Тақырыбы: Хабарлама хат Мақсаты: Білімділік: Қызметтік хат, оның түрлерге ажыратылуы туралы түсінікті қалыптастыру, қызметтік хаттарды ресімдеудің жалпы ережелері, құрылымы, қызметтік хаттарды жазудың кең тараған үлгілерімен таныстыру, қызметтік хаттарды (мекемеден шығатын ) ресімдеуге үйрету
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық қабілетін, өз бетінше құжаттармен жұмыс істей алуын, ең бастыны бөлуді, өзіндік көзқарасын дамыту
Тәрбиелік мәні: Құжаттармен жұмыс істеу барысында ұқыптылыққа, жауапкершілікке және мемлекеттік тілді сыйлай білуге тәрбиелеу, мамандыққа баулу
Үйлестіру деректемелері: Нұсқаулық карталары, мәтіндер, А3 қалыпты форматы, кестелер
Сабақтың тұрпаты : Жаңа тақырыпты түсіндіру
Сабақтың әдістері: СТО стратегиялары: «Ой қозғау стратегиясы», «Джигсо», «Түсініктеме күнделігі», «Ойлану/ жұптасу/ ортаға салу» , «Бақылау -бағалау» «Шығу парағы», сөз әдісі, проект әдісі: (ақпараттық, ғылыми – зерттеу, тәжірибе, шығармашылық)
Ұйымдастыру формасы: дербес, жұптық, топтық
Сабақтың көрнекілігі: компьютерге қойылған хат үлгілері, бланк түріндегі үлгілер
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, информатика, машинкамен басу, тарих
Сабақ жоспары: I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Білімдерін жаңғырту
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру
IV. Бекіту
V. Қорытындылау
VI. Рефлексия
VII. Үй тапсырмасын беру