С. Мәуленов поэзиясындағы негізгі тақырыптар мен басты идеялар және оларды меңгерту. С. Мәуленов поэзиясының көркемдік сипаты



Дата01.04.2023
өлшемі31,16 Kb.
#78251

С.Мәуленов поэзиясындағы негізгі тақырыптар мен басты идеялар және оларды меңгерту. С. Мәуленов поэзиясының көркемдік сипаты.
Қазақ поэзиясына екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бір шоғыр жас ақындар келді.Аласапыран майданда қан кешіп, сұрапыл өрттің ортасынан оралған жалынды, жас дарындар шығармашылығы тың деп, өзгеше өрнегімен бірден назар аудартады. Уақыт жүгімен асау албырттығынан гөрі, қиын кезең ағысын барлауға мәжбүр болған байыптылығы басым жаңа толқынның жырларында бұған дейін көзге түспеген қыруар көркемдік сипаттар бедерленді. Олардың бастан кешірген шындығы – от пен оқтың ортасында жан ұшырған тағдырлар, өлімге қарсы шапқан айбынды ерлер, сан миллион адамды алапат ажалдың аранына аямай лақтырған, адамзат тарихындағы ең жойқын соғыс апаты қазақ поэзиясының жаңа мазмұнына айналды.С.Мәуленов өмір сүрген дәуірінің арман-мұратын, болмысын жырына арқау етіп, қаншама жырлар тудырды. Оның алғашқы туындыларының өзі сан қырлы. Негізінен лирик ақынның публицистикалық сарында жазылған өлеңдері де жетерлік.Сырбай Мәуленовтің Отанға, туған жерге, Қазақстанның қалаларына арналған өлеңдерінің өзі бір төбе. Жалпы, С.Мәуленов ел-елді аралап көзбен көрген көп дүниесін жырына арқау еткен. Жолсапар очеркін автор: «Түркмения бізге көптеген өлеңдердің, очерктер мен әңгімелердің, пьесалардың тың тақырыптарын берді. Енді алған әсерді суытпай, көрікті қызған кезінде басып, қалам сілтеуіміз керек», – деп түйіндейді. Ақын сөзінде тқра біліпті. «Сексеуіл», «Ашхабадтағы Ленин ескерткіші», «Дауыл алдындағы тыныштық», « Қызыл су», «Шекара», «Түйе», «Су» деп аталатын өлеңдер де сол сапардан алған әсерлерінің жемісі. Ақынның өлеңді өмірдің өзінен алып жазатынын осыдан аңғарамыз.Автор өлеңіне арқау болған сапарларын былайша жеткізеді: «Мен соңғы жыдары одақтас республикаларды, Қазақстанның оңтүстік, солтүстік аймақтарын араладым. Өзінен – өзі елеңдей сайрап тұрған көп жер көрдім. Еңбекте – ер, өмірде – шат, жарқын жүзді, мейірімді көп адамдармен таныстым. Әрине, оның бәрін ат үсті аралағанда тереңдеп ұғына алмайсың. Қайта айналып, асықпай аңғарсаң, жаңағы дүние екінші бір қырынан көзге шаына кетеді. Тіпті, алғашқы алған әсерің алдамшы болып шығуы да мүмкін. Кейде бір жазып тастаған өлеңіңе үш-төрт жылдан соң қайта оралып, қайта өңдеп, сода нкейін барып оқушы қауымға ұсынатын кезең де болады.»«Өлең жолы – өмір жолы» атты мақаласында С.Мәуленов: «Тегінде, шындықтың өзі бояусыз, қарапайым болады екен-ау!» деп сөзін түйіндейді. Түйіндей кеде, боямасыз шындықтың үлгісі – «Түбірлер» аттың өлеңінің мазмұнына сипаттама беріп өтеді.«Түбірлер» деген өлеңімнің тууы да қызық. Бұл бас-аяғы он бес жолға жетер – жетпес өлең. Мұның жазылуына да бір уақиға себеп болды. Мен көп жылдан соң, үй ішіммен бір кезде қан төккен Волхов орманына бардым. Назия өзенінің мөлдір суына бетімді жуып, жар жағасында ойма шомып көп тұрдым. Өткен күндер есіме түсіп, көз алдым тұманданып кетті. Айнала баяғы батпақ, сол батпақтың ішінде түнедік. Сол батпақты жау оғына қалқан ғып тосып, қорған еттік. Енді сол батпақтан соғыс кезіндегі соқпағымды іздеп, ерсілі-қарсылы біраз жүрдім. Әр жерде бір кесіліп қалған түбірлер кездеседі. Маған олар қол-аяқтан айрылып, мүгедек болып қалған солдаттар секілді елестеді. Осыдан барып «Түбірлер» деген өлең кеудемде күбірледі».
Көрінеді
Орманнан
Түбірлер.
Айрылған
Аяқ-қолдардан
Түбірлер.
Мүгедек солдат секілді
Түбірлер.
Оқ жұлғандай етімді,
Жүрегім тулап дүбірлер,
Кезеріп ернім күбірлер.
«Соғыс не?!
Менен біліңдер» –
Деп тұрғандай түбірлер.
Соғыстың шынайы келбетін, зардабын, екі-ауыз сөзбен осыншалықты қысқа да нұсқа жеткізе алудың өзі публицистен жоғары шеберлікті талап етеді. Сырбай Мәуленовтің өлеңдері өмірдің өзінен туған өлеңдер еді. Ал өмірдің өзінен туған өлеңдер барлық болмыс шындығымен ұзақ уақыт жасайтын сияқты. Ақынынң өмір өткелдерін көп кешіп, оның құбылыстарын көп зерттеп, біраз жайларды басынан кешіргені айқын білінеді.С.Мәуленов өлеңдерін оқығанда, шығармашылықтың ең оңайы – өлең жазу сияқты әсер қалдыруы ғажап емес. Өйткені, мойын бұрып қараса-ақ бітті, көл де, шөл де, жапырақ та, топырақ та, аспан да, тастар да – бәрі-бәрі өзінен-өзі өлеңге айналып жүре беретіндей. Мәселен, жол, батпақ, орман, құстар,оңтүстік, адам деге нсөздер – жеке тұрғанда, әрқайсы өзінше бір дүние, бөлек-бөлек ұғымдар.Сырбай Мәуленовтің тұлғаларға арнаған арнау өлеңдері бір төбе. Сәкен Сейфуллин, Қасым Аманжоловқа, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Қажымұқан Мұңайтпасов, Ықылас Дүкенбайұлы, Бейімбет Майлин сияқты белгілі тұлғалардан бастап, ауыл қарттарының портретін шебер жаза білген. Әсіресе, Сәкен Сейфуллинге арнап жазған «Ақындардың аққуы» аты өлеңі тамаша жазылған. Тақырыбының өзінде ақында «аққуға» теңеуінің өзі, Сәкеннің аңызға айналған сұлуылығынан хабар береді. Сондай-ақ, аққу құсының кербездігін жырлайтын «Аққудың айырылуы» атта позмасының да тақырыпқа қатысы бар екенін бірден түсінуге болады.Біз мысалға алған С.Мәуленов өлеңдерінде лирика элементтері басымырақ жатқанымен, қоғамдық шындық, күнделікті өмірімізде болып жатқан оқиғалар, ел, жер, су өмірде бар адам аттары, өмір шындығын қоғамдық-саяси жағынан зерделеу сияқты публицистикаға тән әдіс-тәсілдерр де кездеседі. Ақын көркем әдебиет тәсілі мен публицистика әдісін қатар қолданып, өмірде болған, бар оқиғаларды жырлайды.Сонымен, Сырбай Мәуленов поэзиясындағы публицисткалық элементтер мыналар: С.Мәуленов өлеңдерінде деректілік, өз заманының үні, өз дәуірінің қоғамдық-саяси көірінісі бар. Мысалы, Қазақстанның 25 жылдығына арналған «Желпін бүгін, қазағым», сол сияқты «Ленинградқа серт», «Госпитальдар», «Санитарка», «Космодром», «Космонавт», «Байқоңыр» тағы басқа өлеңдердің нақты атауы; өмірде болған өз замандастарының портретін, бейнесін сомдаған («Қажымұқан», «Партизан Қасым Қайсенов», «Ахметхан Әбіқаев») өлеңдері;жазықсыз жапа шеккен Шәкәрім, Ахмет, Міржақып сияқты тұлғалар туралы ақиқат көзқарастың қалыптасуына ықпал етуі; еңбек ырғағын, ел экономикасының жетістіктерін көрсететін, сондай-ақ, ірі өндіріс орындарынан – Қостанайдағы Соколов-Сарыбай комбинатынан, Қарақұм, Волхов ГЭС – терінен, Рудный кен байыту комбинатынан жазған өлең-очерктері; Ұлы Отан соғысында, 1932 жылғы ашаршылықта көзімен көргендерін өлең жолдарына айналдыруы;С.Мәуленов өлеңдерінде публицистика элементтері кейіпкер монологы ретінде де көрініс табады. «Қаз дауысты Қазыбектің монологы», «Жәнібектің Шотай биге айтқаны» тағы басқа өлеңдері соның дәлеліндей; ақынның Отанға, туған жерге, Қазақтанның қалаларына, бұрынғы туысқан республикаларға арналған өлеңдеріндегі ел суреті, тарихқа белгілі қоғам қайраткерлеріне жазылған эпиграммалары; өлеңмен жазылған «Әккілер туралы актілер». «Пешковтың клубы, аузында тұр құлыбы», «Опасыздық, арсыздық» фельетондары, өлең мен қарасөз араластырып жазған «Сыбайластар сыры», тағы да басқа фельетондары көркем публицистиканың нақ өзі.Сырбай Мәуленовтің ақындығын тек қазақ елі ғана емес, бауырлас халықтар да мойындаған. Мұзафар Әлімбаевтің «Ізгіліктен інжу терген» атты эссесінде ақын поэзиядағы орны жайлы керемет жазылған:«Өзбектің үлкен ақыны Шұрхат біздің Сырбайды – Жырбай! – деп атайды. Мұнысында үлкен мән бар. Өйткені Сырбай сырға да , жырға да бай ақын. Ғасырлардың қара дауылы сабалап, қара жауыны шайған, долы желі мүжіген, біраұ мызғымай мыңқиып тұрған құж-құж құз жартасты көзіме еслестетсем, ойыма дүр ағам, Сырағам келеді. Сырағам да қайыспас қия жартастай замана куәгері, халық жазушысы, жұртымыздың жаршысы, ұлтымыздың үлкен жүйрігі».
С. Мәуленов поэзиясы – еліміздің еңіреген ерлері мен құтты мекен жерлерін мадақтаушы.Темірбек Қожакеев: «Фельетон – таза публицистикалық жанр емес, әрі көркем әлеби жанр», – дейді. Сондай-ақ, «Сатира негіздері» атты кітабында: «Онда да адамдардың типтері, бейнесі, оқиғаның желісі – басталуы, шиеленісуі, шарықтауы, шешілуі, диалогтар, суреттеулер, шегіністер болады. Фельетонға да көркем тіл, әдеби ажар шарт. Бұларсыз жазғанымыз фельетон болмақ емес».Сырбай Мәуленов те сатиралық көркем публицистикалық жанры – фельетонтар жазған. Тіпті, сатиралық жанрда жазуды Қостанай облыстық «Большевиктік жол» газетінде қызмет істеп жүрген кезінде бастапты. «Опасыздық, арсыздық», «Шал ал десе, бас алады», «Көңілсіз құлақ, ойға олақ», «Бастық батпаққа батты», «Жолбарыс» және т.б сықақ өлеңдері жеткілікті. Сатираға өткір тіл керек. Автордың шеберлігі мен шешендігі фельеотон жазуда анық көрінеді. «Көңілсіз құлақ, ойға олақ» фельетонында Қазақстандағы телефон жүйелерінің нашар деңгейде екендігі сынға алынған. «Түрксиб» санаторийіндегі жағдайды аулымен телефон арқылы сөйлесе алмай жүрген адмның іс-әрекеті арқылы көрсетеді де, оның себеп салдарын ашады. Сөйтсе, кемшілік «Түрксибте» емес, байланыс министрлігінде екен. Өмірде болып жатқан жаңалықтарға немқұрайлы қарап, байланыс министрлігі облыс, аудандардағы телефон жүйелеріне жаңа аппараттарды қою мәселесіне көңіл бөлмей келген: «Бірақ сол жаңалықтар байланыс министрлігінің босағасына әлі енген жоқ. Ойға олақтық, оралымсыздық байланыс орындарының бірсыпырасына батпаңдап кірген екен, мысқылдап шықпасын!»«Публицистика жанрларының айқын да жарқын болуы фактіге байланысты. Ал факті бойындағы әрекеттің көрінісі дерексіз, құрғақ сөз емес, қайта өмір шындығы болып табылады».Фельетонист жалаң сөйлемей, фактіге жүгінеді, цифрларға кезек береді: «Республикада тек қана бес облыс тәулігіне үздіксіз Москвамен сөйлесе алады екен. Ал басқалар ше, басқалар сөйлескендерді тыңдап отырады.70 ауданда, 92 совхозда, 430 колхозда, 753 ауылдық, селолық Советтерде телефон деген атымен жоқ»

Бұдан әрі телефон жүйелерін тарту, почта жұмысын жақсарту жұмыстарының жоспары жыл сайын орындалмай келе жатқаны сөз болады, автор оны да цифрлармен дәлелдеп көрсете білген. «Мұның бәрі министрліктегі басшы жолдастарға мәлім бе? – дейді ол өзіне өзі сұрақ қойып. – Әрине, мәлім, - деп жауапты да өзі береді. – Олар қаулы да шығарады, нұсқау да береді, шара да қолданады. Өткен жы лы министрлік жұмысты жедел-қабыл жақсарту жөнінде жергілікті жерлерге күн сайын 40 хаттан, 70 телеграммандан жолдап, 700 мәрте телефонмен сөйлесті. Былтырғы қарқын қарқын қарқын ба, қауырт көтерілді. Өткен жылдағыдан 4422 хат пен телеграмма артық жіберілді. Бұл шара емей, табақ па?»Осы сияқты республикамызда электр байланысын жақсарту туралы министрлікте коллегия мәжілісі болып өткенін де ирониямен ойнақы стильде, өткір сынға алады:Кейбіреулер кеңірдегі қызған сайын көсіле түсіп, бір ретті місе тұтпай, екі реттен сөйлейді. Министр Носков жолдас репликаларын қоса есептегенде, орташа мөлшермен 10 реттен кем сөйлеген жоқ. Коллгеия мүшелері Тахман мен Момоцовтар да ақылды көп айтты. Түннің бір жарымында талай тармақтан құрастырылып 40 құлаш қаулы шығарылды. Бұл түні әрқайсысы-ақ үйіне бара сала терлеп-тепшіп бір самауырдай шай ішті...»Әрине, 40 құлаш емес шығар,үйлеріне барып самауырдан шай ішпеген болар, бірақ коллегия болғаны, онда сөйлеушілердің көп сөйлегені – шындық. Сондай-ақ, жұмыстан кейін адамдардың үйлеріне «тау қопарып келгендей» болып қайтатыны, «жұмыстан шаршап келдім» деп кесе-кесе шай ішіп, жайланып жататыны да шындық.Сырбай Мәуленовтің сатиралық өлеңдері көбінесе төрт немесе бес буынды ұйқаспен жазылған. Мысалы, «Неге ішесің?» деп аталатын бес жолдық сатиралық шағын өлеңі тек қана диалогтан тұрады:


Бадырақ көз, бақыр бас,
Неге ішесің?
Қатын мас.
Бутылканы бөле ішіп,
Қатыныңмен татулас! Бұл жерде автор «қатының мен бөле ішіп татулас» деген сөйлемді ирониямен айтады. Бұл фельетонның қоғам дерті ішімдікпен күресу мақсатында жазылғаны айтпаса да түсінікті. Ойлап қарасақ, жағымысыз қылықтарды жалынышты көңіл күймн емес, осындай ащы әзілмен жеткізу әлдеқайда тиідірек сияқты.Сырбай Мәуленов сатиралық өлеңдерін мысал түрінде де жазған. Атап айтқанда, «Арыстан», «Әнші есем», «Тойымсыз мысық» деген мысалдары әрі қызық, әрі ғибратқа толы. Мәселен, «Арыстан» мысалында:
Күнелтіп жүретұғын жан сауғалап,
Бар бізде арыстандар арамтамақ.
Тер төкпей, еңбек етпей жататұғын,
Бұл мысал сондайларға болар сабақ, - деген жолдар бар. Мысалдың мазмұны мынадай: Арыстан өтірік ауырады. Көңіл сұрай барған қарсақ, қабан, тағы да басқа аңдар оған күнде жем тасумен болады. Шортандар арыстанның емін іздеп әуре-сарсаңға түседі. Түлкі сұм арыстанды айналып, одан қалған-құтқан сүйек дәметеді. Сөйтіп, арытсан өтірік ауырып семіріп алады. Ой елегінен өткірзер болсақ, бұл мысал да Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсыновың мысалдарымен үндес. С.Мәуленов сынап отырған бұл мәселе әр заманда болған. Қазір де бар. Бұл да қоғам дерті.Сонымен, С. Мәуленов поэзиясына талдау жасағанда біз қандай нәтижеге қол жеткіздік? Ақынның өлеңдерін оқи отырып, өлең – өмір екенін түсіндік. Себебі, ол өз басынан өткен оқиға, замандастарының тағдыры, саяси-әлеуметтік мәселелер негізінде жырлай білген.С.Мәуленов ақын ретінде өз дәуірінің жыршысы болған. Сонау ауыз әдебиетінен бастап, ақындар журналистің қызметін атқарып келеді. Тіпті, тарихты да жазады. Қара сөзден қарағанда, қара өлеңге жақын С.Мәуленов үшін де халыққа бағытталған көсемсөзін өлең тілінде жеткізу әлдеқайда ыңғайлы болғаны да сөзсіз. Қазақтың бас ақыны Абаймен рухани үндестігінен болар «Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы?! Өлмейтұғын артын із қалдырған» деген ойды С.Мәуленов те қайталайды:
Өлмейсің! – деп ел айтты
– Өлмейсің деп! – деп жер айтты.
– Сендер аман тұрғанда
– Өлмеймін! – деп мен айттым

Сырбай Мәуленовтің публицистикалық жарияланымдарының көбісін очерк түрінде жазғаны бір ұтымды әдіс болғанына көзіміз жетеді. Себебі, ол кезеңде халықтың әдебиетке деген құштарлығы ерекше болғанын білеміз. Жазушылардың том-том кітаптарын жұртшылық таласа оқитын. Себебі, сол жазылған шығармаларды көркемдік, оқиғаның берілуі оқырманның көңілінен шығатын. Міне, С. Мәуленов те сол соқпақтан ауытқымастан өз мақалаларын жазып, жариялап тұрған.

Мәселен, автордың саяси көзқарасын танытатын «Ленин туының саясында» атты мақаласында негізігі айтылар ойдың өзегі Компартияның жеті жылдық жоспарын насихаттау болса да, оқырманды тарту мақсатында мақаласының кіріспе бөлімінде әдемі сөз тіркестерін, шебер суреттеуді пайдалана отырып, оқырманды тартып әкетеді.

«Бұл күндері аспан кеңістігін айналған эфир толқындарынан қарлығаштай қанат қағып, ұшқыр да ұтқыр ғажайып үндер естіледі. Ол үндерде дүние шегі жоқ. Белес-белес белдерден, арыстан жалды асау өзендерден, көкала басты асқар шыңдардан, қалың ну ормандардан асып өтіп, әрбір адам баласының көкірегіне көктем лебіндей, өмірдің нәрлі сусынындай,асыл нұрындай ақтарыла құйылады.

Бұл күндері сан мыңдаған газет беттерінде көз нұрын бірден үйіріп әкететін, таудан тасқан ата құлаған бұлақтай қуатты сөздер ұшырасады. Ол сөздерге тосқауыл болатын күш жоқ. Ол сөздер бұлттар көшкінін, теңіздер тасқынын жарып өтіп, әрбір жүрекке жол табады. Әлем аспанын жаңғыртып, дүниені дүрілдетеді. Ол үн,ол сөз – партияның үні, партияның сөзі».

Бейнелі ойлау, табиғат суретін әсерлеу, елестету,бейнелі сурет, көркемдік сипаттау шығармаға әр беріп тұр. Дәл осы қалыпты жазылған «Тамаша дос», «Гайдар ескерткіші», «Өмір жолы – өлең жолы», «Биіктік пен тереңдік», «Ішкі толқын теуіп сыртқа» және т.б мақалалары мысал бола алады. Автордың көптеген мақалаларына суреттеме тән. Мақалада қоланылған сөздерді оқудың өзі адам жанына ерекше әсер береді. Оқып отырғаның көз алдыңа қатар келеді. Бұл көркем публицистиканың «суреттеме» жанры екені айтпаса да түсінікті.

«Суреттеме – бұл адам портретінің , оқиғаның өмірдегі құбылыстардың әдеби-көркем құрадармен суреттелуі. Суреттемеде публицист алдындағы мақсат көбінде мәселенің басын ашатын өмірдің көріністеріне көңіл аударуды талап етеді. Журналист суретші секілді белгілі бір нүктені тауып алып суреттейді, егерде жазушы дұрыс бағытта жүріп, шығармашылық қиялы бай болса, ол өмір шындығын білуге, құбылыстарға әлеуметтік мағына беруге қол жеткізеді. Бірақ, мұнда да тақырыптың тың, өзекті болуы бірінші орында, ал олай болмаған жағдайда сурет өзінің танымдық тәрбиелік мәнін жоғалтады. Пубицистің өмірге қаншалықты бейім екендігін осыдан байқауға болады».

Автордың Абай Құнанбайұлының Алматы қаласында ескерткішінің ашылуына байланысты «Биіктік пен тереңдік» атты мақаласы жарыққа шықты. Бұл жай ғана ақпараттық мақала емес, талдап, таразылап жазылған туынды. Абай ескерткішінің сыртқы көрінісін сипатта-ақ, ақынның жан дүниесін ашып береді:

«Алматыда ақын ескерткіші. Алатауға тартатын даңғыл жолдың үстінде тұр. Мүмкін, қараңғы түнде қалғыған тау қалпына ақынның қарап тұрғысы келетін шығар? Ашық аспан омырауында бірімен-бірі сөйлескен жұлдыздардың сыбырын тыңдағысы келген шығар? Әлде, желсіз түнде жарқыраған жарық ай сәулесінің фонтан тасқынымен мың бөлініп, кемпірсқосақ болып шашылып жатқанын көргісі келеді ме екен? Әйтеуір, Абай бүгін Алатаудан аңқылдап соққан қоңыр самалдың құшағында тұр».

Абайдың ескерткішіне қарап, автор параллельді түрде толғанады, екі түрлі ақпаратты бір сөзбен жеткізеді. Атап айқанда, ақынның «Қараңғы түнде тау қалғып», «Желсіз түнде жарық ай» сынды өлеңдері бар екенін ескерте келе, Абайдың ішкі сезімдері мен ескерткішінің сыртқы сипатын шеберлікпен бір арнаға тоғыстырады.

Қара сөздің шебері Ғ. Мүсіреповтің: «Қызыға жаз, қыздыра жаз, қызықтыра жаз!Ойланып жаз, ойлы жаз, ой сала жаз, ойландыра жаз!Ызамен жаз, кекпен жаз,кектендіре жаз. Осы үшеуінсіз шығармаға жан кірмейді» [17], – деген пікірімен келіспейтін публицист жоқ шығар. Егер осы қалыпқа салып тарзылайтын болсақ, айтылған қағидаларға сай келетін мақалалар мен очерктер С. Мәуленовте жетерлік. Қызықтыра жазудың қас шебері десек те болады. Мәселен, «Бесжылдық белесінде»атты мақаласына автор КПСС ХХІІІ съезінің СССР халық шаруашылығын өркендетудің 1966-1970 жылдарға арналған бес жылдық жоспардың халыққа хабарлануын былайша жеткізеді:

«Март аспаны көгілдір, төсінде түйір бұлт жоқ. Түн ортасы жақындаса да, жұрт аяғы әлі басылмаған. Осы кезде газеттердің кезекті номерлері линотип машинасында құйылып жатыр. Осы кезде түнгі сменадағы завод жұмысшысы КПСС ХХІІІ съезінің құрметіне еңбек вахтасында тұр. Осы кезде көңілді жастар жаңа фильмдерді көріп кино-залдарда отыр. Дәл осы кезде ертең ертемен мектебіне баратын балалар бейғам ұйықтап жатыр. Еркін еңбектің қуатты қозғалысы өмір өзенін алға сүйреп келешек кемерімен жалғастырғандай. Үкімет үйінің зәулім мұнарасында өмір туы желбірейді. Эфир қанатынан қуаныш құсы қалықтап ұшады. Жұрт тым-тырыс. Соңғы хабарды тосады» – дәл осылай барлығының қалыпты жағдайда, күнделікті тәртібімен өтіп жатқанын шебер суреттей келе, оқырманға іштей «Ал енді не болады екен?, «Москва не айтар екен?» деген сұрақтар туындатады. Москваның хабарламасынан кейін «Осы бір бейқам тіршілік қалай өзгерер екен?» деген іштей сенімсіздік пайда болаты сияқты. Оқырманға бір ғана абзацта қаншама эмоцияны бастан кешіруге мүмкіндік берген Сырбай Мәуленовтің жазу шеберлігіне тек «керемет» деген баға береміз.

Сырбай Мәуленов – объективті көзқарасты берік ұстанған журналист. Ол қоғам үшін істелген әрбір жақсы істі «ақ» деп, қиянатты «қара» деп екіге әділетті түрде бөле білген. Сол кездегі билікке де тек бір жақты баға бермеген. Халық арасында сыңаржақ пікір қалыптастырмауға тырысқан. Орталық Комитеттің орынды саясатына кейде жақтас болған:

«КПСС Орталық Комитетінің 1985 жылғы апрель, Пленумы қоғамымызда түбегейлі өзгерістер жасады. Партияның ХХVІІ съезі, Орталық Комитетінің поленумдары қоғам мен мемлекетті революциялық жолмен қайта құру идеясын Ленинше көрегендікпен алға тартты. Жаңару, іздену, жеделдету, демократия, жариялылық, арылу, тазару уақыты жаңа рух, жаңа серпін, жаңа сенім туғызды. Демократия мен жариялылықтың арқасында көкейкесті көп мәселелер бұлақтай көзін ашып сыртқа шықты»

Бұл – бір мысал. Ал екінші қырынан алып қарағанда Сырбай ұлт жанашыры ретінде кез келген ұлттық мәселені жариялы түрде айтудан жасқанбаған. Әсіресе, тіл туралы сөз қозғағанда барынша ашып жазуға тырысқан:

«...Тіл – халықтың қаны, жаны. Тілсіз халық – сор басқан шөл, шел басқан көз. Күнсіз жарық болмаса, тілсіз халық бомайды. Тіл –ананың ақ сүі, атаның арман-мақсаты. Сондықтан да, ана тілінің жағдайы әрбір азаматты толғантады. Елуінші жылдардың ортасынан ауа ана тілінде оқытатын мектептер жойылып, газеттер жабыла бастағаны баршаға аян...».

Дәл осы тіл мәселесін С.Мәуленов ешқашан да назардан тыс қалдырмаған.Редактор болып, жауапты қызмет атқарғанда да тіл мәселесін көтеруге сүбелі үлес қосқан.Сырбай Мәуленовтің проблемалық мақалалырының өзі бір төбе.

«Биыл мен Шымкент облысында жүргенімде Арыс ауданының Жамбыл атындағы кохозында болдым. Онда бұрын тұтасқан ағаш бауы болыпты. Қазір сол қалың ағаш бауы мүлде сиреп кеткен. Бұрынғы бар нәрсені жоғалтып алудың өзі ағашқа деген алакөздіктің белгісі емес пе? Осы жай әлі де колхоз басшыларының ойына кіріп-шығатын емес. Қостанай облысының Меңдіқара ауданындағы Майлыағаш мекенді пунктінде де ағаштың жайы осындай. Ертеректе Майлыағашта да қалың орман күнге жапырағын тосып, жайқалып тұратын. Қазір барсаңыз әр жерде қылтиып тұрған сирек бұталарға ұшырайсыз. Сол сұлу орманның орны жатыр да, өзі жоқ».

Журналистің қырағылығы сол, жүрген жерінде көрген білгенін ойға салып таразылап, қортып жүруге тырысады.

Жалпы, журналистика саласының басты кейіпкері – шындық. Ағылшын ақыны Джона Мильтон : «Өзіңнің ойыңды ашық айтқанда ғана, ақиқатқа жетудің жолы осы екен» – деген екен. Қаламгер Сырбай Мәуленовтің әрбір мақалаларында оның шындықтан алыс кетпей, қоғамдағы өзекті мәслелелрді көтеретіні аңғарылады.



«Әрбір адам өткен тарихты білмей, оның жетістіктері мен кемшіліктерін зердесіне түймей, одан тәлім-тағылым, тиісті сабақ алмай, алға баса алмасқа керек. Жалпы тарихта ақтаңдақ болмауға тиісті деген сөздер қазір алдыңғы шепке шықты. Бізде әсіресе жеке адамға табыну кезінде тарихты жазуға ешкімнің батылы бармады. Әкесінен бала безген сол бір тұстарды әркім тарихты жазбақ түгілі, өзінің шыққан түбін, негізін айтудан да жасқана жалтарды.Ал қазір тайсалмай тарих қақпасын қағуға мүмкіндік туды».
«Публицистика мен очерктерді өмірдің барлаушысы» деп атайды. Бұл сөз – ортақ ойдан шыққан орынды сөз, шынында да одан ұшқыр, одан өткір, одан алғыр көркем шығарманың құралы жоқ десе де артық емес. Оның азаматтық даусы, жауынгерлік дабылы, идеялық биіктігі, шеберлік тереңдігі жыл санап жетіліп, кемелденіп келе жатқаны сөзсіз.... ». Журналист Төйлеубай Ыдырысовтың 1984 жылы «Мектеп» баспасынан жарық көрген қазақ журналистикасындағы очерктің қалыптасуы жайында «Шеберлік бастауы» деп аталатын зерттеу еңбегіне жазған алғы сөзінде Сырбай Мәуленов осылай деді. Бұдан біз оның журналистика теориясын да жақсы білгенін байқаймыз.С. Мәуленов – теория мен тәжірибені терең ұштастыра білген шебер публицист.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет