Сабақ барысында оқушыларға бірнеше сұрақтар қойылды: Зорлық-зомбылықты қалай түсінесіңдер?



Дата20.12.2023
өлшемі0,85 Mb.
#141251
түріСабақ



Тақырыбы: «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»
Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндет- бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу. Балалардың еркіндікте, елдікте өмір сүрулері үшін қоғамның тыныштығы мен бейбітшілігі маңызды. Қоғамдық орындар, мекемелер балаларды қызықтыра алатын ерекшелікке ие бола алса, өскелең ұрпақтың да қызығушылығы артып, жақсылыққа қарай бет бұрары анық. Осы тұста Қарасай ауданы Әйтеу ауылындағы Б.Қосынов мектебінің 10 «Ә» сынып оқушыларымен атқарып жатқан шараларымен бөліскенді жөн санадық. Оқушыда ең алдымен тиімді бос уақыт болуы керек. Өз уақытын өзі құр босқа өткізетін адам биікке қол жеткізе алмайды, сол сияқты жасөспірімдерді де қадағалаған жөн. Оқушылардың бос уақыттарында мағыналы-мазмұнды тақырыптарда сұхбаттар, спорттық шаралар өткізіп, театрға, киноға, саяхаттар ұйымдастырып отырамыз.



"Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ "тақырыбында арнайы тәрбие сағаты өтілді.
Мақсаты: Балаларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту. Балаларға өз жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті тұлға болып өсуіне тәрбиелеу. Сабақ түсіндіру және пікіралысу әдісімен өтілді.



Сабақ барысында оқушыларға бірнеше сұрақтар қойылды:



  • Зорлық-зомбылықты қалай түсінесіңдер?

  • Зорлық-зомбылықтың түрлерін атаңыздар.

  • Зорлық-зомбылықты қандай адамдар жасай алады?

  • Үкімет тарапынан қандай жұмыстар жүргізілуде?

  • Заң жобасының негізгі мақсаттары қандай? 

  • Зорлықтан, құлдықтан аулақ болу үшін не істеу керек?

Тәрбие сағатымызды қорытындылау мақсатында анкеталық сұрақтар қойылды.Оқушылар өз ойларымен бөлісті. Зорлық-зомбылықсыз балалық шақты өткізу де әр баланың өз қолында. Тек сол жеткіншекке дұрыс бағыт бере білу керек. 
Елімізде сәбилер күлкісі мен ұйқысы тыныш болса екен деген ойымыз орындала берсін. Жастарымызға дұрыс жол көрсетіп, тиімді уақытты пайдалана алатындай қоғамдық орындар көп болса екен дегіміз келеді. 
Сонымен қатар рейдтік шаралары өткізілді. Өткізілген іс-шараның мақсаты жасөспірімдер арасындағы қылмыстардың алдын алу, кәмелетке толмағандардың түнгі мезгілде беймезгіл жүрулерінің алдын алу болып табылады. 
Іс-шара барысында интернет клубтар, дүкендер және орталық көшелерде түнгі рейдтік шаралар жүргізілді. Рейд барысында дүкен иелеріне жасөспірімдерге алкагольдік өнімдер, темекі бұйымдарын сатпау және сатқызбау туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет