«Біз серуенге шығамыз»
атты мектепке дейінгі ортаңғы топтарға арналған әдістемелік құралға
Аннотация Табиғат – балалардың рухани байлығының сарқылмас қайнары. Балалар үнемі табиғатпен байланыста болады.Оларды жасыл жайлау мен ормандар, ашық түсті гүлдер, көбелектер, қоңыздар, құстар, қардың ұшқындары, жылғалар мен шалшықтар қызықтырады.Табиғаттың шексіз әр түрлі әлемілігі бала бойына қызығушылықты, әуестікті, ойынға деген ынтасын, ойлау қыйсынды қортынды жасау, себеп – салдарын байланысты ашып көрсету сияқты қасиеттерді оятады. Осы құралдың негізгі мақсаты – мектепке дейінгі мекемелерде жұмыс істейтін тәрбиешілерге таза ауада балалармен серуендеуде қызығушылықпен білімділік және эмоционалды түрде ұйымдастыру.
Әр серуеннің мәні : - Бақылау, табиғатқа деген қызығушылық пен сүйіспеншілікті, әдемілікті сезінуді дамыта ойлауда белгілі бір білімді қалыптастырады.
-Дидактикалық ойындар мен эксперименттер: балалардың бойына қоршаған орта туралы білімдерін бекітеді, зерттелетін объектінің түрлі жақтары туралы шынайы көрінісін, оның басқа объектілермен және қоршаған ортамен қарым – қатынасын қалыптастырады.
-Қимылды ойындар: оқу іс –әрекетінен кейінгі ақыл –ой қиналысын төмендетуге көмектеседі. Бұл ойындар серуеннің басында немесе ортасында өткізілуі мүмкін.Музыка немесе дене шынықтыру оқу іс- әрекеттерінен кейін серуенге шықса, қимылды ойындарды серуен аяқталуға жарты сағат қалғанда өткізуге болады.
-Көркем сөз:балаларға әлемді білуге, әуестілікті дамытуға көмектеседі.Адамгершілік және эстетикалық тәрбие міндеттерін орындайды, ана тілге, туған жерге, оның табиғаты мен адамдарына деген сүйіспеншілікті оятады.
-Еңбек тәрбиесі: дағдылар мен біліктілікті меңгеруге көмектеседі.Еңбекті ұйымдастырудың мазмұны мен формалары ауа райы мен жыл мезгілдеріне байланысты.Балаларға берілген тапсырмалар жеңіл және сонымен қатар белгілі бір ұмтылуды талап ететіндей болу қажет.
-Өз бетімен әрекет: жасауға да уақыт қалуы маңызды.Сондықтан дамыту ортасына арналған құрал жабдықтарды міндетті түрде жоспарлау қажет.
Тәрбиеші серуендеудің тақырыптарын жергілікті жердің жағдайына сәйкес таңдап алады.Бұл материал Қазақстанның солтүстік шекарасы үшін құрастырылған. Осы серуенді ұйымдастыруда тәрбиешілер өз тәжірибелерімен бөлісті. Республикамыздың барлық мектепке дейінгі мекемелері соншалықты жайлы болмаса да, бұл құрал тәрбиешілердің күнделікті жұмысына пайдасын тигізеді, сонымен қатар барлық экологиялық мәдени сұрақтарды қызықтыратындарға арналған.
Шығармашылық табыс тілейміз!