Абай
атындағы
Қазақ
Ұлттық
Университеті Физика,
математика
және информатика факультетінің
6В01504 – физика мамандығының
4 курс студенті Абілдаева Сәния
Тұрғынбекқызы
Алматы қаласы Бостандық ауданы М.Мақатаев атындағы №140
гимназиясының 7«Ж» сыныбына 31.10.2022 – 24.12.2022
аралығында
физика пәнінен сабақ бердім және осы сыныпқа сынып жетекші болып
бекітілдім, сыныпта 28 оқушы.
Бастапқы апталарда жетекшімнің сабақ өту әдіс - тәсілдерін,
оқушылармен қалай тіл табыса жұмыс жасай білу керектігін қадағалап
қана қоймай оқушыларды да бақылау үстінде болдым.
Болашақ педагог
ретінде оқу-тәрбие мекемесінің материалдық-техникалық базасымен,
педагогикалық
ұжыммен
және
де
мұғалімдердің
міндеттері,
құқықтарымен таныстым. Сыныпқа аптасына физика бес сағат бөлінген,
оның екеуі негізгі сабақ. Негізгі сабақ бойынша «Күш. Ауырлық күші
және тартылыc құбылысы,Үйкеліс күші » тақырыбында ашық сабақ өттім.
Сабақ барысында көрнекілік және сабаққа деген қызығушылығын арттыру
мақсатында
“топқа
бөлу,Миға
шабуыл,Сергіту
сәті,Learning
Apps,Filippity”
әдістерін қолдандым.
Сабақты өту барысында,
оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, уақытымды
үнемді пайдаланып, қойылған мақсатыма жете білдім. Әр келесі сабағыма
аса жауапкершілікпен қарап, жан-жақты дайындалып, тапсырмаларды
оқушылардың деңгейлеріне қарай дайындадым.
Жалпы өзіме бекітілген осы 7 «Ж» сыныбымен жұмыс істеу барысында
менде қиыншылық болған жоқ. Сынып оқушыларының тәртіптері жақсы,
ұжым
ішінде ұйымшыл, әрбір оқушының ұйымдастыру қабілеті бар,
сабаққа деген ынталары жоғары. Мектепшілік, сынып аралық іс –
шараларға сынып толық белсене араласып, әр оқушы өз қабілетіне қарай
берілген жұмыстарды ұйымдастыра біледі. Бір ай көлемінде әртүрлі
пәнаралық жарыстарда жүлделі орындарды иеленді. Сыныптан тыс
уақыттағы қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады.
Еңбек ету,
үлкенге ілтипат, жолдастық көмек, кішіге қамқорлық көрсету дағдылары
оқушылардың бойында жақсы қалыптасқан. Бұндай қамқорлық сияқты
жақсы қасиеттер әр уақытта барлық
оқушы тарапынан көрініп отырды,
жолдастық көмек көрсетуге дағдыланған. Оқушылары жаңа тақырыпты
жылдам қабылдайды, өзін – өзі басқаруға дайындықтары мен жалпы
бейімделу қабілеттері жақсы. Оқушылар сабақты жақсы оқиды.
Көмекшілік қызмет атқару барысында
жаңа бұйрық барысында
ҚМЖ,ТЖБ,БЖБ жасауды үйрендім және жоспардан тыс тәрбие жұмыстар
өткізе отырып, оқушылармен жақсы тіл табыса, сыныппен тығыз қарым-
қатынаста бола білдім.
Иманбаева Гүлім мектептегі іс-тәжірибе жетекшілерім ретінде маған көп
көмегі тиді. Жетекшілерімнің әрбір
сабақтарын қызығушылықпен
тыңдадым. Сабақ жүргізу барысында сөйлеген сөздеріне,балалардың
көңіліне қарай жол таба білуіне көңіл аудардым. Ұстаз – өз ойын тиянақты
жеткізу керек деп ұғындым.
Ашық сабақ сілтемелері:
https://youtu.be/oaMntx5JBFg
https://youtu.be/vCZQ-v6A-7s