Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
БӨЖ
Тақырыбы: Ресей Федерациясы құрамындағы түркі халықтары және саяси құрылысындағы ерекшеліктері.
Орындаған:Қожай Зейнеп
Қабылдаған:Салгараев М
Түркістан 2023
Жоспар:
1. Орыс әскерлерінің Оралдың сол жағалауына қарай жылжуы.
2. Патша үкіметінің Кавказдағы отарлық саясаты.
3. Қазақстан мен Орта Азияны жаулап алуы.
5. Кеңестер Одағы құрамындағы түркілер.
Ресей Федерациясы құрамындағы түркі халықтарын атаңыз және саяси құрылысындағы ерекшеліктері.
«Түбі бір түркі халықтары» деп аталып жүрген қазіргі көптеген халықтың жақындық – бірлігі олардың ортақ тілі мен мәдениетінен, басынан кешірген тарихынын көрінеді. Түркі халықтар тарихының 1 – кітабында біздің заманымыздан бұрынғы l мың жылдықта аты тарихқа белгілі болған халықтар – хундар, одан кейінгі түркілердің мемлекет дәрежесіне дейін көтерілген тарихы баяндалған еді. Ал, 2 – кітабында түркі халықтар тарихы халықтарының XlV – XVlll ғасырдың l жартысына дейінгі тұрмыс-тіршілігін көрсетеді.
Хундар мемлекеті өз кезінде Шығыс Еуропаны өзіне қаратс, біздің заманымыздың Vl ғасырының ортасында алтайлық тайпалардың ең ірісі – Түркі қағандығы өз мемлекетін құрып, Алтайдан Қырымға дейінгі жерге иелік етті. Ол көп кешікпей Шығыс және Батыс Түркі қағандықтарына бөлінді. Батыс Түркі қағандығының орталығы Жетісу болды.
704-766 жылдары Іле мен Шу өздерінің аралығында түркеш тайпалары Түркеш қағандығын, ал Vlll орта шенінде Қарлұқ тайпалары Қарлұқ қағандығын құрды (766-940 ж.). Vll ғасырдың ортасында Солтүстік Кавказ, Азов пен Дон далаларындағы көшпелі және жартылай көшпелі тайпаларды біріктірген Хазар қағандығы Батыс Түркі қағандығының күн батысындағы жерлерге ие болды.
V – Vl ғасырларда Орта Еділ бойында Еділ-Кама Бұлғариясы пайда болған.
Xl –Xll ғасырларда Заквказье мен Орта және Кіші Азияда түркі халықтарының бір тармағы селжуктер қалыптасып, өз мемлекетін құрды. Xlll ғасырға дейін Әзірбайжан халқының қалыптасу кезеңі аяқталды.
Xl –Xll ғасырларда Хорезм мемлекеті құрылды.
Xlll ғасырдың басында Шыңғыс хан бастаған көшпелі моңғло тайпалары Азия мен Еуропаның едәуір бөлігін басып алып, Моңғол империясын құрды. Шыңғыс хан армиясы найман ханы Күшлік билік еткен Карахан (1219 ж.) және хорезм (1219-1221 ж.) мемлекеттерін талқандады. Закавказьеге басып кірді. 1236-1240 жылдары Қыпшақтарды, Еділ-Кама Бұлғармясын және Орыс княздықтарын, Шығыс Еуропаның көптеген жерлерін бағындырды. Бірақ Моңғол империясының іргесі берік емес еді...
Xlll ғасырдың ортасында Орталық Азия мен Шығыс Еуропада екі ірі монғол мемлекеті. Шағатай ұлысы мен Алтын Орда құрылды, бұл мемлекеттер жартылай әскери сипатта болды.
Орыс кньяздықтары Алтын Ордаға саяси бағынышта болды.
XlV ғасырдың ортасында Алтын Орда өзінің әскери қуаттылығының ishfe шыңына жетті. Сонымен қатар феодалдық қатынастардың дамуы түркі және басқа халықтардың азаттық күресінің күшеюі XV ғасырдың ортасында Алтын Орданың бірнеше хандықтарға ( Ноғай Ордасы – XlV ғасырдың аяғы, Астрахань хандығы – 1459 ж. Әбілхайыр хандығы – 1428 ж. Қазан хандығы – 1438 ж. Қырым хандығы – 1428 ж. Қазақ хандығы – 1466 ж. Қырғыз хандығы–XV ғ, Сібір хандығы –XlV ғасырдың аяғы) бөлінуіне, ақыры Алтын Орданың күйреуіне әкеліп соқты.
XlV ғасырдың ортасында Шағатай ұлысы да екіге бөлініп, Моғолстан (1346 ж.) және Темір (1370 ж.) мемлекеттері құрылды.
XV ғасырда түрікмен халқы қалыптасты.
Хулағид мемлекеті құлап, жеке хандықтарға бөлініп, 1356 жылы әзірбайжандар өз мемлекетін құрды.
XV ғасырдың аяғы мен XVl ғасырдың басында Орта Азияның егіншілікті аймақтарында түркі тілдес көшпелі Өзбек мемлекетін құрды.
XlV ғасырдың соңында Орта Азияда Бұхара, Хиуа хандықтары пайда болды.
XlV-XV ғасырлар аралығында Русьтегі Орыс князьдықтары бір мемлекетке бірігу қажеттігін қолға алды. Мәскеу, Рязань, Тверь князьдықтары нығая түсті.
XV ғасырдың екінші жартысында Мәскеу моңғол езгісіне қарсы күрестің бастаушысы болды.
lll Иван Васиельевич билік құрған кезде (1462-1502 ж.) орыс халқы монғол езгісінен біржолата құтылады.
XlV-XV ғасырларда Кіші Азия мен Балқан түбегін түркілердің бағындыруына байланысты Жерорта теңізі мен Қара теңізде, Балқанда Осман түріктерінің үстемдігі орнады. Осман империясы дүниеге келді.
Бірнеше Түркі мемлекетінің құрылуы түркі тектес халықтардың: татар, башқұрт, қазақ, қырғыз, түрікмен, әзірбайжан, өзбек тағы басқаларының халық ретінде қалыптасуымен қатар жүрді. Сонымен бірге түркі тілдес қарақалпақ, чуваш, якут-сақа халықтары қалыптасты. Түркі тілінде сөйлейтін халықтар сонымен қатар Дағыстандағы құмық, ноғай, Қабарды-Балқар мен Қарашай-Черкестегі балқар, қарашай, ноғай, Нахичеваньдағы әзірбайжан, Ставрополь өлкесіндегі ноғай, түрікмен, Молдавадағы гагауз, Украйна мен Латвиадағы қарайым, Донецк облысы мен Грузиядағы урумдар, қырымчактар жеке ұлыстар болып қалыптасты.
Тәуелсіздік алған Түркі мемлекеттерінде ұлттық идея – тәуелсіздікті баянды ету, сырттағы ірі мемлекеттердің тегеурінді тепкісіне ұшырамай, ел іргесін бекіту, экономикасын көтеріп, халықты іргелі елдердің қатарына жеткізіп, ұлттық кәмелеттігіне көтеру, терезесін Евразия елдерімен теңестіру деген мақсат күшейе түсті. Ұлттық идеяның негізінде ұллтық сана қалыптасты. Бірақ мұның бәрі оңайлықпен келе салмады. Мысалы, қазақ халқының тәуелсіздік идеясы аса ауыр кезеңде қалыптасты, елдік, бостандық, отаншылдық, ұлттық сана мен тәуелсіздік идеясы бір ғасырдан астам уақытқа созылған жоңғарларға қарсы жүргізілген азаттық күрес кезінде туындады. Қазақ елі де басқалар сиақты ел тәуелсіздікдігі үшін күресті, өз азаттығы үшін алысты, өз мемлекеттік болмысы үшін, жалпы халықтық тұтастығы үшін сыртқы жаумен арпалысып өтті.
XVl ғасырда түркі елдерінің ішіндегі өзара қырқыс, таққа талас салдарынан жас Түркі мемлекеттері бірінен соң бірі орталықтанған Орыс мемлекетінің отарына айнала бастады.
XVl ғасырдың ортасында орыс мемлекеті Қазан хандығын (1552 ж.), Астрахань хандығын (1556 ж.) жаулап алды. Көшім хан басқарған Сібір хандығының жерін жаулап алуға кірісті. Кейіннен түркі тілдес халықтардың көпшілігін бағындырды.
Патша үкіметі түркі халықтарының, соның ішінде қазақ жерін отарлаудың алуан түрлі жоспарын жасады. Мысалы, осы бір мақсатты іске асыруда әйел патша ll Екатиринада түпкі ойын өзінің құпия жарлығында ашық атап көрсетті:
Қырғыз-қазақ халқының бір ру басшысын, екінші ру басшысымен араз етіп, бір-бірімен қас етіп, бірінің етін бірі жеуге себеп болыңыз.
Сұлтандардың бірімен-бірін араз қылып, бірімен-бірін иттей тартыстырып, бірінің етін бірі жеуге себеп болардай іс қылыңыз.
Қырғыз-қазақтың басшы адамдарын сұлтандармен араз қылып,сұлтандарды оның өз қол астындағы ақсақал адамдармен араз қылсаңыз, арасында от түскен уақытта жанып кетердей көкір-сөкір даярлай беріңіз. Осылайша арасына от жағып, береке-бірлігін алсақ, азып-тозған қырғыз-қазақ жұрты бөтен патшалықтың қол астына көшіп кетуге дәрмені болмас. Өз-өздері қырық пышақ болып қырылысып, жеңілген жағы жеңген жағынан өш алу үшін, күш алу үшін Ресей патшалығына жақындар, басқа патшалыққа қорғалар. Сол уақытта Ресей үкіметі араларына төре болып, төрелік ретіне қарай не анауысын, не мына жағын қуаттап тұу керек. Түрлі амалмен сұлтандардың күшін кетірсек, өзімізден озып ешқайда кете алмас. Келетін, кететін жері өзіміз боламыз. Тілегенімізше қақпалап жортармыз.
lX ғасырға таман қалыптасқан ежелгі орыс халқының феодалдық мемлекеті тарихта Киев Русьі деп аталғаны белгілі.
XVlll ғасырда Ресейге шақырылған кейбір неміс ғалымдары орыс мемлекеттігінің дербес дамымағаны жөніндегі теорияны дүниеге әкелді. Бұл тарихшылар Орыс мемлекетін құрушы нормандар ( lX ғасырда теңіздер мен өзендерде қарақшылық пен айналысқан скандинавтық отрядтар ) болды деп пайымдай бастады. Олар орыстар егіншілікті де, қолөнерді де, отырықшылықты да, соғыс ісін де, құқықтық нормаларды да білмеген мүлде тағы адамдар болды деп жорамалдады. Киев Русьінің бүкіл мәдениетін варягтарға теліді. Русьтің атын да варягтармен байланыстырды.
Норман негіз болды деушілер «русь» дегеніміз – варягтар, нормандар яғни Скандинавияның тұрғындары деп сіресіп отырып алды. Алайда Скандинавияда «русь» деп аталатын тайпаның немесе жердің болмауы норман жөніндегі теорияның іргесін шайқалтты.
Русьтің жазба деректерде алғаш аталуы Vl ғасырдың орта шеніне жатады. Бұл сириялық автор – Захарияның еңбегінде Дон бассейнінде тұрған «Рос» халқы атап өтілген. Рось тайпасының алғаш мекендеген жері – Рось өзенінің бойынан (Днепрдің тармағы, Киевтің төменгі жағында) V-Vll ғасырларда өте бай археологиялық материалдар, соның ішінде князьдық белгілер, соғылған күміс бұйымдар табылады. Сонымен ежелгі орыс халқының мекені болған Киевтен Воронежге дейінгі орманды дала алқабы Vl ғасырда славян тайпаларын қамтыған «Орыс жері» болып табылады. Оның құрамына поляндардың, северяндардың, русьтің жері енді және оған уличтердің жері де енуі мүмкін. Осы жерлерде құрылған тайпалар одағы оның ішіндегі ірілерінің бірі – русь тайпасының атын алды деп айтуға болады.
lX-X ғасырлардағы ежелгі орыс ұлттық топтарының негізгі этникалық жер аумағы, ежелгі әдеби тілі Vl – Vll ғасырларда қалыптасты.
Ежелгі орыс мемлекетінің құрамына бұрын дербес князьдықтары бар мынадпй тайпалық одақтар енген: поляндар, северяндар, древляндар, дреговичтер, полочавдар, Новгород славяндары. Жылнамада бұған қоса Руське салық төлеген он бес шақты угро-финн және балтық тайпаларының аты аталған.
Ежелгі орыс мемлекетінің ішкі өмірі жөніндегі мағлұматтар ерекше назар аудартады. Мәселен, lX ғасыр деректерін пайдаланған Орта Азиялық географ «русьтерде рыцарьлар тобы бар» яғни феодалдық шонжарлар бар деп хабарлайды.
Ибн-Рустерінің lX ғасырдағы мағлұматтары бойынша русьтердің патшасы (яғни Киевтің ұлы князы) қылмыстыларды соттаған, кейде оларды «шалғай аймақтарды билеушілерге» жер аударып жіберген. Русьте «Құдай соты», яғни даулы мәселені жекпе-жекте шешу салты болған. Аса ауыр қылмыстар үшін өлім жазасы қолданылған. Русьтердің патшасы жыл сайын елді аралап, халықтан салық жинаған.
Vll ғасырда Русьтер Константинопольді қоршауға алғаны және Хазария арқылы Дербент асуына (өткеліне) жоықтар жасағаны белгілі.
lX – Xll ғасырларда русьтер Судактан Керьчке дейін өтіп, хазар-византиялықтардың қолындағы Қырымда шайқасты.
Сонымен, Орыс мемлекеті қоғамның заңды дамуының нәтижесінде варягтарға ешбір байланыссыз қалыптасты. Осымен бір мезетте басқа да славян мемлекеттері – Болгар патшалығы, Ұлы Моравия державасы және басқалары пайда болды. Варягтардың мәдени рөлі туралы айтуға да тұрмайды. Киев князы болған Олегтің (882-912 ж.) 911 жылы шведтіктермен жасаған шарты швед тілінде емес, славян тілінде жазылған. Варягтардың мемлекет құруға, қалалар тұрғызуға, сауда жолдарын салуға ешбір қатысы болмаған. Олар Русьтерге тарихи процесті тездете де, бәлендей кідірте алмады.
Печенектердің немесе қыпшақтардың төрт ғасыр бойына Русьтің дамуына тигізіп келген ықпалына қарағанда, варягтарың тарихи рөлі әлдеқайда төмен болды.
XVlll ғасырдың ортасынан бастап Кавказ халықтары монғол-татар хандарының езгісін бастан кешірді. Монғол езгісінің ең ауыр зардабы монғол феодалдарының пайдасына түсетін қауырт өсіп отырған салық еді. 1253 -1257 жылдары монғол хандары салық төлеушілердің (10 жастан 60 жасқа дейінгі барлық елдер) санағын жүргізді. Толып жатқан салықтардың ішіндегі ең ауыры астыұ түсімінің 60%-ке дейінгі бөлігін алатын жер салығы (харадж) болатын. Малшылар әр он бес малдың біреуін беруге тиіс болады.
Салықтың бұдан басқа почта, мыңдаған адамдарды қазға ұшыратқан жол салу және оны күту жұмыстары сияқты түрлері де көп еді. Салық төлеуге жағдайы келмейтін шаруалар бүкіл семьясымен құлға айналдырылды.
Сонымен бірге әрбір тоғыз шаруаның үйінен бір адам хан әскері үшін әскери қызметке баруға тиісті болады.
Монғолдардың жаулап алуына дейін Солтүстік Кавказ жазықтарында көшіп-қонып жүрген қыпшақ ордаларының кейбіреулері тауға ығыстырылды. Алаңдармен, сол сияқты адамдармен араласып, олар ерекше түркі тілдес халықтар – қарашайлар мен балқарларды дүниеге келтірді. XlV –XV ғасырларда Солтүстік Кавказда ислам діні үстемдік етуші дінге айналды.
Xlll ғасырдың аяғында Қара теңіздің шығыс жағалауында өздерінің бірнеше отарларының (Тмутараканьның орнына – Матрега, қазіргі Анапаның орнына – Мана т.б.) негізін салған генуэз саудагерлері белсенділік танытты. Генуез отарлары сол кезде Еуропаның Шығыспен сауда қатынасын нығайтуда аса маңызды міндет атқарған еді.
Егер Ресей империясының отаршылдық саясаты әлемдік империяпарға тән саясат болса, сол империя негізінде құрылған Кеңестер Одағы тарихта теңдесі жоқ, таптық тұрғыдағы, жаңа типтегі отарлаудың бөлекше жүйесін құрды. Кеңес үкіметінің ұлт саясаиына американдық профессор Р. Смал-Стоцкий: «орыс емес халықтарды ұлт ретінде, нәсіл ретінде жоқ қылып жіберу саясаты» деп баға берді.
Қорыта келгенде айтарымыз, өзінің тарихын жоғалтқан жұрт, өзінің тарихын ұмытқан ел қайда жүріп, қайда тұрғанын, не істеп, не қойғандығын білмейді, келешекте басына қандай күн туатынына көзі жетпейді. Қандай да бір халық өзінің тарихын білмесе, қандай да бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға бейім тұрады. Дүниеде қандай да бір халық өзге жұрттардан ерекше қор болмайын десе, тұқымым құрып кетпесін десе, ол өз тарихын жүрегімен жаттап білуге тиіс.
Пайдаланған әдебиеттер:
«Түркі халықтар тарихы.» l-ll-том.
К.Р.Аманжолов. Алматы 2008
Достарыңызбен бөлісу: |