Ұйымдастыру,
өзін –
өзі тексеру
5 мин
|
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру:
Атам менің аманда
Әдепті жан бол деген
Атам сөзі санамда
Жасы үлкенге жол берем
Алдын орап кісінің
Кесіп өтпе көлденең
Ізетімен кішінің
Сәлемдесіп қол берем.
Өткен тақырыпқа шолу:
-Үй тапсырмасын сұрау.
-Бір-біріңе өткен тақырыпқа байланысты сұрақтар қойып, жауап алыңдар.
Топқа бөлу «Санау» әдісімен жүреді.
Жаңа оқу материалын жариялау «Ой қозғау» әдісі арқылы жүреді.
1) Суретте кімдер бейнеленген?
-Суреттегі адамдардың бір-біріне туыстық қатысы туралы әңгімелеп айтыңдар.
-Ататек дегенді қалай түсінесіңдер?
– Өзіңнің ататегің туралы не айта аласың?
-Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болады?
|
Өлеңді қосылып оқиды.
Өткен тақырып туралы әңгімелейді.
Сұрақ қояды, жауап береді.
|
«Ауызша мадақтау» әдісі:
Жарайсың!
Тамаша!
Жақсы!
|
|
Жаңа білім
15 мин
2 мин
Бекіту
8 мин
|
(Ұ) 1- тапсырма «Түйінді сәттер» әдісі арқылы жүзеге асады.
А) Сөздік жұмысы:
ататек, шежіре, ұрпақ, ата, әже.
Ә) Суретпен жұмыс.
- «Ата-ана», «ататек» сөздерінің мағынасы қандай?
«Ата-ана», «ататек» – бір-біріне мағынасы жақын сөздер. Олар «ата» сөзінен шығады. «Атадан» отбасының бірнеше тегі тарайды. Оларды ұрпақ деп атайды.
Суретке қараңдар. Ағайынды Арман мен Дәуреннің әкесі мен анасы жағынан тараған туыстарды қалай
берген? Олар жайлы не айта аласыңдар?
Б) Мәтінмен жұмыс.
|