Құрметті жарысқа қатысушы оқырман! Мәлік Отарбаевтың «Шамнан ұшқан шағала»



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата05.09.2023
өлшемі0,57 Mb.
#106142
  1   2


Құрметті жарысқа қатысушы оқырман! 
Мәлік Отарбаевтың «Шамнан ұшқан шағала» әңгімесінің осы 
электронды нұсқасын таратуға рұқсат бермеймін. Бұл шығарма kitapjaris 
ұйымдастырған кітап сайысында оқытылды. Ӛзіңіз ғана оқыңыз. 
Еңбегімді бағалаңыз. Аманатқа қиянат жасамайсыз деп сенемін. 
Кеме гүрілі ӛзге түгілі ӛзіне ештеңе естіртпей, даусы тұншығып шықса да, 
жас жігіт жан дүниесін ерекше тебіренткен теңіздің қаракӛк толқындарымен бірге 
толқып, «һе-һе-һе-һей!» деп қуана айқай салды. Бір-бірімен жарыса желге қарсы 
ұшқан шағала құстар қиқуға қиқу қосып, біресе кӛкке самғап, біресе тӛменге 
шүйлігіп кеткендей болады. Бала кезінде «Таудай бол!» деп талабын ұштаған 
аталардың ақ батасымен тауға қарап ержеткен жігіт емес пе, ол ӛзінің туған 
жеріндегі Тәңіртаудың қарлы шыңдарына шыққан кезде де дәл осылай айқай 
салушы еді. 
Тӛлеген енді тезірек жағаға жетіп, Ыстанбұлдағы Сүлеймен мешітінде намаз 
оқуға асықты. Кӛңілінде үлгірмей қалмас па екенмін дегендей алаңдаушылық та 
бар. Құлшылық ғибадатын атқарған соң мешітке қарама-қарсы орналасқан 
Ерзинжанлы Али баба асханасынан тамақтанып алуды да іштей ойластырып 
қойды. Алып қалаға білім алуға келгелі бері әр аптаның соңында ол тарихи 
жерлерді аралауды әдетке айналдырған-ды. Босфор бұғазының Азия жағалауынан 
кемеге мініп, осында жетуге асығатыны да сондықтан. 
Енді міне, ой-қиялымен құс қанатына ілесіп, ақ кӛбік шашқан телегей 
теңіздің толқындарын қызықтап отыр. Кішкентай баланың қолынан симит 
тоқашын жұлып әкеткен шағаланың әнтек әрекеті еріксіз назар аударады. Құстар 
әлемі туралы оқыған аңыз-әңгімелерді де еске салады. Кенет «Аға, шай ішесіз бе?» 
деген дауыстан селк ете түсті де, шай таратып жүрген жас баланың қолындағы 
ыдысқа қарады. Қызыл күрең шайға онша зауқы соқпады. Бұғаздың Азия 


жағалауынан Еуропа жағалауына қарай бағыт алған туристік кеме бара жеріне 
асыққан жұрттың кӛңіліне жайбарақат, баяу қозғалып келе жатқандай болып 
кӛрінеді. 
Босфордың айдыны кӛзге шағылысып, жалт-жұлт етеді. Теңіздің бір шетінде 
қарақұрым халық, екінші тұсында тарихи ғимараттар. Жолаушылар Еминӛнү 
айлағына жақындай бергенде азан шақырыла бастады. Тӛлеген кемеден жүгіре 
түсіп, жол бойында тұрған таксилердің біріне отырып, Сүлеймен мешітіне қарай 
бет алды. Ыстанбұлдың үшінші тӛбесінен сан ғасырлар бұрын бой кӛтеріп, қала 
сәулетіне сән қосқан мешіттің мұнаралары азан шақырылған сайын биіктей 
түскендей болады. 
Күмбезді айнала ұшқан кӛгершіндер азаншының даусына құлақ түріп, жерге 
қона бастағандай. Әлмисақтан бері талай-талай заманалардың кӛзін кӛрген кәрі 
шынардың жапырақтары да сол мезетте баяу ғана сыбдыр қақты. Мешіттің 
алдында ойнап жүрген қайыршы балалардың күлкісі мұнда жиналған игі-
жақсылардың кӛңіліне әрқилы ой салады. 
Тӛлеген мешітке кірді де, жамағатқа қосылып сапқа тұрды. Құт қонған 
тарихи ғимараттың тылсым ауасы сыртқы әлемнен мүлде бӛлек секілді. Намаз 
аяқталғаннан кейін имам ұзағынан дұға оқыды. Оның дұғасы – жалынып-
жалбарыну, мұң-шер тарқату еді. Кӛкке қарай жайылған қолы аспанға жетіп 
тұрғандай. Имамның кӛңілі алабұртып, әрбір сӛзін нақыштап, тәспінің 
моншағындай теріп отыр. 
– О, Ұлы Алла тағала! Біз сенің шексіз жарығыңа зәруміз. Қараңғы түнде 
белгісіз бағытқа қарай сапар шегіп барамыз, – дейді имам. – Бойымызда күш, 
жүзімізде рең, санамызда ақыл жоқ. Жын қаққандай хал кешудеміз. Мына ӛмірді 
күйбеңмен ӛткіздік. Бел жазып, тура жолға түсе алмай келеміз. Ауыр күнәға батқан 
арсыздар мен оларға бей-жай қарап отырған санасыздар бар. Күнәһарлар тәубені 
ұмытып, адамдық құндылықтардан алшақтаған. Қат-қабат қателігіміз ұшы-
қиырына кӛз жетпейтін теңізді кірлететіндей деңгейге жетті. Бір-бірімізді ӛлтіріп, 
бейкүнә жандардың кӛз жасына қалудамыз. Теңіздер мәйіттерді жағаға лақтыра 
бастады. Мұның барлығы басқалардың емес, біздің кесірімізден. О, Раббымыз! 
Мұңымыз осы, шеріміз осы! Жар бола гӛр, жәрдем ете гӛр! Ӛзіңнен үміт үзбейміз. 
Күнәһар пенделеріңді үмітсіздік ұйығына батудан сақтай гӛр! 
Имамның сӛзіне ұйыған жамағат дұға аяқталғаннан кейін орнынан тұрып, 
жаппай сыртқа беттеді. Тыста тұрған балалар олардың алдынан жүгіріп шығып, 
қайыр тілей бастады. Олар үшін рахым күтудің ең ұтымды кезі де осы – имам 
ұзағынан оқыған мінәжаттан кейінгі толқулы сәт еді. Тӛлегеннің дұғадан 
әсерленгені соншалық, отырған орнында тапжылмай қала берді. Кӛзі жасаурады. 
Шағала құстың жанарына шағылысқан кӛкпеңбек теңіздің қараңғы тағдыры кӛз 
алдына елестегендей болды. Таудай толқындар шайқаған қайықтағы үрейі ұшқан 
адамдарды кӛрді. Айсыз қараңғы түнде ӛлім құшқан балалардың даусын естіді. 
«Ендігі қалғандарын аман-сау жағаға жеткізе гӛр, Ұлы Құдірет!» деп алақан 
жайып, жалбарынды. 


Содан соң ӛзі туып-ӛскен қаладағы кӛк базарда қысы-жазы сауда жасайтын 
шешесінің, зейнетке шыққаннан кейін такси жүргізіп, жолаушыларды тасып 
жүрген әкесінің, жап-жас бауырлары Айман мен Айбектің амандығын тілеп, дәл 
осы мезетте олар не істеп отыр екен деп қиялдады. Олармен бірге ақ дастарқан 
басында шүйіркелесіп, әңгімелескісі келді. Әкесінің кӛлігін жуып, шешесіне 
жәрдемдесіп, іні-қарындасымен бірге кітап оқуды армандады. Еріксіз кӛзінен жас 
ақты. Отбасын – әке-шешесін, бауырларын сағынды. Қатты сағынды… 
Тӛлеген бір сәт еңсесін тіктеп, тӛңірегіне кӛз тастағанда ӛзінің жалғыз 
қалғанын аңғарды. Сыртқа шығып, терең тыныс алды. Сәулет ӛнерінің жауһары 
болып саналатын үлкен мешіттің келбетіне қарады. Мәрмәр тастан тұрғызылған 
тарихи жәдігердің іргетасына таңғалды. «Егер бұлар кӛшеде жатса, жай ғана 
елеусіз тас болып қана қалар еді. Ешкім оған мән бермес те еді. Ал мына тарихи 
жәдігердің бір бӛлшегіне айналған соң қадірі артты. Әсілі адам баласы да солай 
емес пе? Абай атамыз айтқандай, «кетігін тауып, қаланатын» болса, қадір-қасиеті 
артып шыға келмек. Ешкім ӛзінің туған жерінен алыста, айсыз қараңғы түнде, 
ұшы-қиыры жоқ теңіздің ортасында қалмауы керек» деп ойға батып, күрсінді. 
Содан соң мешітке қарама-қарсы тұрған тарихи асханаға қарай бет алды. 
Дәмханаға қарай тӛселген тас жолдың бойында ойнап жүрген сириялық 
балалар Тӛлегенді күтіп тұрғандай түрік тілінде: 
– Алла ризалығы үшін! – деп қолдарын соза бастады. Балалардың үсті-
бастары алқам-салқам, жалаң аяқтарына рәзіңке сүйретпе киіп алған. Шаштары 
ұйпа-тұйпа, кӛздері ісіңкі. 
Олардың 
ар 
жағында 
әңгімелесіп 
тұрған 
әйелдер 
Тӛлегеннің 
салқынқандылық танытқанын кӛріп, ӛз тілдерінде балаларға айқайлап, қойыңдар 
дегендей қолымен белгі беріп жатты. 
Тӛлеген олардың кӛзіне тура қарамай, жанынан жылдам ӛтіп кеткісі келді. 
Кенет асханаға жақындай бергенде әлдебіреудің жіп-жіңішке саусағы пиджагінің 
жеңінен тартқанын сезді. 
– Алла үшін кӛмек беріңізші, ағатай! – деген қазақ қыздың нәзік үні жүрегін 
шым еткізді. Ол бірден тоқтай қалды. Аң-таң болып: 
– Сен қазақсың ба? Мұнда не істеп жүрсің? – деді. 
Қызыл жамау кӛйлек киген, шашы ұйпа-тұйпа кішкентай қыз үндемеді. Бұл 
қазақша сӛйлейді деп күтпеген болса керек, сірә. Тӛлегеннің кӛзіне тік қараған қыз 
бірден түрік тіліне кӛшіп: 
– Ne olur, Allah rızası için! (Алла ризалығы үшін жалынамын!) – деді қолын 
созып. 
Тӛлеген енді қос тілді араластыра сӛйлеп, қайта сұрады: 
– Әке-шешең қайда? Туған-туысқандарың бар ма? Мұнда не істеп жүрсің? 
Әлде адасып кеттің бе? Атың кім? 
Қыз қайтып үн қатпады. Ол қыздың қолынан ұстап, бетіне жанашырлықпен 
қарап: 
– Аш емессің бе? Тамақ жедің бе? – деп сұрады. 


Бұған жәутеңдей қараған қыз ӛзінің аш екенін айтып, жылай бастады. Кӛз 
жасы шаң қонған қараторы жүзін айғыздап, ала-құла із қалдырып жатты. 
Тӛлегеннің кішкентай қызбен сӛйлесіп тұрғанын байқаған бір қара орамалды 
әйел лезде жүгіріп келіп, қызды құшақтап, жартылай түрікше, жартылай ӛз тілінде 
жұбата бастады. Жылап тұрған қыз әлгі әйелдің кӛйлегінің ұзын етегіне жармасып 
алды. 
Тӛлеген ӛзінің Қазақстаннан оқу үшін келгенін, екі жылдан бері 
Ыстанбұлдың Азия жағалауында тұратындығын, ешкімге ешқандай зиян тигізгісі 
келмейтінін, тек мына қызға тамақ алып бергісі келетіндігін айтып түсіндіре 
бастады. 
Қара орамалды әйел қыздың басынан сипап: 
– Кӛрдің бе, қызым, ол да сен сияқты қазақ екен. Саған аға болады, – деп 
жымиды. Қыз сонда да әлгі әйелдің етегінен айырылмады. 
Тӛлеген оларды бірге тамақтануға шақырды. Ӛйткені қазақ қызының бұл 
жерге қалай келгенін, отбасының қайда екенін, сириялық әйелдің оларға қандай 
қатысы бар екенін анықтап білгісі келді. 
Ал әйел болса, басын қайта-қайта шұлғып: 
– Сізге үлкен рахмет! – деді. Содан соң қыздың қолынан тартып: 
– Жүре ғой, асхананың артына барып тамақ терейік. Сол жердегі тоқаштар 
да дәмді. Кеттік пе? – деп Тӛлегеннен біртүрлі ыңғайсыздана бастады. 
– Сонда сіздер қоқыстан тамақтанасыздар ма? – деп сұрады бұл шыдай 
алмай. Жағы суалған, жүдеу ӛңді қараторы әйел: 
– Сен де біз сияқты мұсылман екенсің. Алыстан келіп, білім алып жүрсің. 
Біздің жағдайымыз ӛзіңе белгілі ғой. Оның үстіне, аз емеспіз… – деді қайыршы 
балаларды және оларды жұмсап тұрған бір топ әйелді кӛрсетіп. 
Тӛлеген аш-арық, жүдеу қызға бір, мешіттің маңындағы сириялық балаларға 
бір кӛз тастады. Сӛйтті де, есіне бірдеме түскендей: 
– Қазір күте тұрыңыздаршы, мен асхананың иесімен сӛйлесіп кӛрейін, – деп, 
асханаға қарай бұрылды. Ел-жұртқа мәшһүр тарихи асхананың иесі Мехмет Бейді 
Тӛлеген бұрыннан танушы еді. Әр намаздан соң осы асханадан тамақтанатын. 
Мехмет Бей – түркі әлемі десе ішкен асын жерге қоятын ұлтшыл азамат. Кейде 
мұнда Орталық Азиядан келген студенттерге тегін тамақ беріледі. «Біз де 
атажұрттан келгенбіз. Сіздердей бауырларымыз болмаса, мұнда жалғызсырап 
қалар едік,» деуші еді сонда. 
Тӛлеген Мехмет Бейге мән-жайды айтып түсіндірген болды. Қазақ қызына
сириялық әйелдер мен балаларға тамақ алып бергісі келетіндігін, бірақ ақысын 
кейін тӛлейтіндігін айтты. Алғашқыда бұл ұсынысты Мехмет Бей бірден қабылдай 
қоймаған сияқты еді, бірақ артынша Тӛлегеннің ӛзіне сенім білдіріп: 
– Алладан қайтсын, бауырым. Бүгін, Құдайға шүкір, табысым жаман емес. 
Дегенмен, саған бірдеме айтайын ба? Әуелде бізді сириялық бауырларымыздан 
қасақана жирендірді ғой. Қазір мұсылманның мұсылманға жаны ашымайтын заман 


боп кетті. Осыны біле тұра жақсылық жасауға жарамасақ, таң азаннан қара кешке 
дейін несіне терлеп-тепшіп еңбек етіп жүрміз? – деді. 
Сол сәтте қуанғаннан Тӛлегеннің тӛбесі кӛкке жеткендей болды. 
Аздан соң асхананың алдына жайылған дастарханға бас салған балаларға 
қарап отырған әйелдер кӛз жасын сүртіп, бірде асхананың иесіне, бірде Тӛлегенге 
алғыс айтып, ризашылықтарын білдіріп жатты. Балалардың дәл осындай дәмді 
бұршақ сорпасын кӛптен бері ішпегені кӛрініп-ақ тұр. Сорпаға арнайы туралған 
пияздың ӛзін апалақтап-құпалақтап ауызға тығып жатыр. Қара орамалды әйелдің 
қасында отырған Тӛлеген енді кішкентай қазақ қызы туралы білгісі келіп, сұрай 
бастады. 
Ол асықпай-аптықпай сорпа ішіп отырып: 
– Бауырым, бұл қыздың есімі Айсамал, – деп әңгіме айтуға кӛшті. – Биыл 
алты жасқа толды. Біз туысқан емеспіз. Шешесі Айнұрмен Шамда кӛрші болдық. 
Айсамал менің оқушым еді. Мен ол жақта бастауыш сыныптың мұғалім болып 
істедім ғой. Міне, енді… Ӛзің кӛріп отырғандай, соғыстың кесірінен осында келіп, 
босып жүрміз. Айсамалдың әкесін кӛрген емеспін. Сирияға соғысу үшін бала-
шағасымен бірге келіпті деп естігенмін. Мол табысқа кенелемін деп ойлаған болса 
керек. Әйелі мен қызын Шамға тастап кетіпті. Артынан оның Халептегі шайқаста 
ӛлгені туралы хабар келді. Мәйітін де жеткізген жоқ… 
– Ал шешесі қайда? Оған да бірдеме болды ма? – деп сұрады Тӛлеген 
үрейленіп. 
– Айнұр Сирияға келгеніне қатты ӛкініп жүрді. Отанына қайтып ораламын 
деп талай әбігерге түсті. Туған-туыстарына хат жазып еді, жауап болмады. Жалпы, 
Сирияға келген адамның қайтып оралуы ӛте қиын ғой. Қазір ол жер барса келмес 
секілді соғыс алаңы емес пе… 
Бір күні екі баламмен бірге Айсамалды да алып мектепке кеткенмін. Құдай 
бізді сақтапты. Үйімізге зеңбіректің оғы түсіп, үлкен жарылыс болды. Сӛйтіп, ӛмір 
бойы жиған-тергенімізден айырылып, жер сипап қалдық. Пәни дүние дегенің осы 
екен. Күйеуімнің қайтыс болғанына үш жылдан асты. Біз үйсіз қалдық. Айнұр сол 
кезде қатты жараланып, ауруханада жатты. Ол есін жиған соң Ақ теңіз арқылы 
Түркияға жетуге болатынын білдік. Осындағы босқындардың лагерін паналап, 
тыныш ӛмір сүреміз деп ойладық, – деді қара орамалды әйел кӛз жасын сүртіп. 
– Теңізден қалай ӛттіңіздер? 
– Қолымыздағы қалған дүниені беріп, бір қайық жалдадық. Бізбен бірге 
кеткісі келгендер кӛп болды. Бала-шаға, кәрі-құртаң, қатын-қалаш — бәрі ілесті. 
Біз шыққанда күн ашық еді. Қас қарайғанда бір сұмдық басталды… 
– Сонда не болды? 
– Құдай оны ешкімге кӛрсетпесін! Кеш түскен соң жел кӛтерілді. Толқындар 
бірте-бірте биіктей берді. Ондай қорқынышты мен соғыс майданында да сезінген 
емеспін. Қайығымыз түпсіз бір қараңғылыққа сіңіп бара жатты… Келесі бір сәтте 
таудай биік толқын кеп, бізді аспанға лақтырды. Қолымызды созсақ, бұлттарға 
тиетіндей болды. Сол кезде бір әйел баласымен бірге ғайып болды. Сосын тағы бір 


қария кетті. Қасымда отырған Айнұрдан да кӛз жазып қалдым. Кішкентай Айсамал 
менің етегіме жармасып жан сақтапты. Тағы бір толқын келіп соққанда ӛзімнің де 
есім ауып бара жатқанын білем… Кейін кӛзімді ашсам, кеменің ішінде жатыр 
екенмін. Тӛңірегіме жұрт жиналып қалыпты… 
Қара орамалды әйел әңгімесін айта отырып еңіреп жылады. Дастарқан 
басындағы әйелдер де кӛз жасын тыя алар емес. Тӛлегеннің тұсында отырған 
Мехмет Бей де санын соғып, басын шайқай береді. 
– Жыламаңыз. Алланың бұйрығы ғой, балаларыңыз аман-есен қалыпты. 
Шүкіршілік етіңіз, – деп жұбатты Тӛлеген. Бірақ ӛзінің де кӛмейіне ӛксік тығылып, 
әрең сӛйледі. Содан кейін: 
– Кешіріңіз, сіздің есіміңіз кім болады? – деді. 
– Есімім Ниса, – деді әйел маңдайына түскен орамалын түзетіп. Содан соң 
жас жігітке тік қарап, ұзақ уақыт бойы кӛкірегіне жиналған ауыр салмақтан 
құтылғысы келгендей әңгімесін қайта жалғады. 
– Ойлап қарашы ӛзің, Сирияда соғысып жатқандарды емес, оларды 
соғыстырып қойып, байлыққа белшесінен батып отырғандарды кінәлау керек емес 
пе? Менің білуімше, жүздеген қазақ, қырғыз, түрікмен және басқа да ұлттың 
адасқан жігіттері мұнда жиһад үшін келдік деп, алданып жүр. Оларды адастырып 
отырған ағымдардан: «Сонда қалай, біреудің үйіне келіп, шырқын бұзу да жиһад 
болып па?» деп сұрағым келеді. Алла тағала оларды кешіреді деп ойламаймын. 
Ондай қырғыннан ешкім де аман-сау оралған емес. Сонда бұған ешкім де тоқта деп 
айта алмай ма?! Біздер ӛлу үшін емес, ӛмір сүру үшін келдік емес пе бұл дүниеге! 
Әркім ӛз отанында тіршілік еткісі келеді! Балаларының бӛтен елде қайыршы болып 
жүргенін ешкім де қаламайды. Біздің де арманымыз бар. Бесік тербетіп отырып, 
айтатын ертегіміз бар. Соның барлығы бір ғана сәтте тас-талқан болды. Жаны 
кӛкке ұшып кеткен балаларымызды лақтырған толқындар емес, адамдар. 
Мұсылман атын жамылған екіжүзділердің кесірі бізге тиіп отыр. Сирияда залымдар 
менің сіңлімді ұрлап әкетті. Қазір ол соғыс майданындағы бір қанішердің әйелі 
болып жүр. Кейін оны да ӛлтіреді… 
Нисаның күллі адамзатты жерге қаратқандай ызалы, қорқынышты 
әңгімесінен Тӛлеген де қысылды. Шынында да, Айсамалдың әке-шешесі сынды 
талай қазақ баласы Сирияда не істеп жүр? Олардың мұнда не шаруасы бар? 
Кішкентай балаларының жазығы не? Жер бетін жайбарақат басып жүрген бақытты 
адамдар оқ пен оттың арасынан аман шығып келген бұл балалардың бетіне ертең 
қалай қарайды?.. 
– Ниса ханым, Айсамалмен кездесіп тұруға рұқсат етесіз бе? – деді ол ӛтініп. 
– Әрине, болады. Ӛткенде бір мекемеге Айсамалдың бір-екі құжатын 
тапсырғанбыз. Егер анықтама қағазы шықса, қызымды ӛз еліне жіберемін. Бұл ӛте 
ақылды қыз, – деп Ниса оның бетінен сүйді. 
Мұны естіген Тӛлеген қатты қуанды. Үміт болған жерде бақыттың да 
болатынына іштей сенді. 


*** 
Ертеңіне Тӛлеген мешітке тағы да келді. Қара орамалды Ниса ӛзге 
әйелдермен бірге кешегі жерде, жолдың шетінде әңгімелесіп тұр екен. Бұл жолы 
асыр салып ойнап жүрген балалар ӛздерінің ағасын кӛргендей қуанып, Тӛлегенмен 
жапа-тармағай сәлемдесіп жатты. Ол қалтасынан кәмпит шығарып, бәріне таратып 
берді. Айсамал Нисадан ажырар емес. Тӛлеген оның қасына келіп, шоколад 
ұсынды. 
– Қалайсың, Айсамал? 
Айсамал күлімсіреп Нисаға қарады. Ниса ала ғой дегендей қолымен белгі 
бергенде ғана шоколадты алып: 
– Рахмет, аға! – деді. 
Тӛлеген Айсамал екеуміз әңгімелесіп, серуендеп қайтсақ бола ма деп рұқсат 
сұрады. Ниса: 
– Иә, сендер қыдырып келіңдер. Мен әлгі мекемеге барып, анықтама қағазы 
дайын болды ма екен, сұрап білейін, – деді. 
Тӛлеген Айсамалдың қолынан ұстап, мешіттің кең ауласында арлы-берлі 
қыдырыстап жүрді. Айсамал оған ӛзінің кӛрген-білгендерін айтып, мешіттің 
құбыла тұсында тұрған кесенелер мен құлпытастардың қайдан пайда болғанын, 
гүлзар бақтағы әр түрлі гүлдердің қалай аталатынын, тіпті осы маңда жүретін 
мысықтардың қайдан келгеніне шейін қызыға сұрады. 
Мешіттің алдындағы алып шынарға қарай жақындай бергенде бір ақ түсті 
кӛбелек бұларға жол кӛрсеткендей қалықтап, тура алдарында ұшып бара жатты. 
Оған мәз-мейрам болған Айсамал қуалай жӛнелді. Кӛбелек жетім қыздың кӛңілін 
кӛтеріп, бірге ойнап бара жатқандай еді. Кенет алып шынарға жақындай бергенде, 
ақ кӛбелек кілт жоғары кӛтеріліп кетті. Айсамал басын кӛтеріп, тӛбеге ұзақ қарады. 
Содан кейін қуанышын жасыра алмай секіріп, қол шапалақтады. 
Тӛлеген ағаштың түбіне келіп, кӛк шӛпке жайғасып отырып: 
– Айсамал, сен қазақ тілін ұмытпапсың ғой. Жарайсың! Қазақстанда ата-
әжең бар ма? – деп оны сӛзге тартты. 
Қыздың кӛзінен сағыныш оты жылт ете түскендей болды. 
– Ата-әжем жоқ… – деді ол жеңіл ғана күрсініп. — Әке-шешемді сағындым. 
Мамам қайда? Папам тірі ме екен? Сіз білесіз бе?.. 
– Ниса апаң айтып еді ғой, олар құсқа айналып кетті деп. 
– Қандай құсқа? Мына құстар сияқты ма? – деді ол тап осы сәтте нанға 
таласып, даусы саңқ ете түскен шағалаларды кӛрсетіп. 
– Иә, бұлар шағалалар ғой. Теңіздің үстінде ұшып жүреді. Балық аулайды. 
Айсамал күлімсіреп, шағала құстарға мұқият қарап алуға тырысты. Ол әке-
шешесінің құсқа айналғанына сенді ме, жоқ па, ол жағы белгісіз күйде қала берді. 
Содан соң Тӛлегенге қарай бұрылып: 
– Мен мамаммен бірге теңіз жағасына барғанымда шағалаларды кӛрген едім. 
Олар біздің қалада да болған. Мүмкін мына құстар сол жақтан ұшып келген 
шығар? – деді. 


– Иә, әбден мүмкін. Демек, сендер бұрын теңіз жағасында тұрғансыңдар ғой, 
солай ма? 
– Иә. 
– Ол жақта туған-туысқандарың бар ма? Аға-әпкелеріңді білесің бе? 
Ұмытқан жоқсың ба? 
Айсамал үн қатпады. Тек білмеймін дегендей ақырын ғана басын шайқады. 
Сонсоң: 
– Аға, сіз шағалалар туралы ертегі білесіз бе? – деп сұрады. 
– Иә, білемін. 
– Ендеше, маған айтып бересіз бе? 
– Әрине, айтып беремін, – деп Тӛлеген енді шағалалар туралы оқыған бір 
ертегіні есіне түсіре бастады. 
– Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бӛртеде, осы Ыстанбұлдай бір үлкен қала 
болыпты. Ол шаһарды патша билепті. Патшаның сүйікті қызы сен сияқты сұлу 
екен. Сондықтан да әкесі қарамағындағы ел-жұртқа қызына сұқтанып қарауға 
тыйым салыпты. Ханшайым сарай қызметкерлерімен серуенге шыққанда, ел-жұрт 
оған тік қарамау үшін бастарын иіп, кӛздерін тӛмен түсіреді екен. 
Айсамал кенет Тӛлегеннің сӛзін бӛліп: 
– Ал ханшайымға қараса не болады екен? – деді. 
– Қараған кісіні дар ағашына асады, – деп Тӛлеген ертегісін ары қарай 
жалғастыра берді. 
– Бір күні ханшайым серуенге шыққанда бір жас жігіт патшаның тыйым 
салғанына қарамастан басын кӛтеріп, оған қарап қалады. Сӛйтеді де ханшайымға 
ӛлердей ғашық болады. Таңды таңға ұрып, ханшайымның сұлу жүзі кӛз алдынан 
кетпейді. Күндіз күлкі, түнде ұйқыдан айырылады. Енді онсыз ӛмір сүре 
алмайтынын түсінеді. Басы кесілсе де, ханшайымды тағы бір мәрте кӛруге ынтызар 
болады. 
Ханшайым да оны ұнатып қалады. Жігітке зияным тиіп кетпесін деп, 
апталап алтын сарайдан шықпайды. Ақыры шыдамы таусылған жігіт жасырынып, 
сарайдың биік қамалына шығып, ханшайымды кӛреді. Екеуі бір-бірімен үнсіз 
сырласады. Жігіт ханшайымды сүйетіндігін айтпақ болғанда патша нӛкерлері оны 
кӛріп қалып, ұстап алады. 
Сӛйтіп, қаһарлы патшаның алдына алып келеді. Жігіт патшаға бар шынын 
айтып, «онсыз маған ӛмірдің мәні жоқ!» дейді. Ханшайым да сүйіктісі жазаға 
тартылмауы үшін әкесіне жалынып-жалбарынады. Қызының кӛз жасына шыдай 
алмаған патша жігітті ӛлім жазасынан босатады. Бірақ оны теңіздің қақ 
ортасындағы алыс аралдардың біріндегі зынданға апарып тастауды бұйырады. 
Сонымен айлар ағып, жылдар жылжып ӛтіп жатады. Ханшайымды ӛлердей 
сүйіп, сағыныштан сарғайған жігіт аралдағы шағалаларға ӛзінің махаббат сезімі 
туралы жырлаудан жалықпайды. Олар жігіттің әңгімесін тыңдап, бір-біріне 
жеткізіп отырады. Сӛйтіп, күндердің бір күнінде ол туралы Қарт шағала да естиді. 


Оның ӛзге құстарға қарағанда дене бітімі ірі болатын. Ӛткір кӛзінен 
бүркіттердің ӛзі именетін. Қарт шағала ұшып келіп, зынданда жатқан жігіттің 
мұңын тыңдайды. Содан соң оны қанатына отырғызып алып, патша сарайына дейін 
алып барып, ханшайыммен кездестіретінін айтады. «Бірақ, саған қоятын бір 
шартым бар, — дейді. – Осыдан кейін сен ӛмір бойы күндіз шағала болып ұшып 
жүресің, тек күн батқан соң ғана қайтып адамға айналасың.» 
Ал жігіт болса: «Мына аралда жалғыз қалып ӛлгенше, күндіз құс, түнде адам 
болып тіршілік етуге келісемін, — дейді. — Онсыз да адамдар кейде жан-
жануарлар, құстар сынды, ал кейде періштелер сынды ӛмір сүреді емес пе. Ендеше 
шартыңды қабылдадым.» 
Осылайша қарт шағала жігітті патша сарайына жеткізеді. Жігітке 
сарайдағылардың барлығы қызыға да қызғана қарайды. Патша қызын ұзатып, әлгі 
жігітке қосады. Бір-бірімен қауышқан ғашықтардың қуанышында шек болмайды. 
Бірақ жігіт ӛмір бойы таң атқанда шағалаға айналып, қас қарайғанға дейін теңіздің 
үстінде ұшып жүретін болады… 
– Онда менің мамам мен папам да сол құстармен бірге ұшып жүр ғой, – деді 
Айсамалдың кӛзі жәудіреп. – Ертегі қызық екен… бірақ жігітке жаным ашиды. 
Оның құс болып ұшқаны, мүмкін, жақсы да шығар… 
– Иә, ол ӛзінің махаббаты үшін күндізгі ӛмірінен айырылды, – деді Тӛлеген 
қыздың ақылына риза болып. 
Сол сәтте олар ӛздеріне қарай жүгіріп келе жатқан Нисаны кӛрді. Оның 
бірдемеге қатты алаңдағаны байқалды. 
– Полиция бізді жинап әкететін болды. Бұл жерден тезірек кетуіміз керек, – 
деді ол бұлардың қасына жеткен бойда Айсамалдың қолынан ұстай алып. – Әлгі 
анықтама қағаз болмаса, бізді не босқындар лагеріне апарып тастайды, не болмаса 
Сирияға қайтарып жібереді екен. 
Ендігі мән-жайды тез түсінген Тӛлеген консулдыққа барып, Айсамалды 
отанға қайтару жӛнінде ӛтініш жазатынын айтты. Ниса да олардан басқа ешкімнің 
кӛмектесе алмайтынын айтып: 
– Ертең осында кездесейік. Асхананың иесі біздің қайда тұратынымызды 
біледі. Сенен жақсы хабар күтеміз,– деді Айсамалдың қолынан тартып. 
Кенет Айсамал оның қолынан сытылып шығып, Тӛлегенді құшақтай алды.
Тӛлеген оны бетінен сүйіп: 
– Ертең кездесеміз, сонда мен саған тағы да бір қызық ертегі айтып беремін, 
– деді. 
Ниса тӛңірекке алаңдай кӛз тастап, қызды ӛзіне қарай тартты. Сӛйтті де, 
асыға басып кетіп қалды. Айсамал бірнеше мәрте бұрылып артына қарап, 
Тӛлегенге қолын бұлғап бара жатты. 


*** 
Сол күні Тӛлеген консулдыққа телефон шалды. Телефон ұзақ уақытқа дейін 
бос болмады. Одан кейін мүлде ешкім кӛтермей қойды. Сӛйтіп, ертеңіне 
консулдыққа ӛзі баруға бекінді. 
Түнде аспанға бұлт үйірілді. Алыстан буырқанып, ашу шақырып келіп 
жағаға соққан толқындардың даусы жер жарады. Терезе алдындағы ағашты долы 
жел жұлқылайды. 
«Балалар жаурап қалған жоқ па екен? Бүгіндікке тамақ ішті ме ӛзі?.. 
Ұйықтап жатқанда олар түсінде не кӛреді екен?» деп ойлады Тӛлеген. 
Шарасыздықтың түпсіз шыңырауына түсіп, тіршілік қамымен жүрген 
балалардың қайыршы болғанына кӛңілі қатты налыды. Теңіздей толқып жатқан 
қоғамның сол балаларды жағаға лақтырып жібергеніне, адамзат баласының тап 
осындай сұмдық халге жеткеніне іші удай ашыды. Ең үлкен құндылық — балалар, 
яғни жаңа ұрпақ екенін, расында да, түсіне алмағанымыз ба деп ойлады… 
Таңғы азан оқылғаннан кейін консулдыққа қарай асықты. Консулдық 
кеңсесінде ӛзін жылы қабақ таныта қабылдап, мұқият тыңдаған қызметкер әйелге 
жағдайды толық түсіндіріп айтып берді. Айсамалға кӛмектесу қажет деді. 
Консулдық қызметкері басын шұлғып, міндетті түрде кӛмек береміз деп уәде 
етті. 
Қат-қабат ауыр ойлар торлаған кӛңіліне бір жарық сәуле түсіп, үміт оты 
оянғандай болған Тӛлеген автобусқа отырып, Сүлеймен мешітіне қарай бет алды. 
Сӛйтіп мешітке жетер-жетпестен-ақ алаңдап, қайыршы балалар мен сириялық 
әйелдерді іздей бастады. Бірақ олар бүгін ұшты-күйлі ғайып болған секілді. Ол 
мешітті бірнеше мәрте айналып шықты. Ешкімді кездестіре алмаған соң, 
асхананың иесі Мехмет Бейге жолықты. 
Ол ентігін баса алмай, әрең сӛйлеп тұрған жігітке таңдана қарап: 
– Бауырым, не боп қалды? – деп сұрады. 
Тӛлеген аптығып: 
– Сириялық балалар мен олардың аналары қайда? Айсамал қайда? – деді 
үрейленіп. 
Мехмет Бей тӛмен қарады. 
– Түнде оларды алып кеткен. 
– Қайда? 
– Лагерьге шығар… Кім біледі, Сирияға да алып кетуі мүмкін. 
– Қай лагерьге, неге Сирияға? Айсамал ше? Ол отанына оралуы керек еді 
ғой. Бәлкім, осы қалада болар?.. Анық білесіз бе? Айтыңызшы. 
Мән-жайды ол әлі де толық түсінген жоқ. Мехмет Бейдің айтқанына сенгісі 
келмеді. Сӛйтті де асханадан шыға жӛнелді. 
Соңынан Мехмет Бейдің: 
-Оларға енді бір Алла ғана кӛмектеседі, — деген даусы естілді. 


 Тӛлеген ӛзінің қолынан ештеңе келмегеніне ӛкінді. Айсамал секілді ондаған, 
жүздеген, мыңдаған баланың тағдыры белгісіз бір тылсым, түнек толқындардың 
қақпақылына айналып бара жатқандығын ойлап, жаны шырқырады. 
Кенет теңіз үстіндегі шағалалардың шулаған даусы жеткендей болды 
құлағына. Олардың үні бүгін әлдеқайда ащы, зарлы еді… 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет