Реферат тақырып: Дәрілік препараттарды талдаудағы аналитикалық химияның маңызы Орындаған: Қабылдаған: жоспар



бет1/6
Дата19.09.2022
өлшемі46,14 Kb.
#39520
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі


РЕФЕРАТ

Тақырып: Дәрілік препараттарды талдаудағы аналитикалық химияның маңызы
Орындаған:
Қабылдаған:

ЖОСПАР

  1. Кіріспе......................................................................................................................3

  2. Негізгі бөлім............................................................................................................4

1. Аналитикалық химияның негізгі түсініктері.....................................................4
2. Дәрілік препараттарды талдаудағы аналитикалық химияның маңызы...........6

  1. Қорытынды.............................................................................................................13

  2. Пайдаланған әдебиеттер тізімі............................................................................13



Кіріспе
Аналитикалық химия – зерттелетін заттың құрамын және оның құрамына кіретін элементарлық бөлшектерді (атомдарды, иондарды, молекулаларды) сапалық және сандық анықтайтын жалпы химия ғылымының бір тарауы. Заттың сапалық және сандық құрамын анықтау үшін аналитикалық химияда химиялық талдауды пайдаланады. «Химиялық талдау» ұғымын 17 ғасырда қазіргі сапалық талдаудың негізін қалаушы ағылшын ғалымы Р.Бойль (1627-1691) енгізген. Ұлы орыс ғалымы М.В.Ломоносов ашқан зат массасының сақталу заңы (1748) сандық талдаудың негізі болып табылады. Аналитикалық химияда Д.И.Менделеевтің заңы, әрекеттесуші массалар заңы, зат массасының сақталу заңы, эквиваленттер заңы т.б. кеңінен қолданылады.
Аналитикалық химия химиялық жүйелердің құрамы мен құрылымын анықтау тәсілдерін зерттейтін ғылым; ол бейорганикалық, физикалық, органикалық химиялармен қатар химия ғылымының тарауы болып есептеледі. Талдаудың химиялық әдістері – аналитикалық химия пәнінің бір бөлімі болып табылады. Аналитикалық химия көптеген ғылымдармен, мысалы: физика, биология, медицина, металлургия, геологиямен тығыз байланыста. Және ол осы ғылымдардың дамуына мүмкіндік туғыза отыра, физикалық, математикалық, биологиялық әдістерді қолдану арқылы өзінің де мүмкіншілігін арттырады. Аналитикалық химияның теориялық негізін Д.И. Менделеевтің периодтық заңы, зат массасы мен энергияның сақталу заңдары, зат құрамының тұрақтылығы, әрекеттесуші массалар заңдары сияқты жаратылыстанудың негізгі заңдары құрайды. Аналитикалық химия физикамен, бейорганикалық, органикалық, физикалық және коллоидтық химиямен, электрохимиямен, химиялық термодинамикамен, ерітінділер теориясымен, метрологиямен, ақпарат теориясымен және басқа көптеген ғылымдармен тығыз байланысты. Мысалы, анализдің спектралды әдістері физикалық теориялар негізінде қарқынды дамуда, электроаналитикалық әдістерде теориялық электрохимия мен ерітінділер термодинамикасының ұстанымдары негізге алынады. Заманауи аналитикалық химияны координациялық қосылыстар, кванттықхимиялық әдістер және зат құрылысы теориясы, реакциялар кинетикасы және т.б. негізгі ілімдерсіз елестету мүмкін емес. Осындай ғылымдардың жетістіктерін қолдану арқылы аналитикалық химияның теориялық негізі байып, оның мүмкіндіктері кеңейіп, жаңа міндеттерді шешуге мүмкіндік алады. Сонымен қатар аналитикалық химия да жоғарыда айтылған ғылымдардың және өндірістің тұтас бір салаларының дамуына маңызды әсерін тигізеді, оларға анализдің жетілдірілген әдістерін ұсынып, дамудың жаңа мүмкіндіктерін ашады



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет