Сабақ №13-14. Ұлттық шоттар жүйесі, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер



Дата07.01.2022
өлшемі20,79 Kb.
#18659
түріСабақ

Практикалық сабақ №13-14 . Ұлттық шоттар жүйесі, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер
13.1. Ұлттық шоттар жүйесiнiң мазмұны

13.2. Ұлттық шоттарды құру әдіснамасы

14.1. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерін есептеу әдіснамасы

14.2. Ұлттық шоттар жүйесiндегi салааралық баланс


Әдістемелік нұсқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау, қорытынды жасау.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:


  1. Ұлттық шоттар- халықаралық практикада қолданылатын баланстық есептеулердің жиынтығы.

  2. Ұлттық шоттарды құру принциптері: міндеті, үлгісі, шоттардың мазмұны.

  3. Ұлттық шоттар жүйесінің макроэкономикалық көрсеткіштерін есептеу әдіснамасы.

  4. Саларалық баланс ұлттық есеп жүйесін интеграциялау құралы.

  5. ҰУЖ-дегі салаларалық баланстың үлгісі.

  6. Саларалық баланс көрсеткіштерінің экономикалық мағынасы.

  7. Тікелей шығын коэффициентерін есептеу.



Өз бетінше шешу үшін тапсырмалар мен жаттығулар
1 тапсырма

Үй шаруашылықтарының қызметі жөніндегі деректер бойынша экономиканың жекелеген салаларының шығарылымын анықтаңыз, мың теңге:

консервіленген көкөніс өнімі – 180;


  1. теріден жасалған бұйым мен өнім – 60;

  2. өсірілген ауыл шаруашылығы малы – 90;

  3. ауыл шаруашылығы дақылдарының алынған түсімі – 30;

  4. өндірілген өсімдік майы мен шарап – 20.

Жауабы: өнеркəсіп өнімінің шығарылымы 260.
2 тапсырма

Ауыл шаруашылығы өнімінің шығарылымын төменде берілген деректер бойынша есептеңіз, мың теңге:



  1. ауыл шаруашылығы дақылдарының алынған түсімі – 550;

  2. өндірілген ұн – 120;

  3. ірі қара мал, жылқы өсіруден өндірілген өнім – 280;

  1. ұсақ қара малдан алынған төл, қосымша салмақ – 50;

  2. өсімдік өсіру шаруашылығы мен мал шаруашылығының аяқталмаған өндіріс қалдығының өсімі +30.

Жауабы: 910.
3 тапсырма

Ауыл шаруашылығы өнімінің шығарылымын төменде берілген деректер бойынша анықтаңыз, мың теңге:



  1. ауыл шаруашылығы өнімі сатылды – 680;

  2. ауыл шаруашылығы өнімінің сатылмаған қалдығы: а) жылдың басында – 60;

ə) жылдың соңында – 70;

  1. өсімдік өсіру шаруашылығы мен мал шаруашылығының аяқталмаған өндірісінің қалдықтары:

а) жылдың басында – 50;

ə) жылдың соңында – 35;



  1. жүргізілген жұмыс: мелиоративтік – 20;

  2. ауыл шаруашылығы техникасын жөндеу – 75;

Жауабы: 675.

4 тапсырма



Құрылыс өнімінің шығарылымын төменде берілген деректер бойын- ша анықтаңыз, мың теңге:

  1. орындалған құрылыс-монтаж жұмыстары – 600;

  2. ғимараттар мен құрылыстарда күрделі жөндеу жасалған – 300;

  3. орнатылған жабдықтардың құны – 80;

  4. көп жылғы көшетті отырғызуға жұмсалған шығын – 30;

  5. халықтың тапсырысы бойынша комиссия қабылдаған тұрғын үйлердің құны – 450;

  6. құрылыспен байланысты геологиялық-барлау жəне бұрғылау жұмыста- рына жұмсалған шығын – 80;

Жауабы: 1430.

5 тапсырма

Сауда өнімінің шығарылымын төменде берілген деректер бойынша екі əдіспен анықтаңыз, мың теңге, егер:


  1. сатылған сауда үстелмесі – 800;

  2. айналыс шығыны – 500; оның ішінде мына шығындар: көлік ұйымдарының – 60; байланыс мекемелерінің – 30;

  3. сауда қызметінен салық салынғанға дейін түскен табыс – 300;

Жауабы: 710.

5 тапсырма

Сауда өнімінің шығарылымын төменде берілген деректер бойынша есептеңіз, мың теңге:


  1. сауда ұйымдары тауар сатып алған сома – 600, оны сатқан сома – 950;

  2. бөгде көлік ұйымдарының, байланыс бөлімшелерінің шығындары – 50.

Жауабы: 300.
Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Имашова Ж. Д. CD Теория статистики. Алматы: Экономика, 2013.

2. Мухамбетова С. CD Статистика теориясы. Алматы: Экономика, 2014.

3. Әміреев Ы.Ә., Бейсекова Ж. Ы. Статистика есептер жинағы. Алматы: Экономика, 2013. - 392 с.

4. Әміреев Ы.Ә. Статистика. Алматы: Экономика, 2015. - 570 с.

5. Шокаманов Ю.К., Бельгибаева К.К. Статистика. Алматы. – Экономика. 2008.



6. Шайтова Н. Статистика (экономика, бухгалтерлік есеп, аудит): Оқу құралы / Н. Шайтова.- Астана: Фолиант, 2010. - 216 б.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет