Пәндік және тілдік мақсаттар
|
Лексика
Талдауға арналған тармақтар:
Алгебралық өрнектерді қысқаша көбейту формулаларын пайдалану арқылы тепе-тең түрлендіру.
|
Терминология
Негізгі сөздер мен тіркестері:
Алгебралық өрнек - Алгебраическое выражение - Algebraic expression
Өрнекті ықшамдау - Упрощение выражения - Simplification of expression
Өрнектерді тепе-тең түрлендіру - Тождественные преобразования выражений - Identical transformations of expressions
|
Диалог
Сыныптағы диалог/ жазылым үшін тілдік бірліктер:
Алгебралық өрнектер ..... болып бөлінеді.
Алгебралық өрнектерге ... амалдары қолданылады.
Алгебралық өрнектер .... қолдану арқылы түрлендіріледі.
|
|
Сабақтың басы Ұйымдастыру кезеңі 1 минут
Сабақ мотивациясы
2 минут
«Миға шабуыл» әдісі
Сабақтың ортасы
Білімнің маңыздылығы
4 минут
|
Психологиялық ахуал туғызу.
Сыныптағы кезекшімен сұхбаттасады.
Топқа бөлу
«Қызғалдақ» тобы «Бәйшешек» тобы «Ақшешек» тобы
(С деңгейі) (В деңгейі) (А деңгейі)
Сабақ тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.
- Балалар, алгебралық өрнектер деген не?
- Қандай түрлерге бөлінеді?
- Алгебралық өрнектерге қандай амалдар қолданылады?
- Түрлендірулердің қандай түрлерін білесіңдер?
1 – тапсырма: (Сәйкестендіру әдісі) (№1 конверт )
Қалыптастырушы бағалау. (Топпен жұмыс) (4 минут)
Берілген өрнектерді екі бағанға орналастырыңдар (№1 қосымша)
Орындаған жұмысымызды сағат тілі бойынша келесі топқа береміз.
(интербелсенді тақтада тапсырманың дұрыс жауабы көрсетілген).
Дескриптор:
Бүтін өрнектердің анықтамасын біледі;
Берілген өрнектерді ажыратады;
Өрнектерді екі бағанға сәйкесінше орналастырады.
|
Сабаққа дайындалады.
Кезекші оқушы мұғаліммен сұхбаттасады.
Мұғалімді тыңдайды.
Оқушылар үш топқа А,В,С деңгейі бойынша бөлініп отырады. Спикер таңдайды.
Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстырады.
Сұраққа жауап береді.
Тепе-тең түрлендірулерге мыналар жатады:
Ұқсас мүшелерді біріктіру;
Жақшаларды ашу;
Көбейткіштерге жіктеу;
Алгебралық бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру.
Жұмыс картасымен танысады
Әр топ №1 конвертті таңдап ашып, тапсырмасымен танысады.
Оң жақтағы кестеде берілген өрнектерді қиып алып, сол жақтағы бос кестеге екі бағанға ажыратып сәйкесінше жапсырады.
(Қайшымен, желіммен жұмыс жасау ережесі еске алынады)
|
Білу,
түсіну
|
Интербелсенді тақта
Таратпалар
Топ атауы жазылған суреттер
№ 2, № 3 слайдтар
Таратпалар
Конверттер
Қысқаша көбейту формулалары
Таратпалар
№1 қосымша
Конверттер
Таратпалар
Интербелсенді тақта
Таймер
Қайшы
Желім
Таратпалар
|
|
Білімді қолдану
10 минут
АҚТ –мен жұмыс
5 минут
Сергіту сәті
2 минут
Шығармашылық жұмыс
16 минут
|
2 – тапсырма. (№ 2 конверт)
Өзара тексеру (жұппен жұмыс)
Өрнектің мәнін табыңдар: , мұндағы
Өрнектің мәнін табыңдар: мұндағы
Ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдап, кестені толтырыңдар:
Дескрипторлар:
Белгісіз айнымалының мәнін орнына қояды;
Амалдарды орындайды;
Бөлшекті қысқартады;
Жауабын жазады.
3 – тапсырма. (№ 3 конверт)
Өзін-өзі тексеру (жеке жұмыс) (5 минут )
Дұрыс теңдікті табыңдар:
Артығын табыңдар:
Қатесін табыңдар:
Дескрипторлар:
Бөлшектерді ажыратады;
Бөлшектерге амалдар қолдануды орындайды;
Бөлшектерді қысқартады;
Бөлшектерді дәрежеге шығаруды орындайды;
Бөлшектің мәнін табады.
4 – тапсырма. Тренажерда тест орындау. (Өзіндік жұмыс)
(5 минут)
Дескрипторлар:
Алгебралық бөлшектерге амалдар қолдануды орындайды;
Қысқаша көбейту формулаларын қолданады;
Алгебралық бөлшектерді қысқартады.
Сергіту сәтін жүргізейік. Компьютерде жұмыс жасаған соң, көзімізді демалдырайық.
Интербелсенді тақтада көзге арналған жаттығу берілген.
Көзіміз жақсы көруі үшін,
Көзәйнекпен жүрмеу үшін,
Көзімізді қорғау үшін
Жаттығуды жасайық.
5 – тапсырма. Плакатпен жұмыс. Мәтін есеп шығару.
Әр топқа төрт бөлікке бөлінген (квадрант) плакат таратылады. Бірінші квадрантта есептің мәтіні, екінші квадрантта есептің қысқаша шарты, үшінші квадрантта («Шешуі») есептің шешімін жазасыңдар..
«Шешуі» сөзі жазылған квадрантқа сендер есептің шартына сәйкес формула құрап жазуларың керек және айнымалының сәйкес мәнін формулаға қойып, есептің шешімін есептеп жазу керек. Ал төртінші квадрантта берілген есептің жауабын толық жазу қажет.
(10 минут)
Есептің шығарылу формуласын құрастырыңдар:
К пунктінен М пунктіне дейінгі жолды турист
с км\сағ жылдамдықпен жүрді, ал қайтар жолда
d км\сағ жылдамдықпен жүріп, 1 сағ аз уақыт жұмсады. К мен М пункттерінің арақашықтығы қанша?
С = 4, d = 6 деп алып, КМ арақашықтығын есептеңдер.
Есептің шығарылу формуласын құрастырыңдар:
Автобус А пунктінен В пунктіне дейін тауға
v км/сағ жылдамдықпен көтерілді, ал қайтар жолда w км/сағ жылдамдықпен жүріп, жарты сағ уақыт
кем жұмсады. А және В пункттерінің арақашықтығы қандай?
V = 40, w = 50 деп алып, АВ арақашықтығын есептеңдер.
Есептің шығарылу формуласын құрастырыңдар:
Катер өзен ағысымен 12 км және ағысқа қарсы
4 км жүзіп, барлық жолға 2 сағ уақыт жұмсады. Егер ағыс жылдамдығы 4 км/сағ болса, катердің меншікті жылдамдығы неге тең?
Есепті іріктеу тәсілімен шығарып көріңдер.
Сағат тілі бойынша әр топтың спикері топта қалдырып, қалғандарың келесі топқа ауысып отырыңдар. Топта қалған спикер келесі топқа өз тобының есебінің шығарылу жолын түсіндіріп беруі тиіс. (2 минут + 2 минут)
Соңында әр топтың жұмысын «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» стратегиясы арқылы бағалаңдар. (топтық жұмыс) (1 минут)
Дескрипторлар:
Мәтін есептің шартын түсінеді;
Мәтін есептің қысқаша шартын жазады;
Есепті шығаруға қажетті формулаларды біледі және жазады;
Есептің шешуін табады, жауабын жазады.
Есептің шығарылу жолын түсіндіре алады.
|
№ 2 конвертті ашып, тапсырмасымен танысады.
Тапсырманың шарты бойынша жұппен орындайды.
Тақтаға әр жұптан бір оқушы шығып, орындайды.
Интербелсенді тақтадағы слайдтан дұрыс жауабымен тексереді
№ 3 конвертті ашып, тапсырмасымен танысады.
Тапсырманың шарты бойынша жеке орындайды.
Тақтаға әр топтан бір оқушы шығып, орындайды және түсіндіреді.
Интербелсенді тақтадағы слайдтан дұрыс жауабымен тексереді
Әр оқушы компьютерге жайғасып, тест жұмысын орындайды.
(Компьютерде жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерін еске алады)
Интербелсенді тақтада берілген сергіту жаттығуын орындайды.
Әр топ берілген плакат бойынша шығармашылық тапсырма орындайды.
Есептің шығарылу жолының формуласын құрады.
Берілген сан мәндерін орнына қойып, есептің жауабын есептеп табады.
Сағат тілі бойынша әр топтың спикері топта қалады да, қалғандары келесі топқа ауысып отырады.
Сол топта қалған спикер келесі топқа өз тобының есебінің шығарылу жолын түсіндіреді.
Әр топтың жұмысын «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» стратегиясы арқылы бағалайды.
|
Қолдану
Қолдану Талдау
«Екі жұлдыз, бір ұсыныс» стратегиясы
|
Конверт
Таратпалар
Таймер
Таратпалар
Интербелсенді тақта
№ 7, 8, 9 слайдтар
Таратпалар
Интербелсенді тақта
№ 10, 11, 12 слайдтар
Компьютер
лер
Интербелсенді тақта
Плакаттар
Таратпалар
Таратпалар
Интербелсенді тақта
|
|