С. Мәжитов Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Пікір жазған К. Л. Есмағамбетов



жүктеу 6.48 Mb.
Pdf просмотр
бет5/14
Дата22.12.2016
өлшемі6.48 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
§ 11. ҚЫтАй.  МОҢҒОЛИя
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Қытай. Бірінші 
дүниежүзілік соғыстың соңына таман Қытайдың саяси 
бытыраңқылығы барынша ұлғайды. Пекиндегі орталық 
үкімет әлсіз болды. 1916 жылы президент Юань Шикай 
қайтыс болғаннан кейін провинциялардағы бүкіл билік 
губернатор-милитаристердің қолына тиді. 1917 жылы 
Қытай үкіметі Антанта блогын жақтап, Германия тобына 
соғыс жариялады. Бірақ Париждегі бітім туралы конфе-
ренцияда Қытайдың мүддесі ескерілмеді.
Дүниежүзі халықтарының азаттық қозғалысы, көр-
шілес Ресейдегі революция, империалистік елдердің 
әділетсіз шешімдері Қытайда 1919 жылы болған 4 ма-
мыр қозғалысына себеп болды. Ол Пекин университеті 

64
студенттерінің ереуілдерінен басталды. Студент жас-
тар Париж конференциясының әділетсіз шешімдеріне 
қарсы шығып, “Отандастар, көтеріліңдер!” деген ұран 
тастады. Жалпыұлттық сипатқа ие болған қозғалысқа 
жұмысшылар, қолөнершілер, саудагерлер, өнеркәсіп 
буржуазиясының өкілдері, зиялы қауым мен қаланың 
кедей тұрғындары қатысты. Көптеген қалаларда жапон 
тауарларына бойкот жарияланды.
4 мамыр  қозғалысы” Қытайдағы ең күшті антиимпе-
риалистік қозғалыс болды. Онымен санасуға мәжбүр бол-
ған Париждегі Қытай үкіметінің ресми өкілдері Версаль 
бітіміне қол қоюдан бас тартты. 
Қытай коммунистік партиясының құрылуы. 1920 жыл-
дардың басында Қытайда Пекин, Шанхай, Чанша  сияқты  
ірі қалаларда бірнеше коммунистік үйірме пайда болды. 
Ең ірі марксшіл үйірменің бірін Пекин университетінде 
профессор Ли  Дачжао (1888—1927 жж.) ұйымдастырды. 
Ол 1919 жылғы “4 мамыр қоз ғалысын” ұйымдастырушы-
лар қатарындағы беделді қайраткер еді. Коммунистік Ин-
тернационал өкілдерінің көмегімен 1921 жылғы шілдеде 
Шанхайда Қытай коммунистік партиясының бірінші съезі 
шақырылып, пар тияның жарғысы қабылданды.
1920—1922 жылдардағы саяси күрес. 1920 жылдың 
жазында Солтүстік Қытайдағы әскери-милитаристік топ-
тар арасында саяси билік үшін өзара күрес бастады. Дәл 
осы кезеңде Оңтүстік Қытай аймақтарындағы саяси топ-
тар Кантонға жиналып, Сунь Ятсен үкімет басшылығына 
шақырылды. Пекиннен қашқан парламент мүшелері де 
Кантонға жиналды. 1921 жылғы сәуірде олар Сунь Ятсен-
ді Қытай Республикасының президенті деп жариялады
Осы қа лада жаңа үкімет құрылды.
Солтүстіктегі әскери топтар мен шетел державалары 
Сунь Ятсен басқарған үкіметті мойындамады. Ол Кеңес 
үкіметімен саяси байланыс орнатты.
Революцияшыл Қытай армиясына офицер мамандар 
даярлау үшін Вампу аралында арнайы әскери мектеп 
ашылып, КСРО-дан келген әскери мамандар сабақ беруге 
кірісті. Оны қаржыландыру міндетін КСРО өз мойнына 
алды.
Осы кезеңде Гоминьдан партиясы мен Қытай ком мунисте-
рі нің арасында жа қындасу байқала бастады.

65
1925—1927 жылдардағы Ұлттық 
революция. 1925 жыл ғы 30 мамыр-
да Шанхайдағы жұмысшылар мен 
сту денттердің  антиимпериалистік 
ереуіліне ағылшын поли цейлері 
оқ атып, бірнеше адам өлтірілді, 
көптеген адам жараланды. Бұл жа-
залау наразылықтың жаппай саяси 
ереуілге айна луына түрткі болды. “30 
мамыр қозғалысы” бүкілқытай лық 
революцияға ұласты.
1925 жылғы 1 маусымда Кантон 
революциялық үкі меті өзін Қытай 
Республикасының  Ұлттық үкіметі 
деп жариялады. Шетел басқыншыларына және Қытайдың 
феодалдық-милитаристік күштеріне қарсы қытай бұқа-
расы көтерілді. Революциялық қозғалыс жалпыхалық- 
тық, антиимпериалистік сипат алды.
Гоминьдан мен коммунистер біртұтас майданға бірік-
кеннен кейін Сунь Ятсен үкіметі орналасқан Гуандун 
провинциясы Қытай революциясының тұңғыш базасына 
айналды. Мұнда Ұлттық-революциялық армия жасақтала 
бастады. Бұл кезде Гоминьдан антиимпериалистік күштер 
блогының бұқаралық ұлттық партиясына айнала бастады. 
Революциялық үкімет шеңберін кеңейту үшін Солтүстік 
Қытайдағы милитаристер күшін талқандау қажет болды. 
Осы міндетті орындау үшін Ұлттық-революциялық армия 
1926 жылы шілдеде Солтүстік жорығын бастады. Оның 
жоспарын жасауда және жүзеге асыруда кеңестік әскери 
мамандар үлкен рөл атқарды. 
1926—1927 жылдары Ұлттық-революциялық армия 
үлкен жеңістерге жетті. Тоғыз айдың ішінде 7 ірі провин-
ция, Ухань және Нанкин сияқты ірі қалалар, 150 млн-нан 
астам тұрғыны бар аумақтар Ұлттық үкімет билігін мо-
йындады.
1925 жылдың наурыз айында Сунь Ятсен қайтыс 
болғаннан кейін ұлттық майдан құрамындағы коммунис-
тер  мен  Гоминьдан  арасында  билік  үшін  тартыс  өршіді.  
Гоминьдан басшылығына келген ұлттық буржуазия-
ның  өкілі генерал Ч а н   К а й ш и  (1887—1975 жж.) 
Сунь Ятсен

66
революциялық қозғалысты тежеп, төңкеріске әзірлене 
бастады.
1927 жылы наурыз айында Чан Кайшидің жақтастары 
Шанхайда, Нанкинде, шілдеде Ухань қаласында төңкеріс 
жасап, коммунистерді қудалай бастады. Біртұтас анти-
империалистік майдан ыдырады.
Гоминьдан мен коммунистердің арасындағы қарулы 
күрестің басталуы. Осыдан кейін коммунистік партия 
қарулы күрес жолына көшуге мәжбүр болды. Коминтерн-
нің көмегімен Мәскеуде өткен Қытай компартиясының 
VI съезінде өзгерген  жағдайдағы  күрестің  жаңа  такти-
касы  бекітілді. Оның негізгі міндеттері:
1) империализмге қарсы, ұлттық тәуелсіздік және елді 
біріктіру жолында күресу;
2) помещиктік жер иеленуді және феодалдық бұғаулар-
ды жою;
3) реакцияшыл Гоминьдан үкіметін құлату және 
кеңестер түрінде жұмысшылар мен шаруалардың рево-
люциялық-демократиялық үкіметін орнату болды.
Бүкіл партиялық жұмыстың орталығы қаладан селоға 
ауыса  бастады.  Бұл  аудандарда  Жұмысшы-шаруа  кеңес-
тері және Қызыл армия бөлімдері құрылды.
Алыстағы аудандарда Гоминьдан үкіметінің билігі 
онша берік емес еді. 1927—1937 жылдардың аралығында 
Оңтүстік және Орталық Қытайда 15 шақты кеңестік 
аудан және 300 мыңға жуық сарбазы бар Қызыл Армия 
бөлімшелері құрылды. Әскер қолбасшылығына Чжу 
Дэ (1886 —1976 жж.), ал комиссары болып Мао Цзэдун 
(1893—1976 жж.) тағайындалды. 1931 жылы қарашада 
Орталық жұмысшы-шаруа үкіметі құрылды. Оның төр-
ағасы болып  М а о   Ц з э д у н  сайланды.
Кеңестік аудандарда помещик жері шаруаларға бөлініп 
берілді. Кәсіпорындарда 8 сағ-тық жұмыс күні, жалақысы 
төленетін демалыс беру тәртібі енгізілді. Ер адамдар мен 
әйелдердің құқығы теңестірілді. Еңбекшілерді оқыту үшін 
мыңдаған мектеп пен үйірме ашылды. Бұл аймақтағы 
өкімет саяси-әскери диктатура тәртібіне сүйенді. Гоминь-
дан үкіметі қайткенде де Қытайдағы революция ошақта-
рын жоюды көздеді. Сондықтан кеңес аудандарының өмірі  
күреске толы болды.

67
1934 жылы Гоминьдан үкіметі кеңес аудандарына 
қарсы ең күшті бесінші жазалау жорығын ұйымдастырып, 
ауыр соққы берді. Қызыл Армия бөлімшелері солтүстік-
батыс провинцияларға шегінуге мәжбүр болды. Олар 
12 мың шақырымдай шегініп, Шэньси-Ганьсу-Нинся 
провинцияларының түйіскен жерінде  жаңа  революция-
лық орталық ұйымдастырды.
1937—1945 жылдардағы Қытай халқының Жапония 
басқыншылығына қарсы күресі. 1931 жылы қыркүйекте 
жапон әскерлері Қытайдың солтүстік-шығыс провинция-
ларын (Маньчжурияны) басып алуға кірісті. Қытай елінің 
тәуелсіздігіне зор қауіп төнді.
Жаңа жағдайда Қытай халқының басты жауы жапон 
империализмі екендігі атап көрсетілді. Коминтерн “Аза-
мат соғысын тоқтатып, барлық күшті аса қауіпті жауға 
қарсы біріктіру керек” деп үгіттеді.
1937 жылы Жапония бүкіл Қытайды басып алуға 
бағытталған жаппай шабуылын бастап, едәуір табысқа қол 
жеткізді. Қытай коммунистік партиясы (ҚКП) біртұтас 
ұлттық майдан үшін Гоминьданмен бірігуге әзір екендігін 
мәлімдеді. Халықтың қысымымен Гоминьдан ҚКП-мен 
біртұтас майдан құруға келісуге мәжбүр болды.
Қытай коммунистері біртұтас майдан мүддесі үшін 
өзінің саяси-әлеуметтік қағидаларының кейбір бағытта-
рын өзгертуге әзір екенін білдірді. Олар:
1. Азаматтық соғысты тоқтатып, орталық үкіметті 
қолдау.
2. Кеңестік аудандарды Қытай Республикасының 
айрықша ауданы деп атап, оны орталық үкіметке бағын-
дыру. Қызыл Армияны Ұлттық-революциялық армия 
деп өзгертіп, Нанкиндегі орталық әскери комитетке 
бағындыру.
3. Айрықша аудан аумағында жалпыға бірдей сайлау 
құқығына негізделген демократиялық тәртіп орнату.
4. Помещик жерін тәркілеуді тоқтатып,  біртұтас  ұлт-
тық майданның бағдарламасын жүзеге асыру.
Қытай халқына осы бір кезеңде Кеңес Одағы достық 
көмек көрсетті. 1937 жылы тамызда КСРО мен Қытай ара-
сында өзара достық және ынтымақтастық туралы  шартқа 
қол қойылды. КСРО Қытайға 250 млн доллар мөлшерінде 

68
несие ашты. Қытайға танкілер, зеңбіректер, ұшақтар, 
жанармай, оқ-дәрі, пулеметтер  беріп отырды. Қытай 
(Гоминьдан) үкіметінің өтінішіне сәйкес, КСРО Қытайға 
әскери кеңесшілер, әскери мамандар жіберді. Сарыөзек — 
Ланьчжоу тасжолы, Алматы — Ланьчжоу әуежолы іске 
қосылып, Қытай еліне қыруар жүктер жеткізіліп тұрды. 
Қытайдағы әуе шайқастарында 250-дей ерікті кеңес 
ұшқыштары қаза тапты. Елдің көптеген аудандарын Жа-
пония басып алды.
1918—1940 жылдардағы Моңғолияның саяси­эко­ 
номикалық даму жолда ры. 1918 жылға дейін Моңғо-
лия Азияның ең артта қалған елдерінің бірі еді. Халқы 
көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Жер және 
орасан көп мал билеуші діни феодалдардың (будда монас-
тырьларының) меншігінде болды. Жайылымдық жері 
жоқ шаруалар (араттар) ауыр езгіде өмір сүрді. Өнеркәсіп 
дамудың ең төменгі сатысында еді. Лама діні моңғол 
қоғамында шексіз үстемдік етті. 1918 жылы моңғол хал- 
қының жалпы саны 647 мыңды ғана құрады. 120 мыңнан 
астам жігіт үй лен беуге, балалы болмауға ант беретін 
ламалар  болды. Сауда қатынастары баспа-бас айырбас 
деңгейінде  жүр гізілді.
Саяси құрылымы жағы нан Моңғолия Қытайдың авто-
номиялық бөлшегі болып, патша билігіне бағынды. Моңғо-
лия билеушісін боғдыхан деп атады.
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі өзгерістер 
Моңғолияға да әсерін тигіз ді. Моңғолияда орыс боль- 
шевиктері мен Коминтерн нің қолдауы негізінде Сухэ-
Батор 1921 жылы наурызда Моңғол Халық партиясын 
ұйымдастырды. Солтүстік Моңғолия аймақтарында 
Уақытша Халық үкіметі және революциялық армия 
бөлімшелері құрылды.
Елдің Уақытша үкіметі Кеңестік Ресейден әскери 
көмек сұрады. Моңғолияға Ресей Қызыл Армия бөлімдері 
енгізіліп, 1921 жылы 8 шілдеде Урга қаласы азат етілді.
КСРО-ның көмегімен құрылған Халық үкіметі боғ-
дыхан билігін қалдырып, діни мәселелермен ғана шұғыл-
дануға көндірді. Сөйтіп, 1921—1924 жылдарда Моңғолия 
шектеулі монархия түріндегі мемлекеттер қатарында 
болды.

69
1921 жылы Ресейдің 
тікелей қатысуымен өткен 
төң керісті  Моңғолияда  
Халық  революциясы  деп 
жариялады. 
1924 жылы ақырғы боғ-
дыхан дүниеден қайтты. 
Осы жылдың қараша айын- 
да конституция  қабыл-
данып, Моңғол Халық Рес-
публикасы құрылғаны жа-
рияланды.
1924 жылы кеңес өкі-
метінің белсене араласуы-
мен Х.Чойбалсан билік ба- 
сына келді. Чойбалсан Ко-
минтернің және И.Ста лин нің тікелей көмегімен 1926—28 
жылдары қуғын-сүргін саясатын жүргізді. Нәтижесінде 
1922—49 жылдары 71 мың адам саяси қу ғын-сүргіннің 
құрбаны болды. Саяси қуғын-сүргіннен Моңғолиядағы 
қазақтар да жапа шекті. Чойбалсан үкіметті басқарған 
жылдары оның жекебасына табынушылық басталды.
1924—1940 жылдардағы экономикалық реформалар. 
ХХ ғасырдың 1920—1940 жылдарында Моңғол елі КСРО 
мемлекетінің саяси ықпалымен Коминтерн мен сталиндік 
үлгідегі социалистік құрылыс моделін іске асыруға кі-
рісті. КСРО мамандарының және Коминтерн өкілдерінің 
көмегімен реформалар іске асырылды. Олардың қатарын- 
да жаңа әкімшілік құрылыс, жергілікті басқару орган-
дарын жаңарту әрекеттерімен қатар, ақша және әскери 
реформалар, бірыңғай салық енгізу туралы заң қабыл- 
данды.
1929 жылғы қаңтарда ірі феодалдық топтардың мал-
мүлкін тәркілеу туралы заң қабылдады.
Сөйтіп, елдегі әлеуметтік-экономикалық қатынастар-
дың пісіп-жетілуімен санаспай, саяси-әкімшілік басқару 
әдістерін қолданып, жаңа құбылыстарды жеделдету, 
қамшылау әрекеттеріне жол берілді.
Сухэ-Батор ескерткiшi

70
1934 жылы монастырьлар жабылды, ламалар таратыл-
ды, олардың 70%-ынан астамы қамауға алынып, атылды. 
1940 жылы моңғол алфавиті кириллицаға көшірілді. Елде 
жаппай ұжымшарлар мен кеңшарлар құру шаралары 
басталды. 
Кеңестік Ресей дипломатиялық қатынасты орнатқан 
елдің алғашқыларының бірі Моңғолия болды. 1931 жылы 
Жапонияның Маньчжурияны жаулап алуы, онын кеңес-
маньчжур және моңғол-маньчжур шекараларындағы 
арандатушылық әрекеттеріне қарсы кеңес-моңғол келісім-
дері жасалды. 1934 жылы Кеңес үкіметімен өзара көмек 
жөнінде келісім жасалды. 1940 жылы наурызда Моңғолия 
халықтық-революциялық партиясының Х съезінде жаңа 
конституцияның жобасы мақұлданды.
Моңғолия революциясының жалпы демократиялық 
кезеңі аяқталды. “Моңғолия қоғамы социалистік құры-
лыстың негізін салуға бет бұрды” деген теориялық қағида 
жарияланды. Германиямен болған соғыс жылдарында 
моңғол халқы КСРО-ға шамасы келгенше көмектесіп  
келді.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1.  1919 жылғы “4 мамыр қозғалысының“ себептері қандай? 
2. КСРО­ның Қытай революциясына көрсеткен көмегі мен қыз ме тін 
қарастырыңдар.
3.  Сунь Ятсен бағдарламасының мазмұны қандай?
4.  Кеңестік қозғалыстарды баяндап беріңдер.
5.  1921 жылғы араттар революциясына сипаттама беріңдер.
§ 12. ИрАН.  АУҒАНСтАН
Бірінші дүниежүзілік соғыстың соңындағы Иранның 
жағдайы. Иран мемлекетінің бейтараптық саясатты 
жақтағанына қарамастан, оның жері қарама-қарсы екі 
соғыс одағына кірген мемлекеттердің бақталас ошағына 
айналды. 1914 жылы түрік әскерлері Иран, Әзірбайжан 
аудандарына басып кіріп, Хой, Урмия, Тебриз қалала-
рын иеленді. 1915 жылы орыс әскерлері қарсы шабуыл-
ға шығып, түріктерді Әзірбайжаннан қуып шықты. 
1915 жылғы Англия және Ресей құпия шартына сәйкес, 

71
Иран екі ықпалды аймаққа бөлінді. 1917 жылдың басын-
да Иран аумағын үш елдің басқыншылары бөлісіп, басып 
алды. Оңтүстігінде — ағылшындар, батысында — немістер, 
ал солтүстігінде орыс әскерлері орналасты.
Соғыс жылдарында Иран экономикасы әбден құлды-
рады. Халық арасында жұқпалы аурулар тарады, аштық 
жайлады.
Ұлт­азаттық қозғалыстың дамуы. Шетел басқын-
шыларына қарсы халықтың азаттық қозғалысы басталды. 
Солтүстік Ирандағы қозғалыстың басында демократтық 
саяси көзқарасты жақтайтын Көшек хан тұрды. Оның 
төңірегіне  жиылған  партизан  жасақтарын  жыңғылдық-
тар (жыңғыл — орман) деп атады.
Ирандағы неміс және түрік әскерлерімен күресеміз 
деген сылтаумен ағылшын әскері 1918 жылдың басын-
да Иранның солтүстік-батыс аймақтарына басып кірді. 
1919 жылы 9 тамызда Ағылшын-Иран шартына қол 
қойылып, Иран елі ағылшындардың “қамқорлығына” 
алынды. Әділетсіз шарт халықтың наразылығын туды-
рып, ирандық Әзірбайжанда, Гилянда, Хорасанда азаттық 
күрестің ошақтары пайда болды. Осы кезде Ресейде  жеңі-
ліс тапқан ақ гвардияшыл әскерлерді өкшелей  қуып  кел-
ген Қызыл Армия бөлімдері Иранның Энзел портына келіп 
жетеді. Бұларды Каспий теңізі флотилиясының бастығы 
Ф.Раскольников пен большевиктер партиясы Кавказ бю-
росы орталық комитетінің төрағасы Серго Орджоникидзе 
бастап келген болатын. Көшек хан олардан қару-жарақ 
көмегін сұрайды.
Иран елі социалистік революцияның Шығыстағы тірегі 
болады деп үміттенген Ресей өкілдері Көшек ханға көмек 
беруге келіседі. Ақ гвардияшыл топтар және ағылшын 
әскерлері қалдырып кеткен оқ-дәрі, барлық қару-жарақ 
қоры Көшек ханға беріледі. Көшек хан Кеңес үкіметі 
Ирандағы ұлт-азаттық күреске шын ниетімен көмектеседі 
деп сенді. Коммунистік Интернационалдың дүниежүзілік 
пролетарлық революция жеңеді деген үмітін барынша 
қолдаған Кеңес үкіметі Иранда социалистік  революция-
ның жаңа ошағын ұйымдастыруға асықты. Бұл үшін 
Кеңестік Әзірбайжан мен Түркістандағы мұсылмандық 
топтардан Иран коммунистік партиясы мен Иран Қызыл 

72
Армия бөлімдері ұйымдастырылып, Каспий теңізі арқылы 
жедел Иранға жеткізілді.
1920 жылы 5 маусымда Гилян  Республикасы жария-
ланды. Оның төрағалық қызметіне Көшек хан шақы-
рылды.
1921 жылы 4 тамызда Гилян Кеңес республикасы жа-
рияланды. Бірақ бұл үкіметті жасанды Иран коммунистері 
мен жасанды Парсы Қызыл Армиясы қорғай алмады. 
Гилян аймағына шах әскері жақындағанда-ақ Кеңес 
үкіметінің басшылары бас сауғалап, Ресей жеріне қашып 
кетті. Шах әскері Гиляндағы революция ошағын басып, 
Иран жерінде жасанды Кеңес үкіметін құру әрекеті іске 
аспай қалды.
Иранның 1921—1945 жылдардағы саяси­экономика­
лық даму жолдары. 1918—1922 жылдардағы азаттық 
қоз ға лысын басқаннан кейін, Иран помещиктері мен 
буржуазиялық топтары өз саяси үстемдігін нығайту үшін 
1925 жылы Каджар шах әулетін биліктен тайдырып, 
саяси билікті жаңа шахқа алып берді. Полковник Реза 
хан Пехлеви деген есім алып, жаңа шах әулетінің билігін 
бастады. Реза шах үкіметі ел ішіндегі тәртіпті қатайтып, 
сыртқы саясатында гитлерлік Германиямен жақындасуды 
жөн  көрді.
Үлкен соғыстың қарсаңындағы Германияның Таяу 
Шығыстағы саясаты КСРО мен Англияға ұнамады. 
Экономикалық саясатта Реза шах үкіметі ел ішіндегі 
ұсақ және орта капиталистік кәсіпорындарға қамқорлық 
жасай отырып, мемлекеттік кәсіпорындардың дамуына 
да көмегін тигізді. Германия капиталының көмегімен  
бірне ше ірі кәсіпорын салынбақшы болды. Теміржолдар 
мен тасжол тораптарын салуға көңіл бөлінді. Ағылшын-
Иран мұнай компаниясының арқасында мұнай өндіру 
кәсіпорындары шетел капиталының күшімен дамыды. 
Иран мен компания арасындағы жаңа концессиялық 
келісім негізінде, компания Иран қоймаларынан сатылған 
әрбір тонна жанармай үшін Иран үкіметіне пайда кірісін 
төлейтін болды.
Соғыс жағдайында Ирандағы неміс агенттерінің құпия 
әрекеттері тым асқынып кетті. 1941 жылы 12 шілдеде 
Англия мен КСРО арасында “Германияға қарсы соғыста 

73
бірігіп әрекет жасау” туралы шартқа қол қойылды. КСРО 
басшылары шах үкіметіне нота жолдап, екі-үш рет Иран 
жеріндегі неміс агенттерінің әрекетіне тыйым салын-
сын деген ескерту жасады. Иран үкіметі бұған құлақ аса 
қоймады.
1941 жылы 25 тамызда  Иранның  солтүстік  аудандары-
на КСРО әскер бөлімдері, ал оңтүстік аймақтарына 
ағылшын тобы енгізілді. Бұл оқиға Иран тарихында “шах-
ривар оқиғасы” (шахривар — жыл аты) деп анықталады. 
Сөйтіп, КСРО мен ағылшын әскерлері Иран аумағын басып 
алды. Реза шах патша тағынан бас тартып, саяси  қызмет-
тен кетуге мәжбүр болды. Иран тағына оның 22 жастағы 
ұлы  Мұхаммед  Реза  Пехлеви отырды. 1943 жы лы 
9 қыркүйекте Иран Германияға соғыс жариялады.
1918—1945 жылдардағы Ауғанстан. Ауғанстан хал-
қының азаттық күресі ағылшын империалистерінің 
дұшпандық әрекетіне қарамастан пісіп-жетілу үстінде 
болды. 1919 жылы 21 ақпанда үкімет басына “Жас 
ауғандықтар” ұйымының өкілі — жас әмір Аманулла хан 
келіп, Ауғанстанның тәуелсіздігін жариялады. 27 ақпанда 
Кеңес үкіметі Ауғанстанның тәуелсіздігін мойындады.
1921 жылы құлдықты жою туралы заң жарияланды. 
1923 жылы Жаңа Конституция қабылданып, осы Ата 
заң негізінде буржуазиялық мазмұндағы жаңалықтар 
іске  асырыла бастады. Заңға сәйкес — үй-жайға, жеке-
меншікке, үй мүлкіне мемлекеттік кепілдік тәртібі 
енгізілді, азаматтардың заң алдындағы жалпыға бірдей 
теңдік құқығы жарияланды. Жерге жекеменшіктік құқық 
жарияланып, оны еркін түрде сатуға және сатып алуға 
ерік берілді, ескі салықтардың түрлері жойылып, ақшалай 
салық енгізілді, кәсіпорындарды салуға жеңілдік жария-
ланды.
Армияны жаңарту жұмыстары да қолға алынды. Ескі 
тайпалық жасақтар таратылып, тұрақты армия бөлімдері 
құрылды. Армияға тиісті шығындар мемлекеттің мойнына 
жүктелді. Әйелдердің паранжыларын шешуі, қалың мал 
беру салтын, ескі атақтар мен шендерді жою, хандар мен 
бектердің билігін шектеу заңдары да жарияланды.
1929 жылы қазанда  Нәдір ханды (1929—1973 жж.) 
Ауғанстанның  патшасы  деп  жариялады.  Нәдір  әулеті 
орталық үкімет үстемдігін тұрақтанды руға тырысты.

74
Нәдір әулеті КСРО мен Ауғанстан арасындағы достық, 
көршілік қатынастарды жалғастыра түсті. 1931 жылы 
24 маусымда екі елдің арасында бейтараптық және өзара 
жауласпау келісіміне қол қойылды.
Нәдір хан кезінде (1929—1933 жж.) помещиктер, 
діндарлар, ірі капитал иелерінің жағдайлары нығайды. 
1932 жылы ұлттық қордың орталықтануы мен жинақ-
талуында үлкен рөл атқарған Ауған банкі құрылды. 
1933 жылы Нәдір шах өлтірілді. Орнына Мұхаммед Зәкір-
Шах келді. 30-жылдары ұлттық капиталдық жиынтықта-
лу үдерісі жалғасып, ол сауда-өнеркәсіптік орталықтар ел 
астанасында ғана емес, шеткері елді мекендерді құрды. 
1934 жылы Ауғанстан Ұлттар Лигасына мүше болды.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. 1918—1922 жылдардағы Иран жеріндегі ұлт­азаттық қозғалыстың 
ошақтарына талдау жасаңдар.
2. Кеңестік Ресейдің Гилян өңірінде социалистік республика ұйым­
дастыру әрекеті дұрыс па, әлде бұрыс па? Дәлелдер келтіріп, өз 
пікірлеріңді білдіріңдер.
3.  “Шахривар оқиғасының” дамуына не себеп болды?
4.  Соғыс жылдарында шах үкіметі қай одақты жақтады және не себепті 
жақтады?
5.  Аманулла хан үкімет басына қандай жағдайда келді?
6.  Ауғанстан конституциясы қай жылы қабылданды?
§ 13. ҮНДіСтАН
Азияның оңтүстігіндегі Үндістан мен басқа да бірқатар 
елдер ағылшындардың отары болатын. ХХ ғасырдың ба-
сында Үндістанда ұлт-азаттық қозғалыс жандана түсті. 
1885 жылы құрылған Үнді ұлттық конгресс (ҮҰК) 
партиясы, негізінен, реформалар үшін күресіп келген. 
Бірақ Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында оның 
басшылығында Б. Г. Т и л а к  (1856—1920 жж.) бастаған 
солшыл топ күшейіп, с в а р а д ж  (өзін-өзі билеу) тілек-
терін алға тартты. Ел арасында сварадж және с в а д е ш и 
(өзіндік өнім шығару) қозғалыстарына халық бұқарасы 
кеңінен қатыса бастады. Соғыс алдында Мұсылман Лигасы 
(МЛ) өмірге  келіп,  мұсылман  қауымын  азаттық  күреске  
тар туға кірісті. Ұлғайып бара жатқан қарсыласудан 

75
шошынған ағылшындар отансүйгіштерге қарсы әрекет 
жасай бастады.
Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі елдің жағдайы. 
Соғыс басталысымен Ұлыбритания Үндістанды соғыс 
мүддесіне аяусыз пайдаланды. Мыңдаған үнді азаматта-
ры майдан шебіне жіберілді, олардың көбі қара жұмыс 
атқарды.
Елдің қазба байлығы мен азық-түлігі метрополияға 
үздіксіз тасылды. Алым-салық мөлшері ұлғайды. Оны 
мезгілінде төлей алмағандарды жазалау күшейді. 1915—
1916 жылдары дәстүр бойынша анадан қызына берілуге 
тиісті алтын сақиналар, жүзік-сырғаларды жинап алу 
науқаны жүргізілді. Көз жасына жуылып жиналған алтын 
Англия қазынасына айналды.
Ауыр салық халықты қатты әлсіретті. Күйзеліске 
ұшыраған шаруалар жерін тастап, қалаға қарай шұбыру-
мен болды. Қалада жұмыс таппай, үйсіз, қайыршылық 
халде өмір сүріп жатты. Бенгалия, Бихар, т.б. аймақтарда 
жаппай ашаршылықтан миллиондаған шаруа қырылып 
қалды. 
Қала тұрғындары да қиыншылық көрді. Жұмыс 
уақыты 12—14 сағ-қа дейін ұзартылды. Неше түрлі са- 
лықтар мен айыптар еңсе көтертпеді. Азық-түлік және 
өндіріс заттарының бағалары дүркін-дүркін өсіп, жа-
лақы төмендей берді. Жұмысшының тапқан табысы от-
басын қамтамасыз етуге жетпеді. Қала мен ауылдағы 
кәсіпкерлердің де тұрмысы нашарлады, өйткені олар 
шығаратын заттар өте арзан бағаланып, табыстары кеміді.
Осындай қиындықтарға қарамастан, жергілікті өн-
діріс соғыс кезінде біраз алға басты. Ағылшын капи-
талының қысымына төтеп берген үнді кәсіпкерлері мен 
саудагерлерінің қолындағы қаржы мен өндіріс орындары 
ұлғайды. Қалыптаса бастаған үнді буржуазиясы батылы-
рақ қимылдап, байи түсті. Бирла, Тата, т.б. кәсіпшілер 
топтары әсіресе жеңіл өндірісте (тамақ, мата тоқу, т.б.), 
сауда қызметінде және кейбір ауыр өндіріс орындарында 
(металл қорыту, таскөмір өндірісі, т.б.) нығайып алды.
Жалпы, Үндістан экономикасында ағылшын капиталы 
үстемдік жүргізіп отырды. Шетел капиталы банктерді, 
өндірістің негізгі салаларын, сыртқы және ішкі сауданы, 

76
байланыс жүйелерін, көлікті, қаланы, елді мекендерді 
билеп алған-ды. Отаршыл өкімет, ең алдымен, ағылшын 
кәсіпкерлерін қолдап, соларға керекті заңдар қабылдады. 
Соғыс басталысымен ереуілдерге жол бермеу, саяси 
ұйымдарды бақылауға алу шаралары арқылы  ағылшын-
дар саяси билігін одан әрі күшейте түсті.
Ұлт­азаттық қозғалысының басталуы. Ағылшындар-
дың озбырлығы мен тұрмыстың ауырлығы ел арасында 
наразылық  тудырды.  1916 жылы  қала  тұрғындары  мен  
шаруалар қолдаған ұлт-азаттық күрес әр аймақта орын 
алды. Алдында хал-ахуалды жақсарту тілектері басымы-
рақ болғанмен, кейінірек үнділіктерді билік жүйелеріне 
тарту, елге өзін-өзі билеу құқығын беру, қаржыны, кеденді 
бақылауға жол беру, т.б. саяси талаптар қойыла баста-
ды. Салық төлемеу, әкімшіліктерге бағынбау, ереуілдер 
мен шеруге қатысу сияқты қарсылық әрекеттер Бомбей, 
Калькутта, Карачи қалаларында, Бенгалияда, Пенджабта, 
Гуджаратта өрши түсті.
1916 жылы ҮҰК мен МЛ Лакхнау қаласында өз съез-
дерін шақырып, көпшіліктің тілектеріне сәйкес шешімдер 
қабылдады.
1916 жылы елге М. К. Ганди (1869—1948) оралып, бұл жағдай  
ұлт­азаттық  қозғалысын  өрістете  түсті. М. Ганди Оңтүстік Африка 
Одағындағы отаршылдардың нәсілшілдік тәртібіне қарсы қозғалысқа 
қатысып, халық арасында беделді қайраткерге айналған. Ганди 
Үндістан мен Англия дәстүрлеріне сүйеніп ұлт­азаттық күрестің бұ­
рын болмаған жаңа түрін қолданды. Ол күш қолданбай қарсыласуды 
таңдады. Сатьяграха — ақиқаттағы батыл дық тәсілін ол халық 
бұқарасы қолданатын негізгі қаруға айналдырды.
Көп дінді, касталар жүйесі берік орныққан көпұлтты 
Үндістан қоғамына Гандидің ілімі өте қолайлы болды. 
Азаматтық төзбеушілік, бойсұнбаушылық қозғалысы, 
яғни күш қолданбай қарсыласу ілімі мен тәжірибесі 
Үндістан жерінде құлаш жайып, кейін әлемге әйгілі бол-
ды. Отаршылдарға қарсы бағытталған қозғалыс соғыс 
аяқталысымен одан әрі өрши түсті.
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Үндістан. 
Бірінші дүниежүзілік соғыстың зардабы отар халықтар-
дың ашу-ызасын тудырып, ұлт-азаттық қозғалыс көптеген 

77
елдерді қамтығаны белгілі. Ресей империясындағы 
оқиғалар да өз ықпалын тигізді. 
1917—1923 жылдары революциялық күрес бүкіл 
Үндістанға таралды. Ол күрестің негізгі қозғаушы күші 
шаруалар болды. Қала тұрғындары да, үнді ұлттық буржу-
азиясы мен жұмысшылар да қосылды. Ереуілдер мен ше-
рулерге халық бұқарасы жаппай қатысып,  тәуелсіздік ке 
ұмтылысын білдірді. М. К. Ганди бастаған бүкілхалықтық 
антиимпериалистік майдан қалыптасып, ағылшын отар-
шылары тыныштықтан айырылды.
1917 жылдың соңы — 1918 жылы ағылшындар екіжүз-
ді саясат қолданды. Монтегю — Челмсфорд реформалары 
жергілікті және орталық өкімет қызметіне үнділіктерді 
қатыстыра бастады. Провинциялардағы заң қабылдаушы 
жиналыстардың ұсақ-түйек мәселелерді қарастыру 
құқықтары кеңейтілді. Орталық өкімет органдарында 
жергілікті ұлт өкілдерінің саны біраз ұлғайтылды. Бірақ 
билік губернаторлар мен генерал-губернатордың қолында 
қалды. Сонымен бірге Роулетт заңы қабылданып, 
полицияға өкіметке қарсы шыққандарды табан астын-
да жазалау, сабау, абақтыға отырғызу, шетке айдау, оқ 
ату құқығын берді. Ереуілдерді тоқтату үшін армияны 
пайдаланды. Феодалдық және компрадорлық буржуазия 
көсемдері, сондай-ақ кейбір ҮҰК мен МЛ жетекшілері 
реформаға қанағаттанып, ағылшындармен жақындасуды 
жақтады. Бірақ көпшілік күресін тоқтатпады. 
1919 жылы 6 сәуірде Гандидің шақыруымен Мадрас, 
Канпур, Ахмадабад, Бомбей (қазіргі Мумбай), т. б. қалалар 
мен өлкелерде хартал (жаппай ереуіл) ұйымдастырылды. 
Ол күні бірде-бір мекеме, оқу орны, дүкен, көлік, дәріхана 
жұмыс істемей, өмір тоқтап қалғандай болды. Бұл ағыл-
шындарды қатты алаңдататын күрес түрі еді. Отаршыл-
дар халық арасында үрей туғызу мақсатымен 13 сәуірде  
Амритсар қаласында бейбіт митингіге қатысқандарды 
атқылап, 1 мыңдай адам оққа ұшты, 2 мыңға жуығы 
жарақаттанды. Бұл қантөгіс бүкіл елді дүр сілкіндірді. 
Ереуілдер толқыны отаршылдар үстемдігін шайқалтты. 
Гандидің ықпалы ғана қарулы қимылдарға жол бергіз бей, 
қозғалысты бейбіт арнада ұстап тұруға мүмкін болды. ҮҰК 
заң шығару жиналысына сайланудан бас тартты.

78
Келесі жылы 1 тамызда екі саяси партия бірігіп, елде 
жаппай бағынбаушылық қозғалысы өткізілді. ҮҰК қата-
ры 10 млн адамға жетіп, МЛ да күшейді. Мұсылмандар 
арасында сол кезде халифатшылар  қозғалысы өрістеді. 
Оған Батыс елдерінің Түркияға қарсы жасаған әрекеттері 
себеп болды, өйткені Түркия сұлтаны бүкіл мұсылмандар 
үшін  халиф болып есептелетін-ді. Халифатшылар жал-
пы антиимпериалистік бағыт ұстағандықтан, Үндістан 
мұсылмандары ағылшындарға қарсы тұрды.
1922 жылы Үндістанның Чаури-Чаура атты қыстағын-
да шаруалар өздеріне оқ атқан полиция қызметкерлерін 
кеңсесімен қоса өртеп жіберді. Ганди: “Бұдан былай 
мұндай күш жұмсау қимылына қолдау болмайды”, — 
деп азаматтық бойсұнбаушылық қозғалысын тоқтатуды 
ұйғарды. Бұл кезде азық-түлік жағдайы да біршама 
жөнделе түскен еді. Сондықтан ұлт-азаттық қозғалыс 
біртіндеп бәсеңдей бастады.
Оның келесі өршуі дүниежүзілік экономикалық дағ- 
дарыс жылдарында байқалды (1928—1933 жж.). Дағ-
дарыстың ауыртпалығы үнді халқын қатты күйзелтті. 
Өндіріс орындары қысқартылып, жұмыссыздық ұлғай-
ды. Үндістандық шикізат тауарлары өтпей, шаруалар 
алым-салықтарын төлей алмады. Ұсақ кәсіпкерлердің 
күнкөрісі күрт төмендеп кетті. Үнді ұлттық буржуазиясы 
да қиын жағдайға тап болды. Ганди қоғамдағы саяси-
әлеуметтік қайшылықтар пісіп-жетілген сәтте екінші рет 
азаматтық бойсұнбаушылық қозғалысына шақырды. Ол 
1930 жылғы көктемде басталып, бұл жолы қозғалыстың 
ұйымдастырылу деңгейі жоғары болды. Тәуелсіздікке  
жету мәселесі, елде жаңа конституция қабылдау туралы 
талап батыл қойылды.
Қарапайым тұрғындарды қарсыласуға қатыстыру үшін 
Ганди “Тұз жорығын” бастады. Ағылшындар жергілікті 
тұрғындарға тұз қайнатуға, болмаса тұз өндірісімен 
шұғылдануға тыйым салып, оны тек өздері ғана сатып, 
пайда түсіретін. Тұз монополиясы шетелдіктердің әділет-
сіз үстемдігінің бір көрінісі еді. Енді соған қарсы қозғалыс 
қаладан кенттерге жалғасып жатты. Ганди Гуджараттағы 
шеруді өзі басқарып, мыңдаған қыстақтарды аралап өтіп, 
Арабия теңізінің жағалауында теңіз суынан тұз өндіруге 
кірісті. Ағылшындар қаншама тырысқанымен, бұл 

79
қозғалысты басуға шамалары келмеді. Олар  М. Ганди,  
Дж. Неру, В. Патель, Р. Прасад және басқаларын абақтыға 
жапты. Сол жылы 60 мыңнан астам адам қамауға алынған 
еді.
Жаңа конституция жобасын дайындауға кіріскен 
болып, онда әлеуметтік-діни бөліністері бойынша дауыс 
беруді енгізуді ұсынды. Бұл ҮҰК пен МЛ арасына от са-
луы еді. 1930 жылы МЛ жеке мұсылман мемлекетін құру 
туралы пікір туғыза бастауы да осыдан. Оған қоса кесапат-
тылар кастасындағылар бөлек тізіммен дауыс беру туралы 
ұсыныстар жасады. Ол үнділіктер арасындағы әлеуметтік 
қайшылықты жандандырып, күрескерлердің бірлігін 
әлсіретті.
1931 жылғы 5 наурызда ҮҰК мен ағылшын өкіметі 
келісімге келіп, азаматтық бойсұнбаушылық қозғалысы 
тоқтатылды, ел келешегі туралы келіссөздерге қатыстыру 
үшін абақтыдан Ганди тобы босатылды. Бірнеше рет 
екі жақтың келіссөздері нәтижесіз аяқталды. Англия 
1935 жылы Үндістанды басқару туралы актіні — Британ-
дық Үндістан конституциясын зорлықпен енгізді. Оны 
алдымен МЛ және төменгі сатыдағы жұрт өкілдері мо-
йындады, кейін ҮҰК де көнді. 1937 жылы біраз жеңілдік  
бер ген конституция негізінде сайлау жүріп, 8 провинция 
(барлығы — 11) мен орталық заң қабылдаушы жиналыс-
та ҮҰК басым орынға ие болды. Бұл тәуелсіздікке жету 
жолындағы кезекті жеңіс саяси партияларға ел билеу 
тәжірибесін алуға мүмкіндік берді. Ал толық тәуелсіздік 
үшін күрес жалғаса түсті. Оның барысына Екінші дүние-
жүзілік соғыс жаңа өзгерістер енгізді.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Үндістан. 
1930 жылдардың соңында ең күшті елдер жанталаса  жаңа 
соғысқа дайындалып жатқанда, Ұлыбритания Үндістанға 
үлкен үміт артты. ҮҰК мен МЛ фашистік тәртіпті ашық 
әшкерелегенімен, Лондоннан Үндістанның тәуелсіздігі 
мәселесін түпкілікті реттеуді талап етті. Англия оған 
көнбеді. Соғыс өрті басталып, ҮҰК жетекшілері тағы да 
тұтқындалып, түрмеге жабылды. МЛ Англияны жақтады. 
1925 жылы құрылып, астыртын қызмет атқарып келген 
Үнді коммунистік партиясы (ҮКП) сол кездегі Коминтерн 
мен КСРО-ның үлгісімен Германияны қолдады. Өйткені 
1939 жылы тамызда Берлин мен Мәскеу дүниежүзін бөлісу 

80
туралы құпия шарт жасасып, оны Коминтерн өзіне мүше 
партияларымен бірге қолдаған еді.
Соғыс жылдары үнді халқы көп қиындық көрді. Салық 
көлемі ұлғайып, азық-түлік жетіспей, ел ашаршылықтан 
бірнеше миллион азаматтарынан айырылды. 1,5 млн-нан 
астам үнділіктер ағылшын әскеріне тартылды. Бұл жолы 
да үнді буржуазиясы біраз жетіле түсті.
1941 жылы Германия КСРО-ға шабуыл жасағанда, ҮКП 
Германияны айыптады. 1942 жылы ағылшындар оларға 
ашық қызмет атқаруға рұқсат берді. ҮҰК жетекшілері 
қамаудан тек 1944 жылдың көктемінде босатылды. Олар 
тәуелсіздік туралы талаптарынан бас тартпай, күреске 
қатысып отырды. Ал МЛ 1940 жылы елді екі мемле-
кетке бөлу туралы шешім қабылдап, оны жүзеге асыру 
жолындағы күреске бел байлады.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1.  Үндістанның 1920—1940 жылдардағы ұлт­азаттық қозғалысына 
сипат тама беріңдер. Қандай саяси партиялар өмір сүрді, олардың 
бағдар ламасы  қандай?
2.  М. К. Ганди саясатына қандай баға берер едіңдер? Оның “Менің өмі­
рім” (Алматы, 1989) деген кітабын оқып шығыңдар.
3. Ағылшындардың әрекеттерін қалай бағалауға болады? Олардың сая ­
саты елге не әкелді?
4.  Дағдарыс жылдарында Үндістанның саяси­әлеуметтік құрылы сын да 
қандай ерекшеліктер болды?

Каталог: media -> upload
upload -> Болат Боранбай Қазақ тіл білімінің Қалыптасуы мен дамуы
upload -> Әож 930 (574) Қолжазба құқығында
upload -> Қазақ хандығының құрылуы және Керей мен Жәнібек cұлтандар Хандықтың құрылуы
upload -> ТӨленова зирабүбі Маймаққызы, Қр бғМ ҒК
upload -> Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына қазақ сайлаушыларынан аманат (1917 ж.) Серікбаев Е. Қ. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, т.ғ. к.,доцент
upload -> АҚТӨбе облысының тыл еңбекшілері ұлы отан соғысы жылдарында
upload -> Ұлы отан соғысы жылдарындағы мұнайлы өҢір а. Ж. ƏБденов
upload -> Ж. Е. Жаппасов XVI-XVIII ғҒ. ҚАзақ-орыс
upload -> Жоба бакалавриаттың тарихшы емес мамандықтары үшін
upload -> Серіктестігі


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет