Республиканский журнал «Достық-Дружба»



жүктеу 7.17 Mb.
Pdf просмотр
бет3/8
Дата18.03.2017
өлшемі7.17 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

24

БІР ЕЛ – БІР ТАҒДЫР  

· 

Шығыс Қазақстан облысы



жасап, біздің дәрігерлерге тәжірибесін үйретті. Өнер мұражайында 

Астана қаласының жәдігерлері мен тарихи жетістіктері көрмесі 

ұйымдастырылды. Өз кезегінде келген қонақтар біздің мұражайда 

болды. Қазақстандық автоқұрастыру өндірісінің тұңғышы—«Азия авто» 

зауыты қазір шетелдіктердің 17 түрлі көліктерін шығарады. Тек Астана 

жұртшылығы ғана емес, бүкіл өңірлер осында құрастырылған өнімдерді 

сатып алса, Отандық өндірісті қолдау деген осы емес пе. Елбасының 

Отандық өндірісті дамыту жөніндегі тапсырмасын да назардан 

шығармаған жөн. 

– Бұл меморандумға алдын-ала әзірлендік, Кенді Алтайдың өндірістік 

потенциалын зерттедік, ал ол мұнда керемет қарқынмен дамып келеді. 

Мәселен, жаңа энергияны тұтыну жөніндегі, технологияны жетілдірудегі 

жетістіктер баршылық. Туристік топтар тәжірибе алмасулары тиіс, 

Астананы сіздердің оқушыларыңыз өз көздерімен көріп, тамашалауы 

да назардан тыс қалған жоқ. Алдағы уақытта мұндай тиімді де 

пайдалы кездесулер жылына екі рет өтіп тұрмақ, деді Астана қалалық 

мәслихатының хатшысы Ермек Оспанов. 

ӨсКемендеГІ АстАнА КӨШесІ

Мыңдаған жүректердің қылын тербеген, көңілді саз Өскеменнің 

көшелерінде қалықтайды. «Елім менің» әні шарықтап тұр. Қонақтар 

орналасқан «Шайни ривэ» қонақүйі алдында үлкен сахна орналасыпты. 

 – «Астана қаласының мәдени күндеріне қатысушыларға жалынды 

сәлем! атты стенд алыстан көз тартады. Екі қаланың арасындағы достық, 

татулық, ынтымағы жарасқанының куәсіндей Солнечная көшесінің 

тұрғындары үшін бүгін ерекше күн. Көшеге жаңа есім – Астана деген атау 

берілмек. Бұдан бір ай бұрын көше тұрғындарына сауалдама жүргізгенде 

олардың 83 пайызы көше атын өзгерту, оған Астана деген ат лайық деп 

жауап берген. Демек, қазағы аз, орысы қалың славян тілді тұрғындардың 

өзі де түсіністікпен қарады деген сөз. Артынша қалалық мәслихаттың 

депутаттары көшеге Астана атын берді. 

Астана көшесінің салтанатты жағдайда ашылуы ғибрат аларлықтай 

болып өтті. Мұның алдында көше бойындағы Комендантка өзенінің 

бойы тазаланып, күл-қоқыстан тазартылып, онда көркейту жұмыстары 

жүргізілген. Қала әкімі, өзендер өрнектеген Өскеменнің өзгеше 

реңге малынып, көркеюіне 

ерекше үлес қосып, тынымсыз 

жұмыстар атқарып жүрген 

Ислам Әлмаханұлы Әбішев көше 

тұрғындарымен кездесу кезінде 

уәдесін беріп, мұнда біраз 

шаруалардың тындырылатыны 

айтқан. Шынында да, қазір көше 

бойына ағаштар отырғызылып, 

жолдың сапасы жақсара түскен.

– Астана – тәуелсіздіктің 

жемісі, еліміздің 

мақтанышы. Аз жылдар 

ішінде ертегідей әсем 

қала тұрғызған елбасына 

қазақстандықтардың 

алғысы шексіз. 

Қазір Астананы бүкіл 

әлем біледі, небір 

маңызды шаралар мен 

халықаралық дәрежедегі 

кездесулер де осы 

қаладан бастау алады. 

Астана қаласының 

әкімдігімен бірлесе 

отырып біз бұл көшені 

бұдан да сәнді етіп 

жасаймыз. Үлбі өзенінің 

жағалауын қазір 

көркейтіп жатырмыз. 

Астана атауымен жаңа 

аллея да аталмақ, – деді 

Бердібек мәшбекұлы.

– Өңір басшысы айтқандай, 

біз жаңа көшені қамқорлыққа 

аламыз, жан-жақты көмек 

жасаймыз. Өскемендегі 

Астана көшесімен келе жатқан 

адамдар елімізіді бас қаласында 

жүргендей болса, тамаша емес 

пе. Қазір Астанада Шығыс 

Қазақстан облысы өрендерінің 

атауымен 35 көше аталады 

екен. Олардың қатарында Абай, 

Әуезов, Потанин, тағы басқалар 

бар. Еліміз, Елбасымыз аман 

болсын, тәуелсіздігіміздің 

20 жылдық мерейтойымен 

құттықтаймын, – деді қалалық 

мәслихаттың хатшысы Ермек 

Оспанов. 

25

№4

 / 2011



оймақтай ой...

Марина Мысягина, студент; көшенің Астана атауына ие болуы бір-

бірімізді жақындастырып ғана қоймай, ел бірлігінің әлеуетін айқындай 

түседі. Мен Астана көшесінде тұратынымды мақтан тұтамын. 

Асылбек Сәбеков, қалалық ақсақалдар алқасының төрағасы; 

бұрынғы Солнечная көшесінің атауы жақсы болғанмен, нақтыланбаған 

әрі түсініксіздеу еді. Ел тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесі қарсаңында 

Өскеменде Астана көшесінің ашылуы елдік пен өрлікті дәлелдегендей. 

Оның үстіне бұл көше екі өзеннің түйісетін әдемі жерінде тұр, сондықтан 

сұлулығымен көз тарта береді деген ойдамын. 

Зейнеткер М. Устинова, жетінші сыныптың оқушысы Айдос 

Қырқымбай, Әлмира Мұстафина, тағы басқалар Астана көшесінің ашылуы 

ондаған ұлт өкілдерін ынтымаққа ұйыстырып, татулыққа бастайтын игі 

бастама екенін мойындады. 

Бұдан кейін келген қонақтар мен өскемендіктер ағаш көшеттерін 

отырғызды. Қоғам қайраткерлері, ақын, жазушылар Әнес Сарай, Төлен 

Әбдік, Несіпбек Айт, Сауытбек Абдрахманов, Алдан Смайыл, Серік 

Тұрғынбеков, басқа да өнер жұлдыздары ағаш отырғызды. «Мен бұл 

күнді ұмытпаймын. Қасиетті Алтай жерінде отырғызылған ағаш бүр 

жарып, ол Астана көшесінде жайқалып өсіп тұрса, нұр үстіне нұр!, –дейді 

Төлен ағамыз.

сол күні Өскемендегі назарбаев атындағы интеллектуалды 

мектепте «Астана – отанымның жүрегі» – атты ашық сабақ 

өтті. № 15-ші кәсіби лицейде «Жанұя, мектеп, қоғам: қоғамды 

біріктірудегі сабақтастық» деген тақырыпта конференция 

өтсе, № 44 –ші орта мектепте «Білім беру саласындағы басқару 

менеджменті», Қ. Қуанышбаев атындағы сазды-драма театры 

«Абай» және «Антивирус» атты спектаклдарды жұртшылық 

назарына ұсынды. ол аншлагпен өтті. 23 қазанда тұрсынбек 

Қабатовтың қатысуымен өткен «Көңілді тапқырлар театры» шоу-

бағдарламасы көпшіліктің көңілінен шықты.

Орталық мәдениет үйіндегі астаналықтардың өнерін үстем еткен 

концерт тұрғындардың жүрегін баурап алды. Айтқали Жайымов басқарған 

Астана қаласы мемлекеттік филармониясының қазақ ұлт аспаптар оркестрі 

«Сарыарқа» күйін орындаған кезде өскемендіктер үлкен қошемет 

білдіріп, орындарынан тік тұрды. 

Тілендиевтің «Махамбет» поэмасы, 

Абай әндері, талантты әнші 

Маржан Арапбаеваның «Жылы 

жаңбыр», басқа әндер шырқалған 

кезде көрермендер бей-жай 

қалмай дүркіретіп қол соқты. 

Концерт соңынан облыс әкімі  

Б. Сапарбаев сахна төріне шығып, 

өнерпаздарға алғысын айтты.

22-ші қазанда келген 

қонақтар «Ғашықтар аллеясы», 

Қалба тауының биік шыңына 

орнатылған «Қазақстан» деген 

айшықты жазуы бар монументті 

тамашалады, ескерткіш суретке 

түсті. Сол күні өнер мұражайы 

мен тарихи ескерткіш алаңдарды 

аралап көрді. Астана қаласы 

мемлекеттік филармониясының 

симфониялық оркестрінің концерті 

де жұрт көңілінен шықты. Қоғам 

қайраткерлері, өнер жұлдыздары 

қала тұрғындарымен кездесулер 

өткізіп, ел тәуелсіздігі,  

20 жылда қол жеткен табыстар 

жайлы айтып берді. Сол күні 

Шығыс Қазақстан мемлекеттік 

университетінің ректоры Бейбіт 

Мамыраев Астанадан келген 

қазақ елінің мақтан тұтар 

азаматтары ақын-жазушылар 

Әнес Сараев, Төлен Әбдік, 

Несіпбек Айт, Серік Тұрғынбеков 

ҚР Парламент мәжілісінің 

депутаты Алдан Смайылды 

қонаққа шақырып олардың 

шығармашылық жоспарымен 

танысты. Талантты ақын Несіпбек 

Айт болашақ журналистердің 

сауалдарына жауап қайтарды. 

Республика алаңында Семей 

қаласы тұрғындарының «Туған 

жерге тағзым» акциясы бойынша 

жәрмеңкесі өтіп ән мен күйден 

шашу шашты. Иә, Астананың 

Шығыс Қазақстандағы мәдени 

күндері ел есінде ұзақ уақыт 

сақталмақ. Ол әрі қарай жалғаса 

бермек.

Шығыс Қазақстан облысы.

Суреттерде: Өскемендегі 

астаналықтардың мәдени күндерінен 

көріністер. Суреттерді түсірген автор.

26

БІР ЕЛ – БІР ТАҒДЫР  

· 

Шығыс Қазақстан облысы



– Бердібек Мәшбекұлы, ең 

алдымен Елбасы атап өткендей, 

Шығыс өңірі еліміздің рухани 

орталықтарының бірі болып 

саналады деген ұлағатты сөздің 

астарына үңіле кетсек?

– Тәуелсіздік – тәтті ұғым. 

Ата-бабаларымыз ғасырлар 

бойы аңсаған тәуелсіздік 

өзі келіп тұғырына орнай 

қоймағаны белгілі. Ендеше 

кейінгі ұрпақ тәуелсіздік туын 

жоғары ұстап, оған өздерінің 

үлестерін қосса, нұр үстіне нұр! 

Биыл халқымыз тәуелсіздіктің 

20 жылдық мерейлі мерекесін 

атап өтетін айырықша қастерлі 

де ардақты жыл. Күш-қайраты 

мен жігері жанып тұрған жас 

жігіттің жасындай ғана бұл 

жиырма жыл айтуға жеңіл 

болғанымен, тарих тереңіне 

үңілсеңіз, талай асқар асулар 

мен белестерден өтесіз. Осындай 

үлкен шекараны ақ білектің 

күшімен, ақ найзаның ұшымен 

ұстап тұрған ата-бабаларымыз 

атамекен үшін жан алысып, 

жан берісіп жүріп, ғасырлар 

бойы ұмтыла аңсаған асыл 

арманына қол жеткізді. Жиырма 

жылда тәуелсіз мемлекетіміз 

құрылып, қазір оны бүкіл 

Әлем жұртшылығы біліп отыр. 

Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан 

Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы 

да көреген басшылығымен 

кемал келешекке – өркениет 

өлкесіне жол тартқан салқар 

керуеніміздің жүгі салмақты 

әрі сара. Бір ғана мысал. ЕҚЫҰ-

ына төрағалық етуіміз, төртқул 

дүниеде қысқы Азия ойындарын 

төртінші мемлекет болып бізде 

өтуі, халықаралық дәрежедегі 

игі шаралардың Қазақстанда өтуі 

мемлекеттің байрағын аспандата 

түсті. Өткен жылы Кенді 

Алтайда Қазақстан және Ресей 

мемлекеттері Президенттерінің 

қатысуымен өткен халықаралық 

инвестициялық форумның аясы 

ауқымды болып, талай келісім-

шарттарға қол қойылды. Кенді 

Алтайдың экономикасы күн 

сайын артып келеді. Елбасының 

тапсырмасы бойынша тек 

өткен жылы шырайлы Шығыста 

15 мыңға жуық жұмыс 

орны ашылып, шағын және 

орта кәсіпкерлік дами түсті. 

Бұл күндері ірі-ірі бірнеше 

инновациялы-индустриялық 

жобалар жүзеге асты. Олардың 

қатарында «Казцинк», 

«Өскемен титан-магний» 

комбинаты, «Үлбі» металлургия 

Ұлт ҰлылАры ҰлыҚтАҒАн ӨлКе...

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевпен әңгіме

 «Шығыс Қазақстан – кең байтақ еліміздің інжу-маржаны іспеттес өңір.  

Бұл теңеу оның таңғажайып табиғатына ғана емес, барша бітім-болмысына, тамаша 

адамдарына да тікелей қатысты. Шығыс Қазақстан облысы – тәуелсіз еліміздің 

экономикалық дамуына зор үлес қосып келе жатқан, өнеркәсібі қарыштап дамыған 

аймақтардың бірі. Жүзден астам ұлттың басын қосып отырған бұл аймақ еліміздің 

рухани орталықтарының бірі болып саналады».

Нұрсұлтан Назарбаев, 

Қазақстан Республикасының Президенті.



27

№4

 / 2011



зауытындағы ірі жобалар бар. 

«Казцинк» жауапкершілігі 

шектеулі серіктестік биылдың 

өзінде екі зауытты қатарға 

қосты, ал аты аталған басқа да 

кәсіпорындар өздерінде еңбек 

ететін жұмысшылардың әл-

ауқатын арттыру бағытында 

игі шараларды жүзеге асырып 

жатыр.


– Облыста индустриалды-

инновациялық дамытуда тағы 

қандай істер атқарылмақ?

– Бақыршық және 

Ақтоғайдағы комбинаттар 

алтын, басқа да сирек 

кездесетін полиметалл 

кендерін өңдейтін қуаттарды 

іске қоспақ. Оларда бірнеше 

мың адам жұмыс істейді. 

Елбасының ауыл тұрғындарын 

еңбекке орналастыру жөніндегі 

тапсырмасы күнделікті назарда. 

Семейдегі автокөлік және 

«Беларусь»тракторын шығаратын 

зауыт қазір өз өнімділігін 

арттыра түскен. Қазақстандық 

трактор арзан болғандықтан, 

оған тапсырыс көбейе түсті. 

Өскемендегі «Азия-авто» көлік 

зауытының қуатын жылына 

25 мың дана тұлпар шығару 

бағытында да жұмыстар істелуде. 

Мәселен, кәсіпорынға қосымша 

құрылыс алаңдарын салу үшін 

жер телімдері берілді. Семей 

мен Курчатов қалаларында да 

тежегіш құралдарын шығару 

ойда бар. Құрылыс жайлы 

айтатын болсақ, Семейде құрт 

ауруын емдейтін аурухана, 

Күршімде 150 миллион теңгеге 

қонақүй салынбақ. Өткен жылы 

пайдалануға берілген жаңа 

ауыл – «Шығыста» да құрылыс 

жалғасып, жаңадан тұрғын үйлер 

салынып жатыр. 

– Соңғы үш жылда 

Кенді Алтайға тартылған 

инвестицияның көлемі 

қанша? 

– 2009 жылы 139, өткен 

жылы 144,7 ал биылғы 

жеті айда 84,9 миллиард 

теңге инвестиция 

тартылған екен. Бұл жаман 

көрсеткіш емес.

– Екі жарым жылда атқарған 

істеріңізге қандай баға бересіз. 

Кемшіліктер бар шығар?

– Әрине, Өз командамызбен 

қоян-қолтық еңбек етіп, 

халықтың алғысына бөленсек 

одан артық қандай баға керек. 

Адамдарды рухани жағынан 

түлетіп, келешекке деген 

сенімін, күш – жігерін күшейте 

алсақ, жаман болмаған ғой. 

Шағын және орта кәсіпкерлік 

өңірде онша дамымай отыр. 

Ол кем дегенде 30 пайыздан 

төмен болмауы тиіс. Сонымен 

бірге, өндеуші кәсіпорындар 

салуда да «әттеген-айлар» орын 

алып отыр. Жолдарды салу, 

кәсіпкерліктің жауакершіліктің 

арттыру мәселелері де мені 

ойландырады. Туризмді дамыту 

үшін ең алдымен сапалы жол 

жөндеу назарда. Алтайдың 

бренді – бал және марал 

шаруашылығын тың белеске 

шығару да басты міндет болса 

керек.

Енді Елбасы айтқан 



Шығыстың рухани орталығы 

болып саналатыны жайлы 

айтатын болсақ, тағы да тарих 

қойнауынан терең орын алатын 

ғаламат құбылыстарды қалай 

айтпаймыз. Сарыарқаның 

Абылай аспас сары беліне 

сәулетті де сәнді сарайлар 

салып, Астана сынды асқақ 

Елорданы орнатқан, өзі соның 

бас сәулетшісі болып, айтып 

таусылмайтын ауқымды да 

айшықты жобаларға жол ашқан 

жиырма жылда Елбасымыздың 

сындарлы саясаты мен білікті, 

дана басшылығы арқасында 

еліміздің барлық аймақтары 

мен шалғайдағы аудандарда 

да түбегейлі өзгертулер орын 

алды. Осыдан екі жыл бұрын 

Өскеменнің төрінде хакім 

Абайдың ескерткіші орнатылды. 

Бұл ел өміріндегі елеулі оқиға 

болатын. Орыстың ұлы ақыны 

Пушкиннің ескерткіші өз 

атындағы облыстық кітапхана 

алдында бой түзеді. Үндінің ұлы 

ақыны Рабиндранат Тагордың 

қоладан құйылған тұғыры 

Жамбыл атындағы саябақтың 

көрікті жерінде орнатылған кезде 

ұлы мемлекеттің Қазақстандағы 

төтенше және өкілетті елшісі 

салтанатты оқиғаға қатысып, 

келешегі кемел Қазақстанның 

болашағына кәміл сенетінін 

мәлім етті. Алты Алаштың ақ 

бесігі атанған асыл Алтай мен 

ұлтымыздың ұлыларының 

28

БІР ЕЛ – БІР ТАҒДЫР  

· 

Шығыс Қазақстан облысы



киелі ұясы Семей, жағасында 

күллі түркі дүниесінің алыбы 

Күлтегіннің кіндік қаны тамған 

ұлы Ертіс, қоңыраулы көл 

атанған Зайсан мен ақық 

алқадай мөлдіреген Марқакөл, 

тастарында Қаракерей Қабанбай 

батырдың тұлпарының ізі қалған 

барқытбел Тарбағатай өңірлері 

де еліміздің тарихындағы 

биік белес – ел тәуелсіздігінің 

20 жылдық мерейлі 

мерекесін қоғам тіршілігінің 

сан-саласындағы толағай 

табыстармен, жетістіктерімен 

лайықты тартулармен қарсы 

алып отыр.

– Бердібек Мәшбекұлы, өзіңіз 

тізгінін ұстаған өркенді өңірде 

үш жылға таяу уақытта өзендер 

өрнектеген Өскемен құлпырып 

сала берді. Ертіс пен Үлбі 

жағалауы қала тұрғындарының 

сүйікті орнына айналды. Бұл 

жерде әсем гүлзарлар мен тас, 

ағаштан қашалып жасалған 

жануарлар мен ел тәуелсіздігі 

жайлы хабарлар ететін кешендер 

бой көтерді. Әсем Ертіс бойында 

жақында ғана елімізде жоқ 

амфитеатр мен ғашықтар 

аллеясы салтанатты жағдайда 

ашылды. Оған қазақтың 

маңдайға біткен жарық 

жұлдыздары – ақын-жазушылар 

Тұманбай Молдағалиев, Қабдеш 

Жұмаділов, академик Төрегелді 

Шарменов, т.б. қатысты. Ол 

ол ма, құрметті қонақтар 

шырайлы Шығыста екінші 

рет өткен халықаралық жыр 

мүшайрасына да қатысты. Өткен 

жылы кенді Алтайда жаңадан 

үш ауылдың ашылғаны белгілі. 

Оралмандарға арналған Шығыс 

ауылында да еліміздің Алтын 

Заңы қабылданған күні ақын-

жазушылардың қатысуымен 

мектеп пен бала-бақшаның 

салтанатты ашылуы да түсінген 

адамға терең ой салатын 

маңызды шара болса керек. Енді 

осылар жайлы тарқатып айтып 

берсеңіз?

– Тек шығыс өңірі ғана емес, 

ел өміріндегі елеулі оқиғаның 

бірі деп үстіміздегі жылдың 

25-28 тамызы аралығында 

«Алтай» – түркі әлемінің алтын 

бесігі» атты бірінші халықаралық 

форумды атар едім. Бұл 

шараны облыс әкімшілігі 

мен түркі мәдениетінің 

«Түркісой» халықаралық ұйымы 

бірлесіп өткізді. Халықаралық 

форум ашылатын күні оған 

қатысушыларды Елбасы 

Н. Назарбаев құттықтады. 

Салтанатты жиын ашылған 

күні Елбасы құттықтауын ҚР 

Президент әкімшілігі ішкі саясат 

бөлімінің меңгерушісі Дархан 

Мыңбай жиналғандарға оқып 

берді. Бұл шараның мәні мен 

маңызы тереңде. Жапония, 

оңтүстік Корея, Түркия, барлығы 

12 мемлекеттердің елшілері 

мен тарихшылары, мамандары 

қатысқан форумның мақсаты 

– халқымыздың, жалпы түркі 

әлемінің төл құндылықтарын 

терең зерттеу, облыс аумағында 

мәдени туризмді дамытып, 

оған инвестиция тарту болып 

табылады. Алғашқы күні 

форум делегаттары өздерін 

толғандырған мәселелерді 

талқылап, ой бөлісті. Ал оның 

алдында шетелдерден келген 

фотожурналистер Алтайды 

аралап, оның табиғаты, 

адамдары мен жануарлар әлемі 

жайлы түсірген суреттерінен 

көрме ұйымдастырды. 

«Түркісой» ұйымының Бас 

хатшысы Дүйсен Қасейінов пен 

облыс әкімдігі бұл суреттерінің 

басын қосып фотоальбом 

дайындамақшы. Ал кинофильм 

түсіріп, екі жылдан кейін кезекті 

форум делегаттарына аталмыш 

шығармаларды жұртшылық 

назарына ұсыну ойда бар. 

Берел қорғанына әлең 

жұртшылығының назары 

ауып отырғаны шындық. 

Соңғы ғылыми зерттеулер 

көрсеткендей, Алтай Қиыр 

Шығыстан Еуропаға дейінгі 

аралықты мекендейтін саналуан 

халықтардың атамекені. Берел 

қорғанындағы қазба жұмыстары 

адам өркениетінің ең ежелгі 

қоныстары осында орналасқанын 

айшықтай түсті. Сондықтан болса 

керек, Шығыс Қазақстан түркі 

мәдениетін сақтаушы өлке болып 

саналып келді, санала береді 

де. Халықаралық форумның 

басқа да басымдықтары 

бар екенін айта кету керек. 

Мәселен, форум барысында 

біз Қазақстандағы Түркия мен 

Жапония мемлекеттерінің 

Төтенше және Өкілетті елшілері 

Лале Үлкен мен Юдзо Харадамен 

кездесіп, маңызды мәселелерді 

талқылады. Оларға Берел 

қорғаны қатты ұнады. Берелдегі 

тағы бірнеше қорғанды зерттеуге 

қаржы бөлетінінде жасырмады. 

Сауда-экономикалық, саяси, 

мәдени-гуманитарлық салаларда 

қос мемлекетпен қарым-қатынас 

жыл сайын жақсарып келеді. 

Мәселен, Семей мен Түркияның 

Бурса қаласының арасында 

экономикалық тұрғыда біршама 

ұқсастықтарды аңғаруға болады. 

Ауыл шауашылығы, білім саласы 

мен мата тоқуда сауда-саттық 

күшейе түспек. Бурса қаласы 

басшылығының шақыруымен 

қыркүйектің 22-23 күндері облыс 

делегаттары аттанып кетпек. 

Бұл кездесу нәтижесінде екі ел 

арасындағы сауда-саттық дамып 

ғана қоймай, инвестиция көлемі 

арта түспек. 

Өткен жылы 600 миллион 

теңгеге «нұрорда» 

халықаралық мектебін 

түрік ағайындары салып 

берді. Қазір онда 200 

шәкірт терең білім алып 

жатыр. Жыл басынан 

бері Шығыс Қазақстан 

мен түркия арасындағы 

тауар айналымы 35,4 

миллион долларды 

құрады. Ал Жапония мен 

Қазақстан арасындағы 

29

№4

 / 2011



экономикалық 

байланыстар да жемісін 

бере бастады. екі 

жақты тауар айналымы 

ағымдағы жылдың 

алты айында екі есеге 

жуық өсіп, 18,1 миллион 

долларға жеткен. 

Атап айтқанда, атом 

энергиясын бейбіт мақсатқа 

пайдалану, мәшіне құрастыру 

салаларында әріптестік күшейе 

түсті. Бұл ретте Курчатов 

қаласындағы атом өнеркәсібінде 

бірлесіп жұмыс атқарып жатқан 

біздің мамандар мен жапондық 

ғалымдардың жобаларын 

ерекше атаған орынды. 

Қысқасы, халықаралық форум 

аясында жасалған келісім-

шарттар туризмді дамыту, 

Берел қорғанының әлі ашылмай 

жатқан құпиясын зерттеу, басқа 

да тарихи құндылықтарды 

ашуда тың серпін береді деген 

ойдамын. 



– Ел тәуелсіздігінің  

20 жылдығына арналған тағы 

бір маңызды шара – «Шығыс 

шынары» – халықаралық жыр 

мүшайрасы. Оған бірнеше 

елдердің ақындары қатысты. 

Биыл екінші рет өткізілген 

мүшайраның мақсаты мен 

мұраты жайлы не айтар едіңіз?

– Тәуелсіздігіміздің басты 

құндылығы – тіл. Тіл жойылған 

жерде ұлт та құрып бітеді. Егер 

Қызылорда немесе Шымкентте 

жыр мүшайраларын өткізсе, 

ел елеңдеп, құлағын түре 

қоймайтыны белгілі. Себебі 

ол күнделікті оқиға ретінде 

қабылданады. Ал орысы 

қалың, қазағы аз Өскеменде 

жыр мүшайрасын өткізудің 

салмағы басым, маңызы 

зор. Киелі мұрамызды, 

құдіретті қазынамызды, асыл 

байлығымызды қастерлеп, 

бағалау өркениеттің биік үлгісі 

іспеттес. Сондықтан өткен 

жылы алғаш рет Өскеменде 

«Шығыс шынары» атты жыл 

мүшайрасы өткен кезде 

еліміздің жер-жерінен, тіпті 

бірнеше шетелдерден 145-

тен астам ақындар қатысты. 

Биыл мүшайраға қатысқан 

ақындардың саны одан да 

асып түсті. Соның ішінде 16-

сы іріктелініп, Өскеменде 

бас қосты. Екінші рет өткен 

халықаралық мүшайра Ата 

Заңымыздың 16 жылдығы, 

өзендер өрнектелген 

Өскеменнің 291 жылдығына 

арналды.


Былтырғыға қарағанда жыр 

мүшайрасының ерекшелігі 

соңғы кезеңге өткен ақындарды 

бес-алты күн ерте шақырды, 

облыс тұрғындарымен, мектеп 

оқушыларымен жүздестірдік. 

Атақтарынан ат үркетін ақын-

жазушылармен кездесу Абай 

және Жарма аудандарында өтті. 

Тұманбай Молдағалиев, Қабдеш 

Жұмаділов, Темірхан Медетбек, 

белгілі ақындар Қазыбек 

Иса, Жәркен Бөдеш, Жүрсін 

Ерман, Қорғанбек Аманжол, 

тағы басқалар кездесуде 

өлеңдерін оқып, пікір алмасты, 

шығармашылық жоспарларымен 

таныстырды. «Шығыс шынары» 

жыр мүшайрасын Өскемен 

қаласының әкімдігі мен Қазақстан 

Жазушылар одағы бірлесіп 

өткізді. Оның қорытындысы 

жайлы «Егемен Қазақстанда» 

жарияланады, жеңімпаз 

ақындардың өлеңдері берілді, 

сондықтан қайталаудың қажеті 

шамалы болар. Десек те, өлең 

жырға сусап қалған шырайлы 

Шығыс халқы үшін мұндай 

жыр додаларының жыл сайын 

дәстүрлі түрде өтіп тұруы 

заңдылық. Мүшайраға қатысқан 

ақындар Өскемен, тәуелсіздіктің 

20 жылдығы, ел тыныштығы 

жайлы жырларын арқау етті. 

Өткен жылы «Шығыс шынары» 

жыр мүшайрасы жайлы кітап 

оқырмандардың қолына тиді, 

екінші жыр додасынан да кітап 

құрастырылмақ.



Каталог: sites -> default -> files
files -> Мұратбеков Сайын
files -> ҚазҰТУда «Ерлігі жүрегінде елінің» атты Зейнеп Ахметовамен кездесу өтті
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
files -> БАҒдарламасын дамыту жолдары ақашева Ә. С г.ғ. к., доц., Дүйсебаева К. Ж. г.ғ. к., доц
files -> А. Т. Селкебаева
files -> Бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мектептер үшін) Түсінік хат
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет