Сабақ Білім беру саласы: Таным Ұйымдастырылған оқу қызметі : Жаратылыстану



Дата23.06.2023
өлшемі17,12 Kb.
#103273
түріСабақ

Алматы қаласы Медеу ауданы №19 ЖББМ




Ұйымдастырылған ашық сабақ
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу қызметі : Жаратылыстану
Тақырыбы: «Жанды табиғат және жансыз табиғат»
Мақсаты: жанды, жансыз табиғат туралы қарапайым түсінік беру. Берілген
сұрақтың нақты жауабын тауып, айта білуге үйрету. Табиғатқа деген
сүйіспеншілігін арттыру, қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: жұмыс дәптері, жанды және жансыз табиғатқа байланысты
суреттер.
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Балалардың іс - әрекеті


Ынталандыру сезімін ояту кезеңі
Бүгін біз табиғат аясына саяхат жасаймыз. Біздің айналамызда жасыл орман. Қазір біз гүлдері жайқалып өсіп тұрған алқапқа келдік. Дала гүлдері әдемілігімен көздің жауын алып,иісі мұрныңды жарады. Өзімізге ұнаған бір гүлмен танысамыз. Мына кереметті қара! Мына гүл қимылдап, өздігінен жылжып барады. Алайда бұл жылжыған көбелек екен. Көбелек сендерге бір нәрсе айтқысы келіп,құлақтарының тұсына келді. Міне, енді сендерге сыбырлап жатыр. Мұқият тыңдаңдар (үнтаспадан естіледі). «Маған тиіспе,балақай! Табиғатты қорғай біл. Табиғат-ана сені жақсы көреді. Әрбір шөп, өсімдік, гүл, құмырсқа, өрмекші барлығы да өмір сүргісі келеді. Өтінемін, осыны есіңде мәңгі сақта»
Балалар мұқият тыңдап отырады.


Іздену ұйымдастырушы кезеңі
Балалар,біз бүгін табиғат туралы әңгімелесеміз.Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер,Жер мен Ай,Күн,алыстағы жұлдыздар – осылардың барлығы да табиғат деген ұғымды білдіреді.Табиғат жанды табиғат,жансыз табиғат болып екіге бөлінеді.
Миға шабуыл: қалай ойлайсыңдар жанды табиғатқа нелер жатады?
Өсімдіктер, жануарлар, ағаштар, гүлдер жатады.
-Жансыз табиғатқа нелер жатады?
- Ай, жұлдыз, тас, су, ауа,тау жатады.
-Дұрыс айтасыңдар,балалар, жанды табиғатқа тіршілік ететіндердің, өсіп-өнетіндердің барлығы жатады екен.
Яғни жанды табиғат өседі,тыныс алады,қоректенеді.Ал жансыз табиғат өспейді,тыныс алмайды,қоректенбейді.Неліктен жансыз табиғатты жанды табиғаттың тірегі деп айтады?
-Өйткені өсімдіктер мен жануарларға, адамдарға, су, ауа, керек. Олар онсыз өмір сүре алмайды. Сол себепті.
Дұрыс айтасыңдар,кез-келген тіршілік иесі ауасыз,сусыз,тамақсыз,күнсіз өмір сүре алмайды екен.Міне,балалар,біз жанды және жансыз табиғат туралы білдік.


«Жалғасын тап» ойыны.
Жансыз табиғат - ... (ай,жұлдыз,тас,су,ауа,тау,т.б).
Жанды табиғат - ... (гүл,шөп,ағаш,аю,қоян,тасбақа,балық).
Жанды табиғат жансыз табиғатсыз ...
(тіршілк ете алмайды).
-Балалар суреттен не көріп тұрсыңдар?
-Сендерге таулы,орманды жер ұнай ма?
-Қалай ойлайсыңдар,қалалы жердің ауасы таза ма,орманның ауасы таза ма?
-Неліктен?
-Дұрыс айтасыңдар,орманда ауа таза болады.Сондықтан да жануарларға ол жер ұнайды.
-Ал қалада ауаның ормандағыдай болуы үшін не істеуге болады?
Балалар сұрақтарға өз ойларын айтып, жауап береді.

-Міне,балалар,ағаштар мен гүлдердің өсу жолдары ( суреттен көрсету).


Психогимнастика,(баяу музыка ойнайды).Балалар,біз қазір гүлдің тұқымы боламыз.Көздеріңді жұмыңдар.Сендерге қараңғы болып тұр.Себебі:сендерді енді ғана топыраққа отырғызды.Кенеттен сендер жылуды сезіндіңдер.Сендер жылуға қарай бой алып өсе бастадыңдар.Сөйтіп,жердің бетіне шықтыңдар.Күн сендерге өзінің шуағын төгіп тұр.Сендер одан сайын өсе бастадыңдар.Енді жаңбыр жауа бастады.Сендер жаңбырдың суын ішіп,одан да биіктеп өсе бастадыңдар.Сендердің сабақтарың мен жапырақтарың қатайып,кішкентай түйнек пайда болды.Ол түйнек үлкейіп,әдемі гүл шықты.Міне,балалар,сендер мынандай әдемі гүлдер болып өстіңдер(суретін көрсетеді)
-Балалар,сендерге гүл болған ұнады ма?
-Ұнады.
Балалар тәрбиешінің түсіндеруімен және көрсетуімен баяу музыка әуеніне қарай гүлдің өсу жолдарын қимылмен көрсетеді.
Демек,кез-келген өсімдіктің өсуі үшін уақыт керек екен.Ал оны жұлып немесе сындырып тастау үшін көп уақыт кетпейді.Бұл ағаштарды сындыруға болмайды,себебі:олар да өсіп-өнгенді жақсы көреді және олардың тіршілік иесі үшін пайдасы көп дегенді білдіреді.
Дәптермен жұмыс.Тәрбиеші дәптердегі тапсырмаларды түсіндіреді.
Балалар дәптердегі тапсырманы орындайды
Балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін,немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұралып,белсенді балаларды мадақталады.
Балалар көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: Жанды және жансыз табиғатқа нелер жататындығын,жансыз табиғаттың
өсімдіктер мен жануарлар үшін қажеттілігін.
Нені игереді: Жанды табиғат пен жансыз табиғаттың айырмашылығын,жансыз табиғатсыз жанды
табиғаттың өспейтіндігін, олардың өзара байланысын.
Нені білді: ағаштар мен гүлдерді жұлмауды, табиғатқа қамқорлықпен қарауды,күтіп-баптауды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет