Сабақ №11-12 Тақырыбы: Көтеру-түсіру операциялары



Дата06.01.2022
өлшемі0,55 Mb.
#13044
түріСабақ
Байланысты:
11-12


Практикалық сабақ №11-12

Тақырыбы: Көтеру-түсіру операциялары

Сабақтың мақсаты: дәрісте алған білімдерін бекіту, студенттерді бұрғылау кезіндегі түсіріп-көтеру операцияларын орындауда жүргізілетін жұмыстармен таныстыру.

Жоспар:


1.Бұрғылау құбырын көтеріп-түсіргендегі операциялар тізімі

2.Есеп
1.Теориялық мәлімет

Жұмыс жасап болған қашауды алмастыру мақсатында бұрғылау құбырларын көтеру және түсіру бірнеше қайталанатын операциялардан тұрады.

Көтеру

Түсіру

Машиналық операциялар

Ұңғыдан свечаларды көтеру

Бос элеваторды көтеру

Машиналық-қолмен және қолмен жасалатын операциялар

Элеваторға тізбекті отырғызу

Подсвечниктен свечаны шығару

Бұрандалы қосылысты бұрап алу

Тізбекпен бірге свечаны бұрау

Подсвечникке свечаны орналастыру

Свечаны ұңғыға түсіру

Бос элеваторды түсіру

Тізбекті элеваторға отырғызу

Жүктелген элеваторға штропты жеткізу

Бос элеваторға штропты жеткізу

КТО-сын жүргізу үшін бұрғылау бригадасы құбыр тізбегін қармап ілу үшін аспаптармен (элеватор, клин, спайдер), бұрғылау және шегендеу құбырларын бұрау және бұрап алу үшін аспаптармен (машиналық кілттер) жабдықталуы керек.


Бұрғылау қондырғысының тәлді жүйесі ауыр бұрғылау аспабын салмағымен ұстап тұруға және көтеруге арналған.

Тәлді жүйе (сурет1) полиспасты механизм, ол мұнараға немесе мачтаға орнатылған кронблоктан 1, тәлді блоктан 2 және бұрғылау лебедкасын 4 көтергіш ілмекпен жалғайтын тәлді канаттан 3 тұрады.Тәлді жүйенің жабдықталуы деп кронблок пен тәлді блок шкивтеріне канаттың ілінуін айтады.
Тәлді жүйе канаттары

Ілмектегі күш аз болғанда КТО-рын тіке канатта орындайды (сурет 1, а).



Геологиялық барлау бұрғылауда тәлді жүйенің 3 түрі қолданылады:

  1. Канаттың бос шеті бұрғылау қондырғысының негізіне бекітіледі немесе якорьға бекітіледі (канаттың шеті қозғалмайтын тәлді жүйе), (сурет 1, б,в),

  2. Мұнараның немесе мачтаның кронблогына бекітіледі (сурет 1, г),

  3. Тәлді блокқа бекітіледі (сурет 1, д).

 

Сурет 1. Тәлді жүйе схемасы

Тәлді канатқа түсетін күш:



        (1)

мұндағы Q – ілмектегі күш; uтс – тәлді жүйедегі струна саны

Ілмектегі күш:

       (2)

Жетекші тармақ күші:



           (3)

Канаттың қозғалмайтын тармағындағы күш:



             (4)

η – бір шкивтің п.ә.к; η=0,98.

Тәлді жүйенің п.ә.к:

         (5)

Тәлді жабдықталудың струна саны:



         (6)

мұндағы Рл – жетекші тармақ күші; λ1 – двигательдегі артық күш коэффициенті; электрлі двигательдер үшін λ1=1,3; іштен жану двигателі үшін λ1 =1,10÷1,15.

Геологиялық барлау бұрғылауда тәлді жүйе жабдықталуының мынадай түрлері қолданылады: 0x1; 1x2 және 2x3 (сурет1 а,б,в).

Олар үшін п.ә.к:



uт.с 

1

2

3

4

ηт.с

0,96-0,97

0,95-0,93

0,92-0,90

0,90-0,88

Практикалық есептеулерде ηт.с мына формуламен анықталады:

ηт.с=1-0,02uт.с        (7)



Бақылау сұрақтары:

1.Тәлді жүйенің атқаратын қызметі.

2.Тәлді жүйе қандай элементтерден тұрады?

3.КТО-сын жүргізу үшін қандай механизмдер мен аспаптар қолданылады?

4.АСП механизмдер комплексі не үшін қажет?

5.Бұрғылау қондырғысының тәлді жүйесінде қандай канат қолданылады?


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1. Ю.В.Вадецкий. Бурение нефтяных и газовых скважин.-М.: Недра, 2004.

2. Абубакиров В.Ф., Буримов Ю.Г., Гноевых АН., Межлумов АО., Близнюков В.Ю. Буровое оборудование: Справочник: в 1-х т. Т. 2. Буровой инструмент. - М.: ОАО Издательство Недра, 2003.

3. Булатов А.И.. Демихов В.И.. Макаренко П.П. Контроль процессов бурения нефтяных и газовых скважин. - М. ОАО Издательство Недра, 1998.



4.Середа Н.Г., Соловьев Е.М. Бурение нефтяных и газовых скважин. - М.: Недра, 1988.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет