Бөлім
|
Адамзаттың рухани тәжірибесі
|
Педагогтың аты – жөні
|
Тугелбекова Акниет Муслимовна
|
Күні
|
08.04.2022 ж
|
Сынып: 7
|
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
|
№
|
27
|
Сабақтың тақырыбы
|
Адамның рухани әлемі
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
|
Рухани әлемді байыту
|
Құндылығы
|
Ақиқат
|
Қасиеттері
|
Ойдың, сөздің және істің бірлігі; шыншылдық; жақсыдан жаманды ажырата білу.
|
Сабақтың мақсаты
|
Оқушыларға адамның рухани әлемін түсіндіру арқылы ақиқат құндылығының мәнін ашу.
|
Міндеттері
|
1. Білімділік: Оқушыларды жақсыдан жаманды ажырата білуге үйрету
2. Дамытушылық: Оқушылардың бойындағы шыншылдық қасиеттерін дамыту
3. Тәрбиелік: Оқушыларды ойдың, сөздің және істің бірлігіне тәрбиелеу
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі
|
Педагогтың әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Ресурстар
|
Ұйымдастыру кезеңі.
Жағымды көңіл – күй
|
5 Т – ережесі:
Тәртіп.
Талап.
Тыныштық.
Тазалық.
Татулық.
«Нұрға бөлену» мәтінін оқу
|
5Т ережесін еске түсіреді
Көздерін жұмып отырады.
Алған әсерлерімен бөліседі.
|
«Хрустальная грусть» композициясы
|
Үйге тапсырманы тексеру
|
«Дaналық» мәтінін оқып келу.
Талдау сұрақтары:
1. Ауыл жігіттерінің бір-бірімен келіспей қалуының себебі неде?
2. Жас жігіттің бірінші жігіттің әкесін қарсы алуынан қандай тәлім алуға болады? Ол жігіттің іс-әрекетінен қандай дұрыс әрекеттерді байқадыңдар?
3. Таласып келгендер төренің шешімімен келісуінің себебі неде?
4. Өзің ол аңыздан қандай тәлім алдың? Ой түйдің?
5. Жасы үлкен жігіттің бойынан қандай құндылықтар мен қасиеттерді байқадыңдар?
6. Жасы үлкен жігіттің әрекеттерін даналық деуге бола ма? Неліктен?
|
Талдау бойынша сұрақтарға жауап береді
|
Оқулық.
wikipedia.org
|
Сабақтың дәйексөзі.
|
"Жүрегіңе сүңгі де,түбін көзде
Сонан тапқан шын- асыл,тастай көрме"
Абай Құнанбаев
Сұрақ:
Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?
|
Оқушылар бір неше рет қайталап, дәптерге жазып алады. Талдау сұрақтарына жауап береді.
|
|
Оқиға айту (Әңгіме)
|
1.Мәтінде адам өмірі қандай жағдайлармен тығыз байланыстырылады?
2.Адам өмірінің бақыты үш бастаудың үйлесімділігіне байланысты болуы мүмкін бе? Неліктен?
3.Аталған бастаулар келешек ұрпақ тағдыры үшін неліктен маңызды болған?
4.Адамның рухани баюына қандай қасиеттер себеп болады?
5.Өздерің Шәкәрім бойындағы қандай қасиеттерді үлгі тұтасыңдар? Неліктен?
|
Мәтін бойынша талдау сұрақтарына жауап береді.
|
|
Шығармашылық жұмыс.
|
1 – тапсырма.
"Шәкәрімнің рухани бейнесі" немесе "Менің рухани бейнем" тақырыбына шағын жазбаша ой қорытынды жасаңдар.
|
Оқушылар сұрақтарға жауап жазады
|
|
Топпен ән айту
|
Әдемі
Сөзін жазған Ақылбек Шаяхметов
Әнін жазған Ержан Серікбаев
|
Оқушылар мұғаліммен бірге ән шырқайды
|
Тақтада ән мәтіні көрсетіледі
|
Үйге тапсырма
|
Менің әкем, халық ұлы – Шәкерім мәтінін оқып келу
|
Оқушылар үйге тапсырманы жазып алады
|
Оқулық
|
Сабақтың қорытынды сәті.
|
Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.
|
|
|