Құрметті әріптестер! АҚпараттық хат «Өрлеу» баұО» АҚ-ның «Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институты»



Дата22.02.2023
өлшемі74,5 Kb.
#69880
Байланысты:
Ақпараттық хат 15.03.2023


«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ-НЫҢ «АТЫРАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША КӘСІБИ ДАМУ ИНСТИТУТЫ» ФИЛИАЛЫ



Құрметті әріптестер!


АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

«Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның «Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы «Нәтижелі оқыту - білім берудің тенденциялары» тақырыбында онлайн республикалық ғылыми тәжірибелік конференция (әрі қарай – Конференция) жұмысына қатысуға шақырады.


Конференция мақсаты: қазіргі заманғы білім беру жүйесіндегі педагогтің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған жедел білім беру міндеттерін жүзеге асырудағы өзекті мәселелерді талқылау, шешу жолдарын іздеу және тәжірибе алмасу үшін диалог алаңын құру.
Конференцияның негізгі міндеттері:

  • Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыра отырып, педагогикалық үрдістің жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;

  • Педагогикалық кадрлардың кәсіби құзыреттіліктерін дамытудың жолдарын қарастыру;

  • Оқыту мен тәрбиелеу қызметіне инновациялық тәсілдерді енгізу мәселелері бойынша озық педагогикалық тәжірибені таратуға үлес қосу.

Конференция жұмысының бағыттары:
- Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін дамытудағы біліктілікті арттыру жүйесінің ролі;
- Білім беру тенденцияларының білім сапасын арттыруға ықпалы;
- Қазіргі заманғы білім мен ғылымды дамытудағы мұғалімнің құндылығы.
Конференцияны ұйымдастырушы:
«Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның «Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы.
Конференция жұмысына қатысуға ғалымдар, біліктілікті арттыру ұйымдары, жоғары оқу орындары, облыстық (қалалық/аудандық) білім басқармалары мен бөлімдерінің басшылары мен қызметкерлері, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары, мектепке дейінгі, жалпы және арнайы орта білім беру ұйымдарының педагогтері, магистранттар шақырылады.
Конференция жұмысы қазақ, орыс тілдерінде жүргізіледі.
Өткізу күні: 15 наурыз 2023 жыл, сағат 10:30 (Астана қ. уақытымен).
Қатысу форматы: Zoom платформасында онлайн режимде.
Қосылу үшін сілтеме: https://us06web.zoom.us/j/7010000317?pwd=S0dXeWpua1Y4eldTQkxxdmVmbGRhZz09 Конференцияның идентификаторы: 701 000 0317
Кіру коды: 202020


1-қосымша


Өтініш парағының үлгісі

Аты – жөні






Оқу немесе жұмыс орны, лауазымы






Ғылыми дәрежесі мен атағы






Жұмыс бағыттары (секция атауы)






Баяндама тақырыбы






Баяндама ұсыну түрі: тікелей, сырттай (қажеттісінің астын сызу)




Адрес, телефондары жұмыс, үй, ұялы,
электрондық пошта адресі (E-mail)





2-қосымша
Мақалаларды рәсімдеуге төмендегідей техникалық талаптар қойылады:

  • Мақала мәтінінің көлемі 3-5 бетке дейін. Word мәтіндік редакторда терілуі керек

  • Суреттер *jpg немесе gif форматта кескінделуі қажет.

  • Бет параметрлері: сол жағы – 3 см., оң жағы 1,5 см., жоғары және төменнен 2 см

  • Шрифт: Times New Roman (кегль 12)

  • Жолдарының арасы 1 интервал

  • Азат жолдың басталуы 1,25 см

  • Баяндама атауы майлы бояумен ортаға жазылады.

  • Одан төмен автордың толық аты-жөні, қала, мекеме атауы және қызметі ортаға жазылады;

  • Мақала парақтары нөмірленбейді.

  • Әдебиеттерге сілтемелер тік жақша ішінде [ ] көрсетіледі.

  • Ұйымдастырушы алқасы мақалалар мазмұнына жауап бермейді.

Материалдарды электрондық поштамен moir-atyrau@mail.ru қосымша тіркеме файлдар түрінде жіберуге болады. файл атауы – Автордың аты-жөні, конференция атауы. Тікелей қатысушылар баяндама презентациясын бірге жіберу сұралады. Конференция материалдары жарна төленгендігі туралы түбіртекпен бірге қабылданады.

Конференцияға қатысу үшін үміткерлер арнайы жарна төлейді.


Жарна мөлшері 4500 теңге ( төрт мың бес жүз теңге)


Каспий кз - Төлемдер - Білім – Қосымша білім ҚР БҒМ "Өрлеу" БАҰО»АҚ таңдаймыз - филиалға- Атырауская обласын таңдаймыз – курс тақырыбына конференция атауын («Нәтижелі оқыту - білім берудің тенденциялары» республикалық конференция )жазамыз, ИИН - ТАӘ қатысушы – 4500 теңге – төлем жасау


Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Атырау қаласы, Авангард-4 ықшам ауданы, адмирал Лев Владимирский көшесі 24, «Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның «Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы.
Ұйымдастыру алқасы: «Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасы.
Байланыс телефондары:
87025634036 – Қаленова Гульзахира Сапарғалиқызы
87754611384 – Джаманбаева Светлана Танбаевна
Тел:8(712)2 20-08-34, Электрондық пошта: moir-atyrau@mail.ru
Ұйымдастыру алқасы

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет