Білім беру жүйесіндегі кеңестік үкімет реформаларының қарама-қайшылықтары: қазақ тілінің араб таңбасынан кириллицаға ауысуы және А. Байтұрсынов бастаған топ реформаларына қарсылық көрсетуін талдау.
Орындаған: Хасенханов Нургиса
Тексерген: Шакирова Толкын
1928ж. араб әрпі латын әрпімен, 1940ж. кириллицамен ауыстырылды.
Араб әліпбиін қалдыруды жақтаушылар латын қарпін қолдануға көшу — ұлттық мәдениетке жасалған қастандық екендігін айтты. Олар Қазақстанда тек еуропалықтарға тән жаңа әліпбиге көшу қажет, бірақ оған әлі жағдай пісіп-жетілген жоқ деп есептеді. Алайда біртұтас мәдениет кеңістігін орнықтыру міндетін ұстанған Кеңес басшылығы республика өкілдерінің пікірімен санаспады. Жаңа әліпби жасау жөніндегі комиссия құрылып, ол 1928 жылдың күзінде латын қарпі негізіндегі қазақ әліпбиінің жобасын ұсынды. Латын қарпіне түгел ауысып болғанша араб графикасы пайдаланыла тұратын болды. Полиграфиялық техника латын алфавитімен жабдықтала бастады Бұл газет, оқулықтар, әдебиеттер шығаруды жеңілдетті. Республика бір мезгілде екі әліпбиді, яғни: қазақ тілі үшін — латын, орыс тілі үшін - кириллицаны қолданатын болды.