Сабақ №1 Тақырыбы: Антропометриялық өлшемдер. Теориялық сұрақтар



бет1/5
Дата29.10.2022
өлшемі45,25 Kb.
#46132
түріСабақ
  1   2   3   4   5

Практикалық сабақ № 1


Тақырыбы: Антропометриялық өлшемдер.


Теориялық сұрақтар:

  1. Антропометриялық өлшемдер, оған қандай өлшемдер жатады?

Соматометрия, физиометрия, самотоскопиялық өлшемдер деген не ?

  1. Жалпы биологиялық ұғымдар: бой, даму дегеніміз не?

Денсаулық дегеніміз не? Абсолютті, практикалық денсаулық деген не?

Антропометрия (грек. Antropos – адам, metreo – өлшеу) – адамның негізгі физикалық көрсеткіштерін өлшеу арқылы, физикалық дамуын бағалау. Антропометриялық көрсеткіштерге бойы, дене салмағы, кеуде қуысының өлшемі және басқалары жатады. Жалпы физикалық даму көрсеткіштері ағзаның функционалды жағдайын көрсетеді және денсаулық жағдайы мен жұмыс қабілеттілігін бағалауда маңызы бар.
Өлшеуді тексеруден өткен өлшеуіш құралдармен өлшейді: таразы, бой өлшегіш, сантиметрлік лента. Барлық өлшеуді күннің бірінші жартысында, аш қарынға, физиологиялық қажеттіліктерден кейін жүргізілгені дұрыс. Өлшенетін адам жеңіл тоқыма киімде болуы керек. Бойды өлшеу (дененің ұзындығы) Дененің ұзындығын өлшеу үшін бой өлшегішті қолданады, ол алаңға бекітілген сантиметрлік шкалаға бөлінген вертикалды енсіз жұқа тақтайша. Вертикалды енсіз жұқа тақтайшада жоғары-төмен қозғалатын көлденең орналасқан планкасы бар.
Шараның орындалуы:

      1. Шараның мақсаты мен жасалуы туралы науқасқа түсіндіру, келісімін алу.

  1. Гигиеналық әдіспен қолын өңдеу.

  2. Бой өлшегішті жұмысқа дайындау.

  3. Бой өлшегіштің планкасын бойынан биікке көтеру.

  4. Науқасқа алаңның ортасына вертикалды енсіз жұқа тақтайшаға арқасын тіреп тұруын өтіну (аяқ киімсіз).

  5. Науқас вертикалды енсіз жұқа тақтайшаға 3 нүктесі тиіп тұруы қажет: өкшесі, жамбасы, жауырыны.

  6. Сыртқы есту тесігі мен көзі бір көлденең сызықта тұратындай деңгейде басын ұстап тұру.

  7. Бой өлшегіштің жылжымалы планкасын науқастың басына тигізе түсіреді (баспай).

  8. Планшеттің төменгі шетіндегі шкаладағы сан науқастың дене ұзындығын көрсетеді.

  9. Бой өлшегіш алаңынан абайлап шығуын сұрайды.

Өлшеу дәлдігі – 0,5 см дейін.
Бойды күннің бірінші жартысында өлшеген дұрыс, өйткені адамның бойы кешке қарай 1-2 см кішірейеді. Бұның себебі –шаршау, бұлшықет тонусының төмендеуі, омыртқа аралық шеміршек дискілерінің және тік жүру нәтижесінде табанның тегістелуі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет