2) Сөйлемде туынды түбір зат есімдер де қолданылады. Олардың құрамы негізгі түбір мен сөзжасамдық жұрнақтан құралады (дәрігер), кейде туынды түбір сөздің құрамында бірнеше сөзжасамдық жұрнақтар болады (егіншілік), бұл туынды түбір сөздің туынды түбір уәждеме сөзден жасалуына байланысты. Негізгі және туынды түбір сөздердің құрамы бір ғана сөзден тұратындықтан олар дара сөздерге жатады.
3) Біріккен зат есім сөздер екі (кейде үш) сөзден бірігіп, бір лексикалық мағына береді. Мысалы: алаөкпе, батаоқыр, Екібастұз, т.б.
Біріккен сөздер біріккен (Н.Оралбай – бірікпеген) және кіріккен сөздер болып бөлінеді.
4)Қос сөз зат есімдер екі сөздің қосақталуынан жасалады: қол-аяқ, ата-ана,буыншақ-түйіншек, ауыл-аймақ т.б.
5) Тіркесті күрделі зат есімдер екі, одан да көп сөздерден жасалып, бір лексикалық мағынаны білдіреді: күн тәртібі, мал шаруашылығы, азу тіс, сары май т.б.
6)Қысқарған зат есімдер – күрделі атаулардың қысқаруынан жасалған сөздер: ҚҰУ,ҰПУ т.б.Бұл соңғы төрт зат есім түрлері күрделі сөздер аталады, олар сөйлемде лексикалық мағыналы бірліктер ретінде қолданылады.
Зат есім – грамматикалық категорияға бай сөз таптарының бірі. Оның мынадай грамматикалық категориялары бар:
1) сандылық категориясы;
2)тәуелдік категориясы;
3) септік категориясы;
Бұл категориялардың әрқайсысының өзіндік көрсеткіштері яғни тілдік бірліктері бар. Әр категорияның көрсеткіштері сөйлемде зат есім сөздерге жалғанып, оларға өз категориясының мағынасын қосып, сөзді өз категориясының грамматикалық тұлғасына көшіреді. Грамматикалық категориялардың тұлғалары зат есім түбірлерге дара күйінде де, бірінің үстіне бірі тіркескен күйінде де жалғанып, түбірдің лексикалық мағынасының үстіне бірнеше грамматикалық мағыналар жамай береді. Енді зат есімнің грамматикалық категорияларына жеке-жеке тоқталайық.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет