Руководство к предмету «Основы сестринского дела»



Pdf көрінісі
бет36/43
Дата06.09.2022
өлшемі275.32 Kb.
#38528
түріРуководство
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   43
И құзыреттілік аумағы -
Зертханалық жəне аспаптық зерттеулерге науқасты дайындау жəне одан ма-
териал алу
И1-2 модулі. Зертханалық зерттеулер үшін (несеп, қақырық) материал алу
Несепті зерттеу мақсаты, көрсетімдері. Нечипоренко, Зимницкий əдістері бой-
ынша жалпы клиникалық талдауға, дистазға, қантқа, өт пигменттеріне несеп алу 
тəртібі. Несепті сақтау жəне тасымалдау тəртібі. Жолдамалар жазып беру тəртібі. 
Науқасты жəне несеп жинауға ыдыстарды дайындау. Клиникалық зертханаға жинау 
жəне тасымалдау.
Қақырықты клиникалық зерттеу мақсаты, көрсетімдері. Жалпы клиникалық 
талдауға, туберкулез микобактериясына, атипиялық жасушаларды тексеруге 
қақырық алу тəртібі. Қақырықты сақтау, тасымалдау, залалсыздандыру ережелері. 
Қақырық ыдыстарын залалсыздандыру. Жолдама толтыру. Науқасты зерттеуге дай-
ындау Қақырықты клиникалық зертханаға тасымалдау.
И3-4 модулі. Зертханалық зерттеулерге материал алу (асқазан жəне ұлтабар 
құрамы, нəжіс)
Нəжісті зерттеу мақсаты, көрсетімдері. Нəжіс алу тəртібі: копрологиялық зерттеу-
ге, іш құрттарын анықтауға, жасырын қанға. Нəжісті тасымалдау ережелері, жолдама 
толтыру. Нəжіс алуға науқасты жəне ыдыс дайындау. Нəжісті клиникалық зертханаға 
тасымалдау.
Асқазан жəне ұлтабар құрамын зерттеу. Мақсаттары, көрсетімдері мен қарсы 
көрсетімдері. Зерттеуді жүргізу техникасы. Сөлді сақтау, тасымалдау. Зертханаға жол-
дама толтыру. Емшаралар жүргізу үшін науқасты жəне аспаптары мен жабдықтарды 
дайындау. Стандарт бойынша зерттеу үшін науқастан материал алу жəне биологиялық 
материалды клиникалық зертханаға тасымалдау.
И5 модулі. Бактериологиялық зерттеу үшін материал алу
Зерттеу мақсаты, көрсетімдері. Биологиялық зерттеуге несеп, нəжіс, қақырық жи-
нау тəртібі. Зертханаға жолдамалар толтыру. Бактериологиялық зерттеуге материал-
ды тасымалдау жəне сақтау. Мұрын мен тамақтан жұғынды алу. Емшаралар жүргізу 
үшін науқасты жəне зертханалық ыдысты дайындау. Бактериологиялық зертханаға 
биологиялық материалды тасымалдау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   43




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет