«БЕКІТЕМІН»
Директордың оқу өндірістік
жұмыстары жөніндегі орынбасары
____________Р.Нурманова
_____________ 2021ж.
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Курс:
|
1
|
Топ:
|
№2-20
|
Сабақ
нөмірі
(пара)
|
9
|
Мамандық/
біліктілік:
|
1306000 «Радиолектроника және байланыс (түрлері бойынша)»
1306012 «Телекоммуникациялық желілер мен жүйелер бойынша электромонтер»
|
Пән/модуль атауы:
|
Өндірістік оқыту сабағы
|
Сабақ тақырыбы:
|
Паяльниктер . Шайырлар (флюстер) қышқылды,қышқылсыз, алюминийдің дәнекерлеуге арналған түрлері.
|
Күні:
|
«30» наурыз 2021ж.
|
Ұзақтығы:
|
6 сағ
|
Өткізу орны:
|
____ кабинет
|
Сабақ мақсаты:
|
Студенттерге флюстер мен дәнекерлеу.жұмысын түсіндіру, осы алған білімдерін өндірісте қолдануды үйрету
|
Сабақ міндеті:
|
Білім алушылардың қызығушылығын оята отырып, жаңа тақырыпты түсіндіру
|
Күтілетін нәтиже:
|
Теориядан алған білімдерін тәжірибе жүзінде іске асыру
|
Сабақ типі:
|
Өндірістік
|
Оқыту әдістері, әдістемелік шаралар, педагогикалық техникалар, педагогикалық технологиялар:
|
|
Қажетті құралдар мен жабдықтар:
|
Интербелсенді тақта, таратпалар, сызбалар және т.б.
|
Қосымша ақпарат көзі (әдебиет):
| 1. Дайындау-дәнекерлеу жұмыстары. / В.В. Овчинников 2012.
2. Дәнекерлеу жұмыстары/ В.И.Маслов 2010
3..https://kk.wikipedia.org/wiki
|
Оқытушытуралыақпарат:
|
Т.А.Ә.: Ә.Әлиақбарова
|
Тел.: 87768584946
|
Сабақ барысы
|
Уақыт (минут)
|
Оқытушы әрекеті
|
Білім алушының әрекеті
|
Оқыту ресурстары мен материалдар
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1.Ұйымдастыру кезеңі
|
5-10
|
Салемдесу, түгендеу, білім алушылардың назарын сабаққа аудару
|
Сабаққа назарларын аударады
|
|
2.Үй жұмысын жан жақты тексеру
|
5-10
|
Үй тапсырмасын сұрау, бағалау, жаңа сабақпен байланысын көрсету
|
Өткен тақырып бойынша түсініктерін айтып, сұрақтарға топпен жауап беру
|
Интербелсенді тақта, таратпалар, сызбалар
|
Кіріспе нүсқау:
3.Білім алушылардың жаңа материалды түсініп және белсенді игеру дайындық кезеңі
|
50
|
Жаңа сабақ тақырыбын хабарлау, оның мақсаты, міндеттері мен жоспарын таныстыру
|
Жаңа тақырыпқа жоспар құру
|
Интербелсенді тақта
|
Ағымдағы нұсқау
4.Жаңа білімді қабылдау кезеңі
|
220
|
Жаңа тақырып бойынша бағыт-бағдар беру
|
Берілген бағыт бойынша жаңа тақырыпты ашу
|
Интербелсенді тақта, слайдтар, сызбалар, плакаттар
|
Қорытынды нұсқау:
5. Білім алушылардың өзіндік жұмысын қабылдап алу,қорытындылау , бағалау
|
20-30
|
Жаңа тақырып бойынша деңгейлеп тапсырма беру арқылы оқушының сабақты қабылдауын тексеру, миға шабуыл жасау, ойын элементтерін қолдану арқылы бағалау
|
Топтық жұмыс, деңгейлік тапсырмаларды орындау, талдама, дәйектеме жасау.
|
Таратпалар, сызбалар, нұсқау карталары, бағалау парағы.
|
6.Жұмыс орындарын жинау, тазалық жұмысын жүргізу.
|
20
|
Жұмыс орындарының тазалығын, құрал-аспаптарының дұрыс жиналуын тексеру.
|
|
|
7.Сабақты қорытындылау.
|
20
|
Сабақ аяқталғанын хабарлау
|
Қоштасу
|
|
ТЕКСЕРУ СИПАТТАМАСЫ
Тексеру: 1
|
Атауы:
|
Шайырлар (флюстер) қышқылды,қышқылсыз, алюминийдің дәнекерлеуге арналған түрлері. Паяльниктер
|
Тапсырманың сипаттамасы:
|
Таратпа
|
Өткізілу орны:
|
____ дәрісханасы
|
Өткізілу уақыты:
|
«___ » _____2021
|
Шайырлар (флюстер) қышқылды,қышқылсыз, алюминийдің дәнекерлеуге арналған түрлері. Паяльниктер
Доғалы пісірумен байланысты жұмыстарды орындағанда жұмысшылардың денсаулығына және өміріне қауіпті төмендегі жағдайлар болады:
- электр тоғымен зақымдануы;
- доға сәулесімен көзді және терінің ашық беттерінің зақымдануы:
- бұйымды пісіруге дайындау процесінде және пісіру кезінде жарақат алуы;
- балқыған металл мен қождың шашыраған тамшыларынан дененің күйіп қалуы;
- зиянды газдармен улануы;
- қысыммен тұрған ыдыстарды пісіргендегі жарылыстар;
- тез жанатын және жарылысқа қауіпті заттар мен жақын істегендіктен болатын жарылыстар;
- балқыған металл мен қождан болатын өрттер.
Электр тоғымен зақымдану.
Электр тоғымен зақымдану пісіру аппаратының электр тізбегінде қысқа тұйықталу болып тоқ адам денесінен өткенде болады.
Мұндай қысқа тұйықталу себептері төмендегендей:
- пісіру сымдары мен аппараттарының электр оқшаулауы жеткіліксіз-діктен;
- пісірушінің арнайы киімі мен аяқ киімінің нашарлығынан;
- бөлменің ылғалдығынан;
- бөлменің тарлығынан;
- және басқа факторларға байланысты.
Қысқа тұйықталғанда адам арқылы өтетін электр тоғының шамасына байланысты ол келесі жарақаттар алуы мүмкін (тоқтың жиілігі 50Гц):
- ток күші 0,6-1,5 мА – қолдың женіл дірілдеуі;
- ток күші 5-7 мА – қолдың тартылуы;
- ток күші 8-10 мА – қол және саусақтар қатты ауырады және тартылады;
- ток күші 20-25 мА – қол қозғалмайды, демалу қиындайды;
- ток күші 50-80 мА – демалу тоқтатылады;
- ток күші 90-100 мА – демалу тоқтатылады, 3 сек. артық әсер етсе жүрек тоқтайды;
- ток күші 3000 мА және әсер ету уақыты 10 с болса – демалу мен жүрек тоқтайды, дене құрылымы бұзылады.
Яғни адам өміріне қауіпті деп 100 мА немесе 0,1 А шамасындағы тоқтың күшін санау керек. Егер электр тоғының жиілігі 600 Гц болса, онда оның қауіпті әсері елеулі азаяды.
Электр тоғының әсері адам денесі кедергісінің шамасына елеулі байланысты. Дененің кедергісі ішкі жағдайларға (шаршау, психологиялық басылу т.б.) және сыртқы жағдайларға (температура, ылғалдылығы, газдануы т.б.) баланысты. 12В кернеу қауіпсіз деп саналады, ал құрғақ, жылытатылатын және желдетілетін бөлмелерде 36 В қауіпсіз деп саналады.
Электр тоғының зақымдауынан қорғану.
Пісірушіні электр тоғының зақымдауынан қорғау үшін төменгі шарттарды сақтау қажет:
- доғаны нәрлендіру көзінің тұғырлары мен пісіру бұйымын сенімді жермен қосу қажет;
- жермен қосу сымдарын кері сым есебінде пайдаланбау қажет;
- электродұстауыштың қолсабын сенімді оқшаулау қажет;
- құрғақ және мықты арнайы киім және қолғаптармен жұмыс істеу қажет;
- далада істегенде жауын жауғанда және қар жауғанда жұмысты тоқтату қажет;
- жабдықтар мен аппараттарды жөндеуге болмайды (мұндай жұмысты электрик жасауы керек);
- ыдыстардың ішінде істегенде резеңке кілемше мен кернеуі 12В-тан аспайтындай тасылмалы шамды пайдалану қажет.
Флюс (нем. Flus — ағын, ағыс) — домна пешінің шихтасына бос жыныстардың балқу температурасын төмендету және күл мен күкіртті қожтүрінде ығыстыру үшін қосылатын минералды заттар.
Флюс тау жыныстарымен және отын күлімен қосылып қож түзеді. Қождың салмағы жеңіл болғандықтан металл қорытылғанда сұйық қорытпаның не металдың жоғарғы қабатында тұрады да металды газ бен ауадан қорғайды. Әктас СаСО3 (кальцийдің көмірқышқыл тұзы) әрқашан домна өндірісінің флюсі болып саналады. Әдетте құрамында 53 — 55% СаО және өте аз мөлшерде кремнезем, күкірт және фосфоры бар әктас қолданылады.
Қолданылуына қарай және металға тигізетін әсері бойынша барлық флюс былайша жіктеледі: ылбыр (қорғағыш), тазартқыш және өзгерткіш флюс .
Химика құрамы жағынан қышқыл, бейтарап және негізді болып бөлінеді. Ылбыр флюстер металл мен қорытпаларды салқындаудан, тотығудан және газбен қанығудан, ал тазартқыш флюс беткі қабатты салқындаудан, газдың біршама енуінен, сонымен қатар флюсте еритін тотықтардан және ластанудан қорғайды.
Өзгерткіш флюстердің құрамына белсенді химика заттар кіреді. Олар зиянды қоспаларды сұйық металда ерімейтін қосылыстарға айналдырады.
Араластырылғaн флюс (орыс. Флюс смешанный) — майда түйіршікті шикіқұрам мұқият араластырылып біркелкі орташа құрамға келтіріледі. Ұзақ сақтау, тасымалдауға байланысты үлесті салмақ айырмашы- лығына орай флюс құрамы жіктеледі. Қазір араластырылған флюстер өте шағын жоне сирек қолданылады.
Балқытылғaн флюс (орыс. Флюс плавленный) — шикіқұрамы арнайы пеште балқытылып тербелісті тор бетіне су ағымымен шашыратылып құйылады. Нөтижесінде, құйма түйіршікті болып қалыптасып, ұсақ түйіршіктер тор астына түсіп, ірі түйіршіктер тор бетінде қалып жіктеледі.
Керамикалық флюс (орыс. Флюс керамический) — ұнтақ шикіқұрам мүқият арластырылып желімдеуші материал қолданып (әдетте, сұық шыны), түйіршіктеу тәсілімен өндіріледі. Флюс түйіршіктерінің химиялық құрамы, тығыздығы, құрылымы түрақты болады. Сондықтан мүнда құрамдық жіктелу орын алмайды. Құрамындағы легирлеуші элементтер тотық емес таза түрінде болады да, флюстің легирлеуші қабілеті де жогары болады. Сондықтан төменкөміртекті сыммен Керамикалық флюс қабатының астында легирленген болатгы пісіруге болады.
Қақталған флюс (орыс. Флюс спеченный) — шикіқұрамы жоғары температурада балқытуға жеткізілмей қақталып, түтас боп қатайған табақ материал түрінде өндіріледі де, механикалық тәсілмен белгілі мөлшерлі түйіршіктерге ұсақталады.
Пемзотүрлі флюс (орыс. Флюс пемзовидный) — балқытылған шикізатты қатайту нәтижесінде, түйіршіктері кеуекті (тығыздығы төмендеу) және күңгірт (мөлдір емес) болып қалыптасқан флюс.
Пісіру флюсі (орыс. Сварочный флюс) — пісірілген жік сапасын қойылған талаптарға сөйкес қалыптастыру үшін қолданылатын ұсақ түйіршікті арнайы технологиямен өндірілетін материал. Негізінен, автоматтандырылған электрдоғалы және электрқожды пісіру тәсілдерінде қолданьшады. Флюс электрдоғасының жалындау тиянактьшығын өсіру, пісіру аумағын ауадан оқшаулау, доғаның жылу қуатының ысыраптануын төмендетіп, пайдалы үлесін өсіру, пісіру ваннасын тотықсыздандыру, легирлеу процестерін жүргізуге қатысады, ал электрқожды пісіруде балқытылған флюс жылу энергиясының негізгі қоры болып табьшады.
Шыны түрлі флюс (орыс. Флюс стекловидный) — түйіршіктерінің тығыздығы салыстырмалы түрде жоғары және мөлдір болып қалыптасқан флюс.
Электр өткізгіш қасиеті жоғары күміс түсті ақ, жеңіл металл; элементтердің периодтық жүйесінің ІІІ тобындағы химиялық элемент (Аl)
Алюминийді электролиз әдіспен алуға болады. Алюминий өндірісінде, шикізат ретінде көбінесе боскситтер жиі қолданады. Қыздырғанда олар суын жоғалтып, алюминий оксидіне айналады. Алюминий оксидінің балқу температурасы жоғары (20450С) және ол электр тоғын өткізбейді. Сондықтан AI2O3–ті фторидтерді қоса отырып (CaF2, MgF2немесе AIF3), балқытылған криолитте ерітеді. Бұл қоспа шамамен 10000С температурада балқиды.
Алюминийдің электрөткізгіштігі, жылуөткізгіштігі жоғары. Металдың беті жұқа және өте тығыз оксид қабықшасымен қапталған. Бұл қабықша оптикалық мөлдір және металдық шағылдырғыш қабілетін сақтайды.
Дәнекерлеу - жалғаудың ең сенімді, бірақ күрделі әдісі. Алюминий сымдар үшін А маркалы припойлар қолданылады. Дәнекерлеу операциясы төмендегі тәртіппен жүреді: Әр тал сымның оқшаулағышын алады, щеткамен немесе пышақпен мұқият тазартады да, араларында қуыс пайда болатындай етіп, қосақтап бұрайды. Сымдарды алюминийдің балқу температурасына жуық (8600С) температураға дейін дәнекерлеу шамымен немесе газдық жанарғымен қыздырады. Припой таяқшасымен жалғанған жерді сүртеді. Осылайша сым бетіндегі жай балқитын оксидтік пленканы алады. Балқыған припой сымдар арасындағы қуысты толтыру керек. Жалғанған жерді бензинге малынған таза шүберекпен сүртеді, соңынан глифтальды немесе поливинилхлоридті лакпен қаптайды. Сыртынан жабысқыш таспамен оқшаулайды және екінші қайтара лакпен қаптайды.
Дәнекерлеу және престеу кезінде қауіпсіздік ережелерін мұқият сақтау қажет, құрал - саймандарды және материалдарды үнемді, ұқыпты пайдалану керек.
Электр тоғынан зақым алғанда бірінші көрсетілетін көмек.
Бірінші ретте зақымдаушыдан тоқ өтетін сымды ажырату қажет. Бұны құрғақ тақтаймен, ағашпен т.с. алып тасталады немесе сымды өткір қолсабы оқшауланған сайманмен қырқып жіберу қажет. Бәрінен жақсысы, егер мүмкіншілік болса, ажыратқышты немесе сақтандырғышты бірден ажырату. Зақым алған адамға таза ауа ағынын және толық тыныштық қамтамасыз ету керек. Электр тоғымен зақымданғанда барлық жағдайда дәрігерді ертерек шақырған абзал.Электр тоғымен зақымданғанда адам клиникалық (жалған) өлім жағдайында болуы мүмкін. Бұл жағдай -12 минутқа созылады. Бұл уақытта адам медициналық көмек көрсетумен, қолдан демалдыру немесе жүрекке массаж жасаумен бұрынғы қалпына келеді. Адам өлімін тек қана дәрігерлер айтады, оған дейін дәрігер келгенше көмек көрсете беру керек.
Көздің зақымдануы.
Электр доғасы үш түрлі сәуле шығарады: жарық, инфрақызыл және ультракүлгін. Пісіру доғасының жарық сәулесі көзді көрсетпей қалдыратындай қабілеті бар, өткені оның жарығы көзге қажетті жарықтан 10000 есе артық.
Инфрақызыл сәуле шығаруы ұзақ әсер еткенде ғана көзді зақымдан-дырады. Ультракүлгін сәуле шығару жақын қашықтықта қысқа мерзімді әсер етсе де көз ауруын – электрофтальмия (жарықтан қорқу)деп аталатын ауыру болдырады. Аурудың негізгі белгілері-көздің тілгендей ауруы, жасаурау, көрудің уақытша нашарлауы. Ауру белгілері сәулеленгеннен кейін бірнеше сағаттан кейін білінеді. Электрофтальмияны «Альбуцид» тамшылары немесе мырыш тамшыларымен 2-3 күнде емдеуге болады. Сондай-ақ салқын шәймен жуып, салқын компресс жасауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |