Сабақ : №3 Мектеп: Астана қ. Фмб нзм күні : Мұғалім: Меңдібаева С.Ә



бет1/4
Дата16.06.2023
өлшемі35,07 Kb.
#101872
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
1 Қазақ әдебиеті 6-сынып 3-тарау 3-сабақ Тортай мінер ақ боз ат ҚМЖ 1-нұсқа


ІІІ бөлім: Мен балаң жарық күнде сәуле қуған...
О.Бөкей «Тортай мінер ақбоз ат» әңгімесі



Сабақ : № 3

Мектеп: Астана қ. ФМБ НЗМ

Күні :

Мұғалім: Меңдібаева С.Ә

Сынып: 6 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ мақсаты

Шығармада көтерілген мәселенің әлеуметтік рөлі туралы сыни хабарлама жасау.



Құндылықтарды игерту:

  • адамгершілік

  • сыйластық

  • құрмет

Бағалау критерийлері:

  • Шығармада көтерілген мәселені анықтайды

  • Сыни хабарлама жазады

Тілдік мақсаттар:

Тірек сөздер
Ымырт, лайсаң, зауқы болмау, мыңқиып отыру

Осыған дейін меңгерілген білім

«Жусан иісі» хикаяты



Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер



Дереккөздер





Сабақтың басы


5 – 7 минут



Қызығушылықты ояту кезеңі
Оқушылар төмендегі терминдермен жұмыс істейді

  • Сын дегеніміз-белгілі әдеби шығарманың жетістіктері мен кемшіліктері хақындағы пікірлер. Сынның басты мақсаты- көркем шығарманы талдау, бағалау.

  • Ал сыни хабарлама дегеніміз шағын зерттеу, шығарма жетістіктері мен кемшіліктері туралы хабарлау, баяндау

Топта бір-біріне түсіндіреді, талдайды





Сабақтың ортасы


5 – 7 минут

5 минут


7 минут


Ауызша кері байланыс 3 мин
10
минут


Ауызша кері байланыс беру
2-минут
Саралау тапсырмасы

Мағынаны тану кезеңі
1-тапсырма
Әңгіме туралы бірнеше сыни хабарламаны оқы. Нені хабарлап тұрғанын анықта.

  1. мәтін

Шығарма Ораштың көзімен, қимас сезімімен, өкінішімен берілген Тортай тағдыры жайлы. Екі баланың әңгімесінен олардың зеректігін, сезімталдығын, ақылдылығын көрмеу мүмкін емес. Үміт арту, мақсат қою, армандай білу осы балалардың әңгімесінен анық көрінеді. Бір-бірінің қамын ойлап, бір-бірін толықтырып отыратынын оқыған кезде, шын жанашырлықтың не екенін түсінуге болады.
Ал Ораштың Тортайға қатты жаны ашыған сәті мынау еді. «Күз жақындап, фермадағы барлық бала жайлаудан ауылға оқуға аттанғанда, тау басында бұзау бағып, жападан-жалғыз Тортай ғана қалған. Әрине, мен оны қимадым, қиналдым. Өзіммен бірге ала кететін шаманың жоқтығына жыным келді». Ең зерек досының ауылда қалып, оқуға бармай қалғанына жаны ашып, қолдың қысқалығына налуда... «Кетерімде ол маған ең сүйікті кітабын сыйлап тұрып айтты: «Мен үшін де оқы. Бәлкім, мен міне алмаған ақ боз атқа cен мінерсің». Осы сәттен бір-бірін қимасын әрі досқа артылған үлкен үмітті көруге болады. Арманындағы ақ боз атын өзі мінбесе де, досына қиған Тортайдың ақжүректілігін байқайсыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет