«№3 облыстық арнайы мектеп-интернаты» КММ Қысқа мерзімді жоспар Айналадағы әлем 58-сабақ
Бөлім:
2.2Тірі табиғат
Мұғалімнің аты-жөні
Жумагалиева Г.К.
Күні:
12.04.2023ж.
Сынып: 4
Қатысушылар саны: 12
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы
Жәндіктер
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
4.2.2.15 пайдалы жәндіктерді атау – ара, қызыл қоңыз, көбелектер, сыртқы, түрі, өмір сүруін, қоректенуін білу;
Сабақтың мақсаты
Күрделілігі төменгі деңгейі: мұғалімнің көмегімен пайдалы жәндіктерді қайталайды – ара, қызыл қоңыз, көбелектер, сыртқы, түрі, өмір сүруі, қоректенуі туралы мәлімет алады
Күрделілігі орташа деңгейі: мұғалімнің көмегімен пайдалы жәндіктерді атайды – ара, қызыл қоңыз, көбелектер, сыртқы, түрі, өмір сүруін, қоректенуін біледі;
Күрделілігі жоғары деңгейі: пайдалы жәндіктерді атайды – ара, қызыл қоңыз, көбелектер, сыртқы, түрі, өмір сүруін, қоректенуін біледі
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
5 мин
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Сәлемдесу.
-Көңіл-күйіміз қандай?
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Ауа райы қандай?
Миға шабуыл: Ызыңдап ән салады
Жұп – жұқа қанаты
Тәттіге тамсанып
Қоқысқа қонады Ол не? Шешуі: Шыбын
Гүлдерге қонады
Шырынын сорады
Түр – түсі сары – ала
Бұл не? Шешуі: Ара
Қылдай белі бүгілген
Өзінен де жүгі үлкен. Ол не? Шешуі: Құмырсқа
Екі басы жұдырықтай,
Ортасы қылдырықтай. Ол не? Шешуі: Инелік
Гүлден сорып, бал жинап.
Терлеп жанын қинады,
Және өзіне жиғанын,
Адамдарға сыйлайды. Ол не? Шешуі: ара
- Бұл жұмбақтар не жайлы, оларды бір сөзбен қалай атайды?
- Жәндіктер
Оқу материалын жариялау:Жәндіктер
-Бүгінгі сабақта жәндіктердің дене құрылысы туралы, жәндіктердің түрлерін және олардың немен қоректенетіндері туралы білеміз.
Тамаша!
Оқушылар жұмбақтардың шешімін айтады.
Сабақтың ортасы
10 мин
Кіріспе сөз. -Көктемнің келуімен жәндіктер қысқы ұйқысынан оянады. Барлық жәндіктердің 6 аяғы бар. Кейбір жәндіктердің қанаты бар. Жәндіктер алуан түрлі.
Логопедиялық сәт. Не қалай дыбыстайды? Көбелектер ұшады. Қаңқыздар күн сәулесіне қыздырынады. Бірге айтайық (ж-ж-ж) Аралар тыңбай ызылдайды. Бірге айтайық. (з-з-з) Шегірткілер секіреді Бірге айтайық. (ц-ц-ц-)
Сызбамен жұмыс: Денелері үш бөліктен тұрады.
кеуде
құрсақ
БАС
«Ара денесінің құрылысы» Бас, кеуде, құрсақ, аяқ, қанат, көз, мұртша
-Сұрақ-жауап: -Араның дене бөліктерін көрсет және ата.
-Араның кеудесі қандай? Құрсағы ше?
-Араның басында не бар?
-Араның неше аяғы бар?
-Ең ұзын аяғы қайсы?
-Араның қанаты қандай? Олар нешеу?
-Араға қанаттың не керегі бар?
Суреттермен жұмыс. -Бұл не? (көбелек) Көбелектің басын, кеудесін, құрсағын, көздерін, мұртшаларын, көрсет. Көбелектің кеудесінде қанаттары мен аяқтары орналасқан.
-Көбелектің неше қанаты бар?
-Неше аяғы бар?
(Инелік, ханқызы, құмырсқа мен осындай жұмыстар жүргізіледі)
Қорытынды: барлық жәндіктерде 6 аяқтан болады.
Жәндіктердің біреуі секіреді, біреуі жорғалайды, біреуі ұшады.