Ру, тайпа, жүз, арыс, алаш, үрім-бұтақ, ел, сүйек, тұқым, жеті ата, аталас



Дата07.01.2022
өлшемі14,2 Kb.
#18942
түріҚұрамы

Қазақ тіліндегі этноәлеуметтік атаулардың жасалу жолдары
Қазақ тілі ру-тайпалық ұйымдасу ерекшелігін жалпы қазақ халқының этникалық құрамының түрлі деңгейлерін белгілейтін этноәлеуметтік дәстүрлі терминдер мен атауларға бай, олар: ру, тайпа, жүз, арыс, алаш, үрім-бұтақ, ел, сүйек, тұқым, жеті ата, аталас және т.б.

Ежелгі алаш, жүз, ру тайпа т.б. этноәлеуметтік құрылым атаулары қоғамдық-иерархиялық қатынастар көрсеткіші ретінде қазақ халқының ғалам бейнесінде рухани-моральдық құндылықтар жүйесінде тұрақталған. Өз кезегінде аталған этнолексемалар мен өзге де ата, тек, тұқым, ел, жұрт т.б. сынды атаулар қазақ тілінің фразеологиялық, паремиологиялық қорында, сөз оралымдарында, ақын-жыраулар шығармалары мен эпостық фольклор мәтіндерінде кең көрініс тапқан.



Би — дәстүрлі қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік жүйесіндегі демократиялық биліктің иесі.

Зерттеуші ғалымдардың, әсіресе, В.В. Бартольдтың пікірінше, “би” сөзі шамамен 14 — 15 ғасырларда ежелгі түркі тіліндегі “бек” атауының бір нұсқасы ретінде пайда болып, басқарушы, ел билеуші мағынасын білдірген. Кейіннен бастапқы семантикалық-тілдік реңкінен ажырап, көбінесе, дау-жанжалды шешіп, кесімді төрелік айтушы, әділ үкім шығарушы адамды бейнелеу үшін қолданылған. 17 ғасырда өмір сүрген Махмұд ибн Уәлидің “Бахр әл-асрар фи манақиб әл-ахйар” атты еңбегінде “жоғарғы мәртебелі әмірлер мен елге сыйлы, пендәуи тірліктен азат адамдардың” барлығы би аталғанын жазады. Ал қазақ халқының дәстүрлі түсінігінде бұл атау төрт түрлі мағынада:



  1. ел билеушісі, иелік етуші;

  2. сот, төреші;

  3. батагөй, шешен;

  4. бітістіруші дипломат, елші ретінде ұғынылған.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет