Реферат тақырыбы: Нейрондар. Орталық жүйке-жүйесін зерттеу тәсілдері Орындаған: Орынбай А. Тобы: 105Б



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата21.10.2023
өлшемі0,67 Mb.
#120435
түріРеферат
  1   2   3   4


 
 
 
«ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» 
NSEO «KAZAKH-RUSSIAN MEDICAL МЕББМUNIVERSITY»
БОӚЖ №4 
РЕФЕРАТ 
 
 Тақырыбы: 
Нейрондар. Орталық жүйке-жүйесін зерттеу тәсілдері
 
Орындаған:Орынбай А. 
Тобы: 105Б 
Жалпы медицина факультеті 
Тексерген:Ӛтеуова Ұ. 
 
 



Жоспары:
 
КІРІСПЕ .............................................................................................................. 

НЕГІЗГІ БӚЛІМ ................................................................................................ 

ҚОРЫТЫНДЫ ................................................................................................... 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР .......................................................... 
10 
 



Кіріспе 
 
Жүйке жасушалары (гр. neuron, neurokytos; neuron — жүйке, kytos - жасуша) 
— жүйке ұлпасының негізгі морфологиялық және қызметтік құрылымдық 
бӛлігі.Жүйке жасушалары (нейроциттер) — ӛсінділі жасушалар. Олар 
нейролеммадан (плазмолемма), нейроплазмадан (цитоплазма), ядродан және 
жасуша денесінен (перикарион) таралатын ӛсінділерден құралған. Жүйке 
жасушаларының нейроплазмасында базофильді түйіршіктер (хроматофильді 
зат) және нейрофибриллалар болады. 
Нейрондар (neuronum, бұл атауды Вильгельм фон Вальдейер бердi) немесе 
нейроциттер-жүйке ұлпасының негiзгi құрылым, қызмет бiрлiгi (52 сурет), 
кӛлемi ұсақ, дене диаметрi 4-5 мкм-ден (мишық түйiршiктi жасушасы) iрi, 
дене диаметрi 140 мкм (ми қыртысындағы алып кӛп жақты (пирамида 
тәрiздi) жасушалар), туғаннан кейiн бӛлiну қабілетiн жоғалтады, тiршiлiкте 
оның саны кӛбеймейдi, қайта азаяды. 
Нейрондардың ӛлуi қалыпты жағдайда аз кездеседі, ол қалыпты 
(бағдарланған)-апотоз (грек. «арорtоsis»-түсетiн мезгiл) механизмiмен iске 
асады. 
Ӛсінділерінің санына байланысты жүйке жасушалары: бірӛсінділі 
(униполярлы), 
жалған 
бірӛсінділі 
(псевдоуниполярлы), 
екіӛсінділі 
(биполярлы) және кӛпӛсінділі (мультиполярлы) болып бірнеше топқа 
ажыратылады. 

Униполярлы нейроциттер — жануарлар эмбрионында, 

Псевдоуниполярлы жүйке жасушалары — жұлын түйіндерінде, 

Биполярлы нейроциттер — кӛздің торлы қабығында, ішкі 
құлақта, иіс сезімі мүшесінде, 

Мультиполярлы нейроциттер — мида, жұлында, кӛптеген 
сомалық, вегетативтік интрамуральды және экстрамуральды 
жүйке түйіндерінде орналасады. 



Жетiлген нейрондар қабылдағыш қызмет атқаратын сырт қабығынан-
невролеммадан (плазмолеммадан), денесiнен (corpus, перикарионнан), 
ӛсiндiлерiнен тұрады. Жүйке жүйесi әр бӛлiмiндегі нейрондар перикарион 
түрi, оның кӛлемi, ӛсiндiлерінің саны, жалғама байланысы, дендриттердің 
тармақталуы және бӛлетiн селбестiргiшiмен ӛзгешеленедi. 
Перикарионның құрамына ядро және цитоплазма кiредi. Нейронның әдетте 
бiр, iрi, дӛңгелек, ақшыл, 2-3 iрi ядрошықтары бар, хроматинi аз, 
цитоплазманың ортасында орналасатын ядросы болады. Мұндай құрылым 
ерекшелiктерi нейрон ядросындағы ДНҚ молекуласындағы бiрiздiлiктiң 
иРНҚ молекуласына жазылуы жоғары қарқында жүретiнiн кӛрсетедi. 
Ұрғашы мал нейрон ядрошығының жанында Х-хромосома сақтайтын, iрi 
хроматин үйiндiсi - Барра денешiгi болады. 





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет