Сабақтың тақырыбы: Компьютер – әмбебап есептеуіш машина
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: оқушыларды «компьютер» түсінігімен таныстыру, компьютердің құрылымы, қызметі туралы алғашқы түсінік қалыптастыру.
Дамытушылығы: «компьютердің» анықтамасын, компьютердің түрлерін, пайдалану саласын анықтау білімін дамыту
Тәрбиелігі: адам өмірінде компьютерді қолдануға мысал келтіріп, сыртқы түрі бойынша құрылысын анықтауды, оның қызметін, оқылған құрылғыларына сипаттама беруді, пернетақтаны қолдануға тәрбиелеу
Сабақ түрі: жаңа білімді меңгерту
Сабақ типі: аралас
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, интерактивті тақта, презентация, электронды оқулық
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі 2. Үй тапсырмасына шолу: 3. Жаңа сабақты түсіндіру Ақпаратпен жұмыс істеу үшін қажетті заманауи құрылғы- ол компьютер.бұл тарауда сендер: компьютердің неден тұратынын, компьютердің әрбір құрылғысыныңне үшін керек екенін, компьютер пернетақтасының қандай пернелерден тұратынын білетін боласыңдар.
Компьютер – күрделі құрылғылардың (микросызбалар) жиыны. Ол жұмыс жасау үшін программалық жабдықтамалар керек. Компьютердің жұмыс істеуі үшін ең қажетті программа – оның жұмыс қабілеті мен басқаруды қамтамасыз ететін операциялық жүйе. Операциялық жүйенің бір мысалы ретінде Windows операциялық жүйесін атасақ болады. Компьютер кез келген есепті шығару үшін қолданылады. Ол деректерді талдау, ақпаратты сандық форматта сақтау, видео және фотоматериалдарды өңдеу, мәтіндік ақпаратты құру және түзету, т.б. болуы мүмкін. Әрине қойылған барлық есептер арнайы жазылған қосымша программалардың көмегімен шешіледі.компьютер тек сол программалардың жұмысын, жұмыс жылдамдығын қамтамасыз ету міндетінатқарады.
Орындалған жұмыстың нәтижесі тұтынушыға әртүрлі мониторлар, принтерлер, проекторлар және т.б. ақпаратты басып шығару, бейнелеу құрылғыларының көмегімен ұсынылуы мүмкін.