«Қош келдің Әз- наурыз» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Мақсаты



бет1/3
Дата24.05.2023
өлшемі19,17 Kb.
#96849
  1   2   3

18 наурыз күні №127 Ш. Уәлиханов атындағы орта мектеп-лицейінің 5 сынып оқушыларына «Қош келдің Әз- наурыз» атты мерекелік іс-шара өткізілді. 
Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: нақыл, қанатты сөздер, киіз үй.
Барысы: Кіріспе. Мұғалім: - Армысыздар, ұстаздар, ата – аналар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын!
Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын!
1 ж: Құрметті қонақтар, ата - аналар, ұстаздар, оқушылар!
Осы бүгінгі көктем мезгіліндегі қазақтың ұлт мейрамы Наурыз - яғни Жаңа жыл! Жалпы мұсылман жұртына ортақ ораза, құрбан айтты есептемегенде, біздің қазақтың жалғыз - ақ мейрамы ол - Наурыз.
Наурыз айының 22 - інде күн мен түн теңеледі. Адамдар бір - бірін мерекемен құттықтайды. Үлкен кісілер ақ тілек айтып, бата береді.
2ж:Армысыздар ағайын! Наурыз тойын жұп жазбай Қошеметпен қарсы алайық!
Досқа құшақ ашайық, Өлең жырға басайық Қазақтың бір салты деп тойға шашу шашайық
Наурыз келсе, Құт келгені халайық! Есік ашып, шашу шашып, Ел боп қарсы алайық
1 ж: Наурыз – көктем мерекесі. Наурыз – жыл басы. Наурыз – жаңа серпін, жаңа леп.
2 ж: Наурыз – қуаныш мерекесі, Бақыт пен шаттық мерекесі.
1 ж: Наурыз – шаруаның мерекесі.Наурыз – еңбек мерекесі.
2 ж: Армысыңдар, халайық, Бармысыңдар, халайық.
Наурыз тойын жұп жазбай Жылда қарсы алайық.
1 ж: Ал, халайық, тұрмайық, Әндетейік жырлайық!
Ортамызды ашайық, Ырыс тілеп бұл жылға, Жырдан шашу шашайық!
2 ж: Шашу! Шашу! Көп шашайық шашуды, Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр. Уа, жамағат, теріп ал несібіңді, Ризығың болсын көл – көсір!


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет