Байланысты: Түркі қағанаты дәуіріндегі аңыздар, әдеби жазба ескерткіштер
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университеті
Реферат
Тақырып: «Түркі қағанаты дәуіріндегі аңыздар, әдеби жазба ескерткіштер»
Тобы:1701-41
Орындаған:Шахиева Ж, Файзуллаева А.
Тельман А, Анарбаева А.
Қабылдаған: Айдарова А.
Ежелгі түркі аңыздардың бірі – Көкбөрі аңыздары (Көкбөрі – Елжау би б.з.б. II ғ. – біздің заманымыздың Ү ғ.).Үйсіннің Нәнді биі жау қолынан қаза тауып, артында жаңа туған Елжау деген баласы қалып, оны жаулар далаға тастап кетіп, Көкбөрі асырап өсіреді. Құстар жем тасып береді. Бала күшті болып өседі. Елін қорғап Елжау би атанады.
Көкбөрі (IҮ-Ү ғғ.). Жаулары түркі тайпаларын қырып, Аман қалған он жасар баланың аяқ қолы кесіп тастап кетеді. Баланы бөлтіріктері өлген көк бөрі асырап өсіреді. Бала көк бөрі атанып, оның шыққан тайпасы “бөрі тайпасы” аталады. Қазақтың ата-бабалары өздерін Көкбөрі ұрпақтарымыз деп есептейді. Аңыздарда Көкбөрінің немерелері жаугершілікте Ақ қазға айналып бірі Енесайға, бірі Шуға, Алтай жаққа ұшып кетеді. Содан түріктердің ата-бабалары тарайды деп айтылады.
Осы аңыздардың шындыққа жақыны Ү ғасырда 500 үйлі бөрі тайпасы Сары жазық дейтін мекенінен Алтайдың оңтүстігіне қоныстанады. Бұл б.з.д.439 жылы болатын. Елді бастап барған бек Түркіт екен. “Түркіт-дулыға” деген сөз ержүрек мағынасында айтылады. Көкбөрі аңызы осындай тарихи оқиғалардың елесі болып табылады.
Сүйінбай ақын: Бөрілі менің байрағым,
Бөрілі байрақ көрінсе.
Қозады қай қайрағым,- дегеннің мәнісі содан шығады.
М. Мырзахметұлының «Түркістанда туған ойлар» кітабында жазылған «Қазақ халқының орта ғасыр тарихы V ғасырдан, дәлірек айтқанда, ертедегі түрік қағанатының құрылу қарсаңынан басталады» деген пікірінің мәні зор. Түрік қағанаты дәуірінен түрік халықтарының орта ғасырлық әдебиеті басталады. Түрк қағанаты дәуірі бізге түрік тілінде, көне түркі алфавитімен жазылған, орасан мол мұра қалдырған дәуір болды. Ол дәуірден қалған ескерткіштер біздің азаматтық тарихымыз, тіл тарихымыз, әдебиет тарихымыз үшін сарқылмас байлық қайнары, «көне түркі тайпаларының жоғары тіл мәдениеті мен білім өресінің ауыз толтырып айтарлықтай көрсеткіші»болды. Көне түркі ескерткішінен «екі жүзге жуығы тасқа қашалған, ондаған нұсқасы металл, күйдірілген саз балшықтан жасалған бұйымдарға ойылса, ағаш, сүйек сияқты заттарға» жазылғандары да бар. Осылардың ішінде барша түрік халықтарына ортақ әдебиеттің басы делініп жүргендері Орхон-Енисей жазбалары: «Күлтегін ескерткіші», «Білге қаған ескерткіші», «Тоныкөк ескерткіштері». Бұлар көлемі жағынан басқалардан үлкен болып қана қалмай, мазмұн жағынан да, бір дәуірдің тарихын жүйелі түрде бейнелеп бере алған кемелді шығармалар. Сондықтан, М. Мырзахметұлы көне түркі ескерткіштерін ХV-ХVІІ ғасырлардағы жыраулар поэзиясымен салыстыра келіп, жыраулық поэзия: «Біріншіден, кезінде ауызша туған, екіншіден, көлемі жағынан VІІІ ғасырдың мұраларын маңайлай да алмайды, үшіншіден, жанры, түрі жағынан мейлінше шектеулі, төртіншіден, тақырып мазмұн жағынан өте тар. Олардың бәрін жинағанда бір ғана «Күлтегінде» көрініс берген дүниелердің ширегіне де жетпейді-деп көне түркі ескерткіштерін аса жоғары бағалайды. Ә. Дербісәлин: «Түрк қағанаттары (VІ–VІІ ғ.ғ) мен оған жалғас дәуірден жеткен VІ–VІІІ ғасырлардағы жазба ескерткіштердің ең маңыздылары – Орхон-Енисей жазбалары. «Күлтегін», «Тоныкөк» У. А. Алменбетова. Жазба деректер бойынша түрік қағанаты... ескерткіштері құлыптасқа жазылған. Бұларды белгілі бір дәуірдің әдебиеті деуден гөрі әдеби немесе әдеби-жазба дәстүрдің өмір сүргендігінің белгісі, куәсі ретінде таныған орынды. Өйткені ешбір дәуірде, ешбір халық әдебиетін бір ғана зират тасына жазып шығармаған да, сақтамаған. Көне түркі ескерткіштерін оқудың кілтін ашқан В. Томсен мен В. В. Радлов та, кейін ескерткішті зерттеген А. Н. Кононов, А. Н. Самойлович, А. Габэн, С. Е. Малов т.б. – бәрі де бұл ескерткіштердің тілдік ерекшелігіне баса мән берген. И. В. Стеблеваның «Поэзия тюрков VІ–VІІІ веков» атты еңбегінде «Орхон ескерткіштерінің» жанрлық ерекшелігіне поэзия ретінде талдау жасайды. Қазақ ғалымдары арасында Қ. Өмірәлиев, Ғ. Айдаров, А. Аманжоловтар тілдік тұрғыдан зерттесе, Б. Кенжебаев жазба әдебиеттің басы ретінде қарауды ұсынды. М. Жолдасбеков, Х. Сүйіншәлиев, Н. Келімбетов, А. Қыраубаева т.б. ғалымдар ілгерілікейінді бұл ескерткіштердің әдебиет тарихының басы ретіндегі мәнмағынасын түсіндіруге бағытталған еңбектер жазды. Әрине, аталмыш ескерткіштердің әдебиетіміздің тарихи қайнар көзінің бірі әрі бірегейі екені талассыз шындық. Ал ескерткіштердің жанры туралы поэзия деп қарайтын тенденцияның орын алуына қарамай, түркологияда бірлікке келген ортақ пікір жоқ. Орхон ескерткіштерінің әдеби, тарихи мұра ретіндегі құндылығы (жанрлық ерекшелігі де соның ішінде), өзін тудырған тарихи дәстүрмен сабақтастыра қарастырғанда ғана толық анықталады. Алайда, ескерткіштердің қандай дәстүрдің жемісі екені, өзінен кейінгі дәуірлердің әдебиетіне қандай өнеге қалдырғаны туралы Қ. Өмірәлиевтің пікірлерінен басқа арнаулы сөз қозғалған жоқ. Түрік қағанаты дәуірі әдебиетін ұлыстық ояну дәуірінің әдебиеті деп атауға болады. Оның себептерін түсіндіру үшін әуелі ескерткіштердің өзіне жүгінелік. Күлтегіннің үлкен жазуы: «Жоғарыда көк тәңірі, төменде қара жер жаралғанда, екеуінің арасында адам баласы жаралған. Адам баласын басқаруға ата-бабам Бумын қаған, Естеми қаған отырған. Отырып, түркі халқының елін, заңын ұстай білген, иелік еткен. Ескерткіштің басталуына қарап, Л.Н. Гумилев «Түріктер дүниенің басталуын VІ ғасыр деп білді... Бұл арада бәрінен бұрын Орта Азиядағы құндық саты үзіліп қалған»деген қортындыға келген. Алайда бізге жетпегенімен түрік қағанаты тұсында түрктердің көне тарихына қатысты жазба деректер, шежіре, аңыздар болмады деп кесіп айтуға негіз жоқ. Қазір ғұндардың да, сақтардың да «көне түрік тілінде сөйлегені» туралы болжам расталып келеді. Есік жазуының табылуы сақтар мен түріктердің жазу мәдениетінің сабақтас екендігіне мөлшер жасауға мүмкіндік береді. Олай болса, өз тарихына қатысты ескерткіштер жазу салты, түрк қағанатынан бұрын да болған. Алайда, ол ескерткіштердің көбі бізге жетпеді. «Руналық жазу текстерінің көп бөлігі ағаштарға жазылып, ол ағаштар шіріп кетті ғой» дейтін С. Е. Малов пікірін түрк қағанатынан бергі дәуірдің мұраларына ғана тәуелді деп қарамау керек. Түрк қағанаты тұсында «Қытай-түрік сөздігі» жасалған. Көне тарихтан келе жатқан, көшпелілердің ауызша шежіресі де ол тұста өткенін ұмыттыратындай емес еді. Оған заманымыздан бұрын туған Алып Ер Тоңа туралы жоқтаудың Махмұд Қашқаридың тұсына дейін сақталып келуі-ақ дәлел.