Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Реферат «Ветеринариялық-санитариялық сараптау және гигиена» кафедрасы
Тақырыбы: Ұлттық сүт өнімі шұбатты дайындау технологиясы және санитариялық бағалау
Орындаған: Вс-315
Төлбасы Жұлдыз
Тексерген:Байбулатова Ж.
Жоспар
I. Кіріспе....................................................................................................3
II. Негізгі бөлім
1. Түйе сүті және шұбат...........................................................................4-7
2. Шұбатты дайындау технологиясы......................................................8-9
3. Шұбатты ветеринариялық санитариялық сараптау...........................9-13
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе Ұлттық тағамдардың ішінде ежелгі және көпшілікке ортақ тағамның бірі ақ екені бәрімізге белгілі. «Ағы бардың бағы бар» деп қазақ халқы сүт тағамын бақыт, несібесі деп білген. Сүтті соншалық қасиеттеудің басты себебі – ол тіршілік арқауы, одан неше алуан құнарлы тағамдар әзірлеп, дастарқан молшылығын жасаған.Сүт тағамдарынан қымыз, шұбат, құрт, ірімшік, қатық, айран, уыз, май, сүзбе тағы басқаларын күнделікті пайдаланамыз. Бұлардың барлығының да адам денсаулығына тигізер пайдасы мол.
Сүт – табиғаттың ең құнды өнімі. Адам ағзасы оның құрамындағы қоректік заттардың 98-99% пайдаланады. Сүттің жоғары қоректік қасиеттерін келесі деректерге қарап білуге болады: 1 литр сүт құрамындағы белок мөлшері- 15 грамм сиыр еті, немесе тауықтың 5 жұмыртқасы, немесе 1 кг. нан құрамындағы ақуызға тең. Сүттің жарты литрі адамның амин қышқылдарына деген тәуліктік қажеттілігін қанағаттандырады, ал сүттің 1 литрі адамның май, кальций, фосфор, рибофлавинге қажеттілігін толық, белокқа қажеттілігін жартылай, ал аскорбин қышқылы, ретинол, тиаминге қажеттілігінің 1/3 бөлігін қамтамасыз етеді.
Сүт – мал баққан қазақ жанұясының негізгі тағамы. Сүттің тағы бір қасиеті – түрлі азық- түлікпен керемет үндесіп, адам тағамының биологиялық құндылығын көтереді. Өйткені сүт организмге түсетін қоректік заттардың көлемін арттырып қана қоймайды, сонымен бірге май, белок, көмірсу, минералды тұздар, тағы басқалармен бірлесе, үндесе отырып, осы коректік заттардың организмге сіңімділігін жақсартады.