9-дәріс. Информатиканы қосымша оқытудың түрлері. Мақсаты



Дата10.12.2023
өлшемі15,25 Kb.
#136063

9-дәріс. Информатиканы қосымша оқытудың түрлері.
Мақсаты: Бiлiм беру қызметкерлерiнiң ақпараттық технологияны қолдану саласы бойынша бiлiктiлiгiн көтеруді дамытудың негiзгi жолдарын қарастыру
Жоспар:

Кілттік сөздер: оқыту түрлері, ақпараттық техгология, дидактика, оқыту.

Мектепте компьютерлердің пайда болуы оқушылардың сабақтан және мектептен тыс жұмыс істеуіне көп мүмкіндіктер берді. Информатикадан жүргізілетін қосымша сабақтар оқушылардың жеке қабілетін дамытуға мүмкіндіктер береді. Ол өзінің алдына мынадай міндеттер қояды: а) информатиканы және оның қолдануларын тереңдетіп оқытуға деген қызығушылығын туғызып, дамыту; б) ғылыми зерттеу сипатындағы дағдыны қалыптастыру; в) информатика мен ЭЕМ-ны қолдану саласында мектеп оқушыларының еңбекке, мамандық алуға дайындығын қамтамасыз ету; г) оқушылардың бос уақыты мен демалысын ұйымдастыру.


Мектеп оқушыларымен информатика пәні бойынша жүргізілетін кластан тыс жұмыстар кейбір жағдайларда дәстүрлі үйірме, факультативтік курстар, экскурсия, олимпиадалар түрінде болуы мүмкін. Сонымен қатар, мұндай жұмыстардың өзіне тән ерекше түрлері де болады. Оларға компьютерлік клубтар, жас программалаушылардың сырттай оқытатаын және күндізгі мектептері, мектептен тыс жұмыстармен ұштасатын арнаулы дайындық түрлерін де жатқызуға болады. Математика мен физиканы тереңдетіп оқытатын кластар мен мектептер, мектеп аралық оқу өндірістік комбинаттарында дайындалатын мамандықтар да жатады.
Ақпараттық технологияларды меңгеру негізінді жаңа тұрпатты мұғалім қалыптастырудың біз ұсынып отырған дидактикалық шарттар жүйесінің екіншісі - «Болашақ мұғалімдердің ақпараттық құзырлылығы» атты әдістемелік нұсқау. Бұл нұсқаудың негізі мақсаты – болашақ мұғалімдердің ақпараттық сауаттылығын арттыру, ақпараттық мәдениетін арттыруға бағытталған.
Дидактикалық жүйелердің үшіншісі - «Ақпараттық технологиялар жағдайындағы студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру» атты арнайы курс. «Ақпараттық технологиялар жағдайындағы студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру» атты арнайы курс бағдарламасы жоғары оқу орындарындағы студенттердің терең білім алып, кәсіби-шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі дамытып, жоспарланған жұмыстарды қызығушылықпен орындап, меңгеріп шығуына және кәсіби біліктілігін толықтыруына септігін тигізетіні анық.


Әдебиеттер тізімі:

  1. Хамзина А. Бастауыш сыныпта информатиканы енгізудің қажеттілігі /А. Хамзина, Г. Молдағалиева, Г. Қабдисалиева // Информатика негіздері. - №5 2012

  2. Ибашова Ә. Информатиканы бастауыш мектептен бастап оқыту /Ә. Ибашова, Ж. Қадырбаева // Информатика негіздері. - №5 2013

  3. Хамзина А. О. Информатиканы оқыту ерекшеліктері. /А. Хамзина. // Бастауыш мектеп. - №2 2010

  4. Балафанов Е.К., Кабулова Г.С. и др. Основы информационной культуры. Методическое руководство для 1-4 классов. ТОО «Аруна LTD», 2009

  5. Ермеков Н.Т., Ногайбаланов С.Ж. Информатика. Учебники для 2-4 класса 12-летней школы, Алматы «Алматыкитап»2012.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет