Сабақ №1. Микробиологиялық зертханада жұмыс жасау ережелері. Микроскоптау техникасы. Тірідей препараттар дайындау


Микроорганизмдердің протеолитикалық (протеазалық) белсенділігін зерттеу



бет25/27
Дата02.12.2023
өлшемі9,05 Mb.
#131672
түріСабақ
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Микроорганизмдердің протеолитикалық (протеазалық) белсенділігін зерттеу. Протеатикалық ферменттер белоктарды поли- және олигопептидтерге дейін ыдырауын катализдейді. Протеазаны бациллалардың, актиномицеттер, мицелиалды саңырауқұлақтар және т.б. микроорганизмдердің әр түрлі өкілдерінен бөледі. Клетка сыртылық протеазалардың белсенділігін субстрат ретінде желатин, казеин және т.б. белоктар қолдана отырып анықтайды.

Сурет 25 – Әртүрлі микроорганизмдердің көмірсулар мен спирттерде өсу қабілетін анықтауға арналған тығыз қоректік орталарға егу жүргізудің сызба нұсқасы.

Желатиннің ыдырауы. Микроорганизмдерді ет-пептонды желатин (ЕПЖ) ортасына егеді. Ол үшін алдымен ортаны дайындап алады. 100 мл ет-пептонды сорпағы (ЕПС) 10-15 г желатин қосып, 20-30 минутқа ісінгенше қалдырады. Содан кейін су моншасында желатин толығымен ерігенше қайнатады және дайын болған ЕПЖ ортасын 8 -10 мл пробиркаларға құяды. 0,5 атм. 15-20 залалсыздандырады. Сосын микроорганизмдерді микробиологиялық инемен егеді. Өсіру уақыты 7 -10 тәулік. Желатиннің ыдырауын көзбен бақылайды. Егерде желатин ыдырағаны байқалса оның қарқындылығын және ыдырау пішін бағала йды. Желатин– қабатты, воронка тәрізді, қап тәрізді, көпіршіктелген және т.б. (сурет 26).
Казеиннің гидролизі. Микроорганизмдердің казеинді протеолиздеу қабілетін анықтау үшін залалсыздандырылған, майсыз 3 % агар қосылған сүтті агар ортасы қолданылады. Сүтті агар ортасын Петри табақшаларына құяды. Микроорганизмдерді жіңішке сызық бойымен егеді. Өсіру уақыты 2 -10 тәулік. Казеиннің гидролизін микроорганизмдердің сызық бойымен өскен колонияларының айналасындағы мөлдір аймақтың түзілуінен бағалайды. Әсіресе ол аймақ 5 % үш хлор сірке қышқылының ерітіндісімен өңдегеннен кейін нақты көруге болады.
Казеиннің гидролиздену аймағын сызықтың немесе колонияның шетінен мөлдір аймақтың шегіне дейін миллиметрмен өлшейді. Мөлдір аймақтың диаметрі үлкен болған сайын, казеинді гидролиздеу белсенділігі соғұрлым жоғары болады.
Амилазалық белсенділігін зерттеу. Крахмал амилаза ферментінің әсері арқылы бациллалардың, псевдомонадалардың, стрептомицеттердің және мицелиалды саңырауқұлақтардың әр түрлі белсенді өндірушілері арқылы гидролизденіп ыдырайды. Микроорганизмдердің амилазалық белсенділігін анықтау үшін келесі құрамды қоректік орта пайдаланылады г/л: пептон – 10,0; KH2PO4 - 5,0; ерігіш крахмал – 2,0; агар – 15,0; ортаның рН – 6,8 – 7,0; қоректік ортаны 1,0 атмосферада залалсыздандырып, Петри табақшаларына құяды. Орта қатқан соң зертелетін микроорганизмдерді жіңішке сызықпен егеді. Өсіру уақыты 2 -10 тәулік. Крахмалдың гидролизін агарлы ортаны Люголь ерітіндісімен өңдеген соң бақылайды. Ол үшін ортаға Люголь ерітіндісінен 2-3 мл құяды. Құрамында крахмал бар орта көк түске боялады, ал егерде крахмал декстриндерге дейін ыдыраса, гидролизденген аймақ түссіз немесе қызыл -қоңыр түске боялады. Түссізденген аймақтың диаметрі қаншалықты үлкен болса, соғұрлым амилазалық белсенділік жоғары болады.

Ескерту: а - кратер тәрәзді ; б – шомыр тәрізді; в – воронка тәрізді; қап тәрізді; г – қабатталған; е – көпіршік тәрізді (а – в және д аэробты микроорганизмдердің желатинді ыдыратуы; г – факультативті анаэробтардың ыдратуы; е – анаэробтардың ыдыратуы).
Сурет 26 – Микроорганизмдерді ЕПЖ қоректік ортасына инемен егу жүргізгеннен кейінгі желатиннің ыдырауы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет