Сабақ №1 (4 сағат) Практикалық сабақтың тақырыбы: Ас үй жабдықтарын тиімді орналастыру және жасау



Дата15.11.2023
өлшемі77 Kb.
#122949
түріСабақ

Ф-ӘД-001/046



Практикалық сабақ №1 (4 сағат)


Практикалық сабақтың тақырыбы: Ас үй жабдықтарын тиімді орналастыру және жасау
1. Сабақ жоспары: Ас үй жабдықтарын тиімді орналастыру және жасау
2. Сабақ мақсаты: 1.Студенттерге ас үй жабдықтарын тиімді орналастыру және жасау туралы түсініктер беру.
3. Қысқаша теориялық мәліметтер
Қазіргі ас үйі көптеген шаруашылық жұмыс түрлерін атқаруға пайдаланылады.
Негізінен ас дайындауға арналғанымен, кейде кір үтіктеу, киім тігу сияқты үйдің басқа да ұсақ-түйек істері сол бөлмеде атқарылады. Ас үй мақсатына, жабдықталуы мен пайдаланылуына қарай тамақ әзірленетін ас үй, тамақ ішетін ас үй, яғни асхана деп бөлінеді.
Тамақ әзірлейтін ас үй негізінен тамақ әзірлеуге және шаруашылық жұмыстарын істеуге есептелген. Мұндай ас үйде отбасы мүшелері тамақты әр кезде, бөлініп-бөлініп ішеді. Тамақ ішетін ас үйде, яғни асханада отбасының барлық мүшесі бір мезгілде тамақ ішуге арналған үстел тұруға тиіс. Ас үйде атқарылатын барлық жұмыс түрінің ішіндегі ең негізгісі - уақытты көп алып, күштің де көбірек жұмсалатыны - тамақ әзірлеу және ыдыс-аяқты жинау. Тамақ әзірлеуге әйел күніне орта есеппен 4 сағат уақыт жұмсап, бірнеше км жер жүреді екен. Оның үстіне ас үйдегі жұмыс жағдайының қолайсыздығымен бірге (ыстық, ылғал, булану, шу, ауа құрамының өзгеруі) әйелдің тамақты негізінен тік тұрып әзірлейтінін де естен шығармау керек. Ас үйдегі жұмыстар тиімді түрде ұйымдастырылса, үй шаруашылығын жүргізуге жұмсалатын уақытты қысқартып, еңбекті жеңілдетуге әбден болады.
Ас үй түрлері


Ас үй жабдықтарын қолайлы топтастыру және орналастыру, барлық қажетті затқа әйелдің қолы еркін жететіндей болуы, тұрмыстық , техниканы кеңінен пайдалану жұмысты жеңілдетуге, дене еңбегін азайтуға мүмкіндік береді.
Жұмысты тиімді ұйымдастыру, мақсаттылық принципін сақтау және тұрмыстық техниканы кеңінен қолдану тамақ әзірлеуге жұмсалатын уақытты 1,2-1,5 есе қысқартыл әйелдің еңбегін азайтады және оның көп шаршамауына септігі тиеді.
Әрбір ас үйде қажетті жабдықтарды дұрыс орналастырудың маңызы зор. Ас үйдегі жабдықтың жиынтығы пәтердегі бөлмелердін орналасуына және отбасы құрамына байланысты болуға тиіс. Ал олардың қайсысын қай жерге қою керектік ас үйдегі шаруашылық жұмыстарының қандай кезекпен атқарылатынына сәйкес келуі керек.
4. Бақылау сұрақтары:
1. Ас үй жабдықтарына нелер жатады?
2. Ас үй жиһазын қалай таңдауға болады?
5. Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі: Үйге берілген тапсырманы аудиторияда отырып орындау.

  1. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмалары: Практикалық сабақта түсінбеген терминдердің анықтамасын жазып, конспектілеу.

  1. Үй тапсырмасы: Өзіндік жұмыс орындау:

1. Ас үйдегі жұмыстарды тиімді ұйымдастыру
8. Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер және Wеб сайттар тізімі:
1 Әлімбекова С. Үй және тұрмыс мәдениеті. Оқу-әдістемелік құрал.-Түркістан. 2011. -136 бб.
2. Технология. Жалпы орта білім беретін мектептің 5-7 сыныптарына арналған бағдарламалар. –Алматы: РОНД, 2003. –36 б.
3. Технология. Жалпы орта білім беретін мектептердің 8-9 сыныптарына арналған бағдарламалар. –Алматы, 2004. –16 б.
4. Технология. Жалпы орта білім беретін мектептердің 10-11 сыныптарына арналған бағдарламалар. –Алматы, 2006. –29 б.
5. Чунихин А.А. Электрические аппараты.- М.: Энергия,1988. 5-31б.
6. Родштейн Л.А. Электрические аппараты.- М.:Энергия,1964.11-13б.
7. Өтешев Өтебай. Село электригінің серігі. - Алматы: Қайнар, 1985. – 296 б.
8. Нәдіров Е.Ғ. Электротехника және электроника негіздері: Оқу құралы/- Алматы: «Бастау» баспасы. -2012. – 588б.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет