Сабақ №59
№10 практикалық жұмыс
Тақырыбы: Денатурация және ақуыздардың түсті реакциясы.
Реактивтер: жұмыртқаның ақуызы, су, натрий гидроксиді, мыс (II) сульфаты ерітінділері, азот, күкірт қышқылдарының концентрлі ерітінділері, спирт, формалин ерітіндісі, сүт, сірке қышқылының концентрлі ерітіндісі.
Химиялық ыдыстар мен зертханалық құрал – жабдықтар: сынауықтар, сынауыққа арналған тұрғы, стақан, шымшуыр, спиртшам, сүзгі қағаз.
Қауіпсіздік ережесі. Қыздырғыш құралдармен, қышқылдармен, сілтілермен жұмыс істеу ережесін сақтау.
Жұмыс барысы
1-тәжірибе. Нәруызға спиртпен формалиннің әсері.
Екі сынауыққа 2 мл-ден жұмыртқаның ақуызын құйып, біріншісіне 2 мл спирт, екіншісіне 2 мл формалиннің ерітіндісін қосыңдар. Химиялық реакцияның қандай белгілері байқалады?
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1.Формалиннің әсерінен нәруыз қандай өзгеріске ұшырайды?
2.Тәжірибе формальдегидтің қандай қасиетін көрсетеді? Бұл реакция тұрмыста қайда қолданылады?
3.Спирттің әсерінен нәруыз қандай өзгеріске ұшырайды?
2-тәжірибе. Казеин нәруызын тұнбаға түсіру.
Стақанға 5 мл сүт, 10 мл дистилденген су және 2 мл концентрлі сірке қышқылын қосыңдар. Не байқадыңдар? Тұнбаны сүзіп, оны суда ерітіп көріңдер. Ери ме?
ә) қаймағы жоқ сүтке азот қышқылын тамызып белок ұйып көгілдір түс береді
3-тәжірибе. Ауыр металл тұздарымен нәруызды тұнбаға түсіру.
Екі сынауыққа көлемі 1 мл жұмыртқаның ақуызын құйыңдар. Біріншісіне бір тамшы мыс (II) сульфатын, екіншісіне бір тамшы қорғасын ацетатын қосыңдар.Не байқадыңдар? Тұнбаларды суда ерітіп көріңдер.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1.Нәруыздың ауыр металл тұздарымен әрекеттесуі қандай функционалдық топтарды анықтайды?
2.Нәруыздың ауыр металл тұздармен әрекеттесу реакция теңдеулерін құрастырыңдар.
4-тәжірибе. Қыздырудың нәруызға әсері.
Сынауққа 2 мл нәруыз ерітіндісін құйып, спиртшамның жалынында қыздырыңдар. Сынауық салқындаған соң, түзілген тұнбаға 5-7 мл су қосыңдар. Не байқадыңдар? Нәруыз суда ерима? Процесс қайтымды ма?
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1.Қыздырғанд нәруыздың құрылымы өзгере ме?
2.Нәруыздың ұюы қалай аталады? Ұйыған нәруыз неге суда ерімейді?
Нәруыздың түсті реакциялары
А. Биурет реакциясы
Сынауыққа 2-3 мл нәруыз ерітіндісін құйып, оған натрий гидроксиді мен мыс (II) сульфатының ерітінідісін қосыңдар. Не байқадыңдар?
Биурет реакциясы: Мыс (ІІ) гидроксидінің сілтідегі ерітіндісімен белоктарға әсер еткенде,көгілдір ¯ ашық күлгін түс пайда болады
Бұл реакция белоктрдың құрамындағы пептидтік байланысты анықтайды.
Сұрақтар мен тапсрымалар
Биурет сызбасын жазыңдар. Бұл реакцияның көмегімен нәруыздың қандай құрылымдық фрагменттерін анықтауға болады?
Ә. Ксантопротеин реакциясы. Сынауыққа 2-3 мл нәруыз ерітіндісін құйып, оған 0,5 – 1 мл концентрлі азот қышқылын абайлап қосыңдар. Сынауықты 2-3 мин қыздырыңдар. Не байқадыңдар?
Ксантопротеин реакциясы: а) құрамында бензол ядросы бар белоктар концентрлі азот қышқылымен сары түс береді.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1.Бұл реакцияның көмегімен қандай амин қышқылдарын анықтауға болады? Тиісті аминқышқылы мен азот қышқылының реакциясын жазыңдар.
2.Бұл реакцияны нәруыздың сапалық реакциясы деуге бола ма?
Ақ ¯ + белгіленген ¯ түбінде
Көгілдір + белгіленген ¯ ортасында
Сары + белгіленген ¯ бетінде
Cпирт + белгіленген ¯ каллоидты
Формалин ерітіндісі + белгіленген ерітінді ақ ¯
Достарыңызбен бөлісу: |